Халқаманұлы Шерхан 19-200-31 5-Тәжірибе Мазмұны



бет8/8
Дата07.01.2022
өлшемі1,18 Mb.
#17844
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Практика

Қолданылған әдебиет:

А.Ш. Тұрым, Б.М. Мұстафина, А.Ə. Шайқұлова 74-78 бет.

Фейстель желісі

Хорст Фейстель əзірлеген көп рет қайталанатын құрылым -Фейстель желісі немесе Фейстель құрылмасы (Feistel cipher, Feistel network) деген атқа ие болды. Осы құрылма көмегімен шифрлау бағдарламалақ деңгейде де, аппараттық деңгейде де жеңіл жүзеге асырылады. Блоктық шифрлардың көбісі Фейстель желісін пайдаланады 1, 34, 37].



Ашық мəтін белгілі бір ұзындығы бар блоктарға бөлінеді. Блок ұзындығы жұп болу керек

Шифрлау кезінде ашық мəтін блогы тең екі бөлікке бөлінеді – оң жақ (R) жəне сол жақ(L). Əрбір циклда оң бөлік R раундтық ki кілтінің көмегімен f(R,k) функциясы бойынша түрлендіріледі (ki

кілттері бастапқы құпия кілттен алынады). Операция нəтижесі, сол бөлікпен L екі модулі бойынша қосылады. Содан кейін оң жəне сол жақтар бір-бірімен орын ауыстырады. Əр циклдағы түрлендірулер ұқсас болып келеді, соңғы циклды түрлендіру орындалмайды.

Фейстель желісінің негізгі бір ерекшелігі – раунд функциясының f функциясы қасиеттеріне тəуелсіз қайтымды болғаны. Мұндай құрылым бір алгоритмді шифрлауға да, кері шифрлауға да қолдануға мүмкіндік береді. Шифрлау үрдісінің i-ші циклындағы Фейстель желісінің (құрылмасының) жүзеге асыратын түрлендіруінің түрі мынадай:

Lі =Rі-1, Rі =Lі-1Å f(Rі-1, kі).

Бұл жерде: Lі, Rі– блокты ki кілтін қолдана отырып, f функциясының көмегімен шифрлау нəтижесі.

Кері шифрлау үрдісі мына формула түрінде жазылады:

Lі-1 =RіÅ f(Lі, kі),Li-1 Ri-1 Li Ri F Å ki

2.20-сурет. Фейстель желісінің жалпы құрылымы

Rі-1 =Lі.

IDEA, Blowfish, CAST-128, XTEA-3, RC5, RC6, RTEA

сияқты, т. б. алгоритмдердің пайда болу кезінде Фейстель желісі кең таралған. DES жəне ГОСТ 28147-89 блоктық шифрларының негізiнде де Фейстель желісі деп аталатын құрылым жатыр. Ал



блоктық Rijndael алгоритмінде SP-желісі (ауыстыру-орыналмастыру желісі) пайдаланылады.

Қолданылған әдебиет:

«Ақпарат жабу негіздері»

А.Ш. Тұрым, Б.М. Мұстафина, А.Ə. Шайқұлова 79-80-81 бет.

А.Ш. Тұрым, Б.М. Мұстафина, А.Ə. Шайқұлова 74-78 бет.

А.Ш. Тұрым, Б.М. Мұстафина, А.Ə. Шайқұлова 90-92 бет.

А.Ш. Тұрым, Б.М. Мұстафина, А.Ə. Шайқұлова 101-107 бет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет