37
еді. Ұлттың ұлы поэзиясы Мәскеуде жырланды, қазақ елінен барған декада сәтті сапар
болды.
Көп ұзамай Екінші дүниежүзілік соғыс басталып, Жамбыл жылағанды жұбатып,
халқына рух беретін көсемдік сөздерін жырымен білдірді:
«Асқар таудай еліме,
Байтақ жатқан жеріме
Шапты фашист дегенде:
Ашуменен аралас
Жыр да келді көмейге.
Қаһар қаулап денемде,
Көз жііібердім мен елге.
Сонда елімнің түрінен –
Қаһармандық аңғардым» [3, 52].
Жамбылдың рухты жырлары
өзге тілдерге де аударылып, тарап жатты. Ақынның
ұлы – Алғадай да ел қорғауға аттанып, «батырлар рухы қолдасын» деп жырымен ұлын да
шығарып салды. 1943 жылы Алғадай ұлынан қара қағаз келгенде де «Алатауды айналсам,
Алғадайды табам ба?» деп зарлы жырын да төкті. Халыққа арнаған өмірінің шынайылығы
болар, соғыс аяқталған жылы 1945 жылдың 22 маусымы күні Жамбыл Жабаев дүниеден өтті.
Ә.Тәжібаев естелігінде ақын дүниеден өткенде қырғыз елінен келген Оспанқұл мен
Әлімқұлдың көңіл айтуын да ерекше бедерлеп жазыпты.
«Сөйлей көр тіл мен көмейім,
Сөйлейін демей не дейін.
Қаралы күні, қазағым,
Қайғымды шертіп желейін.
Оң жақта
Жәкем жатқанда,
Жыламай қалай көнейін.
Жәкем жоқ енді дегенге
Жұртым-ау қалай сенейін» [2, 189].
М.Әуезов қайғыны көтеріскен қырғыз ақындарына қазақ бауырлары атынан
тоқтау айтып, өлеңмен жауап беруінқалайды. Асау үнді гармонымен Нартай Бекежанов
«Қайнаған дерттеі бастатын, Жырменен көмек бердіңдер, Жазылғандай болды ғой,
Жанымның қанды жарасы» деп сабырлық білідіріпті. Жамбылдың ақынды күші де қара
халықпен
бірге болып, бірге өскен болатын. Барлық өлең жырлары қазақ халқының «қара
шекпеніндей» бітім күйде болды.
Ә.Тәжібаевтың «Жылдар, ойлар» кітабы Жамбылтанудың алғашқы беттері , ақынды
іздеп, барып, алғашқы жыр шумақтарын жазып алуымен ерекшеленеді. Бұл орайда
Жамбылтануға қатысты алдымен Жамбылдың өмірбаянының жүйелену жолына қосқан үлесі
байқалады. Одан соң ақынның әдеби мұрасының жиналып, хатқа түсуі өзге тілге
аударылуына жол салынды.
Қорыта келгенде Ә.Тәжібаевтың естеліктерден тұратын еңбегінің ерекшелігі жүз жыл
жасаған жүрек иесі - Жамбыл Жабаевтың әдеби мұрасына алғаш барлау жасалынғандығы
дер едік.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Жамбыл Жабаев. Шығармалр жинағы. 10 томдық. 7-том. Тәуелсіздік кезеңіндегі
зерттеулер. Бірінші кітап. Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2021.-436.
2. Тәжібаев Ә. Жылдар, ойлар (Естеліктер мен толғаныстар) Алматы: жазушы, 1976.-
472.
3. Жамбыл Жабаев. Шығармалр жинағы. 10 томдық. 4-том. Естеліктер Алматы:
«Қазығұрт» баспасы, 2021.-400.