Халық ақыны, жыраулық өнердің шебері Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жаһандану дәуіріндегі жамбылтанудың жаңа арналары және оны оқыту мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция



Pdf көрінісі
бет16/65
Дата25.11.2023
өлшемі1,81 Mb.
#125861
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   65
Байланысты:
28.12.2021-zhinak 2

ЖАМБЫЛ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ПАТРИОТИЗМ 
Дәулетова А.Н. 
аға оқытушы, филология магистрі,
 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, 
Атырау, Қазақстан 
Аңдатпа.
Мақалада Жамбыл Жабаев өлеңдеріндегі патриотизм, отансүйгіштік, елін 
қорғау мәселелері қарастырылады. Ақын өлеңдеріндегі патриотизмнің еңбек адамдары мен 
солдаттар бойынан көрініс табуы болашақ ұрпаққа насихатталады. 
Түйін сөздер:
патриотизм, отансүйгіштік, халықтар достығы, азаматтық пафос, ақын-
импровизатор т.б. 
Қазіргі әлеуметік-мәдени жағдайдағы Жамбыл феномені оның шығармашылғының
халық поэзиясынан бастау алып, халықтың өмірімен, тарихымен тығыз байланысты
болуымен маңызды. Ақынның қайталанбас суырып салмалық дарыны, оның 
шығармашылығық бастауы әр елдің ғалымдары мен жазушыларын жаңаша ойландырады. 
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология 
ғылымдарының докторы Сейіт Қасқабасов Жамбыл Жабаевты айтыстың теңдесі жоқ шебері 
деп бағалаған болатын. Айтыс жанрында ақын өзін көркем ойы мен шырынды тілді бойна 
сіңірген сөз зергері ретінде таныта білді. Ақын айтысқа жаңа тақырыптар ала келді. Осы 
арқылы ол жанрды айтарлықтай байытып, жаңартқаны белгілі. Оған Жамбыл ақынның 
айтыстары куә. Жамбыл Жабаевтың асқан ақындық дарыны осы айтыcтарында көрінген 
болатын. 
Жамбыл Жабаев ақындығын алғаш зерттеушілердің бірі Е.Ысмайылов: «Жамбылдың 
халықтық даналықпен жырлаған поэзиясы қазақ әдебиетінде көлемді ғана емес, бүкіл дүние 
жүзі әдебиетінде айрықша маңызды орын алады» [1,55] деген болатын. Расында, ХХІ 
ғасырда қазақтың ұлы ақын-импровизаторының есімі, шығармашылық мұрасы 
Қазақстанның тысқары жерлеріне де белгілі болды. Ақын шығармаларындағы әлеуметтік-
азаматтық пафос, Отанға деген сүйіспеншілік, халықтар достығы, шығармаларының 
эпикалық ауқымы мен тереңдігі оның тұлғасы мен шығармашылығына деген тұрақты 
қызығушылықты алдын ала айқындап берді. Бұған ақынның поэтикалық шығармаларының
болгар, ағылшын, венгр, испан, қытай, корей, поляк, неміс, француз, чех сынды елуден астам 
тілге аударылуы дәлел. 
Өнердің басты міндеттерінің бірі – қоғам мүшелерін шынайы патриоттық, 
интернационализм рухында тәрбиелеу.
Жамбыл Жабаев туындыларындағы басты тақырыптық бірі ұлтжандылық, 
патриоттық тәрбие. Ақын соғыс жылдары жазылған патриоттық өлеңдерінде өлім мен өмір 
арпалысындағы совет жауынгерлеріне жігер беруге тырысты. Солардың бірі «Майданға 
хат», «Ленинградтық өренім» тағы басқа шығармалары. 
Неміс басқыншылары 1941 жылы елге басып кірген сәтінде Жамбыл ақын «Ата 
жаумен айқастық» атты толғауын арнайды: 
«Асқар таудай еліме, 
Байтақ жатқан жеріме, 
Шапты фашист, дегенде 
Ашуменен аралас 
Жыр да келді көмейге 
Қаһар қаулап денемді! 
Көз жібердім мен елге: 
Сонда елімнің түрінен 
Тастай болып түйілген 
Қаһармандық аңғардым 


48 
Жау сазайын берерге» [2,258] 
деп елге қауіп төнген кезде барша жұртты өз Отанын қорғауға, бірлікке, жауды 
талқандауда малды да, жанды да аямау керектігін насихаттайды. Ақын Ұлы Отан соғысы 
жылдарында патриотизмге, жігерге толы өлең, жыр, дастандарды көптеп жазды. Ақын 
жаумен шайқасқан, Отанды қорғаған, ерекше ерлік көрсеткен жауынгерлерге, қалаларға, 
әскери бөлімшелерге жеке арнаулар ғана емес, Бүкіл Кеңес Армиясына жыр шығарған 
болатын.
Мәселен, «Кеңес гвардеецтеріне», «Москваға», «Ленинградтық өрендерім», «Воронеж 
батырларына», «Қамал бұзған қаһарман», «Жау ажалы жақын» т.б. Мысалы: 
Ленинградтық өренім, 
Мақтанышым сен едің! 
Нева өзені сүйкімді, 
Бұлағымдай көремін. 
Жасағам жоқ өмірді, 
Жау сойқанын көргелі 
Төккенім жоқ терімді, 
Шер қылғалы кеудені. 
Нева алабын қорыңдар, 
Ленинградтың ерлері! 
Ұрпаққа үлгі болыңдар, 
Заманымның өрнегі![2,270] 
Жамбыл Жабаев бұл туындысы Ленинградтың қоршауда қалған қаланың қиын сәтін 
суреттеді. Яғни азығы аз, суы тоқтаған, отыны жоқ, жарығы жоқ, үздіксіз оқ жауған қала 
бейнесі сомдалады. Бұл жыр қоршауда қалған ленинград солдаттарын рухтандыру 
мақсатында жазылған. Жыр тек солдаттарға ғана емес халқының да жігерленуіне үлкен 
қызмет атқарды.Бұл жырдың ленинград солдаттарына күш беріп, әсер еткендігіне
Ленинградты қорғауда болған жазушы Всеволод Вишневский пікірі дәлел. 
Осындай жігерлі, жалынды, патриоттық рухтағы туындысымен халықты, армияны, 
майдан мен тыл ерлерін, батырлыққа, ерлікке, қаһармандыққа, шыдамдылыққа, Отан үшін 
жанын біруге үгіттеп, рух береді. Ақын жастарды Отанды сүюге, бойында отансүйгіштік 
қасиетін тәрбиелеуге, әр адам тағдырын өз елінің тағдырымен сабақтастыруға үндеген. 
Осындай патриоттық туындылары арқылы кез келген сәтте елге қауіп төнгенде елін жаудан 
қорғауға дайын болуға белсенді ұстанымды оятады. 
Ақын Ленинград қаласын Отан ұғымымен бірлікте береді. Ақынның «Біздің дәуір 
батырлары» атты өлеңінде де «Отан үшін құйылған, Жамбылдың да жыры бар» [3,172] деп 
Отанды қорғау міндет екендігі айтылады. «Отанды сүй» жырында да ел достығы, ел бірлігі, 
халықты, сол заманғы бақытты заманды, Отанды сүюге шақырады. 
Ақын ойынша патриотизм мен еңбек ету ұғымдары өзара байланысты. Кез келген 
адам еңбек етуі шарт. Ал еңбекпен қуаныш, азаттық сезімдері қатар келері сөзсіз. Мысалы: 
Жер жырттық, қайнады еңбек, егіс салдық, 
Жарыспен еңбек жазын бір қарсы алдық. 
Қыртысын қара жердің қарыс айырып, 
Қажымай жер қазынасы қабын жардық [2,178] 
Жамбыл Жабаев жырларында болашақ ұрпақ пен өмір, еңбек арасында сабақтастық 
бар. Ақынның түсінігінше адамның еңбегін жырға қосу - олардың ерлігіне тәнті болу, 
еліктеу. Ақынның «Өнер туралы жыр», «Жеңіс жыры», «Халқыма жыр тарту», «Мал 
шаруашылығы мамандарына» т.б. өлеңдері Отансүйгіштік пен ақ адал еңбекті 
насихаттайды. 
Ақын өлеңдерінде болашақ ұрпақты ұлтжандылыққа, елін, туған жерін қадірлеуге, 
Отанын сүюге, батырлыққа насихаттайды. Жас ұрпақ бойында осы сезімдерді тәрбиелеуге 


49 
тырысады. Яғни әр ахзаматтың жүрегінің елім деп соғуын қалайды. Жастардың бойында 
халқының ұлттық және рухани азаматтық сезімдерін қалыптастыруға тырысады. Өз 
туындылары арқылы жастарды осы жолда тәрбиелеу керектігін үгіттейді. Жамбыл 
Жабаевтың патриоттық туындылары жауынгерлерге немістерге қарсы рух беретін, идеялық 
қару болып табылды. 
Қорыта келе айтарымыз, ақын поэзиясының патриоттық бағдары даусыз. Жамбыл 
ақын өзі үшін дала батырларының ерлігін жырлаған, туған жерін мақтан еткен өз дәуіріндегі 
теңдесі жоқ ақын. Ақын шығармаларының басты мақсаты қоғам азаматтарын патриоттық 
рухта тәрбиелеу. Жамбыл ақынның пайымы бойынша патриотизм дегеніміз өз Отанының 
шексіз, қайталанбас сұлулығы. Жамбыл ақын шығармалары арқылы бүгінгі ұрпақ сол 
заманда өз Отаны үшін аянбай еңбек еткен, өз Отаны үшін жанын қиған патриот ерлерді 
тани алады және солардай болуға тырысады. Ақын өлеңдерінде патриоттыққа бағыттайтын 
басты сөздер: Отан, халық, ерлік, ұрпақ. 
Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы қарапайым халықтың ауыр езгісіне қарсы 
стихиялық наразылықтың көрінісі болды. Ақын қоғамдық өмірдегі келеңсіздіктерді батыл 
айыптап, халық мүддесін батыл қорғап, оның ауыр халін жеңілдетуге тырысты. Ақын әр 
адамның қоғамның бір бөлшегі, оның физикалық және рухани жағынан барынша іске асуы, 
оның ойынша, ел, Отан, халық игілігі үшін еңбек ету арқылы ғана мүмкін болады деген 
идеяны оятады. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.Ысмайлов Е. Ақындар. Монография.- Алматы: «Жазушы»,1956 
2.Жабаев Ж. Екі томдық шығармалар жинағы. ІІ том- Алматы: «Жазушы»,1982, 438б 
3.Жабаев Ж. Екі томдық шығармалар жинағы. ІІ том- Алматы: «Ғылым»,1996, 384б 


50 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет