Хабаршы вестник


Жұрнақ  Сөздіктегі сөз саны



Pdf көрінісі
бет5/21
Дата08.01.2017
өлшемі1,79 Mb.
#1396
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Жұрнақ 
Сөздіктегі сөз саны 
Мысалд ар 
1 
-у  жұрнағы.  Қимыл  атаулы 
терминдер жасайды 
93 термин 
Айналу  (вращение),  бедерлеу 
(насекание), 
бүрку 
(опрыскивание), 
жоңғылау 
(фрезерование), 
майлау 
(смазывание), 
сұйықталу 
(конденсация) т.б. 
2 
-гыш, 
-гіш, 
-қыш, 
-кіш 
жұрнағы. 
65 термин 
Тиегіш  (загрузчик),  шоғырлағыш 
(концентратор),  тартқыш  (тяга), 
теңгергіш 
(балансир), 
сақтандырғыш  (предохранитель), 
қоректендіргіш (питатель) т.б. 

-ма,  -ме,  -ба,  -бе,  -па,  -пе 
жұрнағы 
35 термин 
Айқастырма  (крестовина),  аспа 
(подвеска), 
бекітпе 
(закреп), 
белдеме 
(буртик), 
қаптама 
(кожух), құрсама (обойма) т.б. 
4 
-лық,  -лік,  -дық,  -дік,  -тық,  -
тік жұрнағы 
33 термин 
Жалғастық 
(штуцер), 
толастатқыш 
(демпфер), 
тозғандық 
(изношенность), 
сынғыштық (ломкость) т.б. 
5 
-ша, -ше жұрнағы 
19 термин 
Арқанша 
(тросик), 
ауызша 
(дульцо),  аралықша  (мостик), 
қалқанша 
(щиток), 
қайрақша 
(брусок), қамытша (хомуток) т.б. 
6 
-уыш, -уіш жұрнағы 
13 термин 
Тежеуіш 
(тормоз), 
санауыш 
(счетчик), 
тіркеуіш 
(сцепка), 
тіреуіш 
(стойка), 
тиеуіш 
(погрузчик),  бұрауыш  (отвертка) 
т.б. 

-ыс, -іс, -с жұрнағы 
8 термин 
Бүгіс  (сгиб),  кептеліс  (затор); 
кідіріс  (выстой),  құйылыс  (сток), 
үйкеліс (трение) т.б. 
8 
*шық, -шік жұрнағы 
6 термин 
Науашық 
(желобок), 
ершік 
(седло),  кемершік  (заплечик), 
айқаршық  (крестик),  соташық 
(шток), тегершік (маховик) 
9 
-ық, -ік, -к, -к жұрнағы 
6 термин 
Сызық (линия), қыспақ (прижим), 
қарнақ 
(штанга), 
қырылдақ 
(храповик),  тұғырық  (подставка), 
тістеуік (кусачки) 
10 
-ым, -ім, -м жұрнағы 
5 термин 
Қосым 
(присадка), 
ойым 
(впадина), 
пішім 
(формат), 
қысым 
(давление), 
төсем 
(прокладка) 
11 
-гы, -гі, -қы, -кі жұрнағы 
4 термин 
Сүзгі (фильтр), жулынгы (выдра), 
бұргы 
(сверло), 
багдаргы 
(ориентир) 
12 
-шы, -ші, -хана, -шек, -қак, * 
кек, -ын, -ін, -н жұрнақтары 
Бұл 
жұрнақтар 
арқылы  бірді-екілі 
терминдер 
кездеседі. 
Пішін  (форма),  іскек  (пинцет), 
күпшек  (ступица),  қайрақшы 
(заточник), ұстахана (кузница) 

Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Филология гылымдары» серинсы, Л’°2 (32),20Юж. 
 
 
тұлғасы  өзгеріссіз  қалып,  қосымшасы  қазақ  тіліндегі  баламасымен  алмастырылуы  арқылы 
жасалған терминдер жеткілікті. 
Қорыта айтсақ, техникалық терминдерді жасауда морфологиялық тәсілдің өзіндік орны 
бар. Әлемдік тілдер арасында жалғамалы тіл тобына жататын қазақ тілінде жаңа атау жасауда 
сөз тудырушы жұрнақтардың термин жасауда да үлесі мол екендігі нақты мысалдар негізінде 
жүйеленді. 
1.
 
ЫсқақовА, Қазіргі қазақ miлi. - Алматы: Ана тілі, 1991-3846. 
2.
 
Салқынбай А. Қазақ  miлi  сөзжасамы ОӘК.  -  Алматы: Қазақ университет,2007-
192 б. 
3.
 
Ә.Әміров. Термин жасауда белсенділік танытатын кейбір жұрнақтар туралы// 
ҚазМУ хабаршысы. Филология сериясы. № 43. 
4.
 
Ш. Құрманбайұлы. Терминдер сөздігі (Бекітілген терминдер)/ Словарь Терминов 
(Утвержденные термины). - Алматы: Зият-Пресс, 2007. -232 б. 
5.
 
Қазақша-арысша,  орысша-қазақша  терминологиялық    сөздік:  Машина  жасау.- 
Алматы: Рауан, 2000. - 328 б. 
Резюме 
В  статье  рассматривается  роль  морфологического  способа  словообразования  в 
появлении 
технических 
терминов 
казахского 
языка. 
Морфологический 
способ 
словообразования  встречается  в  языкознании  всех  народов  мира.  Это  один  из  древних  и 
активных способов словообразования. Автор, изучая различные способы терминообразования 
морфологическим  способом,  определяет  важную  роль  этого  процесса  в  формировании 
технических терминов казахского языка. Для этой цели использует труды известных ученых, а 
также словари технических терминов. 
Summary 
Role  of  morphological  method  of  word  formation  in  appearance  of  technical  terms  of  the 
Kazakh  language  is  considered  in  the  article.  Morphological  method  of  word  formation  meets  in 
linguistics  of  all  people  in  the  world.  It  is  one  of  the  most  ancient  and  active  methods  of  word 
formation. Author, studying different methods of terms formation by morphological method, defines 
important role of this process in formation of technical terms of the Kazakh language. For this purpose 
author uses works of famous scientists and dictionaries of technical terms also. 
ТІЛ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТАНЫМ САБАҚТАСТЫҒЫ. 
Э.Н. Оразалиева - 
филол..ғыл. д., 
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы 
мемлекеттік саясат ұлттық мектебі «Үштілділік» бағдарламасының жетекшісі 
Әлеуметтік танымның қажеттілігі тілдің шығу тегін зерттеу, оның табиғатын сұрыптау, 
өзге  тілді  меңгеру,  базис  пен  қондырма  мәселелерін  анықтау,  яғни  адамның  бар  болмыс-
табиғатын  түсіну-түсіндіру  процестерінің  шешілу  мүмкіндігімен  сараланады.  «...таласы  көп 
сөздер әлеумет мәселелері турасындағы пікірлерде болады. Тұрмыс мәселесі - тоқсан түйіннің 
тоғысып  шиеленісетін  жері.  Оны  дұрыс  шешуге  көпті  көрген  көсем  болуға  керек.  Адамның, 
халықтың, я бір таптың мінезін, құлқын, салт-санасын, жан жүйесін, ой жүйесін, тарихын, мұң-
мұқтажын  жақсы  білетін  дана  болу,  ғалым  болу  керек.  Тұрмыс  мәселелері  деп  қандай 
мәселелер  айтылады?  Тұрмыс  мәселесі  деп  айтатын,  айтылатын  шын  адамшылық  мәселесі, 
өмір  мақсатының  мәселесі,  яғни  өмір  бақытты  болу  мәселесі,  ошақ  басының,  жұрт  қамының, 
мемлекет  жайлылығының,  дүние  тыныштығының  мәселесі»[  l;  221-6.]  деп  қазақ  тіл  білімінің 
көрнекті  өкілі  А.Байтұрсынұлы  ұсынған  мәселелер  жіктемесіне  назар  аударсақ,  адам 
атаулының  қоғамдағы,  күнделікті  тіршіліктегі  жүзеге  асырар  кызмет-қасиеттері  оның 
әлеуметтік 
танымын 
айқындауға, 
когнитивтік 
бірліктерді 
коғамдық 
ұғымдармен 
сабақтастыруға  мүмкіндік  береді.  Қоғам  мен  адам  арақатынасы,  ең  алдымен,  тілдік  құралдар 
арқылы  көрініс  табатындықтан,  жеке  тұлғалардың  катысымдық  әрекеті,  топпен  араласу 
қабілеті, қоғамда атқарар қызметі, соған орай анықталар әлеуметтік жағдайы - барлығы дерлік 
тіл  арқылы,  тілдік  қатынас  негізінде  дәйектелетін  экстратанымдық  факторларды  құрайды. 
«Тілдік  жағдай»  ұғымының  астарында  да  осы  аталған  фактілер  жинақталып,  жүйеленетіні 
сондықтан болар. Адамдар тіл арқылы құрылымдық не болмаса формалық өзгешеліктерді ғана 
емес, ең бастысы, сол тілді пайдаланушылардың ұлттық психологиясын, мәдени даму үлгісін, 

Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Филология гылымдары» серинсы, Л’°2 (32),20Юж. 
 
 
әлеуметтік негіздерін танып білу қасиетіне ие болады, сол себепті тілдің шынайы болмыспен, 
қоршаған әлеммен, өркениетпен, адам жаратушысымен байланысы ғалымдар назарын ғылыми 
қалыптасудың  алғашқы  кезеңдерінен  бастап  өзіне  аударды.  Ежелгі  үнді,  грек,  кытай 
ойшылдары  да  тіл  табиғатын  зерделеуде  адам  мен  қоршаған  орта  ұғымдарының  байланысын 
негізге  ала  пайымдады.  Айталық,  Платон  өзектеген  мәселелер  қатарында  «Сөздер  танымның 
құралы  бола  ала  ма?  Олар  тілден  сырт  жатқан  болмыспен  байланысты  ма?»  деген  сауалдар 
қарастырылып келді. 
Қоғам  мүшесі  туралы  толыққанды  мәлімет  жинау  үшін,  оның  өмір  сүру  ерекшелігін, 
әлеуметтік ойлау жүйесін, бойында тұнып жаткан сан алуан қабілеттер желісін айқындап алу 
кажет. Адам мәңгі қозғалыста жүретін жаратылыс иесі ретінде үғынылатындықтан, әлеуметтік 
танымның  ұстанымдары  да  сол  қозғалыстың  динамикалы  сипатына,  латентті  мінездемесіне 
қатысты,  яғни  жеке  субъектілердің  өмірі  де,  мәдени  қалыптасуы  да  өзара  байланыссыз 
тізбектер  жиынтығы  емес,  олар  бүтіннің  бөлшектері,  әлеуметтік  дамудың  құрамды  бөліктері 
деп  танылады.  Шынайы  болмыс,  қоршаған  орта  өзгерген  жерде  танымның  өзі  де,  оның 
дереккөздері де өзінің қалыпты жағдайынан ауытқып, нәтижесінде әлеуметтік заңдылықтардың 
жаңа  теориясы  қалыптасады,  өзгеше  бағыт-бағдары  анықталады.  Осындай  өзгерістер 
қатарында  элеуметтік  танымның  тілдік  құралдарын  атауға  болады.  Ғалым  А.Байтұрсынұлы 
дәйектеп өткендей, олар «Адамның, елдің, жұрттың басындағы келіссіз ғамалдарын, мінездерін 
айтып көрсету, халықтың құлқын түзеуге зор пайдасы тиетін нәрсе» [1; 227-6.] болғандықтан, 
тіл  коғам  мен  оның  даму  ерекшелігін  сипаттайтын  әрі  оның  адамзат  жадында  сақталар 
нормаларын  белгілейтін  құндылықтардың  бірі  болып  табылады,  сондықтан  тілдік  деректерді 
жинақтау,  олардың  экстратанымдық  ұстанымдарын  саралау,  ең  бастысы,  коғамдық 
маныздылығын  уәждеу  қазіргі  лингвстикалық  зерттеулердің  қажет  діңгегін  құрайды.  «Әрбір 
халықтың  тарихында  үлкен  әлеуметтік,  қоғамдық,  мәдени  өзгерістер  дәуірі  болатыны  хақ. 
Халық  тарихындағы  осындай  өзгерістер  сол  халық  тілінің  сөздік  қорына  әсерін  тигізбей 
қоймайды. Өмірге қанша жаңалык, канша жаңа зат пен жаңа ұғым қосылса, тілге де соншама 
жаңа  сөздер  мен  сөз  тіркестері  қосылып  отырады»  [2;  103-6.],  -деп  ғалым  Ш.Сарыбаев 
ескерткендей,  тіл  дамуын  айғақтайтын  бұл  өзгерістер  халықтың  тілдік  қорынан  ғана  емес, 
өмірлік тәжірибесінен де, мұрагерлік қазынасынан да орын алары анық. 
Когнитивтік  әлеуметтану  мен  әлеуметтік  тіл  білімі  мәселелерін  сабақтастырудан 
туындаған  бұл  бағыттың  да  бүгінгі  күні  өзіндік  ұстанымдары  да,  тұжырым-қағидалары  да 
өзекті тақырыптарға ұласып, маңызды тілдік зерттеулерге арқау болып отыр. «Халықтың әдеби 
тілінің  қалыптасып,  дамуы  сол  халықтың  әлеуметтік  тарихымен  тығыз  байланысты...  Әдетте 
қоғамның  азаматтық  тарихының  тіл  дамуына  әсері  едәуір  кідіріспен,  кешеуілдеп  жүреді. 
Әлеуметтік-саяси, идеологиялық өзгерістер болған күннің ертеңіне тіл өзгеріп шыға келмейді. 
XIX  ғасырдың  II  жартысынан  бермен  қарай  қазақ  халқының  әлеуметтік-саяси  өмірінде  не  бір 
өзгерістер,  жаңалықтар  болып  өтті,  бірақ  тіл  өзінің  негізгі  сипатын  түбегейлі  өзгерткен  жоқ, 
рас,  сөздік  қазына  молықты,  грамматикалық  нормалар  тұрақтала  түсті,  функционалдық 
стильдердің жеке белгілері айқындала түсті т.т. ...», - деп атап көрсетеді тілші Р.Сыздықова [3; 
23-6.]. Шын мәнінде, тіл мен қоғамның байланысы, бір-біріне әсер ету ерекшеліктері бір күнде 
не  бір  мезетте  байқала  қоятын  катынастар  құрамына  енбейді.  Ол  үшін  қоғамдық-саяси 
жағдайлардың деңгейін, әсер ету күшін әрі танылу сипатын сұрыптайтын арнайы уақыт керек, 
өйткені  тіл  адамзат  жаратылысының  негізі  ғана  емес  әрі  сол  адамдар  өмір  сүретін  қоғамның, 
қарым-қатынас нормаларының сарапшысы да бола алады. «Заман қозғалысы тілді де қозғады» 
деп  тұжырымдаған  Р.Сыздықтың  ғылыми-танымдық  талдаулары  әлеуметтік  тақырыппен, 
қоғамдық  фактормен  тығыз  байланысты.  Тіл  табиғатын  анықтау,  оның  таныммен  байланысу 
нормаларын  сұраптау  мәселелерінің  бүгінгі  күні  әлеуметтік  және  саяси  ықпалмен  түсіндіріле 
зерттелуі  тілдік  танымның  уақыт  пен  заман  сұрыптаған  заңдылықтармен  ұштасуы  деп 
түсіндіруге болады. Оның айқын айғағы ретінде осы кезге дейін тілшілер лексикалық қабаттың 
өзгеру,  толығу  жолдарын  талдап,  сөздік  құрамға  енген  бірліктердің  кірігу  уәжін  айғақтауды 
мақсат  етсе,  қазіргі  тілдік  ізденістердің  дені  экстратанымдық  себептердің  тарихи  тұрғыдан 
дәйектелген,  пәлсапалық  болмыс  тұрғысынан  айқындалған  әрі  әлеуметтік  сана  тарапынан 
қабылданған  қорытындыларына  негізделіп  келеді.  Бір  жағынан,  «сөздік  құрамның  дамуына 
әсер  ететін  факторлар  -  қоғамның  әлеуметтік  құрылысының  өзгеруі,  өндірістің, 
мәдениеттің,ғылымның  дамуы»  деп  талданса  [4;  62-6.],  екінші  жағынан,  қазақ  әдеби  тілдің 
қалыптасуы  мен  даму  тарихы  «қоғамдық  сананың»,  «патриоттық  танымның»,  «халықтардың 
өзін-өзі тану санасының оянуының» жемісі деп танылды. 
Сондықтан автор «Қоғам өмірімен етене қабысқан тіл - сөйлеу тәжірибесі, оның лексикасы сол 
қоғамның  тыныс-тіршілігіне  орай  әр  алуан  тематикалық  серияларға  бөлініп,  бірқатарының 
мағыналары өзгеріп, енді бірсыпырасы тұрақталып, терминденіп жатады. Қысқасы, лексиканың 
белгілі  бір топтары сол қоғамның сол дәуірдегі  мазмұн-мәнін көрсететіндей дәрежеде қызмет 
етеді...»  [4;  141-6.J  деп  тұжырымдайды.  Демек,  әлеуметтік  таным  -  тілдік  қордың  молаюына, 
сөйлеу  тәжірибесінің  қалыптасуына  тікелей  әсер  ететін  экстралингвистикалық  фактор.  Ол 

Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Филология гылымдары» серинсы, Л’°2 (32),20Юж. 
 
 
«әлеуметтік  диссонансты  (кереғарлықты)»  [5;  72-6.]  көрсететін,  коғамдық  сананы 
қалыптастыратын қозғаушы күш бола тұра, тілдік бірліктердің қоғамдағы орны мен қызметін, 
әлеуметтану  саласына  қосар  өзіндік  үлесін  сұрыптауға  мүмкіндік  беретін  когнитивтік 
ұғымдардың бірі болып табылады, сол себепті «әлеуметтік танымды ішкі сәйкестіктері бар көп 
деңгейлі үрдіс» [6; 7-6.] ретінде қарастыру қажет. 
Адам белгілі бір қоғамның мүшесі, ұлттық-мәдени дамудың жемісі болғандықтан, оның 
танымдык  әрекеті  де,  бойындағы  психологиялық  өзгешеліктері  де  алуан  түрлі  әлеуметтік-
мәдени  факторлардың  ықпалымен  түсіндіріледі.  «Бүгінгі  күні  эмоцияны  білдіру  кезінде 
байқалатын  ерекшеліктер  тек  биологиялық  дамудың  нәтижесі  ретінде  ғана  емес,  әртүрлі 
әлеуметтік  топтардың,  ұлттар  мен  кәсіпкерлердің  байқатар  өзіндік  көрсеткіштері  деп  те 
танылуда. Әр жастағы балалар өз сезімдерін әртүрлі білдіреді, ол үшін әр басқа қимылдар мен 
сөздерді  пайдаланады.  Сол  сияқты  әркелкі  тарихи  кезеңдерде  адамдар  өз  сезімдерін  өзара 
ұқсамайтын  дәрежелерде  көрсетіп  отырады...  Сонымен  қатар  әр  халықтың  да  өзіндік  ұлттық 
ерекшеліктері қалыптаскан әдет-ғұрыптарында, дәстүрлі салттарында көрініс табады... » [7; 26-
28-66.J, - деп көрсетілгендей, физиологиялық жағынан біртекті болып келетін адам атаулының 
өзі  алуан  түрлі  факторлардың  ықпалымен  әр  келкі  дамып,  әр  келкі  қарым-қатынас  жасайды, 
өзінің  ішкі  сезімдерін  де  әр  басқа  танытады.  Сондай  әсер  етуші  күштердің  бірі  -  адам  өмір 
сүретін  қоғам  мен  сол  қауымдыстық  орнататын  зандылықтар.  Таным  да  осы  аталған 
фактілердің  ара-салмағымен  өлшенеді,  сондықтан  жалпы  танымдық  тұжырымдамалардың 
қатарында когнитивтік әлеуметтану мәселелері де өз алдына оқшауланып тұрады. Когнитивтік 
әлеуметтану  дегеніміз  -  жеке  адамдар  мен  топтардың  ойлау  әрекетінде  қалыптасатьш,  орын 
алатын  әлеуметтік  ерекшеліктерді  зерттейтін  ғылым  саласы.  Бұл  бағыттағы  алғашқы  еңбек 
1973  ж.  А.Сикурелдің  дайындауымен  жарық  көрген.  1997  ж.  саясаттанушы  Е.Зерубавел 
«Когнитивтік  әлеуметтануға  шақыру»  атты  жұмысында  когнитивтік  әлеуметтанудың 
синхронды  негіздерін  аныктау  мақсатында  төмендегідей  мәселелердің  зерттелу  қажеттігін 
атады: 

 
жеке  тұлғалардың  ойлау  әрекетіндегі  ұқсастықтар  мен  айырмашылықтарды 
түсіндіру; 

 
әлеуметтік конвендияларға талдау жасау; 

 
хабарды қабылдау барысында байқалатын әлеуметтік шарттарға назар аудару; 

 
жеке  субъективті  мәселелерге  қатысты  анықталатын  талғам  үғымының 
анықтамасы, ерекшелігі; 

 
мағына  мен  мазмұн  ұғымдарының  типологиялық  және  құрылымдық  негіздерін 
құрайтын жіктеменің әлеуметтік негіздерін оқып үйрену; 

 
аса  құнды  және  қажет  оқиғаларды,  құбылыстарды  не  болмаса  процестерді 
жадыңа сақтаудың әлеуметтік ұстанымдарын зерттеу; 

 
уақыт, заман, қоғам мәселелерінің әлеуметтік даму шарттарын саралау [8; 1-6.]. 
Дәстүрлі әлеуметтану мәселелеріне қарағанда, оның таныммен сабақтасқан саласы жаңа 
ғылыми  ұстанымдар  мен  ұғымдардың  пәнаралық  негізде  қалыптасып  дамуына  әсер  етті. 
«Әлеуметтік  таным»  астарында  қоғам,  тұлға,  сана  секілді  үштік  одақтың  байланысы 
жатқандықтан,  зерттеушілер  жаңа  танымдық  әдістер  мен  бағыттарды  қолдана  отырып, 
когнитивтік ғылымның тағы бір маңызды да құнды деректанымдық жүйесін сұрыптады. Соның 
негізінде  әлеуметтану  когнитивтік  психология,  когнитивтік  лингвистика,  когнитивтік 
антропология, жасанды интеллект теориясы сияқты ғылым салаларымен бірлесе дами бастады. 
Оған  Ч.Лумис,  Р.Аксельрод,  С.Московичи,  Р.Будон  сынды  әлеуметтанушылардың  еңбектері 
дәлел  бола  алады.  Жүйелі  ізденістердің  нәтижесінде  жаңа  терминдер  дүниеге  келіп, 
әлеуметтану  ғылымында  кең  қолданыс  тапты,  айталық:  «когнитивизм»,  «социо-когнитивтік 
үрдіс»,  «когнитивтік  талдау»  және  т.б.  Танымдық  бағыттың  өзектелуі  арқылы  қоғамтанудың 
адам  санасының  қалыптасуымен,  жады  қызметінің  қажеттілігімен,  қоршаған  орта,  әлемнің 
тілдік бейнесі, қабылдау мен пайымдау сияқты ұғымдармен үйлесімді ұштасқан тұжырымдары 
айқындалды.  Ғалымдар  антропология  негіздерін  әлеуметтік  қалыптасумен,  экстратанымдық 
дамумен  байланыстыра  келе,  адам  санасында  жүзеге  асып  отыратын  процестерді  бүтіннің 
бөлшектері, динамикалы өсудің нәтижесі деп қарастыру қажеттігін дәлелдеді. «Ұжымдық жады 
-  әділдікке  негізделген  шарттардың  қайнар  көзі.  Соның  арқасында  жеке  тұлғаларға  тән 
жадының  құрылымдық,  ұстанымдық  өзгешеліктері  негізделіп,  өзіндік  құндылықтары 
сұрыпталады»  [9;  61-6.],  -  деп  зерттеуші  О.Т.Лойко  айқындағандай,  адамды  қоршаған  дүние, 
орта  -  барлығы  оның  жеке  тұлғалық  болмысын,  аксиологиялық  танымын,  рухани  өрісін 
қалыптастырады. Әлеуметтік жадының функционалды-прагматикалық, ұлттық-мәдени, табиғи 
мінездемесін зерттеген автор жадыда сақтау мен ұмытудың өзін өмір мен қоғам қажеттілігінен 
туындайтын фактор деп қарастырды. Мәселен, ұмыту сөзінің орыс тіліндегі баламасына талдау 
жасағанда,  О.Т.Лойко,  ең  алдымен,  сол  сөздің  дыбысталу  ерекшелігіне  мән  берді:  «забыть» 
және  «за-бытия»  деген  мағыналардың  негізінде  жатқан  «болмыс»  сөзі  бұл  құбылыстың  тек 

Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Филология гылымдары» серинсы, Л’°2 (32),20Юж. 
 
 
уакыттық  немесе  мезгілдік  көрсеткішін  ғана  емес,  сонымен  қатар  сыртқа  көрінбейтіндей, 
жасырын  күйде  сақталып  отыратын  ерекшелігін  дәлелдейді  деп  тұжырымдады.  Оны  ғалым 
«жады  мен  естен  шығарудың  арасындағы  дихотомиялы,  яғни  екі  жақты  әрекеттің  көрінісі», 
«адам санасында сақталар ішкі қордың латентті не болмаса құпия дамуы» деп түсіндірді [9; 19-
6.].  Автор  генетикалық  және  әлеуметтік  жадыларды  өзара  салыстыра  отырып,  екіншісін 
танымдық және тәжірибелік әрекеттер қоры деп қараған дұрыс деген қорытындыға келді. Адам 
жадында  сақталар  мәліметтер  қазіргі,  күнделікті  тұрмыс-тіршіліктің  негізінде  ғана  емес, 
әртүрлі  тарихи  дәуірлер  мен  кезеңдердің  үлгісінде  көрініс  тауып  жинақталатындықтан, 
әлеуметтік жадының құрылымдық сипаттамасына ғалымдар қабылдауды, жасыруды, сақтауды, 
қолдану  қажеттігіне  орай  сыртқа  шығаруды  жатқызып  келді,  сол  себепті  зерттеушілер 
жадының қоғамдық өзгешелігі деген мәселе шеңберінде символ мен метафора ұғымдарына да 
зер салды, оларды әлеуметтік жадының мазмұндық хабаршысы, танымдық сабақтастырушысы 
ретінде  бағалады.  Олар  «Метафора  салыстыруға  негізделген  құрал  бола  тұра,  бұрыннан 
орныққан, бірақ әр кез қалыпты жағдайда кабылдана бермейтін қоршаған орта байланыстарын 
танудың көзі болып табылады, өйткені метафораланудың өзі адам болмысымен  өлшенеді» [9; 
156-6.], - деп тұжырымдады. 
Тану  мен  қабылдау  бір  жағынан  қоғамдық,  екінші  жағынан  ұлттық-мәдени  көрсеткіш 
болғандықтан,  әлеуметтік  танымның  көкейтесті  мәселелері  қатарында  ғалымдар  «этос» 
ұғымына  назар  аударды.  А.К.Бондарев  «Этос»  маңызды  ғылыми  және  іскерлік  тәжірибеде» 
атты  мақаласында  аталмыш  терминнің  қолданылу  аясын  салыстыра  келе,  оның  қоғамдық, 
ұжымдық сана тұрғысынан зерттелу ерекшелігіне тоқталды. «Этос» - көне грек пәлсапасында 
танылған  терминдердің  бірі.  Кезінде  А.Лосев  те  бұл  сөздің  «мінез-құлық»  деп  аударылу 
өзгешелігіне  назар  аударған,  ал  ангика  эстетикасында  әрі  өнертану  саласында  ол  «стиль», 
«ерекшелік»,  «индивидуалдылық»  секілді  мағыналарда  қолданған...  «Этос»  ұғымының  аясы 
кеңейе келе, ол адамның ішкі қадір-қасиетіне негізделген ұжымдық сананын құнды бөліктерін 
құрайтын  құбылыс  ретінде  таныла  басталды...»  [10;  ЗЗ-б.].  Сонда  әлеуметтік  тұрғыдан  этос 
«белгілі  бір  мәдениеттің  құндылықтары  мен  идеалдары»  болып  табылатынын  ескерсек, 
қоғамдық  сана  мен  танымды  да  сол  мәдени-этникалық  дамудың  бір  бөлігі  ретінде  қараған 
дұрыс. Демек, танымның  әлеуметтік негіздері  қоршаған  әлемнің адамға әсер етуінен  әрі  жеке 
тұлғалардың  сол  дүниемен  және  бір-бірімен  қарым-қатынас  жасау  өзгешеліктерінен 
туындайды.  «Идеология  дегеніміз  -  белгілі  бір  топтың  яки  саяси  партияның  өзі  өмір  сүрген 
қоғамның  мүдделерін  білдіретін  саяси,  праволық,  моральдік,  діни,  көркемдік,  философиялық 
көзқарастар жиынтығы» [11; 42-6.], - деп аталып көрсетілгендей, қоғам, әлеумет, халық, саясат, 
идеология секілді ұғымдар адамзат дамуына қажет шарттардың бірі болып табылады. 
Олай  болса,  әлеуметтану  мен  пәлсапа,  психология  мен  лингвистика  т.б.  ғылымдардың 
нысанын құрайтын қарым-қатынас қоғамдық дамудың да ажырамас бөлшегін құрайды. Қазіргі 
танымдық  теорияның  негізінде  жеке  тұлғалық  сананың  субъектаралық  және  қатысымдық 
әрекеттері  жататындықтан,  кез  келген  адамды  қоғамдық  арақатынастар  жемісі  деп  зерттеген 
дұрыс. Тіл адам қоғамында өмір сүріп, оның «қажетін» жүзеге асыратын құрал болғандықтан, 
тіл  білімінің  әлеуметтік  лингвистика  деп  аталатын  саласының  атқарар  қызметі  де,  ғылыми 
маңызы  да  ерекше.  XIX  -  XX  ғғ.  бастап,  лингвнстикалық  бағыттар  мен  мектептердің  бірі 
ретінде  негізі  қаланған  бұл  саланың  бүгінде  өз  нысаны,  мақсат-міндеті,  зандылыктары 
қалыптасып орныққан. Әлеуметтік лингвистика тілдің қоғамдық сипатын, стильдік саралануын, 
әлеуметтік  ерекшелігін,  қоғамдағы  қостілділік,  көптілділік  мәселелерін,  тілдік  жағдай,  тілдік 
саясат ұғымдарын және т.б. айқындауға мүмкіндік береді, анығырақ айтқанда, тілші 
Э.Д.Сүлейменова  «Әлеуметтік  лингвистика  -  тілдің  қоғамдық  қызметтерін,  әлеуметтік 
шартталған  белгілері  мен  заңдылықтарын  кешенді  түрде  зерттейтін  қазіргі  тіл  ғылымының 
маңызды бағыттарының бірі. Ол тіларалық байланыс жағдайындағы кез келген тілдің өмір сүру 
формасына,  қоғамдық  қызметінің  ауқымы  мен  сипатына  қатысты  айқындалатын  тілдердің 
қызмет  ету  ерекшеліктерін  қарастырады»  [12;  42-6.],-  деп  анықтама  береді.  Тілдің  қоғамдағы 
орны, әлеуметтік таныммен байланысы оның қатысымдық деңгейімен, нормалану дәрежесімен, 
құқықтық  мәртебесімен,  конфессиялық  ерекшелігімен,  оқытылу,  меңгерілу  сипаттарымен 
өлшенетіні сөзсіз. 
1.
 
Байтұрсынов  А.  Шығармалары.  Өлеңдер,  аудармалар,  зерттеулер.  — 
Алматы: Жазушы, 1989,- 320 б. 
2.
 
Сарыбаев Ш. Қазақ, тіл білімі  мәселелері. Вопросы казахского языкознания. - 
Алматы: Арыс, 2000. - 624 б. 
3.
 
Сыздық Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. - Алматы: Ана тілі, 1993. -319 б. 
4.
 
Сыздық Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби miлi. - Алматы: Арыс, 2004. - 
616 б. 
5.
 
Сыздық Р. Абайдың сөз өрнегі. - Алматы: Арыс, 2004. - 208 б. 
6.
 
Поляков И.В. Знаковые системы в социальном взаимодейяствии и познании. - 
Новосибирск: Наука, 1983. - 192 с. 

Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Филология гылымдары» серинсы, Л’°2 (32),20Юж. 
 
 
7.
 
Рогов Е.И. Эмоции и воля. - М.: Владос, 2001.-240 с. 
8.
 
Zerubavel  Е.  Social  mindscape.  An  Invitation  to  cognitive  sociology.  -  L.:  Harvard 
University Press, 1997. 
9.
 
Лойко  О.  Т.  Феномен  социальной  памяти.  -  Томск:  Изд.  Томского 
университета, 2002. - 
256 с. 
10.
 
Бондарев.  «Ethos»  в  глобальной,  научной  и  деловой  практике.  - 
http.//anthropology.ru/ru/texts/bondarev/ethics_l 0.html. 
11.
 
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 4 том. - Алма-Ата: Ғылым, 1979. - 671 б. 
12.
 
Аканова  Д.  [США],  Сулейменова  Э.[Казахстан].  Русский  язык  и  новая 
языковая  политика  в  Казахстане  [1991-2001].  //  Studia  Slavica.  Kazakhstan.  Доклады 
казахстанской  делегации  на  XIII  Международном  съезде  славистов.  -  Алматы:  Қазақ 
университеті, 2003. - 64 с. 
Резюме 
В статье рассматриваются и анализируются проблемы языка и социальные познание в 
научном аспекте. 
Summary 
In  article problems  of language and social  knowledge of scientific aspect  are considered  and 
analyzed. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет