Хаймулданов ерлан сеилханович



Pdf көрінісі
бет18/70
Дата17.05.2022
өлшемі3,24 Mb.
#34749
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   70
Үшінші  кезеңінде  –  (2019-2020  ж.ж.)  зерттеу  жұмысының  теориялық 
мәселері  нақтыланып  оқыту  эксперименті  жүргізілді;  эксперимент 
барысында  тест  тапсырмалары  сынақтан  өткізілді;  алынған  нәтижелер 
талданды;  зерттеу  нәтижелерінің  қорытындылары  мен  тұжырымдамалары 
жасалды;  жұмысты  рәсімдеу  аяқталды;  зерттеу  тақырыбы  бойынша  оқу-
әдістемелік  құрал  баспадан  шығып,  ол  эксперименттік  мектептердің  оқу 
процесіне енгізілді. 
Жұмыстың  мақұлдануы  және  тәжірибеге  енгізілуі.  Зерттеу 
жұмысының қағидалары мен нәтижелері «Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу 
университеті»  КЕ  АҚ  «Жаратылыстану»  факультеті  «Математика  және 
информатика» кафедрасының кеңейтілген мәжіліс отырысында талқыланып, 
зерттеу  нәтижелері  Ақсу  ауданы:  «Қ.И.Сәтбаев  атындағы  орта  мектеп-
гимназиясы»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі,  «Ж.Сыдықов  атындағы 
орта  мектебі,  мектепке  дейінгі  шағын  орталығымен»  коммуналдық 
мемлекеттік  мекемесі;  Қаратал  ауданы:  «А.С.Пушкин  атындағы  орта 
мектебі,  мектепке  дейінгі  шағын  орталығымен»  коммуналдық  мемлекеттік 
мекемесі;  Ескелді  ауданы:  «Титов  атындағы  орта  мектебі,  мектепке  дейінгі 
шағын  орталығымен»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі;  Талдықорған 
қаласы:  «№4  орта мектебі»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі,  «№16  орта 
мектеп-гимназиясы» 
коммуналдық 
мемлекеттік 
мекемесінің 
оқу 
процестеріне енгізілді.  
Жарияланымдар. Диссертацияның негізгі мазмұны отандық, шетелдік 
ғылыми кеңесшілермен бірге ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласында сапаны 
қамтамасыз  ету  комитеті  журналдарында  және  халықаралық  ғылыми-
тәжірибелік  конференцияларда  баяндалып,  факультеттің,  кафедраның 
ғылыми  семинарларында  талқыланды.  Диссертацияның  негізгі  мазмұны 
бойынша 11 ғылыми-еңбек жарық көрді. Оның ішінде 1-еуі Scopus деректер 
қорына  (процентил  –  58  және  квартил  –  Q1)  енетін  басылымда,  5-еуі 
Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым  саласында  сапаны 
қамтамасыз  ету  комитеті  ұсынған  басылымдарда,  4-еуі  халықаралық 
ғылыми-тәжірибелік  конференция  материалдарында  жарияланды.  Сонымен 
қатар, 2020 жылы  «Математика тестер  жинағы» атты оқу-әдістемелік құрал 
баспадан шықты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет