Халық ауыз әдебиеті емтихан билеттері билет №1 Фольклордың өзіне тән басты ерекшелігі Тұрмыс-салт жырлары


БИЛЕТ №18 1. «Алпамыс батыр» жырының жариялану және зерттелуі



бет18/21
Дата09.12.2022
өлшемі106,19 Kb.
#56163
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
қха емтихан билеттері (копия) (копия) (копия)

БИЛЕТ №18
1. «Алпамыс батыр» жырының жариялану және зерттелуі
2. Балалар фольклоры


1-сұрақ
Алпамыс батыр жыры – қазақ халқының батырлар жырының ішіндегі ең көнесі. «Алпамыс батыр» жыры баспа жүзін алғаш рет 1899 жылы («Қисса-и-Алпамыш», Қазан) көрген.Қазан төңкерісіне дейін бұл жыр 7 рет қайталанып басылып шыққан.Жырдың ел арасындағы түрлі нұсқаларын іздеп тауып, хатқа түсіріп, орысша мазмұнда бастырған – атақты фольклоршы Ә.Диваев болды.Ол бұл жырдың бір нұсқасын Ж.Бермұхамедовтен, тағы бірер нұсқасын Е.Ақылбековтың қолжазбасынан алған.
Басқа да батырлар жыры сияқты «Алпамыс батыр» жыры да Кеңес үкіметі тұсында бірнеше рет басылған.Жырдың тарихи, көркемдік мәні мен әдебиеттегі орны туралы М.Әуезов, С.Сейфуллин, Қ.Жұмалиев, Ә.Марғұлан, М.Ғабдуллин, Н.Смирнова, Т.Сыдықов сынды зерттеушілер арнаулы еңбектер жазды.Бұл қатарда орыс ғалымы Жирмунскийдің «Түрік батырлық эпосы» туралы монографиясын атап өтуге болады. «Алпамыс батыр» жырының әлемге әйгілі болуына осы ғалымдардың жазған еңбектерінің пайдасы зор болды.
«Алпамыс батыр»жырының халық арасында айрықша қастерленуі оның нұсқасының көп болуына ықпал еткен. Мысалы, қазақ тілінде жырдың 10-11 нұсқасы бар.Қазан төңкерісіне дейін бұл жырды Қазақстанның барлық облыстарында айтып келген.Жырдың түрлі нұсқаларын айтқандар С.Аққожаев, Ә.Байтұрсынов, Е.Керімбетов, А.Нысанов, Ж.Жақыпов тәрізді ақын-жыршылар болып табылады. Әсіресе, Сұлтанбек Аққожаевтың жазып алған нұсқасы ең толық, әрі көркем түрі.
«Алпамыс батыр» жырының қалыптасу, даму тарихы жөнінде ғалымдар арасында түрлі көзқарастар бар. Әр ғалым өз тұрғысынан топшылайды. Мысалы, проф.В.М.Жирмунский мен Х.Т.Зарифов былай дейді: «Өзінің шығу тегіне қарағанда «Алпамыс» қоңыраттардың рулық эпосы…Қоңыраттардың ру есебінде тарихқа белгілі бола бастауы монғолдардың жаулап алуымен байланысты». Бұл пікірді проф.А.К.Боровков «Алпамыс» жырының туған кезі – XII-XIVғғ. арасы болуы керек дейді. Ал акад.Ә. Марғұлан «Алпамыс» қыпшақ заманында туған, содан қалған жыр екендігін айтады.
«Aлпaмыс бaтыр» жыры жaйындa пікір aйтқaн ғaлымдaрдың бірі – белгілі aқын әрі қоғaм қaйрaткері С.Сейфуллин. Оның Қызылордa қaлaсындa шыққaн «Қaзaқ әдебиеті» aтты моногрaфиясындa жырдың өзбек, қaзaқ нұсқaлaрының ерекшелігі, обрaздaр жүйесі, ұлттық дәстүрге сaй сaрындaры турaлы тиянaқты ойлaр aйтылaды.
Aкaдемик жaзушы С.Мұқaнов 1939 жылы жaрық көрген «Бaтырлaр» жинaғының aлғы сөзінде «Aлпaмыс» пен «Қозы Көрпеш-Бaян сұлуды» сaлыстырa зерттейді. Лиро-эпикaлық шығaрмaның құрылысы мен сюжеттік желісінің «Aлпaмыс жырынa» ұқсaс екенін бaйқaйды.
Мұхтaр Әуезов пен Л.Соболев «Эпос и фольклор кaзaхского нaродa» aтты мaқaлaсындa жырдың көркемдік өрнегіне ерекше ден қойғaн. Олaр Бaйшұбaрдың шaбысы бейнеленетін тұстaғы суреттерді ең нaқышты бейнелер деп біледі. Қaзaқ жырлaрындa тұрмыс-сaлт пен әдет-ғұрыптың шыншыл суреті aнaғұрлым мол ұшырaйтыны бұлaрдың aлғaшқылaры стaдия жaғынaн кейінірек, соңғылaры жaсырaқ болғaндықтaн деп есептейді.
A.С. Орлов «Кaзaхский героический эпос» деген кітaбындa қaзaқ бaтырлaр жырын орыс тілінде кеңінен мaзмұндaп шыққaн. Еңбектің ғылыми мән-мaңызы осындaғы типологиялық сaлыстырулaрғa бaйлaнысты. Ғaлым қaзaқ бaтырлaр жырынa шолу жaсaй келіп, «Aлпaмыс бaтыр» жырын көне ескерткіштер қaтaрындa қaрaйды.
«Aлпaмыс бaтыр» жырын зерттеуде елеулі еңбек сіңірген ғaлымдaрдың бірі – Т. Сыдықов. Оның бaтырлaр жырынa aрнaлып әр кезде жaзылғaн мaқaлaлaры мен кітaптaры жaнр тaбиғaтын түсінуге септеседі. Осы еңбектердегі бірнеше мәселені сaнaп өтсек те, ғaлым нaзaрының қaзaқ эпосындaғы күрделі жaйлaрғa түскенін көреміз. Aтaп aйтқaндa, ол «Aлпaмыс бaтыр» жырының зерттелу жaйынa, обрaздaр жүйесіне, нұсқaлaрынa тоқтaлғaн.
2-сұрақ
Қазақ балалар фольклоры, балалар фольклоры – халық фольклорының арналы салаларының бірі. Ол халықтың дәстүрлі бала тәрбиесінің негізінде туып қалыптасқан, ауқымы кең көркем шығармалар шоғырынан тұрады. Мазмұны ғибратты, тілі көркем, жеңіл жатталатын, ғасырлар бойына халық даналығына, тәжірибесіне суарылған Қазақ балалар фольклорыы балалардың мінез-құлқын, көркемдік талғамын танытатын, шығарм. қуат көзін ашатын асыл мұра. Ол өзінің бала табиғатына лайықтылығымен, логик. жүйелілігімен, муз. әуенімен, өнегелі мазмұнымен, ойнақы жеңіл түрімен, нәрлі тілімен балалардың рухани азығына айналған тәрбие қайнары болып табылады.
Қазақ балалар фольклоры шығу тегі мен орындаушыларына қарай – үлкендер тарапынан балаларға арналып айтылатын және балалардың өздері орындайтын шығармалар болып екі топқа бөлінеді. Алғашқысының қатарына бесік жыры, маусымдық жырлар, мәпелеу жырлары, жұмбақ, жаңылтпаш шығармалар жатса, соңғысы қаламақ, санамақ, сұрамақ, тақпақ балалар өлеңдерін қамтиды. Сонымен қатар, Қазақ балалар фольклорын ірі-ірі төрт арнаға жіктеп қарастыруға болады. Олар:
1) әлпештеу поэзиясы. Әлпештеу поэзиясына жататын жырларды шығарушылар да, орындаушылар да – ересектер. Ол жырлар сәбидің шыр етіп дүниеге келген күнінен бастап оны бағып-қағуға арналған түрлі салт-дәстүрлерді сүйемелдейді, ата-ананың, қалың жұртшылықтың сәбиге деген сүйіспеншілігін, арман-тілегін, халықтық идеалды жыр тілімен өрнектейді. Бөбектің денінің сау, ауру-сырқаудан аман, ширақ болып өсуімен қатар, ең бастысы, оның рухани жетілуіне қызмет етеді. Бұлардың өзі мазмұны мен атқаратын қызметіне қарай бесік жыры, сәбилік ғұрып жырлары, мәпелеу жыры, уату-алдарқату жыры деп іштей төрт түрге жіктеледі;
2) жеткіншектер жыры. Бұл топқа балалардың өздері шығарып, өздері айтатын және ересектер фольклорынан ауысып, балалардың орындауына көшкен жырлар жатады. Ол әлпештеу жырларынан кімдер орындайтындығымен ғана ерекшеленбейді, поэтик. құрылымымен де, атқаратын қызметімен де, тақырыптық, мазмұндық жүйесімен де ажыратылады. Бұл топқа балалар мен ересектердің орындауында қатар өмір сүріп келе жатқан наурыз жыры, жарапазан, маусымдық жырлар, арнау-тілек өлеңдер, тақпақ, сұрамақ, қызықтама, өтірік өлең, мазақтама сияқты өлең-жырларды топтастыруға болады;
3) ойындық фольклор. Мұның қатарына балалар ойыны кезіндегі ойынға шақыруға ойынды бастауға, оны жүргізуге қызмет ететін өлеңдер (қаламақ, санамақ, мен өлең ойындарды (тәжікелесу, жаңылтпаш, жұмбақ, балалар айтысы) қосуға болады. Жалпы, балалар фольклорына тән шығармалардың барлығында ойындық белгілер болатыны сөзсіз, бірақ ойындарға арналған балалар фольклорына жататын туындыларда, бұл сипат ерекше басым көрінеді, оларда ойынға тән драматизм мен қимыл-әрекет, динамизм күшті. Ойынға шақыру өлеңдері, қаламақ, санамақ, ойын ішіндегі өлеңдер тікелей балалар ойындарымен бірге өмір сүрсе, халық арасында кең тараған жұмбақ, жаңылтпаштар, тәжікелесулер сөз арқылы ойналады;
4) балалар тіршілігінде қара сөзбен айтылатын балалардың прозалық фольклоры. Балалар күнделікті өмірде ересектер аузында айтылатын магиялық фольклордан бастап, аңыз-әңгімелерге дейін үйреніп, жаттап, соларға еліктеп айтып жүреді. Солардың ішінде әсіресе, ертегілердің алдыңғы орында тұратыны белгілі. Бірақ сәби, жеткіншек жасындағы балалар ертегілердің барлығын игере бермейді. Ол балалардың жас ерекшеліктеріне қарай өзгеріп отырады. Сондықтан балалардың прозалық фольклорының қатарына оқиғасы жеңіл, шағын да тартымды, тілі жатық тізбекті ертегілерді, себептік мифтерді, үрейлі әңгімелерді, кейбір батырлық аңыздарды жатқызуға болады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет