Хабаршы вестник



Pdf көрінісі
бет15/21
Дата08.01.2017
өлшемі1,79 Mb.
#1396
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
часть  правил,  управляющих  производством  конкретной  речевой  продукции.  В  языке  -  с 
различной степенью строгости - закреплены лишь правила комбинирования грамматических 
категорий  внутри  фразы,  фонологические  правила,  общепринятые  значение  слов.  Между 
совокупностью  этих  правил,  свойственных  всем  без  исключения  высказываниям,  и 
конкретными 
характеристиками 
конкретного 
высказывания 
пролегает 
пропасть 
неопределенности. Эту пропасть заполняют, с одной стороны, правила, присущие каждому 
дискурсу  в  отдельности:  официальные  письма  составляют  иным  образом,  нежели  письмо 
интимное; а с другой - ограничения, которые накладывает ситуация высказывания: личность 
адресанта  и  адресата,  условия  места  и  времени,  в  которых  возникает  высказывание. 
Специфика дискурса определяется тем, что он располагается по ту сторону языка, но по эту 
сторону  высказывания,  т.е,  дан  после  языка,  но  до  высказывания»  [2,  9].  Әдебиеттанулық 
дискурс  сөз  арқылы  беріліп  отырған  мағыналық  қабатты,  сөздердің  тіркестері  арқылы 
берілетін идеологиялық, концептуалдық, философиялық, эстетикалық қабатты құрайды. 
Әдебиеттану  ғылымына  керегі  әдеби  дискурс.  Жоғарыда  айтып  өткеніміздей,  әдеби 
дискурстың өзі пәнаралық ұғымдардан туындайды. Әдебиеттану үшін маңызды мәселе мәтін 
және дискурс ұғымдарының ара салмағы, арақатынасы болып отыр. Танымал голландиялық 
ғалым  Т.Ван  Дейк  «К  определению  дискурса»  деген  мақаласында  дискурс  пен  мәтіннін 
айырмашылыгын  былай  деп  атап  көрсетеді:  «Дискурс  -  актуально  произнесенный  текст,  а 
«текст»  -  это  абстрактная  грамматическая  структура  произнесенного  (напомню:  речь  язык. 
Iangue parole, компетентность произносимость). 
Дискурс - это понятие, касающееся речи, актуального речевого действия, тогда как «текст» - 
это  понятие  касающееся  системы  языка  или  формальных  лингвистических  знаний, 
лингвистических компетентности» [3]. Ю.Руднев Ван Дейктің бұл анықтамасынан «дискурс 
мәтін емес, бірақ мәтінде бар, егер де мәтінді ойды жеткізудің, айтудың кешені, тізбегі деп 
қарастырар болсак, яғни сөйлеу  (немесе  коммуникативтік)  акты және  оның нәтижесі  деген 
ұтымда»,- деген қорытынды шығарады. 
Көрнекті әдебиет теоретигі Т.Есембеков дискурс пен мәтіннің ара қатынасын талдай 
келе,  жете  түсінік  бере  отырып,  дискурстың  мәтіннен  ауқымды  екендігін  атап  көрсетеді: 
«Соңғы  кездері  «мәтінді»  «дискурс»  ұғымымен  алмастыру  жиі  байқалады.  Бұл  терминді 
алғаш  ғылыми  айналымға  енгізген  Э.Бенвенист  еді.  Дискурс  психолингвистика  мен 
прагматикада  кең  қолданылып,  мәтінге  қарсы  қойылды,  өйткені  ол  өзіне  мәтіннің  пайда 
болу  элементтері  (прагматика)  мен  қабылдау  барысын  (психолингвистика)  қарастыруды 
өзіне  аударып  алған.  Ендеше  дискурс  -  мәтінге  қарағанда  ауқымы  кең  ұғым.  Мәтін  - 
лингвистикалық құбылыс, дискурс - пән арқылы, яғни мәтінді бағыты бар әлеуметтік әрекет 
деп  қабылдайтын,  оның  пайда  болуын,  бағалануын,  талқылануын  қарастыратын  ұғым»  [4. 
10-11]. 
Қазақ әдебиеттану ғылымында әлі күнге дейін көркем шығармаға дискурстық талдау 
жасаған  зерттеулеріміз  жоқтың  қасы.  Дискурстық  поэтиканың  методологиясы  енді  ғана 
жасалу, жетілдірілу үстінде. Дискурс пен мәтінге байланысты басы ашылуы керек түйіндер 
өте көп. Әдебиеттану ғылымы дәстүрлі шеңберде көркем мәтінді талдауға ғана дағдыланған. 
Мәтіннің  тууы,  онын  структурасы  мен  стратегиясы,  даму  үдерісі,  әлеуметтік 
қатынасқа түсуі мен қабылдануы, бағалануы, түсінілуі, түсіндірілуі сынды мәселелер қазіргі 
таңда жекелеген ғылым салалары, тәсілдер арқылы зерттеліп жүр. Алайда осы талдаулардың 
бәрі пәнаралық дискурстық талдаудың компетенциясына енетін дүниелер. 
Ю.Руднев дискурсқа жүктелген анықтамаларды, оның зерттеу нысандарын бағамдай 
келе  мынадай  пікірге  тоқтайды:  «Дискурс  -  такое  измерение  текста,  взятого  как 
цепь/комплекс  высказываний  (т.е.  как  процесс  и  результат  речевого  (коммуникативного) 
акта), которое предполагает внутри себя синтагматические и парадигматические отношения 
между  образующими  систему  формальными  элементами  и  выявляет  прагматические 
идеологические  установки  субъекта  высказывания,  ограничивающие  потенциальную 
неисчерпаемость значений текста» [1].  Дискурстық поэтиканың методологиясын анықтауға 
талпынған  Ю.Рудневтің  зерттеулерінде  әдебиеттану  ғылымы  аясындағы  дискурстық 
талдаудың  әдіс,  тәсілдерін  анықтауға,  олардың  өзара  байланысын,  нысанын  нақтылауға 
деген  талпыныстар  жасалған.  Синтагматикалық  және  парадигматикалық  дискурстердің 
спецификасы  мен  функциясын  анықтау  дискурстық  поэтика  үшін  аса  маңызды.  Мәтінді 
дискурстық  фрагмент  деп  қарастырып,  әдеби  шығарма  дискурсына  келер  болсақ, 
парадигматикалық дискурс автор санасындағы көркем ойдың әдебиеттің қандай тегі арқылы 

Абай атындагы ҚазҮПУ-дыц Хабаршысы, «Филология гылымдары» сериясы, М2 (.32),2010ж. 
 
 
жарыққа  шығарылуының  жоспарлануы,  мәселен,  поэзияның  лирика  жанрында 
материалданатын  болса,  ол  алдымен  лирика  жанрының  формасында,  яғни  біріншіден, 
метрикасы  мен  ұйқасының  құрастырылуына,  екіншіден  лирика  жанрының  әдістеріне, 
мотивтік-бейнелік  жүйесіне,  хроноптық  жүйесіне  байланысты  парадигматикалық 
дискурстерінің бәрі жинақталып Прагматикалық, идеологиялық ньюанстардың туындауына 
алып  келеді.  Әдеби  дискурстың  құрамдас  бөліктері  синтагматикалық  дискурс  -  мәтінді 
сөйлеу  актінің  үдерісі  мен  нәтижесі,  таңбаны,  сөз  арқылы  «кодты»  жеткізуші  деп 
қарастырса,  парадигматикалық  дискурс  -  негізгі  критерийлерін  объективті  (мәселен,  жанр) 
және  субъективті  факторлар  құрайтын  шектеулер  мен  қағидалар  жүйесі  деп  түсініліп  жүр. 
Осы синтагматикалық және парадигматикалық дискурстардың өзара байланыстарының, ара 
қатынасының  нәтижесінде  ортаға  жаңа  интердискурс  деген  ұғым  келген  [1].  Ғалым 
Т.Есембеков  дискурс  теориясына  байланысты  мынадай  тұжырымдарын  айтады:  «Дискурс 
коммуникация  мүшелерінің  ойлауы  мен  сөйлеуін  ғана  емес,  оларға  қатысты  әлеуметтік, 
мәдени нормаларды, қоғамдық ортадағы мәтіннің түсінілу деңгейін зерттейді. Демек, мәтін - 
дискурстық фрагменттің, материалдық бірліктің, зерттеу нысаны болса, дискурс - үдерістік 
бірлікті  талдайды».  [4,  11].  Яғни  ғалымның  бұл  ойларынан  кең  мағынадағы  дискурстың, 
мүмкін  интердискурстың  функциясын  аңғарып  отырғандаймыз.  Сондай-ақ  дискурстың 
синтагматикалық  және  парадигматикалық  түрлерінің  қызметтерін  де  көрсетіп  отыр. 
Дискурстың  прагматикалық  аспектісі  де  қамтылған.  Жалпы  мағынадағы  дискурс,  не 
интердискурс  сөздің  синтагматикалық,  парадигматикалық  қасиеттерін  бойына  сіңіреді, 
сондай-ақ әдеби дискурс өнердің когнитивтік, эстетикалық, семиотикалық, коммуникативтік 
қасиеттерінен  құралады.  «Кейбір  ғалымдар  дискурсты  санамен  байланыстырады,  бұл 
жағдайда  мәтін  сөздер  мен  синтагмалардың  бірлігі,  ал  дискурс  әр  түрлі  пікірлердің  тек 
қисынды  бірлігі  болып  шығады.  Түйіп  айтсак,  мәтін  мен  дискурс  жақын  ұғымдар 
болғанымен,  олардың  арасында  елеулі  айырмашылықтар  бар,  оған  қоса  оларды  зерттеу 
тәсілдері  де  бөлек-  бөлек»  [4,  И].  Әдеби  дискурс  автордың  санасында  қылаң  берген 
«идеяның»  тууынан  бастап,  яғни  эмбрион  кезінен  оның  жасушаларының  жетіліп,  денеге 
айналып,  жарық  дүниеге  келуі  сынды  нәрестенің  жаратылуы,  дүниеге  келуі  үдерісі  қандай 
болса,  шығармашылықтағы  нәрестенің,  туындының  дүниеге  келуін  қатар  қойып 
салыстыруға  болады.  Дискурстың  міндеті,  қызметі,  спецификасы  «идея-эмбрионның» 
дүниеге келуімен аяқталмайды, дискурс мәтін арқылы материалданғаннан кейін, әлеуметтік 
қызметке  түсуі,  прагматикалық  қыры  іске  қосылады,  кейінгі  тұста  рецептивті  эстетиканың 
еншісіне  беріп  қойған  шығарманың  қабылдануы,  түсінілуі,  бағалануы,  талдануы  сынды 
пәнаралық салалардың жүзеге асырылуы да дискурс шеңберінде орындалады. Эмбиронның 
сәбиге  айналуы,  сәбидің  жасөспірімге,  ересек  кезеңге  қадам  басуларының  сатылары  қалай 
болса,  көркем  шығарманың  да  жаратылуы  мен  тууы,  «кіндігінің  кесілуімен»  басталып,  әрі 
қарай  өсу,  есею  жолдарын  жүріп  өтеді.  Биологиялық  адам  өлгенімен  оның  туындысы  мен 
рухы  ғасырдан-ғасырларға  созылатыны  сияқты,  адамға  мәнді  екінші  өмірді  сыйлап,  ғұмыр 
жасын  ұзартатын  да  шығарма  арқылы  жеткізген  дискурсы  болып  табылады.  Өмірде  әр 
адамның,  қоғамның  түрлі-түрлі  дискурстері  болады.  Таңдаған  дискурстері  бойынша  өмір 
сүріп, тіршіліктерін жасайды (мысалы: біреу  саясат, біреу өнер, біреу  спорт, біреу  өндіріс, 
біреу ғылым, т.б.). Саяси, философиялық, діни, құқықтық дискурстер өз алдына өмір сүреді. 
Өнер  туындысына,  көркем  шығармаға  қатысты  дискурс  -  өнердің  барлық  табиғатына  тән 
өрбиді.  Өнердің  синтагматикалық,  парадигматикалық  қырлары  дискурс  шеңберінде  іске 
асатындығын  жоғарыда  айтып  өттік.  Осы  қасиеттердің  бәрі  айналып  келіп,  жалпы 
мағынадағы «идея» ұғымына келіп тіреледі. «Идеяны» дискурстың өзегі деп қараушылар да 
бар: «Эти изменения ведут к сужению диапазона значений в силу того, что одна из главных 
составляющих  дискурса  -  идеологии  (понимаемая  здесь  предельно  обобщенно  и 
аксиологически  нейтрально  -  как  система  установок  субъекта  высказывания)  -  является 
системой  ограничений,  предполагающей  норму  и  оперирующей  понятием  отклонения  от 
нормы»  [1].  Көркем  шығарманың  таңбалық,  танымдық,  коммуникативтік,  эстетикалық 
модельдерінің  бәрі  түптеп  келгенде  -  «идея»  деңгейінде  топтасатыны  белгілі.  Тіл,  сөз 
арқылы берілетін таңба, сөздердің қиысуы арқылы жеткізілетін «код», мағына, мәтіннің өне 
бойынан өрнектелетін «идея», «идеялық мазмұн», мәтіннің тұтас қызметінің келіп шығатын 
«идеология» бәрі - дискурс табиғатынан туындап жатқан категориялар. 
Дискурс  теориясын  зерттеуші  ғалымдар  дискурс  типологиясын  талдағанда  оның 
негізгі  екі  түріне  тоқталады:  ауызша  және  жазбаша  дискурс.  Тіл  біліміндегі  дискурсқа 

вестник КазНПУ имени Абаясерия «антологические науки», Ай 2 (32), 2010 г. 
 
 
берілетін  анықтама  «сөйлеу  акті»  екендігін  ескерсек,  дискурс  тек  ауызша  сөйлеуге 
байланысты қолданылатын термин деп қарастырмағанымыз жөн. Мойындау керек, ауызша 
айту,  ойды  жеткізу,  сұхбаттасу  процестері  кезінде  дискурс  үдерісі  іске  асып  отырады, 
дегенмен ой сөз арқылы хатқа түскенде дискурс үдерісі жойылады деген ұғым тумауы керек. 
Ой, не идея қандай формада болмасын (мейлі ауызша, мейлі жазбаша) материалданған кезде 
белгілі  бір  бағытқа,  концентке  ие  болады,  дискурстық  бірлік  үдерісі  орын  алады. 
Ц.Тодоровтың анықтамасына оралатын болсақ, «тілдің арғы жағында, ойды жеткізудің бергі 
жағында»  іске  асатын  дискурс  спецификасы  көркем  шығармашылық  үшін  әмбебаптық 
қызмет  атқарады.  Көркем  шығарманың  құрылымы,  стратегиясы,  жанры,  композициясы, 
стилі  дискурс  негізіне  сәйкестендіріліп  жасалады,  туады.  Дискурс  -  көркем  шығарманың 
ядросы,  эмбиронынан  бастап,  әлеуметтік  қызметке  түскен,  рецепиент  талқылауындағы 
дербес дүниеге айналғанға дейінгі кезеңді қамтитын диалектикалық жүйе. 
Мәтінді,  оның  ішінде  көркем  мәтінді  әдебиеттанушылық  шикізат  деп  қарастыратын 
болсақ, сол шикізаттың идентификациясын жасайтын, құрамын, жасалу жолдарын, сапасын, 
қасиетін,  мақсатын,  мазмұнын  анықтау,  бағалау,  түсіну,  түсіндіру  дискурстық  поэтика 
арқылы іске асады. 
Әрине,  осы  уақытқа  дейін  көркем  мәтінді  талдаудың  қалыптасқан  дәстүрлі  әдіс, 
тәсілдері  мектептері  бар.  Ол  мектептер  көркем  мәтінді  талдауға,  түсінуге  елеулі  үлестер 
қосып,  таным  көкжиегімізді  тереңдетіп  жүргені  белгілі.  Аталмыш  зерттеу  әдістері  мен 
тәсілдері  мектептерінің  басын  қосып,  пәнаралық,  кешенді  салаға  айналған  -  дискурстық 
поэтика  көркем  мәтінді  теоретикалық  зерттеуде  жаңа  бастауларға,  жаңа  арналарға 
жетелейді. Әлем сияқты шексіздіктен тұратын көркем әдебиет әлемінің түпсіз терең сырын 
түсінуге,  құдіретін  тануға  жол  ашады,  Ол  үшін  дискурстық  поэтика  методологиясы 
анықталып,  пәнаралық  ынтымақтастықтың  негізгі  ортақ  концепциялары  айқындалып, 
кешенді  зерттеу  орталықтары  дүниеге  келіп,  іргелі  зерттеулер  жасалуы  қажет. 
Шығармашылық  психологиясы,  психолингвистка,  семиотика,  структурализм,  когнитивті, 
прагмативті, 
тарихи-функционалдық, 
герменевтикалық, 
рецептивті 
эстетикалық, 
компаративиетикалық,  т.б.  әдістер  басы  қосылып,  дискурстық  поэтика  методологиясы 
ұшталуы тиіс. 
1.
 
Руднев Ю. Концепция дискурса как элемента литературоведческого метаязыка. 
[WWW- документ] URL http: //
www.zhelty-dom.narod.ru/literature/txt/discoursjr.htm
. 
2.
 
Тодоров  Ц.  Понятие  литературы.  (Перевод  с  франі(узского  Г.К.Косикопи). 
[WWW-документ] URL http: //www. humanities, edit.ru/dh/msg/30833. 
3.
 
Ван Дейк Т. A. (1998). К определению языка. [WWW-документ] URL 
http: //www. пsu. ги/psych/internet/bitshandi]k2. him. 
4.
 
Есембеков  Т.  У.  Көркем  мәтінді  талдау  негіздері.  —  Алматы:-Қазақ 
университеті, 2009. 
Резюме 
В данной статье рассматриваются проблемы взаимоотношений и взаимосязи, а также 
различии литературного дискурса и художественного текста. 
Summary 
In  given  clause  problems  of  mutual  relations  and  interrelations,  and  also  distinction  of  a 
literary discourse and the art text are considered. 
ТҮРКИЯДА ЕРТЕГІЛЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ MEH  
КЛАССИФИКАЦИЯСЫ  
 
Қ. Кенжалин - 
М.О. Әуезов атындағы  
Әдебиет және өнер институты 

Абай атындагы ҚазҮПУ-дыц Хабаршысы, «Филология гылымдары» сериясы, М2 (.32),2010ж. 
 
 
Түркияда ертегілер және оның классификациясы туралы зерттеулер 1950 жылдардан 
басталады. Бірақ, түрік ертегілері ең алғаш XV ғасырда Лами Челеби тарапынан басталып, 
ұлы  Абдуллах  Челеби  аяқтаған  "Mecmua-ti'l  -  Letaif’  атты  еңбекте  зерттеліп,  6  топқа 
жіктелген екен: 
1.
 
Балаларға арналған хикаялар 
2.
 
Ақымақтар туралы хикаялар 
3.
 
Басқа адамдар туралы түрлі хикаялар 
4.
 
Күйеуі мен әйелі туралы хикаялар 
5.
 
Хайуанатгар туралы ертегілер 
6.
 
Жансыз нәрселер туралы хикаялар 
Қазіргі  кезеңдегі  түрік  ертегілерінің  ең  алғашқы  классификациясын  Вольфрам 
Еберхард және Пертев Наили Боратав жасаған. Еберхард-Боратав 2500-дей түрік ертегілерін 
зерттей келе 358 ертегі түрін тауып. 23 тақырып негізінде жіктеген: 
1.
 
Хайуанаттар жайлы ертегілер 
2.
 
Хайуанаттар мен адамдар 
3.
 
Хайуан немесе рухтың адамға көмектесуі 
4.
 
Шынайы емес рух немесе хайуанмен үйлену 
5.
 
Ізгі рух немесе әулиелермен кездесу 
6.
 
Тағдырдың салғаны 
7.
 
Түс 
8.
 
Зиянкес рухпен өмір сүру 
9.
 
Сиқыршылар 
10.
 
Қыздың өзіне жар табуы 
11.
 
Жігіттің өзіне жар табуы 
12.
 
Кедей қыздың бай жігітке үйленуі 
13.
 
Қызғаныш пен жала жабу 
14.
 
Жәбірленген қаһармандар 
15.
 
Алдап, арбау 
16.
 
Fажайып оқиғалар мен әрекеттер 
17.
 
Ғажайып даулар 
18.
 
Шыншыл ертегілер 
19.
 
Ғажайып кездейсоқтық 
20.
 
Күлкілі хикаялар 
21.
 
Ақымақ, жалқау еркек пен әйелдер 
22.
 
Ұры мен детектив 
23.
 
Ақылды айлакер және сараң еркек пен әйелдер. 
Пертев  Наили  Боратав  түрік  ертегілерін  зерттей  келе,  ертегілерге  мынадай 
түсініктеме  береді:  «Әңгіме  түрінде  айтылатын,  дін  және  сиқырлық  наным-сенімдерінен 
жеке, шындыққа жанаспайтын, толығымен қиялдың жемісі, әрі тыңдаушысын міндетті түрде 
сендіру мақсатына құрылмаған қысқа әңгіме түрі»
1

Түрік  ертегілерінің  жіктелуі  туралы  келесі  бір  еңбек  B.C.  Волкер  және  А.Е.Уйсал 
классификациясы
2
. Олар “Tales Alive in Turkey” атты еңбектерінде түрік ертегілерін төменде 
көрсетілгендей 7 топка бөледі: 
1.
 
Шынайы емес ертегілер (11 мәтін) 
2.
 
Таңғалдыратын өнерімен жол табатын ертегілер (6 мәтін) 
3.
 
Сықақ ертегілері (13+1 мәтін) 
4.
 
Этикалық ертегілер (6 мәтін) 
5.
 
Көроғлы (2 мәтін) 
6.
 
Дінді әжуалайтын ертегілср (3 мәтін) 
7.
 
Анекдоттар (25 мәтін) 
Бұл  жіктеуде  зерттелген  64  мәтіннің  АаТҺ  жэне  ЕВ  классификацияларындағы  түр 
нөмерлері мен мотифтері де қоса берілген. Бұл еңбектің бір ерекшелігі Көроғлы хикаялары 
мен анекдоттарды да қоса қарастырған. 
                     
1
  Pertev Naili Boratav. “100 Soruda Turk Halk Edebiyati”. Istanbul, 1982. s. -75 
 

вестник КазНПУ имени Абаясерия «антологические науки», Ай 2 (32), 2010 г. 
 
 
Өзінің  докторлық  диссертациясында  Мехмет  Тугрул  жергілікті  ертегілерді  зерттей 
келе түрік ертегілерін тақырыптарына және жалпы ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөледі: 
a)
 
Тақырыптарына қарай: 
1.
 
Қаһарманы хайуан ергегілер (13 мәтін) 
2.
 
Қаһарманы адам ертегілер (58 мәтін) 
3.
 
Қаһарманы адам және хайуан ертегілер (11 мәтін) 
4.
 
Қаһарманы адам және жабайы хайуан ертегілер (3 мәтін) 
5.
 
Қаһарманы адам және ғажайып мақұлық ертегілер (19 мәтін) 
6.
 
Қаһарманы символ ертегілер (1 мәтін) 
b)
 
Жалпы ерекшеліктеріне қарай: 
1.
 
Шынайы ертегілер (67 мәтін) 
2.
 
Қиял-ғажайып ертегілер (38 мәтін). 
Түрік  ертегілерін  зерттеп,  оларды  аймақтық  ерекшеліктеріне  қарай  зерттеген 
көптеген  еңбектер  бар.  Солардың  бірі  Саим  Сакаоғлуның  “Gumushane  Masallari  (Metin 
Toplama ve Tahlil)” атты еңбегі. Бұл енбектің бір ерекшелігі ертегілерді зерттеу саласындағы 
ең  алғаш  докторлық  диссертация.  Сакаоғлу  өзінен  бұрынғы  зерттеулерге  тоқтала  келіп, 
“Кейіпкерлерінің  кейбіреуі  хайуанаттардан  және  қиял-  ғажайып  бейнелерден  құрылған, 
оқиғалары  ертегі  әлемінде  өрбіген,  адам  қиялынан  жасалғанымен  тыңдаушысын  сендіре 
алған ауызекі әңгіме түрі” - деп ертегіге түсініктеме береді. Сакаоғлу, Гүмүшхане және оның 
маңайынан  жинаған  70  ертегіні  АаТҺ  классификациясы  бойынша  жіктеп,  ЕВ 
классификациясындағы түр нөмірлеріні де бере отырып, варианттары арасында салыстырма 
жүргізген. 
Келесі  бір  еңбек  Ерзурум  ертегілерін  жинақтап,  зерделеген  Билге  Сейидоғлу 
ертегілерді  АаТҺ  классификациясы  негізінде  екі  топқа  бөліп  қарастырады.  Бірақ 
хайуанаттар жайлы ертегілер қарастырылмаған. 
1.
 
Негізгі халық ертегілері (61 мәтін) 
2.
 
Қалжыңдар мен анекдоттар (11 мәтін) 
Зерттеуші  ертегі  мотивтерін  “Эпизодтарына  қарай  мазмұны”  деген  тараушада 
қарастырған.  Б.  Сейидоғлу  “Erzurum  Halk  Masallan  Uzerine  Aratirmalar"  атты  докторлық 
диссертациясын 1975 жылы қорғап, 1999 жылы жариялаған. 
Елазыгтан  жинаған  ертегілер  негізінде  Умай Гүнай  1971  жылы  “Елазыг  масаллары” 
атты  докторлық  диссертациясын  қорғап,  жинақтаған  70  ертегіні  АаТҺ  тәсілімен  жіктеп, 
АаТҺ және ЕВ классификациялары бойынша тип нөмірлері мен  анықтамаларын бергеннен 
кейін Пропп әдісімен зерттеген. Бұл еңбек 1975 жылы жарияланып, 1993 жылы екінші рет 
қайта басылып шыққан . 
“Түрік  ертегілері”  атты  докторлық  диссертациясын  Наки  Тезел  1971  жылы  қорғап, 
1971  жылы  жариялаған.  1997  жылы  еңбек  қайта  жарияланған.  Еңбектің  алғысөзінде 
ертегілерге байланысты теориялық зерттеулер берген. Наки Тезел түрік ертегілерін екі топқа 
жіктейді: 
1.
 
Қияли ертегілер 
2.
 
Шынайы ертегілер 
Ахмет  Али  Арслан  1980  жылы  қорғаған  “Солтүстік-шығыс  Карс  және  солтүстік 
Британия халық әдебиетінде ертегілер” атты докторлық диссертациясында Ирландиядан 23, 
Шотландиядан  22  және  Карстан  30  ертегіні  салыстырмалы  түрде  зерттеген.  Еңбек  1998 
жылы жарық көрген. 
“Мың бір түн” ертегілерінің түрік ертегілеріне әсері  туралы докторлық  диссертация 
жазып,  1982  жылы  жариялаған  Зият  А.  Аккойунлу  түрік  ертегілерін  “Мың  бір  түн” 
ертегілерімен  салыстырып,  “Мың  бір  түн”  ертегілерінің  түрік  халық  ертегілеріне  әсері 
болмағандығын жазады. 
Келесі  бір  еңбек  Жоғарғы  Чукурова  ертегілері  туралы  зерттеулер  жүргізген  Есма 
Шимшек,  жинақтаған  70  ертегіні  АаТҺ  классификациясы  негізінде  жіктеп,  АаТҺ  және  ЕВ 
классификациялары  негізінде  тип  және  мотив  нөмірлерін  берген.  Еңбек  2001  жылы 
Мәдениет министрлігі тарапынан жарияланған. 
Аймақтық  ертегілер  бойынша  зерттеулердің  бірі  Али  Берат  Алптекин  тарапынан 
зерттеліп, 2002 жылы “Ташелі ертегілері” деген атпен жарық көрген еңбек. Алитекин, 70-ке 
тарта ертегіні зерттеп, АаТҺ және ЕВ классификациялары негізінде жіктеген . 
Түркияда түрік ертегілерін басқа түркі халықтарының ертегілерімен салыстыра 

Абай атындагы ҚазҮПУ-дыц Хабаршысы, «Филология гылымдары» сериясы, М2 (.32),2010ж. 
 
 
зерттеу жұмысы ең алғаш Мехмет Ергүн тарапынан жарық көрді. “Түркімен және Анадолы 
халық ертегілерінің құрылымы және мотив бойынша салыстырыла зерттелуі” атты еңбегінде 
70 түркімен ертегісін түрік ертегілерімен салыстыра отырып, жіктеген диссертациясы . Бұл 
еңбек жарияланбаған, тек мақала түрінде берілген. 
Келесі  бір  еңбек  “Әзербайжан  және  Түркияда  жинақталған  ертегілерді  салыстыру 
әдісі” атты докторлық диссертация. 
Біз  тілге  тиек  еткен  түрік  ғалымдары  ертегілерді  тек  қана  халықаралық  католог 
тұрғысынан  зерттеп,  мотивтер  мен  сарындарды  санап,  жүйелегені  байқалады.  Рас, 
халықаралық  АаТҺ  жүйесі  ертегілердегі  ұқсастықтар  мен  айырмашылықтарды  ғануға 
нұсқаулық  міндет  атқарып,  ертегіні  зерттеушілерге  тиімді  әсер  ететіні  анық.  Әйткенмен 
М.Әуезов  атап  көрсеткендей  бұл  әдістің  ертегінің  мағыналық  тұрғыдан  тануға,  ішкі 
жанрлық табиғатын, тұтас болмысын ашуға тарлық ететін жағы тағы белгілі. 
 
Резюме 
В  статье  К.Кенжалина  исследуются  турецкие  сказки  и  анализируется  их 
классификация.  Рассматриваются  основные  принятые  в  турецкой  фольклористике 
классификаций сказок по Аарне- Томсена, включающие 6 категорий и Еберхарда-Боратова, 
делящего на 23 группы разновидностей сказок. 
Summary 
In this article K.Kenzhalin researches turkish fairy-tales and analyses their classification. In 
this article he made out acceptance in Turkish folklore classification of fairy-tales by Aarn-Tomsen 
that consists of 6 category of Eberhard-Boratov which is divided into 23 types of fairy-tales. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет