ШЕТЕЛ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ТАҢБАЛЫ-СИМВОЛДЫҚ КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАРДЫ
ҰТЫМДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Ж.И.Сейтимова
–
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті (Алматы қаласы)
Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті, шетел тілін оқыту әдістемесі кафедрасының
оқытушысы
Резюме
Знаковые - символические наглядности могут способствовать ученикам быстрому запоминанию новой темы и
проанализировать пройденную тему. А использования пиктограммы и идеограммы в пиктографической системе
значительнооптимально. Руководствуясь многими научно-теоретическими взглядами используя знаковые -
символические наглядности на уроках английского языка, убедимся в оптимальности этого метода.
Summary
Sign-symbolical visual aids can be assisted pupil’smemorizing new theme quickly and also to analysepasttheme. The
using a pictograms and ideograms at a pictography and ideography system are very meaningful. Guiding principles of many
scientific - theoretical view that usingsign-symbolical visual aids in the lesson of foreign language teaching, we are convinced
optimum of this method.
Ағылшын тілі курсының мазмұнын анықтауда ХХ ғасырда тіл білімі ғылымындағы танымдық,
бiлiмдiк және тәрбиелiк жағынан маңызды деген өзгерiстердi қамтуға ұмтылыстар жасалуда.
Мектептегi шетел тілі пәнінің бiлiм мазмұнын iзгiлендiру ұстанымын жүзеге асыратындай, оқушылар-
да тілді меңгерудің бiртұтас ғылыми-практикалық бейнесiн қалыптастыратындай, тілдік сауаттылығын
арттырып, мәдениеттiлiкке тәрбиелейтiндей, ойлауын дамытатындай мүмкiндiгi қазiргi заман талапта-
рына толық жауап бере алмайтын деңгейде деп санадық. Мектептегi басқа пәндер сияқты ағылшын тілі
де оқушыларға көп жағдайда, дайын бiлiм ұсынылады, оқыту әдiстерi оларды өздiгiнен жаңа ақпараттар-
ды iздестiруге, оқу тапсырмаларын өздiгiнен шешуге талпындырмайды, яғни оқыту әдiстемесi дайын
нұсқауларды бұлжытпай орындауға ғана бейiм орташа орындаушылар тәрбиелеуге бағдарланып құрыл-
ған деп ойлаймыз.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г.
175
Тағбалы-символдық көрнекi құралдар оқушылардың жаңа сабақты есте сақтаулары мен өтiлген
тақырыпты тұжырымдауға көмектеседi. Ал пиктограммалар мен идеограммаларды бiртұтас суреттi-
идеографиялық жазу жүйесiнде қолдану әлде қайда тиiмдiрек болды. Мұндай жағдайда олар оқу материа-
лын модельдеу мен құрастыруға ықпал етедi және ойша түсiну мен оны меңгерудi жеңiлдететiн жүйелiк
байланыстар мен қатынастар пайда болады. Суреттi-идеографиялық жазудың мүмкiндiктерiн толық ашу
мақсатында бiз жұмысымызда ТСК және ТСI-тi пайдалануға негiзделген оқытуды ұйымдастырудың
дидактикалық ұстанымдарын ескерiп отырдық.
Оқытуда таңбалы-символдық көрнекіліктерді қолдануда оқу үрдiсiнiң дидактикалық ұстанымына негiз
ретiнде жеке сабақ емес, бүкiл тақырып алынды. Тақырыптың негiзгi ұғымдарын ұсыну және таңбалық-
символдық модельдеу мен құрастыру арқылы олардың арасында байланыс пен қатынас орнату оқу
материалын едәуiр топтастыруға жол ашты. Көптеген әдiскерлер мен дидактар оқу материалын топтар
оқушылар бiлiмiнiң сапасы мен деңгейiн көтеру жолдарының бiрi ретiнде қарастырады.Оқушылардың
берiлген оқу ақпаратын бiр сәтте меңгерумен қатар бiрден оның құрылымдық әрi логикалық байланысты
бөлiктерiн есте сақтауларына мүмкiндiк туады. Материалды топтастыру және оны меңгерудегi психика-
лық үрдiстердi қайта құру белгiлi бiр дәрежеде оқу үрдiсiн интенсификациялауға (белсендi етуге) ықпал
етедi. Осыған байланысты Ю.К. Бабанскийдiң дидактикалық бiрiлiктердi көбейту есебiнен сабақтағы
ақпарат ауқымдылығын да өсiру қажеттiгi жөнiндегi пiкiрiн бiз толық қолдаймыз. “Ғылыми ақпарат”
шамадан тыс көп жиналған жағдайда, материалды аз мөлшермен емес, iрi блоктармен берген дұрыс.
Себебi, оқушылар алдымен мазмұн туралы жалпы түсiнiктердi меңгерiп, содан соң, оның негiзгi бөлiгiн
жете нақтырақ құрастырулары қажет” - деп жазады Ю.К. Бабанский.
Оқушылардың білім сапасын арттырудағы маңызды мәселелердің бірі таңбалық-символдық көрнекi-
лiктердi қолдану біліктілігін бағалау критерийлерi болып табылады, олар төмендегідей анықталды:
1. Таңбалық-символдық көрнекіліктерді құрастыру бойынша:
- пайдаланылған оқу материалының толықтығы (суреттiк-идеографиялық жазуды құру кезiнде өтiлген
және өтiлетiн барлық оқу материалының пайдаланылуы);
- суреттiк-идеографиялық жазудың көлемi (бiр тарауға дәптердiң 1 бетiнен аспауы керек);
- оқу материалының берiлу логикасы (ұғымдар арасындағы мәндiк байланыстарды көрсететiн
сұлбаның болуы);
- көрнекiлiгi (таңбалар мен символдардың болуы, олардың ұқыпты орындалуы, оқылуы);
- сауатты болуы (терминдiк және орфографиялық тұрғыда);
- байланысты сөйлемдердiң болмауы (суреттiк-идеографиялық жазуларда сөйлем болмауы керек, тек
қана сөз, сөз тiркестерi және символдарсияқты тiрек сигналдары болуы керек);
- суреттiк-идеографиялық жазудың шығармашылықпен құрастырылуы (берiлген жұмыс өзбетінше
және мұғалiмнiң көмегiмен орындалуы мүмкiн).
2. Таңбалық-символдық көрнекіліктерді пайдалану бойынша:
- суреттiк-идеографиялық жазу арқылы оқу материалының толық мазмұнын ашу мүмкiндiгi;
- суреттiк-идеографиялық жазуды көз алдына келтiру мүмкiндiгi;
- суреттiк-идеографиялық жазуды талдау, салыстыру, таныс және таныс емес жағдаяттарға пайдалана
алу мүмкiндiгiне ие болуы кіреді.
Жоғарыда және алдыңғы тараулардарда айтылған теорияларды басшылыққа ала отырып, таңбалы-
символдық көрнекі құралдарды ағылшын тілін оқыту курсының бағдарламасы бойынша қолданылу
әдістемесіне талдау жасап, тиімділігі сабақ жүргізу барысында тексерілді.
Біз жүргізген зерттеуіміз бойынша көрнекіліктердің үлгісін ұсынып отырмыз [1].
«Contextualisation»
–
«контекстке байланысты жұмыс жасау»;
Қысқа әңгіме немесе сөйлемдегі оқиғаны бір-бірімен үйлестіру, контексте не айтылса соны баяндау.
Мысалы мына суретте үй салынған, бала үйден шығады, біраз жерге барған кезде аспанға қарайды,
аспанда бұлт бар екенін көріп үйіне жүгіріп келеді. «Running back home»
–
үйден ету, шығу, « running to
the house»
–
үйге жүгіріп келу. He is running back home- ол үйден шығып бара жатыр [2,3].
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г.
176
1- сурет.
Грамматика «Present Сontinuous»
–
қазіргі шақтағы жалғасып жатқан, аяқталмаған іс-әрекетті
білдіреді.
What is he doing? Ол не істеп жатыр?
He is gardening- Ол бақшада жұмыс істеп жатыр.
A man sittingnext to a machine- машинаның жанында отырған адам.
A man sitting in a deckchair- орындықта отырған адам.
He is relaxing- Ол дем алып отыр. Немесе He is sitting – ол отыр. Жалғасып жатқан іс-әрекет
баяндалып тұр.[4,5,6]
2- сурет.
In this activity the student learns to discriminate between the sounds of the foreign language, many of which
will be quite unfamiliar to him. He must concentrate on listening to very slight changes of sound. When visuals
are used they are normally pared down to give the minimum amounts of information, the aim being to prevent
unnecessary distraction.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г.
177
3-сурет The meaning implied by stress patterns may be made clearer with pictures.
(а) Is that your dog?- мынау сенің итің ба?
(b) Is that your dog?-мынау сенің итің ба?
Бұл оқушыларға фонетикалық ережелерді түсіндірген кезде өте тиімді
болып саналады. [7,8,]
Екпінге байланысты жаттығу.
Тыңдап түсінуге байланысты жаттығулар.
Оқушылар ойналған касетадағы айтылған сөздерге қарап оқушылардың не істеп отырғанын табу
керек.
4- сурет. A number of pictures illustrating specific ideas are displayed to the pupil either in a book, on a chart
or on the overhead projector. Each picture is numbered. The teacher reads out sentences appropriated
to each of the pictures. The pupils either write down the relevant numbers or indicate the relevant picture.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г.
178
Мысалы: 1. Cусын ішу-to drink, шай ішу – to drink а tea,
Ұйықтау- to sleep,
Кітап оқу- to read a book
Жазу- to write [9]
Speaking
–
оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Оқушылар мұғалімнің артынша
суретегі балалардың не істеп жатқанын айтып берулерікерек. Бұл жерде оқушылар өздерінің қалаулары
бойынша немесе өтілген грамматикалық ережеге байланысты, әңгімені баяндаған кезде шақтарды қойып
айтуларына болады. Төмендегі суретке назар салатын болсақ Майк есімді баланың іс-әрекеті суреттелген.
Бұл жерде Present Simple – жай шақта немесе Present Continuous – жалғасып жатқан, аяқталмаған шақта
қолдануға болады.
6-сурет.
Мысалы. Майк күнде таңертең сағат 7.00 де ұйқыдан оянады. Бұл сөйлем Present Simple – қазіргі шай
шақта қолданылып отыр яғни бір іс-әрекет күнделікті қайталанып отырады.
Repeat:
1. Mike gets up at 7 o’clock every day-Майк күнде сағат 7.00 де ұйқыдан оянады.(Present Simpletense-
қазіргі шай шақ)
Heis washing – ол жуынып жатыр.( Present Continous tense- жалғасып жатқан әлі аяқталмаған шақ, іс-
әрекеттің жалғасып жатқанын білдіреді).
He is trying- ол киініп жатыр.
He is going to the beach- ол өзен жағасына бара жатыр.
He is swimming- ол суда жүзіп жүр.[10,11]
Kaywords:
Таңбалық-символдық көрнекіліктерді
–
Б.С. Степановтың семиотикалық объектілерді жіктеуі
бойынша, қоршаған ортаны танып білу үрдісіне қызмет етіп, ең әуелі көру мүшесі арқылы қабылданатын
барлық таңбалар мен символдардың жиынтығы деп білеміз
1. Бабанский Ю.К. «Оптимизация учебно-васпитателного процесса ( мет. основы)». – М.: Просвещение, 1982. -
45-68 с.
2. Heaton J.B. «Composition through Pictures», Longman first published 1966, new impression – January 1972. - 54-p.
3. Andrew Wright, Longman Handbooks for Language Teachers «Visual materials for the Language Teacher», 1976 y,
152- p.
4. Corder S.P.«The Visual Elements in Language Teaching », Longman 1965. p-263
5. Byrne, D and Hall, D. «Wall Pictures for Language Practice», Longman, 1974. p-47-56
6. Bull.W.E.«A Visual Grammar of Spanish», 2
nd
edition, University of California, 1966.p-4050
7. Byrne. D. and Wright, A «What do you think? », Books 1 and 2, Longman, 1975. P-35-37
8. Wright, A. «Designing for Visual Aids», Studio Vista, 1970.
9. Рыбак Г.Ф., средняя школа № 3, Жмеринка, Винницкая обл. Применение символов на уроках французского
языка в 5 классе средней школы// ИЯШ в школе, №4. – М., 1990. - 64-66 с.
10. Macmillan English dictionary for advanced learners. 2009. 137-189 p.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г.
179
КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ШЕТ ТІЛІ МАМАНЫНЫҢ ТІЛДІК
ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Г.М. Солтанмұратова
–
Екі шет тілі, 2 курс магистранты
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,
Магистратура және PHD докторантура институты
Резюме
В статье рассматриваются многоязычия преподавания английского языка в современных условиях.
Многоязычное преподавание является важным звеном современного образования. Всеобщее обучение английскому
языку является целью мирового образования, так как английский язык – язык межнационального общения, который
может быть использован для коммуникации и интеграции между народами всего мира.
Summary
This article is about poly-language in modern teaching English.Teachers need to possess the above mentioned
communication skill. And continue developed it in them. Teachers should be educated person. Teaching in three languages is
an important for the teacher. English language is an world language. Teacher who speak English fall into one of three groups:
those who have learnt it as their native language, those who have learnt it as a second language in a society which is mainly
bilingual and those who are force to use it for a practical purpose - professional or educational. Nowadays when science and
technologyare progressing so fast all kind of specialists need English in their work.
Жаңа тұрпатты оқытушының өз білімін көтеру үшін шетелдерде болып, шетелдік ғалымдардың,
жаңашыл оқытушылардың іс-тәжірибесімен танысып, инновациялық іс-тәжірибені үйреніп, оны өз
тәжірибесінде пайдалана алу үшін кемінде 1 шетел тілін меңгеруі тиіс. Ол үшін жоғары мектептен бастап
педагогикалық жоғары оқу орындарында шетел тілін тереңдетіп оқытуға, шетел тілін жеделдете үйрете-
тін арнайы курстар, арнайы бағдарламалармен жұмыс жасауы қажет, полимәдениетті (көпмәдениетті)
білім беруді басты назарға ұстану қажет.
Көпмәдениетті білім беру – жалпы білім берудің маңызды құрылымы, этникааралық интеграцияға
бағытталған, ұлттық мәдениет, ұлттық тәрбиеге негізделген білім беру, ұлттық мәдени құндылықтарды
игеру.
Көпмәдениетті білім беру әртүрлі ұлт арасында ұлттық және мәдениеттілік құндылықтарды қастерлеу,
өзара түсінісу және ұғыну сезімдерін қалыптастырады. Осыған сәйкес көпмәдениетті тәрбие этникалық
және ұлттық ерекшеліктерді этнопедагогикалық мәдениетті басшылыққа алады.
Жаңа тұрпатты оқытушының ұлттық этнопедагогикалық мәдениеті оның рухани әлеуетін, жалпы
адамзат мәдениеті мен ұлттық мәдениет дәстүрлерін меңгерудегі деңгейін көрсетумен бірге тұлғаның
кәсіби шығармашылықты әрекетінде өзін-өзі көрсетуінің амалы болуы керек. Рухани адамгершілігі мол,
жетілген мәдениетті адам, кәсіби маман болу үшін оқытушы ең алдымен өз халқының мәдениетін, салт-
дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жетік меңгеруі тиіс.
Бұл оған басқа ұлттың мәдениетін түсініп, бағалауға, әлемдік деңгейдегі мәдениетке араласуына
көмектеседі. Жаңа тұрпатты оқытушының этнопедагогикалық білімі мен іскерлігі балалармен педагоги-
калық өзара әрекетті тиімді ұйымдастыруда септігін тигізеді.
ХХІ ғасырда әлемдік білім беру кеңістігіне ену жағдайында білім берудің ұлттық деңгейі анықталуы
қажет: оқыту нәтижесіндегі қоғам қандай адамды және адамзатты қалыптастырып шығарғысы келеді.
Қазірдің өзінде елімізде ұлттық білім берудің басым бағыттары анықталынды:
көпмәдениеттілік білім беру, үш тілділік,қатысымдылық, технократтық.
Осыған сәйкес оқытушының кәсіби стандартында білім берудегі ұлттық білім берудегі ұлттық
мақсаттар құзіреттіліктер тұрғысынан нақтыланды.
Айқын мақсат қою, кеңейтілген мүмкіндіктерді толығымен қарастыру, үлкен нәтижеге жету, мақсатқа
бағыттай жоспарлауды басшылыққа алып, жоғары мектептің не беретініне, студенттердің нені біліп
нығайтатына басты назар аударатын нәтижеге бағытталған білім беру процесінде жаңа тұрпатты
оқытушының этнопедагогикалық және көпмәдениеттілік құзіреттілігіне жататындары:
Көптілділік жеке адамның не қоғамның екі тілден аса тілді алма кезек қолдануы. Шетелдік көптілді
білім беру тәжірбиесінің озық үлгілірін ескеріп үштілділік құбылысы бойынша жүргізілген отандық
зерттеу нәтижелері үштілділік құбылысына оқытудың әлеуметтік қажеттілік замана талабы. [1-238б]
Көптілді білім беруді енгізу төмендегі мәселелерге сай жүргізіледі:
Мемлекеттік тіл ретіндегі ағылшын тілін күшейту арқылы студенттердің ұлттық біртектілігін сақтау
және дамыту;
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г.
180
БАҚ арқылы шетел тілін оқытуды ұйымдастырудың негізгі идеясын кең насихаттаудың қажеттілігін
түсіндіру және білім берудің ашық жүйесін дамыту жағдайында қоғамдық пікірді ескеру;
Шетел тілін оқытуды жүзеге асырудағы ғылыми негіз жасауда арнайы зерттеу жүргізу;
Шетел тілін тереңдетіп оқытатын элиталық жоғары мектептер негізінде ғана шетел тілін оқыту
мүмкіндігі;
Отандық жағдайларды ескере отырып шетел тілін оқыту технологиялары мен модельдерін жасау. ҚР
орта жалпы білім беру құрылымы мен мазмұны;
Бірыңғай оқу жоспары негізінде шетел тілін тереңдетіп оқытатын мектептерге типтік оқу жоспарын
жасау;
билингвалық білім беру жалпы және жеке әдістемесін құру;
полилингвалық білім беруге кезеңдеп көшу үшін кадрлық, материалды-техникалық, оқу-әдістемелік
негізін айқындау;
шетел тілін тәжірибелік оқыту үшін ұйымдастыру-әдістемелік жағдай жасау.
Бүгінгі күн жастары халықаралық стандарттар деңгейіне сай білім алуға байланысты, ағылшын тілін
үйрену мен тәжірибе жүзінде пайдалану қажеттілігімен бетпе-бет келіп отыр. Сонымен қатар, ағылшын
тілін білу білім беру жүйесі жоғары дамыған елдерде білім алуға, ақпараттық кеңістікте байланыс
шекарасын кеңейтуге ықпал етеді, қоғам қажеттілігін қанағаттандыратын білімін кеңейтуге мүмкіндік
туғызады.Бұл тілді меңгеру арқылы бүгінгі күн ақпараттар ағымында жұмыс істеуге көмектеседі. Біздің
ел туралы: біздің ұлттық салт-дәстүр, мәдениет пен жетістіктеріміз жайлы білім негізі және тану құралы
ретінде ағылшын тілінің маңызы өсуде. Ағылшын тілі
–
әлемдік білім беру кеңістігіне жету және
еліміздегі басқа ұлттардың бірігу құралы.
Заманауи білім беру жағдайында жаңа тұрпатты оқытушының кәсіби құзыреттілігіне қойылатын
талаптарға байланыстыҚазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық
жаңғырту
–
Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Білім беру
жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зорделінген.
Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу. Екіншіден,
педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор» - деп атап көрсеткеніндей, жаңа дәуірдегі
жаһандану үдерісіне төтеп бере алатын болашақтың зиялы ұрпақтарын тәрбиелеу өркениетке бағыт алған
әрбір мемлекеттің өзекті мұраты [2].
ХХІ ғасырда Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесін реформалаудағы стратегиялық міндеті
–
экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами
капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында білім беру жүйесін жаңғыртудың басым бағыттары айрықша сараланды:
- электронды оқыту жүйесін құру;
- оқытудың Заманауи моделіне өту;
- ұлттық біліктілік жүйесінің негізін жасақтау;
- білім беруге мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті енгізу;
- еңбек нарығының талаптарына сай келетін, азаматтардың кәсіптік, мансаптық және жеке тұлға болып
өсуіне ықпал ететін үздіксіз кәсіптік білім берудің икемді жүйесін қалыптастыру;
- заманауи ғылыми-білікке ие және еліміздің инновациялық дамуына үлесін қоса алатын ғылыми-
педагог кадрларды даярлау [3].
Қазақстан жалпы экономикалық та, әлеуметтік және ғылыми білім беру тұрғысында да алға озған ел.
Онда ТМД елдерінде, көбіне-көп әлемде де енуі ғана талқыланып жатқан көптеген жобалар жүзеге
асырылуда.
Мәселен, Қазақстан ТМД мемлекеттері ішінде бірінші болып жоғары білімде үш деңгейлі «бакалавр –
магистр – философия докторы» оқу жүйесіне толықтай көшті.
Қазақстан Республикасында болып жатқан түбегейлі оң өзгерістер адами капиталды дамыта отырып,
білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында осындай мемлекет-
тік маңызы бар мәселені шешуші басты тұлға педагог екендігі нақты көрсетілген. Бағдарламаның басты
мақсаты педагогтар мәртебесін көтеру болып отыр.
Бағдарламада атап көрсетілгендей, білім сапасын арттырудың басты жолы
–
білім беру жүйесін жаңар-
туға қабілетті жоғары білікті мамандармен толықтыру.
Бағдарламаның басты бағыты – студентті іс-әрекет арқылы зерттеу, нәтижесінде өз ойын нақты
жеткізе алатын, ойға жүйрік, тілге шешен, бәсекеге қабілетті, жан-жақты жетілген, болашаққа сенімді,
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г.
181
ынталы, сыни пікір, көзқарастары жүйелі дамыған, қазіргі тез өзгермелі бүгінгі өмірде өз білімін қалып-
тап тыс жағдайда еркін әрі терең пайдалана алатын интеллектуалы жоғары креативті тұлға қалыптастыру.
Жоғары педагогикалық оқу орындарында инновациялық білім мен технологияны меңгерген,
ақпараттық-коммуникативтік құзіреттілігі қалыптасқан, кәсіби-педагогикалық біліктілік деңгейі, шығар-
машылық ойлау қабілеті жоғары, рухани тұрғыдан дамыған, білім беру саласындағы инновациялық
процестерді жүзеге асыруға қабілетті жаңашыл жаңа тұрпатты педагог даярлау мәселесіне жаңа тұрғыдан
қарауды талап етеді. Шын мәнінде, қазіргі кезеңде қоғамның өркендеп-өсуі білім жүйесінің сапасын
жақсартуды, жаңа технологияларды кеңінен қолдануды, жаңа формациядағы педагогтар
дайындау арқылы еліміздің білім жүйесін халықаралық стандарт деңгейіне жеткізуді, нарық экономи-
касына бейімделген бәсекеге қабілетті білімді де білікті мамандар дайындауды негізгі стратегия-лық
межеге жатқызады. Бұл мерейлі мақсаттар еліміздегі білім беру жүйесінің алдына инновациялық техноло-
гияларды іздестіру, оқытудың жаңа технологияларын қолдану және оны үнемі жетілдіріп отыру
міндеттерін күн тәртібіне қоюда.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында атап көрсеткендей, жоғары білім берудің мақсаты
–
еңбек нарығының, еліміздің
индустриялық-инновациялық даму міндеттерін және жеке тұлғаның
қажеттіліктерін қанағаттандыратын және білім беру саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерге сай
келетін жоғары білім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізу.
Мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты
–
білім сапасын арттыру, еңбек нарығының, еліміздің
индустриялық-инновациялық даму міндеттерін және жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыратын
және білім беру саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерге сай келетін білім сапасының жоғары деңгейіне
қол жеткізу, білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету, педагог мамандығының
мәртебесін көтеру.
Педагог мамандығының беделін арттыру кез келген мемлекеттің білім беру саясатының басты бағыт-
тарының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасында 2015 жылдан бастап орта білім беру жүйесі құзіреттілік тәсіліне негіздел-
ген Заманауи білім беру моделіне көшу межеленуде.
Осыған сәйкес педагогикалық жоғары оқу орны алдында үлкен міндет тұр
–
Заманауи жоғары мектеп-
те жұмыс істей алатын жаңа тұрпатты оқытушы дайындау.
Жаңа тұрпатты оқытушыларды дайындау үшін педагогикалық жоғары оқу орындары жаңаша жұмыс
жасауы тиіс:
оқу-тәрбие процесін жаңа талаптарға сай жетілдіру;
жоғары білімнің мазмұны мен құрылымын Болон процесінің параметрлеріне
білім беру жүйесін толықтай ақпараттандыру, «е-learning» электрондық оқыту
жүйесіне көшу;
білім берудің сапа менеджмент жүйесіне көшу;
үш тілде оқытатын педагогтарды даярлау және т.б.
Тұрақты дамудың даңғыл жолына түскен отанымызға заманауи инновациялық ілімдерді игерген
әлемдік бәсекеге қабілетті білікті мамандар, оқу-тәрбие процесін жаңаша ұйымдастыра алатын жаңа
тұрпатты оқытушылар қажет.
Жаңа тұрпатты оқытушы
–
заманауи педагогикалық құралдардың бүкіл әлеуетін меңгерген, иннова-
циялық технологиямен қаруланған, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылып отыратын, рухани дамыған,
шығармашыл, креативті, интеллектуалды тұлға, білікті маман. [4]
Жаңа тұрпатты оқытушы шешуге тиісті міндеттер:
1. Жаңаша ойлауға, таным және өзіндік ұйымдастыру әдістеріне оқыту;
2. Студентті есікке дейін алып келіп, қолына кілтті беріп, сол құралды қалай пайдалану керектігін
үйрету. Білім дүниесіне студенттің өзінен басқа ешкімнің де кіре алмайтындығын еске сақтау;
3. Студентті өзін-өзі ұйымдастыруға үйретіп, өз бетінше өмір сүрудің нақты жолын көрсету: өзін-өзі
тану; өзін-өзі зерттеу; өзін-өзі тәрбиелеу; өзін-өзі реттеу; өзін-өзі белсендіру; өз бетінше білім алу; өзін-өзі
дамыту; өзін-өзі жетілдіру.
4. Студенттің барлық ішкі әлеуетін ашуға және оған шығармашылықтың шыңына шығуға көмектесу.
1. Хасанұлы Б. «Үштілділікке баулудың социопсихолингвистикалық үлгісін жасау әлеуметтік қажеттілік» //
Филологиялық зерттеулердегі инновациялық технологиялар атты Республикалық ғылыми-тәжірбиелік
конференцияның материалдары 30-31 қазан, 2012 ж.
2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. - 2002.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г.
182
3. Президенттің Қазақстан Халқына жолдауы. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Астана, 28сәуір, 2010 ж.
4. Жүсіпова Ж А Педагогикалық шеберлік. – Алматы, 2011
Достарыңызбен бөлісу: |