Хабаршы вестник


БАСТАУЫШ БІЛІМ МАЗМҰНЫН ИНТЕГРАЦИЯЛАУ МӘСЕЛЕСІ



Pdf көрінісі
бет26/34
Дата14.02.2017
өлшемі3,15 Mb.
#4088
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34

БАСТАУЫШ БІЛІМ МАЗМҰНЫН ИНТЕГРАЦИЯЛАУ МӘСЕЛЕСІ 
 
А.А. Куралбаева 

 PhD докторант 
 
Резюме 
Актуальность  выбранной  темы  данной  статьи  связана  с  уделением  в  последнее  время  особого  внимания 
интегрированному обучению в начальных классах. Именно на начальной ступени обучения интеграция предметов в 
единое  целое  наиболее  эффективна,  так  как  младший  школьник  целостно  воспринимает  окружающий  мир,  и  для 
него не должно быть границ между предметами. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г. 
164 
Summary 
Actuality  of the chosen subject  of this article is  connected  with paying of special attention to the integrated training in 
initial classes recently. At an initial step of training integration of subjects it is the most effective as the younger school student 
completely perceives world around, and for it there shouldn't be borders between subjects. 
 
Қазіргі еліміздегі білім беруді жетілдіру кезеңінде педагогика ғылымындағы интеграциялық байланыс-
тарды одан әрі жақсарту - ғылымдардың интеграциялану тенденциясы жағдайында мектептер жүйесінің 
білім  мазмұнын  айқындаудың  басты  шарты  болып  саналады.  Келешек  ұрпаққа  білім  берудегі  күрделі 
мәселелердің  бірі  –  біртұтас  педагогикалық  үдеріс  кезіндегі  сабақтарда  пәнаралық,  интеграциялық 
байланысты  жүзеге  асыру.  Сондықтан  жалпы  білім  беретін  мектептің  пән  мұғалімдерінің  пәнаралық 
білімдер мен іскерліктерді игеруі және пәнаралық интеграцияны білім мазмұнында айқындау оқу үдерісін 
интеграциялау негізінде ұйымдастырудың басты міндеттерінің қатарына жатады. 
Қазақстан  өз  дамуындағы  жаңа  серпіліс  жасау  қарсаңында  жасалған  Қазақстан  Республикасының 
Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстанның  әлемдегі  бәсекеге  барынша  қабілетті  50  елдің  қатарына 
кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына жолдауының «Осы заманғы білім беруді дамыту, кадрлардың 
біліктілігі  мен  оларды  қайта  даярлаудың  ұдайы  артуы  және  Қазақстан  халқы  мәдениетінің  одан  әрі 
өркендеуі»  делінген  төртінші  басымдықтың  бірінші  бөлімінде  білім  беру  реформасы 

  Қазақстанның 
бәсекеге  нақтылы  қабілеттілігін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  беретін  аса  маңызды  құралдардың  бірі 
екендігі және бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім 
беру жүйесі қажет екендігі көрсетілген [1].  
Қазақстан  Республикасының  әлемдік  өркениетке  кірігуіне  қатысты  білім  беру  сапасына  қойылып 
отырған  заман  талабы  –  шығармашылықпен  жұмыс  істей  алатын,  бәсекеге  қабілетті  тұлға  тәрбиелеп 
қалыптастыру.  Қазіргі  білім  беру  жүйесіне  еніп  отырған  жеке  тұлғалық,  іс-әрекеттілік,  құзыреттілік 
тұрғылар жалпы білім беруді ұйымдастырудағы жаңаша көзқарас ретінде қарастырылуда [2].  
Пәндер  арасындағы  кедергілерді  жою  үшін  білімді  басты  объектілердің  немесе  тақырыптардың 
айналасына  біріктіру  қажет.  Бұл  үрдіс  кез  келген  пәнді  әр  қырынан  қарастыруға,  оның  барлық  өзара 
байланысын  ашуға  мүмкіндіктер  береді.  Талдау,  синтез,  салыстыру,  біріктіру  сияқты  күрделі  ойлау  іс-
ірекеттері  арқылы  жүзеге  асырылатын  пәндер  интеграциясы  білім  мазмұнын  кең  қамтуға,  уақытты 
үнемдеуге, міндетті пәндер санын азайтуға да мүмкіндік береді. 
Бастауыш  сынып  оқушысында  қоршаған  дүниені  тұтастықта  қабылдау  мәселесі  бастауыш  білім 
берудің өзіндік ерекшелігіне қайшы келмейді. Әрине, бастауыш сыныптарда оқушылардың танымдық іс-
әрекетті  талдау  қабілеттері  бастапқы  деңгейде  болады,  олар әзірше  күрделі  құбылыстарға  тереңдеп  ене 
қоймайды.  Дүниедегі  барлық  заттар  мен  құбылыстар  туралы  түсініктердің  оқушыларда  интегралды 
болып келуі дәл осы бастапқы буынға сәйкес келеді. 
Қазіргі  дамыған  елдердегі  бастауыш  білім  мазмұнының  ерекшелігі  қоршаған  дүние  мен  қоғамның 
дамуы туралы білімдердің интеграцияланған түрде болып келуңнде. Бұл тәсіл көптеген елдерде мектепке 
дейінгі тәрбиеге, бастауыш мектеп және кіші орта мектепке, сол сияқты орта мектепте интеграцияланған 
курс (жаратылыстану, қоғамтану, Отантану және т.б.) түрінде енгізілген. Бұл елдердің бастауыш мектеп-
терінде интеграциялау өлі және тірі табиғат, техника, адам, т.б. білімдерді біріктіреді. 
Интеграция  дегеніміз  –  пәндердің  өзара  байланысын  жоғары  деңгейде  нақтылы  түрде  іске  асыру. 
Сондықтан  да  интеграция  мен  пәндердің  өзара  байланысы  ұғымдарын  мәндес  ұғым  ретінде  түсінуге 
болмайды. Интеграция тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әр түрлі ғылымдар-
ды біріктіреді [3]. 
Интеграциялық оқыту дегеніміз – жаңа педагогикалық ізденісті, жаңа бағытты қолдана отырып оқыту. 
Өйткені орта мектепте пәндерді біріктіріп оқытудың жаңа тәсілдері, осы заманға лайықты озық тәжірибе-
лері қолданылуда. Осындай тәжірибелердің бірі – білім мазмұнын жасауда бірнеше пәндердің бір пәнге 
бірігуі.  Бұл  өзіндік  көзқарасы  бар,  өз  бетінше  әртүрлі  мәселелерді  шешуге  қабілетті,  алған  білімі  мен 
біліктілігін жүйелей алатын жеке тұлға тәрбиелеуге мүмкіндік ашады. Оқушының бойында әлем, қорша-
ған  орта  жөнінде  тұтас  бейнені  қалыптастыру  оқыту  мақсаты  ретінде  қарастырылады.  Интеграция 
оқушының оқудағы алғашқы қадамынан бастап әлемді тұтас деп тану, ондағы барлық нәрсе бір-бірімен 
тығыз байланысты деген көзқарас қалыптастыру мақсатын көздейді.  
Пәнаралық интеграция тәсілдерінің мынадай түрлерін атап өтуге болады: 
бір  пәннің  материалын  екінші  пәнмен  байланыстырып,  мазмұны  жағынан  ұқсас  тақырыптарды 
біріктіру; 
бір пән бойынша тақырыпты түсіндіру үшін басқа пәннен алынған білім арқылы толықтыру; 
бір пәннің материалын екінші бір пәнге практикалық жаттығу ретінде пайдалану. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г. 
165 
Пәнаралық интеграция жеке пәндерден алған білімдерін байланыстырып, бір жүйеге келтіруге,білімді 
бір бағытқа шоғырландырып, білім мазмұнын кеңейтуге мүмкіндік береді. 
Интеграция пәндік білімдердің тоғысуынан жаңа түсінік қалыптастырудың құралы ретінде қарастыры-
лады.  Кіріктірілген  сабақтар  оқушының  шығармашылық  белсенділігін  арттыруды  міндеттейді.  Бұл 
сабақтарда  барлық  пәндерінің  мазмұнынан,  ғылымның  барлық  саласынан,  мәдениет,  өнер,  жалпы 
қоршаған өмір жайлы ақпараттар беріледі. Кіріктірілген сабақтар басқа жеке пәндерден алған білімдерді 
байланыстырады. Соған сәйкес кіріктірілген сабақтарды ұйымдастырудың бірнеше себебі бар:  
-  қоршаған  өмірді  балалар  тұтас  қабылдайды,  ал  мектепте  көбінесе  әлем  жайлы  тұтастықты  жеке 
пәндер арқылы оқып-танысады; 
- кіріктірілген сабақтар оқушының өзіндік әлеуетін дамытады, әлемдегі өзгерістер мен құбылыстардың 
себеп-салдарын түсінуге, ақыл-ойы мен ойлау, сөйлеу қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. 
Пәндер  интеграциясының  аса  маңызды  міндеті  –  ғылымдардың  бір-біріне  бөлшектенбей  ғылыми 
білімнің бір жүйеге топтасуын, басқаша айтқанда, интеграциялану тенденциясын жоғары дәрежеге көтеру 
болып  табылады.  Соңғы  кезде  пәндер  интеграциясы  ұғымы  ғылыми-педагогикалық  әдебиеттерде  жаңа 
мәнімен  енгізіле  бастады  және  оны  білімдердің,  танымдардың,  сенімдердің  адамның  психологиялық 
ойлауының  жиынтығы  деп  түсінуіміз  керек.  Пәндер  интеграциясы  ұғымы  «табиғат-қоғам-адам  ойы» 
жүйесінде  білім  негізін  пәнішілік  қатынастарды  және  ғылымдардың  интеграциялануын  реттеуші 
қызметін  жүзеге  асырады.  Пәндер  интеграциясы  білім  және  тәрбие  міндеттерін  шешуде  ерекше  роль 
атқарады. Мектептегі білімдер жүйесі өздерінің мазмұны жағынан кешенді болып келеді. Олардың мәні 
және  меңгерілуі  пәнаралық  деңгейде  жүзеге  асуы  тиіс.  Мәселеге  тек  осылай  келгенде ғана  шәкірттерде 
ақиқат дүние біртұтас жүйе екен деген түсінік қалыптасады. Бұл жүйеде барлық элементтердің біріне-бірі 
ықпал жасайтындығын, үрдістер өздерінен өздері туындап жататындығын мұғалім білуі керек. 
«Интеграция»  термині  әдебиеттерде  XIX  ғ.  бастап  кездеседі  жәнеқайта  құру,  толықтыру  ретінде 
түсіндіріледі. Мұндай түсіндіру адам  білімінің  әртүрлі  салаларында кеңінен қолданылуды қарастырады. 
Бұл  ұғымның  педагогикада  пайда  болуы  және  оның  дамуы  білім  кеңістігінде  жүріпжатқан  объективті 
процестермен байланысты. 
Қазіргі  уақыттаинтеграцияшешуші  мәнге  ие  болып,  білім  беру  жүйесі  дамуының,  білім  мазмұнын 
байытудың басым  бағытына айналды. Біріншіден, бұл бағытта жүріп жатқан өзгерістер ғылыми талдау-
дағы  жаңа  пәндерінің  пайда  болуы  ғылымның  жүйелі  түрде  дамуының  сәтті  жалғасы  болып  табылады. 
Пайда  болған  құбылыстар  әртүрлі  ғылымдар  үшін  зерттеудің  жалпы  пәндерін  анықтай  отырып,  шын 
мәнінде  ықпалдастық  сипатында  болады.  Екіншіден,  педагогика  ғылымының  дамуындағы  іріктеу 
процестері  педагогикалық  шынайы  болмыстың  жаңа  феномендерін  табу  және  зерттеу,  олардың  қасиет-
терін белгілеу және зерттеудің ғылыми  объектіне  сәйкес  келетін өзіне тән  ерекшеліктері бар теориялық 
принциптер мен әдіснамалық құралдарды анықтау бойынша күш-жігердің көрінісі болып табылады [3]. 
Пәндер  интеграциясының  қазіргі  дидактиканың  басты  идеяларының  бірі  екендігі  баршаға  мәлім. 
Мектеп  және  мұғалім  үшін  бұл  ең  көкейтесті  мәселе  қатарына  жатқызылып  отыр.  Себебі  пәндер 
интеграциясы  білімдердің  синтезінің  мәнін  ашу  үшін  ең  қажетті  шарт  болып  саналады.  Соған  сәйкес 
бастауыш  мектепте  оқушылардағы  алғашқы  жеке  тұлғалық  қасиеттерді  жан-жақты  дамыту  және 
пәндердің бір-бірімен интеграциясын айқындау бастауыш мектептегі білім мазмұнын жақсартудың басты 
міндеті  деп  түсінеміз.  Сондықтан  мектептегі  күнделікті  сабақтардағы  пәндеринтеграциясы  оқыту 
процесінің өзегі деп есептеледі.  
 
1. 
Назарбаев Н.А. ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси 
бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, 2012. 
2. Аганина Қ.Ж. Қазақстанда білім беру процесін жетілдіру мәселесіне. // БІЛІМ әлемінде. В мире образования, 
IntheworldofEDUCATION №5, 2010 ж. 3-5 беттер. 
3. Демеуов А.Қ. Педагогикалық оқу орындарындағы болашақ мұғалімдерді тұлғалық-кәсіби дамыту процесінде 
рухани  және  дене  тәрбиесінинтеграциялау  //  Педагогика ғылымдарының  кандидаты  ғылыми  дәрежесін  алу  үшін 
дайындалған диссертацияның авторефераты. – Шымкент, 2010 
4.  Бейсенбаева  А.,  Сейдіғазым  Н.  «Интеграциялық  оқытуды  жүзеге  асыру».  –  Алматы,  Қазақстан  мектебі 
журналы, №52002. - 55-56 бб.  
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г. 
166 
ОТБАСЫНДА БАЛА ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ  
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
Қ.Е. Ағыбай 

 Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы қ. 
 
Резюме 
В  данной  работе  рассматриваются  научные  основы  одного  из  главных  вопросов  современного  общества, 
формирования  личности  всемье.  А  также  о  возможности  использования  в  современном  воспитании  подходов 
известных  ученых,  о  видах  взаимоотношений  родителей  и  ребенка и  стиле  управления  семей  и  психологическом 
образовании в развитие личности.  
Resume 
In  the  given  work  scientific  bases  of  one  of  main  points  of  a  modern  society,  formation  of  the  person  in a  family  are 
considered.  And  also  about  use  possibility  in  modern  education  approaches  of  known  scientists,  about  kinds  of  mutual 
relations of parents and the child and management style of families and psychological formation in development of the person.  
 
Отбасы  адамзат  қоғамының  ең  шағын  бейнесі.  Қоғамда  отбасы  екі  қызмет  атқарады,  оның  бірі  – 
дүниеге ұрпақ  әкелу,  екіншісі –  дүниеге  келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды  қамтамасыз  етіп, өмір 
бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.  
Отбасы тәрбиесі  қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты, сондықтан ол қоғам мүддесіне қызмет 
етуі тиіс. Отбасы ең алғашқы тұлғаны дамытатын әлеуметтік орта. Отбасында баланың тұлғалық қасиеті-
не ықпал ететін көптеген жағдайлар болады. Мәселен, отбасы мүшелерінің мәдени деңгейі баланың түрлі 
әлеуметтік құндылықтарды игеруіне игі әсерін тигізеді. 
Жеке  меншікке  негізделген  қоғамда  ұжымдық  сана  күрделі  өзгерістерге  түсіп,  әлеуметтік  жағдайда 
жұмыссыздық  етек  алып,  көпшілік  санасында  жеке  бастың  пайдасын  ойлау  орын  алды.  Қоғамдағы 
осындай  өзгерістер  отбасы  тәрбиесінде  балаларды  білімді,  ізгілікті,  жан-жақты  жетілген,  өз  өмірінің 
құндылығын жете түсінетін етіп тәрбиелеуді қажет етеді. Осыған орай отбасында балалардың мүмкіндік-
терін барынша дамытып, оны өмірде қолдана білуге, еңбек етуге, еңбектің қандай түрін болса да, атқаруға 
психологиялық  тұрғыдан  даяр  болуға,  шығармашылық  әрекетке  даярлыққа,  әрдайым  өзінің  білімін 
жетілдіріп  отыруға  тәрбиелеу  қажет.  Жеке  бас  пайдасы  пен  ұжымдық  пайданың  үйлесімділігін  табуға, 
іскерлікке, ізгілікке, өздігінен ізденуге, өзін-өзі жетілдіруге тәрбиелеудің мәні зор. 
«Баланың құқығы жөніндегі конвенцияда»отбасында баланың құқығын қорғау, оған қамқорлық жасау 
көрсетілген.  Отбасындағы  жас  ұрпақтың  тұлғалық  қасиеттерінің  қалыптасуына  ата-ананың,  отбасы 
мүшелерінің қарым-қатынасындағы мейірімділік пен махаббат қажет. Толық мәнді отбасы болу үшін ата-
ананың  және  басқа  отбасы  мүшелерінің  береке-бірлікті,  түсіністікті  сақтауы,  сонымен  қатар  әр  отбасы 
мүшесінің құқығы қорғалуы тиіс. 
Тек осындай ізгілікті мұраттар отбасында орын алғанда ғана, отанын, елін-жерін сүйетін, өз ұлтының 
салт-дәстүрін,  сонымен  бірге  жалпы  адамзаттық  мәдени  құндылықтарды  бойына  сіңіріп,  өзінің  кісілік 
келбетін  сақтай  алатын  тұлға  тәрбиелеуге  болады.  Бала  отбасынан  жақсыны  да,  жаманды  да  бойына 
сіңіреді. Сондықтан да халқымыз «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп текке айтпаған. 
Ғасырлар  бойы  қазақ  отбасында  сақталған  тәлімдік  дәстүрлер  мол.  Сол  дәстүрлер  сабақтастығы 
бүгінгі  бала  тәрбиесінде  жалғасын  табуда.  Отбасында  халықтың  рухани-интеллектуалды  мұраларын, 
мәдени құндылықтарын жандандырып, рухани ұлттық сипаттағы мінезді қалыптастыруды көздеу өмірдің 
талабынан туындап отыр. 
Баланың отбасындағы тұлғалық қасиетін жетілдіретін жағдайдың бірі – отбасы ішілік және отбасынан 
тысқары атқарылатын  еңбек. Отбасындағы күнделікті тұрмыс  қажеттілігін қамтамасыз  етуден туындай-
тын  еңбек  баланы  әлеуметтік  қатынасқа  түсіріп,  оны  ересек  өмірге  тәрбиелейді.  Сондай  еңбектің 
барысында  баланың  жауапкершілігі  артып,  еңбек  ету  қажеттігін  түсінетін  болады.  Отбасы  тәрбиесі 
кешенді педагогикалық мақсаттылық арқылы іске асады. 
А.С.  Макаренко  «Ата-анаға  арналған  кітабында»:  «...  Бала  тәрбиесінде  сіздің  іс-қимылыңыздың  өзі 
шешуші  роль  атқарады.  Сіз  тәрбиені  сөз  арқылы  немесе  үйрету,  бұйыру  арқылы  іске  асырамын  деп 
ойлайсыз. Тәрбие өмірдің әр сәтінде, тіпті сіз үйде болмағанда да іске асады. Тәрбие сіздің қалай киінеті-
ніңіз,  өзгелермен  қалай  сөйлесетініңіз,  олар  туралы  не  ойлайтыныңыз,  сіздің  дос-дұшпандармен  қалай 
қарым-қатынас  жасайтыныңыз,  қалай  күлетініңіз,  қалай  газет  оқығаныңыз,  осы  іс-әрекеттеріңіздің  бәрі 
балаңыз  үшін  маңызды.  Тіпті  дауыс  екпінінің  өзгеруін  де  бала  сезінеді,  сіздің  барлық  ойыңыз  баланың 
көкейіне беймәлім жолмен жетіп жатады, сіз оны байқамайсыз да. Ал, отбасында сіз дөрекілік көрсетіп, 
жұбайыңызды жәбірлесеңіз,осы ісіңізбен сіз балаға жаман тәрбие бересіз» - дейді [1]. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г. 
167 
Өмір  тәрбиесі  көрсеткендей,  екі  түрлі  отбасына  назар  аударуға  болады.  Біріншісі  –  материалдық 
игілікті алға қойып, соған жетуді мақсат еткендіктен, рухани құлдырауға соқтыруда. Екіншісі – материал-
дық игілігі жеткілікті отбасында бала мен ата-ана арасында эмоционалдық, мейірімдік қарым-қатынастың 
орнықпағандығы байқалады. Осы жағдайлар отбасында балаларды тәрбиелеуде ескерілуі қажет. 
Қазіргі  отбасы  тәрбиесіндегі басты нысана баламен  рухани үндестік пен үйлесімділікке ұмтылу, ата-
баба  мұрасын  сақтауға  ұмтылу,  ата-баба  мұрасын  сақтауға  көңіл  бөлу,  халықтың  тәлімдік  мұрасын 
сақтауға көңіл бөлу, халықтың тәлімдік мұрасын бүгінгі күнмен сабақтастыру болып табылады. Осыған 
орай, отбасында еңбексүйгіштікке, баланың жасына сай еңбек түрлеріне және қоғамдық-пайдалы еңбекке 
баулуды  іске  асыру  қажет.  Ата-ана  және  әлеуметтік  орта  болашақ  азаматтың  денсаулығын  жастайынан 
сақтау  үшін,  оның  тәнінің  дұрыс  түзіліп  қалыптасуына,  салауатты  өмір  салтын  нығайтуға  ерекше  мән 
бергені бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі болып саналады. 
Әр  отбасы  ата  тегінен  келе  жатқан  кәсібін,  өнерін,  таңдаған  еңбегін  құрметтеп,  оны  кейінгі ұрпаққа 
үлгі-өнеге еткен, бірлесіп атқарған пайдалы-қоғамдық еңбек барысында адамгершілік қағидаларды қатаң 
сақтап,  дамытып  отырған,  ұрпағына  ақыл-кеңес  беріп,  ата  кәсібін  құрметтеп,  қалыптасқан  дәстүрді 
жетілдірген.  Туыстық,  отбасылық  (әлеуметтік)  қатынастарды  бала  кезінен  қалыптастырған.  Мысалы, 
ойын  ойнау,  көркемөнермен  шұғылдану,баланы  еңбекке  қатыстыру  арқылы  ересек  адам  мен  баланың 
қарым- қатынасыннығайтуды көздеген. 
Үлкенді  құрметтеп  өнеге  тұту,  одан  үлгі  алу,  біріккен  шығармашылық  еңбек  етуді,  белсенді  іс-
әрекетке баулуды дәстүрлі мерекелер, фольклорлық  кештер, ұлттық өнер,  ойын-сайыстары арқылы  іске 
асырған. 
Отбасылық  қарым-қатынастың  негізінде  үнемі  балаға  қамқорлық  көрсетіп,  ол  отбасы  мүшесі  екенін, 
оның  пікірі  мен  көмегі  үлкендерге  қажет  деген  сенімін  қалыптастыру  керек.  Халық  даналығына  назар 
аударсақ, былай дейді: «Егер сен бір жылдық өміріңді ойласаң, онда арпа ек, онжылдық өміріңді ойласаң, 
онда ағаш ек, ал ғасырлық өміріңді ойласаң, онда бала тәрбиеле» деп түйіндейді. 
Тәуелсіз  қазақ  елі  үшін  бүгінгі  күні  ұрпақтың  дені  сау,  жүйкесі  таза,  саналы  болғаны  абзал.  Демек, 
болашақ  ұрпақтың  тәрбиесі,  мәдениетті,  білімді  болуы  ең  алдымен  ата-анадан,  отбасы  –  ошақ  қасынан 
басталмақ. Сол себепті қазақта  «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген даналық сөз тегін айтыл-
маса  керек.  Адамды  адам  ететін  қоршаған  ортажәне  тәлім  тәрбие  десек  мектеп  жасы  балаларының 
тұлғалық  ерекшеліктерінің  қалыптасуына  жанұя,  жанұялық  қарым-қатынас,  жанұяның  психологиялық 
ахуалы,  тәрбиелеу  стилінің  маңызы  зор  екенін  естен  шығармаған  жөн.  Бір  ортада  өскен,  бір  әке,  бір 
шешеден  туған  балалардың  өзара  бір-бірінен  тұлғалық  сапаларымен,  табиғаты  жағынан  бір-бірінен 
ерекшеліктері болып жатады.  
Біздің  бұл  мәселені  негізгі  фактор  ретінде  алуымыздың  себебі,  балалардың  жеке  адам  болып 
қалыптасуына отбасының алатын орны  ерекше.  А.С. Макаренко айтып кеткендей, баланың тұлғасының 
қалыптасуы  отбасының  өмір  сүру  тәсілімен  тәжірибені  қабылдау  сипатына  тәуелді.  Дүниеге  келген 
баланы бірінші  көретін адам ата-анасы және  отбасы. Оның әлеуметтік  ортасы бала дамуына жан-жақты 
әсер етеді. Әрбір отбасының мүшесі дара болғандықтан бір-бірінің дамуына едәуір ықпал жасайды. 
Абай атамыз былай деп жазды: «Жас бала анасынан туғанда екі түрлі 
мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады, бұлар тәннің құмары, бұлар болмаса тән 
жанға қонақ, үй бала болмайды. Ал біреуі білсем екен дейді. Мұның бәрі жан құмарлығы – білсем екен, 
көрсем екен, үйренсем екен деген» [2].  
Психологияның  атасы  атанған  Аристотель  «Баланы  жөргегінен  бастап  барлық  жақсы  қасиеттерге 
баулуға болады және бала 7 жасқа дейін өзінің отбасында тәрбиеленуі керек, ең бастысы кішкенелер үшін 
олардың дене мүшелерін дұрыс жетілдіру, дұрыс тамақтандыру, шынықтыру керек» дейді [3].  
Тәрбие  мақсатқа  бағытталған  үрдіс  ретінде  қоғамды  қабылданған  ережелер  мен  нормалардың  адам 
мінез-құлқында  көрініс  табуын  қамтамасыз  етуі  қажет.  Сонымен  қатар  тұлғаның  жеке  сапалары  мен 
қырларының қалыптасуына септігін тигізуі керек. Тәрбие адамның дамуы мен оның тұлғасының қалып-
тасуына  үлкен  әсер  етеді,  алайда  оның  әсері  адамды  қоршап  отырған  орта  мен  тұқым  қуалаушы-лыққа 
тәуелдіболады. В.А. Сухомлинскийдің айтуынша «Тәрбие 

 ол адам әрекеті... адам әрекетінің гармония-
лығы қажет» [4]. 
Тәрбие  мен  отбасы  және  қоршаған  ортасияқты  микроортаның  өзара  әрекетестігі  адам  дамуы  мен 
оныңтұлға  ретінде  қалыптасуында  үлкен  роль  атқарады.  Мұндай  әсерлерді  талдау  әрбірбаланың  мінез-
құлық ерекшелігін танып білуге септігін тигізеді. Осыған орай А.С. Макаренконың келесі ойын келтіріп 
өтуге  болады:  «Тәрбиешілер  мен  ата-аналар  кішкентай  баланы  ұжымда  өмір  сүруге  үйретуі  керек». 
«Дұрыс тәрбие – бұл бақытты кәрілілігіміз, бұрыс тәрбие 
– 
бұл біздің болашақ бақытсыздығымыз, біздің 
көз жасымыз, бұл біздің басқа адамдар алдындағы кінәміз, бүкіл мемлекет алдындағы қателігіміз». 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г. 
168 
Әрбір  отбасындағы  тәрбие  жүйесі  объективті  түрде  қалыптасады.  Мұнда  басты  назар  тәрбиенің 
мақсатына,  оның  міндеттерін  таңдауға,  тәрбиенің  әдістері  мен  тәсілдерін  мақсатына  сай  пайдалануға, 
балаға  нені  жасауға  және  нені  жасамауға  болмайтындығына  басты  назар  аударылады.  Отбасындағы 
тәрбиенің 4тәсілі болады және соған орай отбасының қарым-қатынастың 4 түрі бөліп көрсетіледі. Оларды 
атап өтсек: диктат, қамқорлық, «немқұрайлылық» және әріптестік.  
Отбасындағы  диктат  отбасының  кейбір  мүшелерінің  басқа  отбасы  мүшелерін  жүйелі  түрде  басып 
тастаудан көрінеді. Ата-аналар тәрбие мақсаттарын ескере отырыпөз балаларына талап қоя алады. Алайда 
бұйрық пен зорлықты әсер етуші фактор ретінде пайдаланып отырған ата-аналар өз балалары тарапынан 
көрсетілген  өтірікайту,  дөрекілік,  жек  көрушілік  сияқты  жауапқа  тап  болады.  Қарсылық  сындырылған 
жағдайда  да  көптеген  тұлғалық  сапалар  жойылады.  Баланың  дербестігі,  белсенділігі,  өзіне  және  өз 
мүмкіндіктеріне  деген  сенімі  жоққа  шығарылады.  Ата-аналардың  авторитарлығы,  баланың  қызығушы-
лықтары  мен  көзқрастарын  қабылдамау,  қандайда  бір  мәселені  шешкендігі  оның  құқықтарын  жүйелі 
түрде жоққа шығару –осының барлығы да балатұлғасының қалыптасуына үлкен кедергі келтіреді. 
Отбасындағы қамқорлық – қарым-қатынастың мұндай жүйесінде ата-аналар қиыншылықтардың бәрін 
өздері  қабылдап,  балаларын  қандайда  бір  күш  салудан  қорғайды  және  оларға  қанағаттану  сезімін 
сыйлайды.  Мұндай  жағдайда  тұлғаның  белсенді  қалыптасуы  мәселесі  сырттақала  береді.  Тәрбиелік 
жердің  басты  мәселесі  баланың  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  және  оны  қиыншылықтардан  қорғап 
қалу. Ата-аналар балаларының шындықпен кездесу үрдісін жойып жібереді. Осындай отбасынан шыққан 
балалар  ұжымдағы  өмірге  дайын  емес  болады.  Психологиялық  бақылаудың  көрсетуі  бойынша  осы 
аталған категория жасөспірімдік кезде  көптеген қиыншылықтармен кездеседі. Осы аталған балалар ата-
аналар  тарапынан  көрсетілген  шамадан  тыс  қамқорлыққа  қарсы  келеді.  Егер  диктат  кезінде  зорлық, 
бұйрық,  қатаң  авторитаризм  кең  тараса,  онда  қамқорлықты  қиыншылықтардан  қорғау  көрініс  табады. 
Алайда екеуінің де нәтижесі келесідей болады: балалардың белсенділігі жойылады, қандайда бір мәселе-
нің шешемін қабылдаудан шеттеледі. 
Отбасындағы  қарым-қатынастың  бір  түрі  ретіндегі  әріптестік  барысында  отбасындағы  бірлескен 
әрекеттестік,  жоғары  құндылықтар  көрініс  табады.  Осы  жағдайда  ғана  баланың  эгоистік  жекешелігі 
жойылады.  Қарым-қатынастың  әріптестік  типі  дамыған  отбасында  ерекше  сапа  пайда  болып,  жоғары 
дамыған топ, яғни ұжым атанады.  
Отбасындағы тәрбиенің стилі бала тұлғасының қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді. Көптеген ғалым-
дар отбасындағы тәрбиенің үш стилін бөліп көрсетеді: демократиялық; авторитарлы; немқұрайды. 
Ата-аналар  мен  балалар  қарым-қатынасы  ерекшелігін  және  олардың  тұлғалық  дамуын  анықтайтын 
отбасылық тәрбие стильдерінің кең тараған түрлерін сипаттап өтейік.  
Демократиялы ата-аналар баласының мінез-құлқында дербестік пен тәртіптіліктің болуын қамтамасыз 
етеді.  Олар  балаларына  дербес  болуға  құқық  береді,  қойылған  талаптардың  орындалғанын  қадағалай 
отырып,  олардың  құқығын  бұзбауға  тырысады.  Жылы  сезімдерге  негізделген  бақылау  балалардың  кері 
жауабын болдырмайды, олар ата-аналарының ақылын жүзеге асыруға тырысады. Мұндай қарым-қатынас 
барысында ересектік кикілжіңдер мен қобалжуларсыз-ақ қалыптасады. 
Авторитарлы ата-аналар өз балаларынан толығымен бағынуларын талапетеді. Олар балалары өмірдің 
барлық аймағын қатаң түрде бақылайды. Мұндай отбасындағы балалар тұйық болады және ата-анасымен 
қарым-қатынасы  бұзылады.  Аталған  отбасындағы  балалардың,  кейбіреулері  конфликтіге  барады,  ал 
кейбіреулері осы стильге бейімделе отырып, өз бойындағы өзіне деген сенімсіздікті дамытады. 
Егер  жоғарыталап  қоюшылық  пен  бақылау  баланы  итермелеуші  эмоционалды  салқындықпен  қатар 
келсе,  онда  жағдай  мүлдем  күрделене  түседі.  Мұндай  жағдайда  қарым-қатынас  мүлдем  жойылады.  Ал 
немқұрайлы  және  қатал  ата-аналар  аса  күрделі  мәселенің  сипаты  болып  табылады.  Мұндай  отбасында 
өскен балалар басқа адамдарға сенімсіздігімен, қарым-қатынасқа түсуде қиыншылық танытатындығымен, 
өте қаталдығымен ерекшеленеді. 
Әр  бір  тұлғаның  қайталанбастығы  тәрбие  процесін  тұлғаның  дербесерекшеліктерін  ескере  отырып 
құруды көздейді. Баланы тәрбиелей отырып, ата-ана оның жағымды жақтарын басқаларға әсер ету үшін 
шебер қолдана алуы қажет.  
 
1.  Макаренко А.С. Книга для родителей. – М., 1957. 
2.  Құнанбаев А. Шығармаларының толық жинағы. – Алматы, 1994. - 330 б. 
3.  Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – Алматы, 1995. 
4.  Сухомлинский В.А. Балаға жүрек жылуы. – Алматы: Мектеп, 1976. – 234 б. 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г. 
169 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет