Хабаршы вестник


МЕДИЦИНА АТАЛЫМДАРЫНДАҒЫ НОМИНАТИВТІК БІРЛІКТЕР



Pdf көрінісі
бет3/21
Дата08.01.2017
өлшемі1,79 Mb.
#1396
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

МЕДИЦИНА АТАЛЫМДАРЫНДАҒЫ НОМИНАТИВТІК БІРЛІКТЕР  
A.E. Тәттібаева - 
С. Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 
Қазіргі  уақытта  лингвистикада,  соның  ішінде  терминтануда  ғылымның  түрлі 
салаларына қатысты қалыптасқан: медицина, лингвистика, заң, экономика әлеуметтану, тау-
кен  т.б.  сапаларындағы  арнайы  ұғымның  атаулары  немесе  атаулы  тіркестерді  жаткызуға 
болады. Термин ұғымды атап қана қоймай, оған жан-жақты нақты анықтама береді. Ғылыми 
терминнің  негізгі  қасиеттерінің  бірі  -  түрлі  бағыттар  өкілдерінің  қолданысындағы, 
еңбектеріндегі, сондай-ақ терминологиялық жүйедегі бір мағыналылығы. 
Бір  ғылым  саласында  қолданылатын  терминдерді  тар  мағыналы  (мысалы,  фонема  - 
тіл  білімінде)  және  кең  мағынадағы  жалпы  (мысалы,  құрылым,  жүйе)  терминдер  деп 
ажыратылады.  Құрылымы  бойынша  терминдер  бірде  жалқы  сөз  болса  (тіл  білімінде, 
медициналық  аталымдар яғни анатомиялық атауларда, ауру түрлерінде), бірде  атаулы 
тіркестер болып келеді (сөз түбірі, сөз тіркесі). 
Терминжасам  жүйесінде  елеулі  орын  алатын  құбылыстардың  бірі  екіншілік  атау. 
Екіншілік  атау  -  тілде  өзіндік  орны  бар  номинативтік  құралдардың  жаңа  атау  қызметінде 
қолданылуы.  Метафора  екіншілік  атау  құралдарының  бірі  болып  саналады.  Метафораның 
негізін  түсініп,  ұғыну  үшін  жалпы  екіншілік  атаудың  механизмін,  түрлерін  айқындап, 
анықтап  алғанның  маңызы  зор.  Метафоралану  құбылысының  өзіндік  ерекшелігін  анықтау 
терминология  сапасымен  катар  жалпы  тілдегі  терминдерді  салыстыра  қарастыру  болып 
табылады.  Терминология  саласының  теориялық  принциптері  мен  негіздері  Н.А.Баскаков, 
Е.А.Земская,  И.С.Улуханов,  М.Н.Володина,  С.Е.Никитина  жэне  т.б.,  қазақ  тіл  білімінде 
Ә.Қайдар,  Ө.Айтбайұлы,  Б.Қалиұлы,  Ш.Құрманбайұлы,  Қ.Айдарбек  және  т.б.  көптеген 
ғалымдардың  еңбектерінде  қарастырылған.  Термин  мен  метафора  мәселесін  арнайы  бір 
ғылым саласында қарастыру көптеген ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан. 
Қазақ тіл білімінде номинативтік бірліктер жайында проф.Б.Қасым туынды сөздерде 
(күрделі сөздерде) туа негіздер мен құрылымына, сонымен қатар мағынасына әркез тәуелді 
екендігін және лексикалық бірліктер бір бүтін мағынаны білдіріп, біртұтас лексема ретінде 
ұғынылатындығын айта келе: «Қазақ тіліндегі сөз жасауға қатысатын негізгі тұлғалар - түбір 
сөздер. Туа түбірдің сөзжасам жүйесінде өзіндік белгісі бар. Олар - біріншіден, кұрастырушы 
сыңар  болса,  екіншіден,  жаңа  сездің  мағынасын  белгілеуде  негізгі  қызметті  атқарады. 
Сондықтан,  номинативтік  бірліктерді  жасауға  қатысатын  лексикалық  мағыналы  сөздер, 
құрастырушы  сыңарлардағы  дербес  сөздердің  мағыналық  арақатынасымен  тығыз 
байланыста  жіктеліп  айқындалуы  тиіс.  Олар  -  жаңа  номинативтік  бірліктердің  лексикалық 
мағынасының мазмұнын қарайтын бірліктер. Мысалы;  асқазан <- ас+қазан, көкқұтан <— 
көк+құтан  т.б.  сияқты  номинативтік  бірліктердің  лексикаттық  мағынасы  кұрамындағы 
сыңарлардың  мағынасымен  ұштасып  жатыр»  деп  көрсетеді  [1,  156  б.].  Ғалымның  осы 
қағидасын  негізге  ала  отырып,  медициналық  аталымдардағы  номинативтік  бірліктерді 
қарастырып көрелік. 
Мединица аталымдарындағы номинативтік бірліктердің ең бірінші айырмашылығы - 
аталымдардың лексикамен, жалпы әдеби тілмен тығыз қарым-қатынаста болуы және әр түрлі 
жолдармен  осы  салаға  өтуі.  Осы  саланы  талдау  барысында  үш  түрге  бөлуге  болады. 
Біріншіден,  терминдер  мағынасының  кеңеюі,  калька  әдісі  арқылы  беріледі.  Калька  әдісі 
арқылы жасалуында термин тек бір салада шектеліп қалмай, қолданыс аймағы кеңейе түседі. 
Жалпы  негізгі  мағынасы  сақталып  қалады  да,  осы  мағынада  басқа  да  білім  салаларында 

Весіпниі: КазНПУ имени Абая, серия «Филологические науки», № 2 (32), 2010 г. 
 
немесе жалпы әдеби тілде қолданылады. Медициналық аталымдардың қазақ тіліндегі ортақ 
ерекшеліктері мен белгілеріне талдау жасап көрейік. Мысалы: Дененің басы болғаны жақсы, 
Тонның жағалы болғаны жақсы (“Алтын шежіре”. “Моңғолдың құпия шежіресі”), Ізгі ердің 
сүйегі шіріп кетсе де, аты өшпейді (М.Қашқари). Құрғақ қасық ауыз жыртады, Құрғақ сөз 
құлақты  құртады  (М.Қашқари).  Ақыл  көркі  -  тіл,  Тілдің  көркі  -  сөз.  Адам  көркі  -  жүз, 
Жүздің  көркі  -  көз  (Ю.Баласағұни).  Жомарт  қол  куатты  қолдан  жақсы  (С.Сарайи)  деген 
сөздерде  анатомиялық  терминдер  дененің  басы,  сүйек,  ауыз,  тіл,  көз,  қол  қолданылып, 
лингвистикалық  дененің  басы,  сүйегі  шіру,  ауыз  жырту,  құлақты  құрту,  адам  көркі 
секілді фразалық тіркестер ретінде қолданылып тұр. 
Номинативтік бірліктердің екінші түрі - бастапқы мағынаны сақтап, терминнің басқа 
түрге  ауысуы.  Бұл  жерде  көптеген  медициналық  аталымдарды  атап  өтуге  болады.  Қазақ 
тілінің  түсіндірме  сөздігінде  анатомиялық  бас  сөзінің  бірнеше  түрі  берілген.  I.  Адам  мен 
жан-жануарлардың  дене  мүшесі,  кісі,  адам,  жан,  малдың  саны,  тұяқ,  өсімдіктердің  ұшы, 
таудың  шыңы,  төбесі,  өзеннің,  бұлақтың  басталған  жері,  таяқтың,  сойылдың  бір  жақ  шеті, 
ұшы, аяқ киімнің қоныштан төмен жағы, құрал-саймандардың жүзі бар жағы, бір оқиғаның 
басталған  мерзімі,  мамандық  атауына  тіркесіп  лауазымды  білдіреді.  Мысалы:  бас  әріп,  бас 
арық,  бас  бармақ,  бас  киім,  бас  асау,  баз  бұзар,  бас  көтере  алмады,  бас  қатырды,  бас 
салды,  басына  mac  тиді,  басын  қатырды,  басын  ала  қашты,  бас  жарып,  көз  шығарып 
барады  т.б.  II.  муз.  Ер  адамның  төменгі  даусы,  төмен  тембрлі  үрмелі  аспап.  III.  Жүру, 
адымдау, бір нәрсені таптау, мыжу, жаншу, кітап, газет, журналды баспадан шығару, басып 
қалу,  жабу,  бір  нәрсені  қарқындата  түсу,  үдету,  азайтыңқырау,  бәсеңдету,  киізді  білектеу, 
бірнәрсенің  уытын  қайтару,  бәсеңдету,  тоқтату,  күшпен  жеңу,  бағындыру,  ауысп.  тоқтату 
тежеу.  Мысалы:  бас  салды,  басып  кірді,  басып  озды,  басып  өтті,  басып  салды,  басып 
тастады т.б. Сонымен бірге, көз сөзі түсіндірме сөздікте I. Адамның, жан- жануарлардың 
көру  мүшесі.  2.3аттың  жіп  өткізетін  жері.  3.  Бір  нәрсенің  шығатын  жері,  қойнауы.  4.  Бір 
нәрсенің нақты өз басы. 5. Өткеннен қалған нәрсе: біреуге арналған ескерткіш, мұра, ұрпақ. 
6.  ауысп.  Ақыл,  ес, сана. Мысалы:  көз айырмады, көз алмады, көзтаныс, көз жұмды, көз 
жүгіртті, көзкөрім, көзі ашық, көзі қарақты, көз ілмеді, көзін ала алмады, көзін малмен 
ашты,  көзі  шарасынан  шықты,  көзі  шүңірейді,  көзін  жоғалтты,  көзі  шырадай  жанды 
т.б. деп берілген [2, 110; 404 б.]. Осындай көптеген мысалдарды атап өтуге болады. 
Номинативтік  бірліктер  бірнеше  тәсілмен  жасала  береді,  солардың  ішінде 
жетекші  кызметті  синтетикалық  тәсіл  алады.  Бұл  жерде  сөзжасамдық 
форманттардың  кызметі  ерекше.  Мысалы,  дәрігер,  жұтқыншақ,  шеміршек,  бөртпе, 
сіреспе,  қоздыру,  өлім-жітім,  талма,  ісік,  шарбы,  құсық,  жарақат,  күбірткі,  кекірік, 
кемістік, іріңдеу т.б. 
Номинативтік  бірліктердің  үшінші  түрі  -  медициналық  аталымдардың  жалпы  әдеби 
тілге  метафора  тәсілі  аркылы  өту.  Бұл  тәсілде  ауызекі  сөйлеу  тілінде  терминдер  ауыспалы 
мағынада  қолданылып,  негізгі  тура  мағынасы  сақталмай,  тек  ішкі  мағыналық  кұрылым 
ретінде  қалыптасады.  Сөздің  сыртқы  тұлғасы  қалғанымен,  мағыналық  құрылысы  өзгеріске 
ұшырап  кетеді.  Медициналық  аталым  әдеби  тілге  өту  кезеңінде  коннотативтік,  модальдық 
мағынаға ие болуы мүмкін. Мысалы: Бойда қайрат, ойда көз, Болмаған соң айтпа сөз (Абай). 
•  Басында  ми  жоқ,  өзінде  ой  жок  (Абай).  Арыстандай  жүректі,  Жолбарыстай  білекті 
(Батырлар жыры). Тербетілген үстінде сағым көлдер,  Сары аурудай  сарғайған сары белдер 
(М.Әлімбаев). Осы жердегі көз, ми, жүрек, сары ауру дегендерде тура мағынада емес, әдеби 
тілдегі ауыспалы мағынасы түрінде айтылып тұр. Осы талдаулардан кейін метафора барлық 
кезеңдерде  ұштасып  жатқанын  байқаймыз.  Номинативтік  бірліктер  туралы  пікірлердің  өзі 
қайшылыққа  толы  пікірталастарды  тудырады.  Бір  жағынан,  термин  бір  ұғымды  білдіреді, 
сондықтан  номинативтік  бірліктер  жокқа  шығарылса,  екінші  жағынан  нақты  дәлелдерге 
сүйене  отырып,  номинативтік  бірліктерді  анықтауға  болады.  Сондықтан  номинативтік 
бірліктерде метафораның орны ерекше болатынына көз жеткіземіз. 
Медициналық  аталымдарда  метафора  үрдісін,  сонымен  бірге  ішкі  номинативтік 
бірліктерді қарастыра келе, тағы бір ерекшелікті байқауға болады: ол - бір ғылыми саланың 
термині  бірнеше  терминологиялық  жүйелерге  метафора  арқылы  өтеді.  Мысалы: 
анатомиялық  тіс  түбірі,  иықтық  (мойындырық)  өрім,  қанат  тәрізді  өзек,  жұлындық 
түйін, қызыл ядро, кеуделік ядро, алақандық байлам (ладонная связка), буындық, айнама, 
шынтақтақ  өсінді  т.б.  деген  сөз  тіркестеріндегі  түбір,  өрім,  өзек,  түйін,  буын,  байлам, 
ядро, өсінді секілді сөздерді лингвистикада сөз түбірі, қамшы өрім, өзегі тану, сөз түйін, 
байлам  жасау,  буынға  бөлу  (буыны  босау)  түрінде,  математикалық  түбірін  табу, 
биологиялык,  түбір  және  өсінді  түрінде  де  кездестіруге  болады.  Осы  секілді  мысалды 
Б.Х.Хасановтың  еңбегінен  де  кездестіруге  болады.  Онда  терминнің  тасымалдануы  күрделі 
ассоциациялық  параллель  жүргізіліп,  орыс  тіліндегі  сөздердің  баламасын  салыстырмалы 
түрде қарастырады |3]. 
Медициналық  аталымдардың  адамға,  басқа  заттарға,  құбылысқа,  эмоциялық  көңіл-

Абай атындагы ҚачҮ11У-дың Хабаршысы. «Филология гылымдары» серияси, МЬ2 (і2).2010ж. 
 
күйіне  байланысты  метафора  номинативтік  бірлік  ретінде  берілуіне  көңіл  бөлсек,  көңілі 
құлазыды, сары уайымға салынды, қабағы кіржиді, сүйегін қорлады т.б. секілді тіркестерді 
атап  өтуге  болады.  Сонымен  бірге,  терминнің  ауыспалы  мағынаға  ие  болуында  елестету 
құбылысы  рөл  атқарады.  Номинативтік  бірліктердің  елестету  арқылы  жасалуын  қосымша 
образдылыққа  айналуынан  көруімізге  болады.  Анатомиялық  көк  жұлын,  жүрек  термині 
лингвистикалық  тұрғыда  көк  жұлын  болды  -  әбден  қалжырады,  шаршап-шалдықты 
мaғынасында болса ал, Жас баланың  жүрегіндей жапырақтың дірілдері (С.Мәуленов). Жас 
баланың  жүрегіндей  сары  дала  (Қ.Жұмаділов)  дегенде  номинативтік  бірлік  әдеби  тілде 
қолданылады. 
Метафора  арқылы  жалпы  тілдік  қорға  өткен  номинативтік  бірліктер  әр  түрлі 
функционалды стильде қолданылады. Терминдер ғылыми және көпшілікке арналған ғылыми 
басылымдарда  қолданылса,  метафоралы  мағынаға  ие  болған  номинативтік  бірліктер 
медицина аталымдарында, ауызекі тілде және лингвистика саласында қолданылады. Сөздің 
тура  мағынасында  мағлұматтық,  танымдық  аспектісі  басты  назарда  болса,  ауыспалы 
мағынадағы  номинативтік  бірліктердің  қосымша  образдылық,  эмоциалды-  экспрессивтік 
аспектісі артып отырады. 
Номинативтік  бірліктердің  мағыналары  бір-біріне  жақын  келіп,  синонимдік  қатар 
құрайтын  жағдайды  кездестіруге  болады.  Мысалы,  анатомия,  қаңқа  терминдері  бip 
нәрсенің құрылысы деген мағынаға ие болады. Бұл сөздердің терминдік мағыналары әртүрлі 
болғанымен  ортақ  құрылысы  болу  семасы  аталмыш  терминдерді  байланыстырушы  ретінде 
қолданылып, бір қатарға жатқызуға мүмкіндік береді. 
Жалпы медициналық аталымдар мен ауызекі тілдегі номинативтік бірліктердің орнын 
анықтауда келесі тұжырымдарды негізге алуға болады: 

 
медициналық  аталымдардың  номинативтік  бірліктер  арқылы  тілдік  бірліктерді 
құруы - жалпы тілдің аясында өтетін құбылыстардың бірі; 

 
номинативтік  бірліктер  көптеген  терминдерге  тән  кұбылыс,  бірақ  терминдердің 
жаппай номинативтік бірлік болып таралуы мүмкін емес; 

 
медициналық аталымдардың метафора тәсілі арқылы әдеби тілге өтуі - жалпы тілдік 
қордың байытудың, толықтырудың көздері

 
кейбір номинативтік бірліктер қосымша елестету мағынаға ие болып жатады; 

 
номинативтік бірліктер жалпы әдеби тілмен қоса поэзия тілінде де кездеседі; 

 
медициналық  аталымдардың  номинативтік  бірліктері  бірнеше  ауыспалы  мағынаға 
ие болған номинативтік бірліктердің туындауы - тілдік жүйедегі кездесетін құбылыстардың 
бірі. 
1.
 
Қасым  Б.Қ.  Қазақ  тіліндегі  күрделі  сөздер:  уәждеме  және  аталым.  -  Алматы, 
2001. -183 б. 
2.
 
Қазақ тілінің сөздігі. - Алматы: Дайк-Пресс, 1999. -968 6. 
3.
 
Хасанов  Б.Х.  Қазақ  тілінде  сөздердің  метафоралы  қолдануы.  —Алматы: 
Мектеп, 1966. 
Резюме 
В  статье  рассматривается  словообразования  номинативных  единиц  медицинской 
термины. 
Summary 
In the article it is said about nominative names of medical units.

Вестник КазНПУ имени Абая, сирин «Филологические науки», Л
г
° 2 (32), 2010 г. 
 
 
 
 
АДАМ  МЕН  ЖАН-ЖАНУАРЛАРДЫҢ  ЖАС  МӨЛШЕРІ  МЕН  ЖЫНЫСЫН 
БІЛДІРЕТІН  ҚАБЫСА  БАЙЛАНЫСҚАН «ЗАТ  ЕСІМ  -ЗАТ  ЕСІМ»  ҮЛГІСІНДЕГІ  СӨЗ 
ТІРКЕСТЕРІНІҢ МАҒЫНАЛЫҚ 
ҚҰРЫЛЫМЫ 
Т.К.Мүрсәлімов- 
Семей мемлекеттік 
педагогикалық 
институтының аға 
оқытушысы 
1.
 
Адам мен жан-жануарлардың жас мөлшеріне байланысты ерекшелігін білдіретін 
сөз тіркестері. Сөз тіркесінің грамматикалық мағынасы тіркеске түскен сөздердің лексикалық 
мағыналарындағы  «Жас»  семасынан  өрбиді.  Мысалы,  қарт  әже,  бала  бүркіт,  құнан  қой, 
балапан құс, шөже тауық, тоқты қошқар, т.б. 
Сөз  тіркесінің  құрамындағы  сөздердің  семантикалық  құрылымдары:  басыңқы  -  тура 
атауыштық (Д1) лексикалық мағынадағы «Адам», «Аң», «Құс», «Мал», «Жәндік», т.б. лексика-
семантикалық  топтарға  жататын  сөздерден  болады.  Өйткені  бұл  қатардағы  сөздер  арқылы 
аталатын объективті өмірдің заттарына жас ерекшелігі сияқты құбылыс тән. Сөз тіркесін және 
оның грамматикалық мағынасын қалыптастыруға қатысты «Жас» семасы басыңқыдағы сөздің 
лексикалық  мағынасындағы  көбіне  потенциалды  семада,  сирек  болса  да  дифференциалды 
семада да кездеседі. 
Бғыныңқы  -  көбіне  тура  атауыштык  (Д1)  лексикалық  мағынада,  сирек  ауыспалы  (К1) 
екінші дәрежелі атауыштық мағынада жұмсалады. Мұнда «Жас ерекшелігіне» қатысты семалар 
дифференциалды семалар қатарында болады. 
Мысалдар: қарт әже 
Қарт. А - «Адам» 
Әже. А - «Адам» 
Д: а) жасы ұлғайған 
Д: а) әйел 
в) еңбекке жарамсыз 
в)әкенің (шешенің) шешесі 
с) ақылгөй 
с) тікелей қан 
с) екінші буын туыс 
Р1 - «Жас» 
Р2 - «Еңбекке қабілеттілік» 
РЗ - «Өмірлік тәжірибесі» 
Қарт  сөзінің  лексикалық  мағынасы  -  «жасы  ұлғайған,  еңбекке  жарамсыз,  ақылгөй 
адам»,  әже  -  «әкенің  (шешенің)  шешесі  болып  табылатын,  тікелей  қаны  берілген,  екінші 
буындағы  туыс,  әйел  адам».  Екі  сөз  де  тура  атауыштық  мағынада  жұмсалған,  яғни,  сөздер 
(лексемалар) Д1 ДІ семемамен берілген. Сөздердің байланысы мен сөз тіркесіндегі мағыналық 
қарым-қатынасты  қалыптастыруға  алдыңғы  сөздің  дифференциалды  «жасы  ұлғайған», 
«енбекке  жарамсыз»,  «ақылгөй»  семалары,  басыңқының  потенциалды  «Жас»,  «Еңбекке 
қабілеттілігі»,  «Өмірлік  тәжірибесі»  семалары  негіз  болған.  Сондықтан  бұл  сөз  тіркесінің 
атауыштық мазмұны төмендегідей: қарт әже - «жасы ұлғайған, еңбекке жарамсыз, ақылгөй 
әкенің (шешенің) шешесі...». Бұл сөз тіркесін үш түрлі мағыналық қатынаста да тануға болар 
еді: 1) бағыныңқы басыңкының жас ерекшелігін білдіреді  -  «жасы  ұлғайған  әкенің (шешенің) 
шешесі»;  2)  бағыныңқы  басыңқының  еңбекке  қабілетін  білдіреді  -  «еңбекке  жарамсыз  әкенің 
(шешенің) шешесі»; 3) бағыныңқы басыңқының өмірлік тәжірибесінен хабар береді - «ақылгөй 
әкенің  (шешенің)  шешесі».  Алайда  терілген  мысалдарда  бағыныңқының  Д  а)  семасы  мен 
басыңқының Р1семасы байланысқа негіз болған басқа семаларға қарағанда  алға оза ерекшеленіп 
көрінген. 
Бала, бүркіт 
Бала. А - «Адам» 
Бүркіт. А - «Құс» 
Д: а) «ұрпақ» 
Д: а) «жыртқыш» 
в) «тікелей қан» 
ә) «имек тұмсықты» 
с) «бірінші буын» 
д) «көп ғұмыр жасамаған» 
Р1 - «Жас ерекшелігі» 
е) «өмірлік тәжірибесі аз» 
Р2 - «Өмірлік тәжірибесі» 
к) «күш-қуаты толыспаған» 
РЗ - «Физиологиялық ерекшелік» 
Бала сөзінің (ДІ) тура мағынасы - «көп ғүмыр жасамаған балаң жастағы, өмір тәжірибесі 
аз,  күш-  қуаты  толыспаған  адамның  тікелей  қанынан  тараған,  бірінші  буындағы  ұрпағы». 

Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Филология гылымдары» серинсы, Л’°2 (32),20Юж. 
 
 
Мысалда  ол  «адам»,  «ұрпақ»  мағынасында  емес,  ауыс  мағынада  (К  1)  жас  ерекшелігіне 
қатысты  ұғымды  атау  қызметінде  жұмсалан.  Бала  сөзінің  ауыспалы  мағынасына  оның  тура 
мағынасындағы д) «көп ғұмыр жасамаған», е)  «өмірлік  тәжірибесі  аз»,  к)  «күш-қуаты 
толыспаған»  семалары  негіз  болып,  К1  жаңа  атауыштық  мағынадағы  «Жас  ерекшелігі», 
«Өмірлік тәжірибесі», «Физиологиялық ерекшелік» архисемалар алған. 
Вала. А «Жас ерекшелігі» 
Бүркіт. А -«Құс» 
Д: а) «балаң, көп ғұмыр жасамаған» 
Д: а) «жыртқыш» 
в) «имек тұмсықты» 
Р - «Жас ерекшелігі» 
Мұндағы Д а) сема басыңқының Р - «Жас ерекшелігі» семасына сәйкес келіп, екі сөздің 
арасында лексика-семантикалық байланыс орнатумен қатар, сөздердің арасындағы мағыналық 
қатынастың  да  мазмұнын  қалыптастыруға  негіз  болған.  Сөйтіп,  бала  бүркіт  тіркесінің 
атауыштық мазмұны - «көп ғұмыр жасамаған, (өмір тәжірибесі аз, күиі-қуаты толыспаған) 
имек тұмсықты жыртқыш құс» болып шығады. 
Көркем  әдебиеттен  мысалдар:  -  Сөйтсе  де,  қияға  қанат  қаққан  бала  бүркіт  от 
жігері әр тұстан бір жарқ еткендей. (I.E.) Асулы туұрған қыр мұрынды, сопақ бет, қара 
қасты бала жігіт екен (I.E.). Өзін сүзгелі келген дөнежін бұқаны сыңар қолымен мүйізінен 
ұстап, жұлқып тартқанда етпетінен шөке түсіріп, тұрғызбай  қойған бір ісін жұрт аңыз 
етіп  кеткен.  (М.Ә.).  Қаражан  бала  жігітті  былай  шығарып  алып:  «Сен  менің 
қалыңдығыммен билеуіңді қой», - деп қалш-қалш етті (I.E.). 
2.
 
Бағыныңқы  басыңқыдағы  заттың  (тіршілік  иесінің:  адам  немесе  жан-
жануарлардың) жынысын білдіретін сөз тіркестері. Сөз тіркесінің грамматикалық мағынасы 
тіркеске түскен сөздердің лексикалық мағыналарындағы «Жыныс» семасынан өрбиді. Мысалы, 
ұл  бала,  ер  адам,  әйел  дәрігер,  ата  қаз,  арлан  қасқыр,  шыбыш  ешкі,  атан  түйе,  мекиен 
тауық, мегежін шошқа, қаншық ит, т.б. 
Сөз  тіркесіндегі  сөздердің  семантикалық  құрылымы:  басыңқы  -  «Адам»,  «Аң»,  «Құс», 
«Мал»,  «Жәндік»,  т.б.  лексика-семантикалық  топқа  жататын  (Д1  семемалы)  тура  атауыш 
сөздер. Сөз тіркесін және оның грамматикалық мағынасын қалыптастыруға қатысты «Жыныс» 
семасы көбіне потенциалды семада болады. Бағыныңқы - көбіне (Д1 семемада) тура атауыштық 
мағынада  жұмсалады.  Ауыспалы-бейнелі  мағынада  (ата  қаз  тіркесіндегі  сияқты)  жұмсалуы 
сирек құбылыс. 
Мысалы, атан түйе тіркесіне талдау жасап көрелік. 
Атан. А - «Туйе» 
Туйе, А - «Мал» 
Д: а) «еркек» 
Д; а) «өркешті» 
в) «тарттырылған» 
в) «шөлге шыдамды» 
с) «жалпақ, май табанды» 
Р-«Жыныс» 
Сөз тіркесінің атауыштық мазмұны - «тарттырылған еркек өркетті шөлге шыдамды 
жалпақ,  май  табанды  мал».  Сөздердің  лексикалық  байланысына  және  сөз  тіркесінің 
мағынасына бағыныңқының Д а), в) семалары мен басыңқының Р семалары негіз болған. 
Дөнен  жылқы,  ісек  қой,  туша  ешкі,  құнажын  сиыр  сияқты  тіркестерде  бағыныңқы 
сөздер басыңқыдағы малдардың жасын да, жынысын да білдірген. Бұл олардағы бір емес, екі 
семаның  активтенуіне  байланысты,  яғни  сөздердің  синтагмалық  байланысына  лексикалық 
мағынадағы екі түрлі мазмұндағы семалар негіз болған. 
Мысалы, дөнен жылқы. 
Дөнен. Д1. А - «Жылқы» 
Жылқы. Д1. А - «Жануар» 
Д; а) «үш-төрт жасар» 
а) «қыл құйрықты» 
в) «еркек» 
в) «бітеу тұяқты» 
с) «ірі-қара» 
Р1 - «Жас» 
         Р2 - «Жыныс» 
Сөз  тіркесінің  атауыштық  мазмұны  -  «үш-төрт  жасар,  еркек  қыл  құйрықты,  бітеу 
тұяқты ірі- қара мал». Сондықтан бұл қатардағы сөз тіркестерін бағыныңқының Д а) семасы 
мен  басыңқының  Р1  семалары  арқылы  бағыныңқы  басыңқыдағы  заттың  жас  ерекшелігін 
білдіретін  сөз  тіркестерінің  қатарына  да,  бағыныңкының  Д  в)  семасы  мен  басыңкының  Р2 
семалары  арқылы  бағынынқысы  басыңқының  жынысын  білдіретін  сөз  тіркестерінің қатарына 
да жатқызуға болады. 
Көркем  әдебиеттен  мысалдар;  Қыз  бала  да  сол  курд  жігіттен  туыпты  (I.E.).  Бұ  да 
қуыршақтай  сүйкімді,  кішкентай  қыз  баланы  өзінікі  санап,  жақсы  көре  бастаған-ды  (Ә.Н.). 
Тайдай арлан бөрімен шаппа-шап ұстасып өлердей жағаласқаны, тапжылтпай ұстап өлтірткені 
- бәрі де бұл өңірде, бұл заманда болған балғын азамат қасиеті боп тарады (М.Ә.). 

Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Филология гылымдары» серинсы, Л’°2 (32),20Юж. 
 
 
 
Резюме 
Статья  предназначена  для  анализа  семантическую  структуру  сочетании  показывающие 
отношение "Пол и возрост человека и живых существ" относящихся к словосочетаниям модели 
"Сущестивельное- существительное" связанные примыканием. 
Summary 
This  article  deals  with  the  problem  of  analyzing  the  structure  which  combins  the  showing 
attitude of humans age and sex concerning the phrases and models “Noun-noun'’. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет