Хабаршы вестник


ЗЕЙНОЛЛА СЕРІКҚАЛИҰЛЫНЫҢ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ



Pdf көрінісі
бет17/21
Дата08.01.2017
өлшемі1,79 Mb.
#1396
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

ЗЕЙНОЛЛА СЕРІКҚАЛИҰЛЫНЫҢ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ 
СЫНДАРЫ  
 
A. A. Нөкен - 
ҚазҰУ ізденушісі 
Қырық  жылдан  аса  шығармашылық  өмірінде  Зейнолла  Серікқалиұлы  араласпаған 
әдебиет  мәселесі  қалмады.  XX  ғасырдың  басында  ғана  қалыптасып,  қабырғасы  енді  ғана 
қатайып келе жатқан жазба әдебиетіміздің тығырыққа тірелген сан алуан тұстарында өзіндік 
көсем  сүрлеуін  салып,  адастырмас  жол  көрсете  білген  Зейнолла  Серікқалиұлының  төл 
әдебиетіміздің тарихында алар орны ерекше, еңбегі ұшантеңіз. Сол көп еңбегінің арасынан 
бұл шағын мақалада тоқталмағымыз - оның балалар әдебиетінің дамуына қосқан үлесі. 
В.Воровский  айтқандай:  «Сынның  міндеті  -  әдебиет  атын  жамылғандардың  ішінен 
асыл дәндерін бөліп шығарып, оқырманды жалған әдебиеттен сақтандырып, мәңгілік, шын 
әдебиетке  бағыттап  отыру»  (1,  90).  Зейнолла  Серікқалиұлы  -  дәл  осы  міндеттің  үдесінен 
шыққан  сыншы.  Оның  балалар  әдебиетінің  дамуы  үшін  еткен  еңбегіне  де  осы  тұрғыдан 
келген  дұрыс.  Балалар  әдебиетінің  мәселелерін  көтерген  «Бөбек  талғамы»,  «Жыр  неге 
жұтаң?»,  «Жақсы  сөз  -  жарым  ырыс»,  «Жаңалық  зәрулігі»,  «Еңбек  тақырыбы  -  ерлік 
тақырбы»,  «Аяңмен  алысқа  бармас»,  «Арман  аспаны  биік  болсын»,  «Қарасөзді  қастерлеу» 
сияқты мақалалары - күні бүгінге дейін мәнін жоймаған, балаларға арнап шығарма жазатын 
ақын-жазушыларға әлі де үлгі болар, айтары көп дүниелер. 
«Адам  өмірінің  басты  мәні  жарық  дүниедегі  тұрмыс-тіршіліктің  қызығынан  рақат 
табу  болса,  эстетикалық  ләззат  та  -  осының  аса  мәнді  жоғары  түрі.  Жан-жақты 
білімдарлыққа,  парасаттылыққа  негізделген  эстетикалық  тәрбие  жұмыстарын  жүргізуде 
сынның  рөлі  де  айтарлықтай»(2,  56).  Сыншы  З.Серікқалиұлы  балалар  әдебиеті  туралы  сөз 
қозғағанда, үнемі бала талғамы, оларға берілетін эстетикалық тәрбие дегенді бірінші орынға 
қойып отырады. 
Бөбектер  талғамы  туралы  ой  қозғай  отырып,  әлі  күнге  дейін  балалар  арасында  жиі 
айтылатын  фольклорлық  балалар  өлеңдерінің  өміршеңігіне  тоқталады.  Өміршеңдік  -  яғни, 
бөбектер талғамынан шыға білу. 
«Бақа-бақа, баппақ, 
Басың  неге  жалпақ?»  деп  басталатын  өлеңді  талдау  барысында  мынадай 
қорытындыға  келеді:  «Оның  мұншама  жасампаздығы  -  тілінің  мейлінше  жеңіл, 
қарапайымдылығынан,  ой-ұғымының  бала  табиғатына  сыйымдылығынан.  Жыр  -  үнді, 
ырғақты.  Үстеме  қайталаулармен  берілуінің  өзі  жай  емес.  Бүлдіршінді  езу  тартқызатын 
жылы ойнақылық та бар. Кішкентай тыңдаушы бірінен соң бірін қызыға, сүйсіне қабылдап, 
өлең ұрпақтан ұрпаққа қала берген, қала берген» (3, 289). 
Балалар  фольклорындағы  «алақай  -  қалақай»,  «ірімшік  -  бірімшік»,  «бәлен  жаман, 
түйе  табан»  т.с.с.  мағына-мәніне  көңіл  бөлмей-ақ,  сыртқы  ұқсастық  белгілері  арқылы 
ұйқастыра,  өздерінің  қуаныш,  таңданыс  немесе  біреуді  келемеж  қылу  сияқты  сезімдерін 
берген  ойнақы  өлеңдерге  қарай  отырып,  сәбилердің  ұйқаспен,  ырғақпен  сөйлеуге 
құштарлығына ерекше мән береді. Бұның тек қана қазақ балаларына тән қасиет емес, әлем 
балаларына  ортақ  құбылыс  екенін  дәлелдеп,  Корней  Чуковскийдің  түрлі  жастағы 
бөбектердің өздері құрастырған өлеңдерінен жинақтаған «Екіден беске дейін» атты кітабын 
тілге тиек етеді. А.С.Пушкиннің де бөбектердің дыбыс үндестігіне құштарлығына қатысты 
деректер  жинағанын,  сонымен  қатар  С.Я.Маршактың  басқаруымен  1936  жылы  балалар 
жырларынан құралған «Балалар өлеңі» дейтін жинақ та жарық көргенін айта келіп, ал бізде 
ата-аналар  мен  тәрбиешілер,  педагогтер  мен  балалар  ақындары  бөбектер  аузынан  шыққан, 
кездейсоқ  туған  аңғал  сөз,  жыр  жолдарын  жазып  алып,  жинастыру  ісімен  мүлдем 
айналыспайтынына  қынжыла  отырып,  осындай  кезек  күттірмейтін  маңызды  іске  жұмыла 
кірісуге шақырады. Ал мұнсыз балалар талғамын нақты анықтаудың мүмкін еместігін және 
олардың  қажетін  тауып  бердім  деуге  ерте  екенін  айта  келіп,  «Қолына  қалам  алып, 
бөбектерге  арнап  жыр  жазағын,  әрі  осынау  ізгі  сапарының  қиындығы  мен  қызығын  шын 
сезіне  білетін  ақын,  сөз  жоқ,  өз  оқушысының  көкейкесті  талап-тілегіне  қалай  жауап  беріп 
жүр, жыр жолы, жыр шумағын бүлдіршін сүйіспеншілігіне бөленетіндей өмірлі ету жолында 
не  тындырып  жатыр,-  әрқашан  жете  ойланып,  өзіне-өзі  есеп  беріп  отыруға  тиіс»  (3,  293),- 
деп  түйеді.  Әйтпесе,  база  талғамы  қаламайтын  көп  өлеңді  тықпалай  беру  балаларға 

Абай атындагы ҚазҮПУ-дыц Хабаршысы, «Филология гылымдары» сериясы, М2 (.32),2010ж. 
 
 
эстетикалық  ләззат  берудің  орнына,  оларды  өлең  атаулыдан  мезі  қылып,  жеріндіріп 
жіберетінін,  болмаса  талғамы  жоқ  оқырман  қалыптастыратынын  баса  айтып, 
ақындарымыздың қандай қылмыс жасап отырғанын ашып көрсетеді. 
А.В.Луначарский айтқандай,  әдеби процесте болып жатқан күрделі  өзгерістерді  кез-
келген  жай  оқушы  көре  білмеуі  мүмкін.  Міне,  сын  оқырманды  әдебиеттің  осындай  ну 
ормандарының ішімен адастырмай, тура жолмен бастап жүруге тиісті. Сыншы мұраты - жай 
адамның  көзі  байқай  бермейтін  жердегі  сұлулықты  көре  білу,  тәжірибесіз  адам  көре 
алмайтын кемшіліктерді әшкерелеу (4, 349). 
Сыншы  жыл  сайын  балаларға  арнап  шығатын  ондаған  суретті  кітапшалар  мен 
өлеңдер  жинақтарына  шолу  жасай  отырып:  «Азды-көпті  сәтті  туындылары  ғана  болмаса 
қайсыбір  өлеңдер  жинағы  мен  суретті  кітапшаларға  тән,  тіпті  дәлірек  айтқанда,  бұлардың 
біразына  тән  ортақ  кемшілік  -  мазмұн  жұтаңдығы,  тақырып  тарлығы,  идеялық  шешімнің 
бірыңғайлығы» (3. 303) деген пікір айтады. 
Ал  нашар  деген  шығармалардың  нашарлығы  -  оқушысын  бір  ақымақшылық  іске 
бастап,  жағымсыз  әдетке  баулитындығында  немесе  оларға  теріс,  жалған  мораль 
ұсынатындығында емес, керісінше, тіпті тақырыбының маңыздылығына қарамастан, бейжай 
қабылданып,  ешбір  жақсылық-  жамандықка  мегзей  алмайтындығында  болғандығына 
налиды. Мұндай шығармаларды «балалар саналы түрде, тап бір сапасыздықты біліп оқымай 
отырған  жоқ,  ой-қиялын  оятпайтын,  іш  пыстырар  мылжыңдығы  үшін,  қуандырмай  да, 
күйіндірмей де, із-түзсіз, әсерсіз қалатындығы үшін ұнатпай отыр» ден түсіндіреді. 
Мұндай жинақтардан өз ерекшелігімен көрінген, өз мінезі, характері бар кейіпкерлер 
кездестіре  қоюдың  қиындығын,  өлең  сайын,  тіпті  шумақ  сайын  алуан  түрлі  есімдер 
аталғанымен, олар бірыңғай абстракты, дүдәмап, бұлдыр елес боп шыға келетінін көрсетіп, 
тіпті рухани сүйеніш тұтатын тәжірибелі, сүйікті ақындарымыздың бірі М.Хакімжанованың 
өзі «Бөбегім менің - өлеңім менің» деп аталатын мол тиражбен шыққан суретті кітапшасына 
өте  салғырт  қарағаны  соншалық  -  пәлендей  өзіндік  үн,  өзіндік  сыр  сезілмейді  деп  ренішін 
білдіреді. 
Жұп-жұқа кітапшада он шақты баланың өмірі сөз боп, он шақты есім жүрсе, олардың 
арасынан  кімнің  кім  екенін  ажырататындай  белгі  таба  алмай  қайран.  Мынадай  екі  үзіндіге 
назар аудартады: 
Келісімен Райхан мектептен, 
Өтектеп киімін іледі. 
Өтектеуді өзім үйреткем, 
Ол жағын жақсы біледі. («Райхан») 
Мектептен келіп Марияш, 
Ауыстырып киді киімін. 
Жуына салыл, ішті де ас. 
Шаруасын істеді үйінің. («Марияш пен мамасы») 
Екі  өлеңнен  алынған  екі  түрлі  үзінді  өзара  қандай  ұқсас  болса,  екі  қыз  да  сондай, 
бірін-бірі  қайталайды.  Бұл  сияқты  тек  жақсылық-жаманы  баяндалып  шығатын,  бір-бірінен 
аумайтын біркелкі кішкене кейіпкерлер бізде әлі қаншама. Олар қолдан-қолға өтіп, әр түрлі 
маска  киіп,  әр  жерден  жылт  етіп  шыға  береді  (3,  304),-  деп,  біздің  балаларға  арналған 
әдебиетіміздің жұтан болу сырын айқындап, себебіне көз жеткізеді. 
Сыншының  әдебиеттегі  схематизмге  жаны  қас.  Жаңалығы  жоқ,  бір-бірін  қайталай 
беретін  шығармалар  бала  талғамын  қалай  бұзатынын  ойлап,  алынады.  Мысалы  мынадай 
жағдайларды  келтіреді:  «Т.Шопашев  «Сырғанақ»  дейтін  өлеңінде  есіл-дерті  мұзда  болып, 
сабағына немқұрайлы қарайтын баланы: Тоқсан бітті – сынақта. Қуанады Саттар сырғанап,- 
деп әжуалаған. Бұл жолдар тағы да Т.Жабаевтың бір әзіл өлеңін еріксіз еске түсіреді: 
Сара кеше шанамен 
Ұзақ тепті сырғанақ. 
Бүгін бестен екіге 
Құлап  түсті  сырғанап.  («Жас  жүрек»  жинағы).  Көріп  отырсыздар,  Сараның 
орнына  Саттар  келгені  болмаса,  Тілегеннің  өлеңі  оқушыға  еш  жаңалық  әкеле  қоймаған  (3, 
314),  -  деп,  ойдың  қайталануы  бір  ақынның  өз  өлеңдерінің  ішінде  ғана  емес,  бірнеше 
ақындарға ауысып жүргенін осындай нақты дәлелдермен көрсетіп береді. 

вестник КазНПУ имени Абаясерия «антологические науки», Ай 2 (32), 2010 г. 
 
 
Өзін  қоршаған  ортаға  сәби  жүрек,  бүлдіршін  көзбен  қарайтын  балғын  оқушысына 
табиғат құбылысы, жан-жануар, жәндіктер жайлы айтып, көркем көрініспен таным дүниесін 
кеңейту де - балалар ақынының жауапты міндеті болса, бізде төрт түлік мал, күшік, мысық, 
кірпі, қоян, түлкі, т.б. хайуанаттар мен жәндіктер жыр өзегі болған шығармалардың да саны 
аз  емес.  Алайда  санға  емес,  сапаға  назар  аударған  сыншы  сол  күшік,  мысық  туралы 
жырлардың  ішінен  ерекше  әсерлісі  ретінде  Қадыр  Мырзалиевтің  «Күшігім»  дейтін  өлеңін 
ғана ауызға алады. 
Оқыс дыбыс шыққанда, 
Қызық оның қашқаны. 
Қорқып үріп, сонда да 
Қорқытады басқаны,- деп келетін жолдарды оқығанда бала жасқаншақ күшіктің оңаш 
мінезіне мәз-мейрам боп күлсе, ержете келе ол бұл өленде де мұндай әрекет-қылықтың тек 
күшікке қатысты емес екендігін ұғады, күшік мінезі мен өзге өмір құбылыстарынан тікелей 
үндестік  табады  (3,  317),-  деп,  өлеңнің  салмағына  назар  аудартады.  Осындай  хайуанаттар 
жайлы  айта  отырып,  дүниетанытушылық,  тәрбиелік  мәні  зор  кейбір  тіршілік  тынысын  сөз 
ету  Шона  Смаханұлы  («Мысық  пен  ит»)  мен  Қосжан  Мүсірепов  («Мысықтың  қатесі») 
шығармаларына  да  тән  екенін  қуанышпен  айта  келіп:  «Біз  балалар  поэзиясының  тұрлаулы 
туындылары  осы  бағыттарда  көрінуін  қалар  едік.  Бірақ,  амал  не,  әр  кез  сөзбе-сөз  ұқсас 
болмағанымен, шешімі, ойы, моралі бірін-бірі қайталайтын жаңғырық жырлар мысық, күшік 
тақырыбында да қажытып болды (3, 317),- деп, өкінішін білдіреді. 
Еңбек тақырыбында да жазылған қаншама жырлар болғанымен, жас оқушы тұшынып 
оқитын көркем шығарма әлі де жетіспейтіндігі сыншыны қынжылтады. Ол біздегі үлкендер 
еңбегі жайында жазғанда оқиғаны, шындықты тек бүлдіршін түсінігімен бағалап, солардың 
деңгейінде  ғана  жұқалап  айту  керек  дейтін  үстірт  пікірге  келіспейді.  Дүние  сырын  жаңа-
жаңа  ұға  бастаған  білімқұмар  сезімтал  жас  оқушыны  шахтер  мен  болат  құюшының, 
мұңайшы мен теміржолшының тамаша өмірі, қажырлы еңбегі шынайы бейнеленген көркем 
шығарманың  қызықтырмайтынына  сене  алмайды.  Осы  тақырыптағы  «Биікке,  биікке» 
(М.Әлімбаев),  «Өмір  гүлдері»  (Қ.Ыдырысов),  «Бақытты  балалық»  (І.Мәмбетов),  «Көңілді 
балалық» (Ғ.Тұрсынбаев), «Нан туралы сөз» (Ә.Ахметов), т.б. шығармаларға тоқтала келіп: 
«Аты  аталған  жинақтардың  ішінде,  аз  да  болса,  жалпы  еңбек  жайлы  бір  нәрсе  айтуға 
талпыныс тек Әбдікәрім Ахметовтің «Нан туралы сөзінен» байқалады (3, 320), - деп, сан мен 
сапаға тағы да назар аудартады. Қазақ ақындарының еңбек қиындығы жайлы балаларға әлі 
жөндеп айта алмай келе жатқандығына, нағыз ерлік нағыз кедергіні жеңу арқылы туатынын 
ескермей,  көбіне  жұмыстың  тек  салтанатты  жағын  көріп,  қол  жеткен  жетістіктерді  ғана 
дәріптеп,  жалаң,  жалпылама  толғанатынына  да  ренішін  білдіреді.Осы  тақырыптағы 
Т.Шопашевтің  «Өмірге  сапар»,  Ә.Сәтмағамбетованың  «Балғын  бөбек»,  Ә.Дүйсенбиевтің 
«Бәтіңке, шұжық, балқаймақ» өлеңдеріндегі арзан шешіммен балаларды алдай салудың жөн 
еместігін  ескертіп,  бұл  тақырыпта  қалай  жазуға  болатынына  үлгі  ретінде  К.Чуковскийдің 
«Доктор Айболитін», Сергей Маршактың «Өрт» өлеңдерін ұсынады. 
Сыншы В.Г.Белинский мен Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, Қазан төңкерісінен 
кейін  М.Горький,  В.Маяковский,  С.Маршак,  К.Чуковскийлер  бөбектерге  арналған 
әдебиеттің шынайы, ғұмырлы болашағы үшін күрескендігін тілге тиек етіп,  өзіміздің қазақ 
ақындарын:  «Біз  бүгінгі  есейген  әдебиетіміздің  құрамдас  бір  бөлімі  -  балалар  поэзиясына 
шын  жанашырлық,  қамқорлықпен  қарап,  олқы  жеріне  өкіне,  жоғын  шын  жоқтар  болсақ, 
солар  үлгі  тұтқан  биік  талаптар  тұрғысынан  ғана  сөз  қозғап,  жетістік-кемшіліктеріміз 
жайында  әрдайым  мұқият  ойласып  отыруға  тиіспіз  (3,324),-  деп,  салғырттық  пен 
салақтықтан сақтандырады. 
Сыншы  Зейнолла  Серікқалиұлы  қазақтың  балаларға  арналған  қазіргі  көркем 
прозасының  да  жалпы  жағдайын  бірнеше  автордың  қаламгерлік  үлгісіне  талдау  жасай 
отырып  айқындап,  өзіндік  кеңестерін  ұсынады.  Н.Сералиевтің,  Б.Соқпақбаевтың, 
А.Байтанаевтың, 
М.Гумеровтің, 
Д.Сапаровтың, 
М.Сүндетовтің, 
І.Жақановтың, 
Т.Дәуренбековтің, Ә.Сәрсенбаевтың, С.Бегалиннің, С.Жүнісовтің, 
С.Тапжановтың,  Е.Мырзахметовтің,  С.Сарғасқаевтың,  Ш.Ахметовтің  бірнеше  әңгіме, 
повестеріне  шолу  жасай  отырып,  балаларға  арналған  прозамыздың  да  негізгі  мәселелерін 
алға тартады. 
          Нәсіреддин  Сералиевтің  «Намыс»  атты  әңгімелер  жинағына  енген  шығармаларын 

Абай атындагы ҚазҮПУ-дыц Хабаршысы, «Филология гылымдары» сериясы, М2 (.32),2010ж. 
 
 
саралай келіп, бұдан бұрын жарияланған «Ұшталмаған қарандаш» жинағымен салыстырып, 
жазушының өз қатесін көріп, екінші жинақта біраз шеберлік таныта алғанына әдебиетіміздің 
жетістігі  ретінде  қарайды.  Алғашқы  жинақта  жазушы  сюжеттік  желіні  психологиялық 
тартысқа құруға талпынғанымен, көптеген әңгімесінде жалпыға белгілі жайларды самарқау 
баяндап,  бала  қиялына  дем  бере  алмағанын  және  жағымды  бейнелер  жасауда  кейде 
кейіпкерлер бойына лайық табиғи іс-әрекеттер көрінбей, жасанды оқиға, жалған патриотизм 
дәріптелетінін,  ал  «Намыс»  жинағы  арқылы  автор  өзі  өткен  осы  талтанды  соқпақты 
шиырламай,  тырнақалды  шығармаларының  ең  осал  буының  дер  кезінде  аңғарып,  сәби 
сырластарының  талғамын  тереңірек  байымдай  түсіп,  оқырманға  бұрынғы  деңгейінен  бір 
саты биік туындылар ұсынғанына сыншы жылы лебізін білдіреді.(3, 326). Сыншы балаларға 
арнап  шығарма  жазып  жүрген  жазушылардың  күнделікті  қарапайым  оқиғалар  төңірегінде 
құрылған  әңгімелерге  оқушылар  қызықпайды  деген  сыңаржақ  пікірден  әлі  күнге  арылып 
бітпегенін,  сондықтан  бұрын-соңды  құлақ  естіп,  көз  көрмеген  шым-шытырық,  ерекше  бір 
ерлік,  не  жұрттың  бәрі  аузын  ашып  аңтарылар  танғажайып  сюжет  таба  алмай,  тоқырап, 
томырылып  жүргендердің  бар  екенін  айта  келіп,  Н.Сералиевтің  «Намыс»  жинағы  осы 
ғажайып  оқиға  туралы  пікірдің  баянсыздығын  да  дәлелдеп  тұрғанын  баса  көрсетеді. 
«Намыс»  жинағында  жазушының  өткен  қателері  қайталанбауы  кенет  бала  бойындағы  өте 
сирек  кездесетін  мінез-құлықтарды,  даңқты  іс-  әрекеттерді  іріктеп  жазғанынан  емес,  қайта 
керісінше, әншейінде жай ғана езу тартқызып, бір сергітіп тастайтын кәдімгі ақкөңіл, аңғал 
сәби  қылығы,  қарапайым  оқиғалардың  өзінен-ақ  жазушы  көркемдік  шындықты  таба 
білгеніне деп түсіндіреді. (3. 327). 
Зейнолла  Серікқалиұлы  жалпы  біреудің  шығармашылығы  жөнінде  сөз  еткенде,  тек 
сол  шығармалардың  өзін  талдаумен  шектелмей,  ол  туралы  баспасөзде  қандай  пікірлер 
болды,  орынды  ма,  орынсыз  ба  -  бәріне  қатар  тоқталып  отырады.  Жоғарыда  аталған 
«Намыс» жинағына қатысты да баспасөзде біркелкі пікірлер болғанын айта келіп, жинаққа 
рецензия  жазған  Н.Ғабдуллиннің  «Нәсіреддиннің  қайсыбір  әңгімесінде  суреттелген  оқиға 
әрекеттерінің  мақсат-мүддесі  айқын  емес,  характер  ашылмай  қалады»  деп,  мысалға 
«Намыс»,  «Ойын»,  «Бор»  әңгімелерін  алғанына  сыншы  келіспейді.  Осы  шығармалардағы 
характерлерді  өзінше  сараптап  көріп,  «жасөспірімдер  бойындағы  ізгі  қасиеттер,  жас 
ерекшеліктеріне сай мінез-құлық, іс-әрекеттер негізінен табиғи беріліп, бүлдіршіндер жанын 
жете  ұғына  бастаған  жазушының  жақсы  талпынысына  шын  жүректен  қуанбасқа  қақымыз 
жоқ» деп қорытады. (3,332). 
Сыншы  балаларға  арналған  шығармалардың  көпшілігінде  қала  адамын  қолынан  түк 
келмейтін  құбыжық  көріп,  ыржақай  күлкіге  берілетін,  оқушыны  әбден  мезі  қылған 
сыңаржақ  сарын  бар  екенін,  осыдан  арылуды  да  негізгі  проблемалардың  бірі  етіп  қояды. 
Осы мәселенің Б.Соқпақбаевтың «Қолғабыс», «Аяжан» повестерінде басқаша шешілгенін оң 
қабақпен қабыл атады. 
Сыншының  тағы  бір  баса  назар  аударған  мәселесі  -  балаларға  арналған 
шығармалардың  барлығында  дерлік  бір  ересек  адамның  дараланған  бейнесінің  болмауы. 
Үлкендер  араласқан  әңгімелерде  кімнің  немен  айналысатыны  жай  баяндалып  өтуден  көп 
арыға аспайды. Сыншы бұл туралы ойын ең бір сөз қылуға тұрарлық деген Б.Соқпақбаевтың 
«Қолғабыс»  повесіне  де  қатысты  былайша  береді:  «Ал  ересектердің  шығармада  әзірше 
жалпы есімі болмаса ісі жоқ. Бәрі дерлік оқиға өрісіне қарай әр жерден бір жылт етіп, еміс-
еміс  көрініп  өтетін  көмекші  тұлғалар  ғана.  Осылардың  өздерін  қырнап,  толықтырып,  бір 
үлкендер бейнесін жасауға болмас па еді. Әрине, бұл - ойланатын жай». (3, 336) 
Сыншы  көптеген  шығармаларға  тән  тағы  бір  олқылық  -  психологиялық  негіздемесі 
жоқ,  қисынға  келмейтін,  шындықка  жанаспайтын  оқиғалардың  өріс  алуын  үнемі  қалт 
жібермей, ескертіп отырады. Бұл, әсіресе А.Байтанаевтың «Асан» повесін талдау барысында 
көпке ортақ қатеміз ретінде нақтырақ ашып көрсетіледі. 
Біздің  жазушыларымыздың  үнемі  шығарма  кейіпкерлерін  қарама-қарсы  екі  топқа 
бөліп алып, тартыстыру схематизмі де сыншы назарынан тыс қалмайды. Ылғи ұнамсыздар 
небір әрекетке оп-оңай бара салады да ал ақылдылар оларды үгіт оқумен дереу үйретіп ала 
қояды.  Жазушыдан  жазушыға,  шығармадан  шығармаға  ауысып,  әсіресе  жас  оқырманның 
ішін  пыстырып,  көңілін  қалдыратын,  көркем  әдебиеттен  жеріндіретін  осы  шындықтан 
арылуды  З.Серікқалиұлы,  әсіресе,  балалар  әдебиетінің  үлкен  проблемасы  деп  біледі. 
«Мінезсіз  балалардың  мінез-құлқы,  характерінде  де  бір  шуақ  болуға  тиіс.  Олар  әдетте  тек 

вестник КазНПУ имени Абаясерия «антологические науки», Ай 2 (32), 2010 г. 
 
 
өздерінің  кейбір  солақай  түсініктерінің  құлы  боламын  деп  жүріп  ғана  қателесетін.  Нағыз 
күрес  осы  қателіктермен  тартыс  жолында  өтуі  керек-ақ.  Әйтпесе,  шығарма  жасанды, 
жалпылама  шығады»  (3,  338)деп,  жақсы  идея,  жақсы  ниетті  түсінбейтіндерді  тым  су  ми 
қылып қоймай, олардың іс-әрекеттерінің табиғи, әдеби шешімін табуға жөн сілтейді. 
М.Гумеровтың  «Асыл  дәрі»,  Қ.Қайсеновтің  «Жау  тылындағы  бала»  повестері  мен 
Д.Сапаровтың  «Ескі  дәптерлер»,  Н.Сералиевтің  «Ақ  лақ  пен  қара  лақ»,  М.Сүндетовтің 
«Бәйге», И.Жақановтың «Қобыз сыры» сияқты тәп-тәуір әңгімелеріне де шеберлік жетіспей 
жатқандығын  бүгінгі  балалар  прозасының  алынбаған  біраз  асулары  деп  қарайды.  Сыншы 
жазушы жаңа шығармасы арқылы өзінің жас оқырманына қандай жаңалығымен келді деген 
сауалға  көп  назар  аударады.  Ылғи  бір  сарынды  шығармалармен  оқырман  талғамын  бұзуға 
наразы. Бала көңілін елең еткізетін жан-жануарларға қатысты шығармаларда да еш жаңалық 
болмай,  ескі  сүрлеуді  әлі  таптап  жүргенімізге  (Т.Дәуренбеков  «Сонарда»,  Б.Шалабаев 
«Мұхит  жорығы»)  қарны  ашып,  мұндай  шығарма  жазғаннан  гөрі  «сол  хайуанаттарға 
жақынырақ  жүріп,  оларды  аулап  ұстаған,  немесе  талай  ондаған  жылдар  бойы  сарылып 
зерттеген маман адамның жазбаларын аударып беру анағұрлым тиімдірек болар еді» (3, 340) 
деп  қорытады.  Күшік,  мысық,  балапан,  үйрек,  торғайлардың  қай-қайсысының  да  мінез- 
құлық,  характерін  сондай  табиғи  бейнелеген  белгілі  поляк  жазушысы  Ян  Грабовскийдің 
«Рекся мен Пуцек» кітабынан үлгі алуға шақырады. 
Қазақ балалар әдебиетінде жеңілтек, ұшқалақ күлкіге негізделген, мақсатсыз жазыла 
салған  әңгімелердің  де  (О.Әубәкіров  «Қалғаны  кекіл  болсын»)  жүргені  сыншы  назарынан 
тыс  қалмайды.  Өмірде  кездесетіннің  бәрі  бірдей  көркем  шығарма  нысанасы  бола 
бермейтінің,  жазушы  болған  оқиғаға  қызығып,  еш  мақсатсыз  сыдыртып  жаза  салғаннан 
көркем туынды болмайтынын еске салады. 
Сыншы  К.Чуковскийдің  «Екіден  беске  дейін»  атты  кітабына  сілтеме  жасай  отырып, 
мынадай  түйінді  ой  айтады:  «...  сәби  қылғынан  келтірілген  қызғылықты  мысалдар,  балдай 
тәтті  аңғал  сөздер  жалпы  естияр,  ересек  оқушыларды  сергітіп,  жадыратып,  қуанышқа 
бөлейтін, сонымен бірге бүлдіршіндер психологиясын зерттеушілер, педагогтер, ата-аналар 
үшін  аса  құнды  материалдар  болып  табылғанымен,  жасөспірім  жанына  көп  жағдайда 
керемет  эстетикалық  әсер  ете  қоймауы  мүмкін.  Өйткені  балаға  бала  мінезін  сырттай 
бақылаудан байқалған натуральды бір шындықты көркемдік мәніне келтірмей, жай қайталап 
шығу барлық кезде бірдей таңсық бола бермейді. Оған кәдімгідей ойландырып, белгілі бір 
сезімге  берілдіріп,  тебіренте  алатындай,  біреулерінен  жерісе,  біреулеріне  еліктер 
кейіпкерлері  бар,  айқын  моральді,  қызық  оқиғалы  нағыз  қастерлі  шығарма  қажет.  Жас 
буынға үлкендер қылығын сөз еткенде де біз, міне, дәл осындай, тек балалар әдебиетінің өз 
табиғаты талабынан ғана шығуымыз керек». (3, 341). 
Қай  заманда  болмасын,  балалық  шақ  -  адам  өмірінің  асқақ  арманға,  шексіз  қиялға 
толы кезі. Осы қиял, осы армандардан өмірлік биік мұраттар туындап отырған. Сондықтан 
да  сыншы  Зейнолла  Серікқалиұлы,  әрине,  көркем  дүниенің  барлығына,  оның  ішінде  бала 
қиялын  қанаттандыратын,  баланың  эстетикалық  талғамын  қалыптастыратын  балалар 
әдебиетіне  бей-жай  қарай  алмады,  қашанда  «арман  аспаны  биік  болуын»  қалап,  өзінің 
білген-түйгенімен ақын-жазушыларымызға үлгі болып, оларды қасан схемадан шығару үшін 
еш аянбады. 
1.
 
Боровский В. Литературно-критические статьи. -М., 1956. -480с. 
2.
 
Ысқақұлы Д. Сын өнері. -Алматы: ҚазАқпарат, 2001. -304 . 
3.
 
Серікқалиев 3. Ақ жол. -Алматы: Жазушы, 1990. -462 . 
4.
 
Луначарский А. В. Сегіз томдық шығармалары. 8-том - Москва, 1967. 
Резюме 
В  статье  рассматривается  творчество  критика  З.Сериккалиева.  Также  раскрывается 
природа, стиль, мастерство критика. 
Summary 
In the article the attention is paid to the creative work of the critic Z.Serikkhaliyev. Also the 
nature, stile and skills of the critic opening here.

Весіпниі: КазНПУ имени Абая, серия «Филологические науки», № 2 (32), 2010 г. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет