39
Ұлы Отан соғысының тақырыбына арнап Жамбыл Жабаев үш мың жолдан артық жыр
шығарды. Халқымыздың отаншылдық намысын күшейте түсуде, совет адамдарының елдегі,
майдандағы тамаша ерліктерін сипаттауда ақын жырларының тарихи маңызы зор.
Мысалға «Ленинградтық өрендерім» деген жырын алайық. Бұл жырды Жамбыл
Ленинградтың халі аса бір ауыр шақта, сүйікті Ленинград қаласы жаудың қоршауында
қалған кезде шығарды. Осы кезде Жамбыл жырының күші қандай болғандығы туралы
орыстың белгілі ақыны Александр Прокофьев былай дейді:
«Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім» деген жыры жарияланған кез Ленинград
қаласының аса бір ауыр шағы еді. Осындай ауыр кезде Жамбылдың «Ленинградтық
өрендерім» деген жыры газеттерде жарияланды. Халықтың рухын көтеруде ерекше көрінген
бұл жырды Ленинградтың радиосы күніне әлденеше рет оқып тұрды. Жыр үлкен
әріппен
басылып, көшелерде плакат боп ілінді. Сол плакатты үймелесіп оқысып, көздеріне жастары
сорғалаған талай адамды көрдім. Немістердің самолеттері төбеде ұшып бомба тастап
жүргенде, адамдар тығылудың орнына, Жамбылдың жыры басылған газетті алуға көшеде
кезекте тұрған адамдарды талай көрдім» – деп жазады [2, 29-30бб.].
Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім» атты өлеңі Ленинград халқын және оның
жауынгерлерін жігерлендіруде өте зор қызмет атқарғанын жоғарыда айтылған естеліктерден
айқын аңғаруға болады. «Ленинградты қорғау» деген атпен шыққан қалың кітапта
Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім» деген өлеңі көрнекті орын алды.
Өмір мен өлім белдескен шақта ақын қуатты жырларымен кеңес жауынгерлеріне
жігер берді. Оның жырлары жыл құсындай болып майданға аттанды. Жауынгерлерге
Ленинград, Москва, Сталинград сынды ірі қалаларды жау қолына бермеңдер деген ақын
жырларында өршілдік рух басым болды. Жауынгерлердің қайратына қайрат, жігеріне жігер
қосқан өлеңдерінің ішінен «Ленинградтық өренімді» ерекше атауға болады:
Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің.
Нева өзенін сүйкімді,
Бұлағымдай көремін…
Уа, қаһарман, өренім,
Мақтанышым, беделім!..
Қаласындағы Лениннің
Сайып қыран, өренім! [3,109б.].
Жамбылдың соғыс тұсындағы әрбір жыры,
майдан өмірінің әрбір асуына, соғыстың
кәрлі қабағы қатты түйілген әрбір кезеңдердге байланысты туды. Сталинград қаласына
қауіп-қатер төнгенде, Жамбыл атақты «Алынбас қамал» деген жырын шығарды.
Сталинградты қорғаушылардың ішінде Жамбылдың ең жақсы көретін ұлы Алғадай бар еді.
Жетінші гвардия Қызыл Ту дивизиясының хабарлауы бойынша Алғадай өз пулеметінен
сексен фашисті өлтірген. Жамбыл жырлаған сұраншы, Саурық батырлардың ұрпағы сияқты
Жамбылдың ұлы Алғадайда соғыста ерекше ерлікпен қаза тапқан.
Баласының ерлігіне сүйсінген Жамбыл «Алынбас қамалында», Алғадай туралы былай
дейді:
Жапырған жауды шалғындай,
Жібердім сонда баламды,
Сталинград қалаңда!
Қорғас деп жүрек жанындай!
– Алғадай, – дедім – аянба!
Әкеден тудың Жамбылдай,
Жырымды жеткіз ерлерге.
Майданға қаққан дабылдай,
Толқыны жойқын Еділге,
Қосылсын үнім дауылдай! [2,47б.].
40
Жамбылдың «Туған елім» атты толғауы 1936 жылы орыс тіліне аударылып, қарт
ақынның даңқы бүкіл әлемге жайыла бастайды. Халқына қадірі артып,
даңқы өрлеген
Жамбыл, шабыт тұғырына қонған Алатаудың ақиық қыранындай, жыр нөсерін селдетеді.
Оның 1936-1945 жылдар аралығында шығарған жырлары 13 мың тармақтан асады екен. Ол
ел өміріндегі табыс пен жаңғыруларды, жеңіс пен ерлік істерді ерекше шабытпен жырлайды.
Шағын жыр-толғаулар ғана емес, оның қарт көкірегінен «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр»
сияқты эпикалық туындылар қайта жаңғырып ақтарылады [3].
Жамбыл – айтыскер ақын ғана емес, абыз жырау, жауынгер жыршы. Ол шын
мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы.
Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық
поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі, басқаша айтқанда,
халық ақындарының
жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшбасшысы.
«Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып
халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» - дейді Сәкен
Сейфуллин. Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол
жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді.
Жамбылдың қанатты шабытпен дүниеге келген шығармалары әлемнің бірнеше
тілдеріне аударылып дүние жүзіне тарады. Жамбыл бейнесі қазақ өнерінің барлық түрінде,
барша жанрында шабытпен бедерленіп, ұлттың рухы биік ұлы тұлғасы екенін әйгіледі.
Патриотизмге тәрбиелеу барысында жас ұрпақта патриоттық сана, патриоттық сезім
қалыптастрыудың танымдық мәні естен шығарылмау керек. Оқушының білімін жетілдіре
отырып, елжандылыққа тәрбиелеуде оқушының санасына халқына деген құрмет пен
мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру, халқының тарихын, әдебиетін, өнерін, салт-
дәстүрін меңгерту – жан-жақты жетілген, жаңа ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі
өмірдің
заңдылығы.
Ұлттық тәлім – тәрбие беруде болашақ ұрпақтың бойына қазақ халқының өткен
тарихы, сол тарихтағы ұлы тұлғалар, елім деп еңіреген ерлер, халықтың болашағын ойлаған
ақын-жазушылар жайлы білімді жастарға тереңірек сіңіру керек.
Өз ұлтының мақтанышы болған, батыр атамыз Бауыржан Момышұлы: «Барлық халық
пен ұлт барлық ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті, әрбір азамат өз ұлтын сүюге
тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды
танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс», - дейді.
Бұл айтылған ойдың астарында өз ұлтыңды ерекше сүй, сол арқылы өзге ұлтты сүюге
үйрен деген ой жатыр. Ұлт болу үшін, елдігіңді сақтау үшін, елінің тарихы мен әдебиетін,
мәдениетін, елінің тілің, ділің жас ұрпақтың бойына жан-жақты ұлттық тәрбиенің қайнар
көздері арқылы тәрбиелеу баршамыздың парызымыз деп білеміз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім тәрбесі. – Алматы, 1995
2. Жыр алыбы (Жамбыл жайлы естеліктер) Құрастырған: Қ.Жұмаділов. – Алматы:
Жазушы, 1971
3. Жамбыл Жабаев Өлеңдер, айтыстар, дастандар. Құрастырған: Садырбаев С. –
Алматы: Мектеп, 1989.