Халқаманұлы Шерхан 19-200-31 5-Тәжірибе Мазмұны


Шифрмəтiн блоктарын іліністіру (CBC – Cipher Block Chaining)



бет6/8
Дата07.01.2022
өлшемі1,18 Mb.
#17844
1   2   3   4   5   6   7   8
Шифрмəтiн блоктарын іліністіру (CBC – Cipher Block Chaining)

Бұл режімде блогты шифрлау үрдісі, алдындағы деректер блогын шифрлау нəтижелеріне тəуелді. CBC режімі ақпараттың үлкен көлемдерiн шифрлау үшiн жиi қолданылатын режім болып саналады. ECB режіміндегi сияқты, бастапқы М мəтiн ұзындығы шифрлау алгоритмнiң блок ұзындығына тең n блоктарға бөлiнедi. Одан кейiн деректер былайша өңделедi:

а) бiрiншi блок екi модулi бойынша C0 бастапқы векторымен қосылады;

ə) алынған мəн, блоктық шифрлау алгоритмнiң көмегiмен шифрланады;

б) нəтижесiнде шифрмəтiннiң алғашқы блогы алынады. Бұл блок келесi ашық мəтiннiң блогын шифрлау үшiн бастапқы вектор ретiнде қолданылады.

Шифрмəтiн блоктарын іліністіру режіміндегi түрлендiрудi мына формуламен сипаттауға болады: Ci=EK(MiÅCi-1), i=1,...,n.



Кері шифрлау шифрлауға қарама-қарсы жүргізіледi: Mi=DK(Ci)ÅCi-1, i=1,...,n. Бұл үдерістердiң сұлбасы суретте келтiрiлген.



Шифрмəтiн блоктарын тiзбектеу режіміндегi (а) шифрлау жəне (ə) кері шифрлау алгоритмнiң сұлбасы

Бұл режімдi қолданғанда алынатын шифрмəтiн, электрондық кодалық кiтап режімі көмегiмен алынған мəтiнмен салыстырғанда криптографиялық тұрақтылығы жоғары болады. Мұның себебi – шифрмəтiннiң əр блогы одан бұрын шифрланған блоктардың барлығына тəуелдi. Шифрмəтiн блоктарын іліністіру режімінiң бұл қасиетi қосымша мүмкiндiк бередi – соңғы блок, бастапқы мəтiн мен шифрмəтiннiң барлық блоктарына тəуелдi болғандықтан, оны хабардың тұтастығын бақылау үшiн қолдануға болады. Бiрақ, бұл режімде соңғы блоктың толық болмау мəселесi шешiлмеген. Бұл мəселенi шешу үшiн блоктық шифрлау алгоритмдi ағындық шифрлау жүйесiне түрлендiретiн шифрмəтiн бойынша керi байланыс жəне шықпа бойынша да, керi байланыс режімдері қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет