Халық ауыз әдебиеті емтихан билеттері билет №1 Фольклордың өзіне тән басты ерекшелігі Тұрмыс-салт жырлары


БИЛЕТ №21 1. Айман –Шолпан – лиро-эпостық жыр



бет21/21
Дата09.12.2022
өлшемі106,19 Kb.
#56163
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
қха емтихан билеттері (копия) (копия) (копия)

БИЛЕТ №21
1. Айман –Шолпан – лиро-эпостық жыр
2. Көне эпос. Кейіпкерлері.


1-сұрақ
«Айман - Шолпан» жыры ғашықтық жыр мен тарихи жырдың түйіскен, екеуінің де элементі табылатын жырдың жаңа бір түрі. Жырдың оқиғасы өмірде болған, кейіпкерлерінің бірқатары елге мәлім адамдар. Бұл туралы бірнеше деректер де бар. Жырдың тууына негіз болған – ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы оқиғалар.
Жырда эпостық элементтер де жоқ емес. Олар көбінесе елдің салт, тұрмысын суреттеумен байланысты көрініп отырады. Сонымен қатар тарихи поэмаларға тән элементтер де анағұрлым басым.
«Айман - Шолпан» жырында басқа ғашықтық жырлардағыдай сүйіспеншілік, махаббат мәселесі бірінші орында тұрмайды. Мұнда Әлібек пен Айман, Арыстан мен Шолпан арасындағы махаббат, олардың жүрек лүпілі, сезімдері онша көрінбейді, керісінше әлеуметтік мәселелер алдыңғы кезекке шығарылған.
Қозы Көрпеш, Төлеген тәрізді, Әлібек Айманды іздемейді, өзі жоқта қайын атасын шауып, қалындығын алып кеткен Көтібардан өзінің ар-намысын қорғайды, барымтаға түскен малы мен жанын іздейді, сол үшін атқа мініп, атой шақырады. Сол сияқты Арыстанның да Шолпанға деген ыстық сезімдері іштей болмаса, жырда көрінбейді. Айман мен Арыстан әлеуметтік өмірде ел тыныштығын сақтау ісінде көрінеді. Жырда олардың сол жолдағы әрекет-амалы көбірек суреттеледі.
ХІХ ғасыдың бірінші жартысында қазақ даласында үлкен саяси-әлеуметтік өзгерістер болып жатты. Қазақстанның Ресейге қосылуы әкімшілік-басқару ісіне де, экономикалық-мәдени қатынастарға да бірталай жаңалық әкелді. Мұның өзі ескі феодалдық қарым-қатынастардың іргесін шайқады. Әдет-ғұрып, салт-дәстүрге әсерін тигізді. «Айман - Шолпан» жырында қазақ елінің сол кездегі өмірі реалистікпен бейнеленген. «Барсаң, сәлем айта бар жездең сорға. Қой айдап кетіп еді Орынборға», - деген жолдардан қазақ тіршілігінің енді базармен, қаламен байланысты екенін байқаймыз. Ендігі өмір тіршілігі аталы бай мен қара күш иесі батыр да емес, өмірдің, жаңа қоғамдық қатынастардың байыбына барып, соны түсіне бастаған, жаңаны сезген жастар жағында екенін көреміз. Күні өтіп бара жатқан ескі мен жаңаның арасындағы тартыс – жырдың негізгі тақырыбы. Сюжеттік-композициялық желісіндегі негізгі ой соған кеп тіреледі.
Лиро-эпос жырларындағыдай махаббат, сүйіспеншілік мәселесі емес, арқауы әлеуметтік,тұрмыстық, тіршілік мәселелері болғаннан кейін жырдың өрнегі де сол өмірдің сипатын беруге арналған. Мұнда романтикалық ерекше көтеріңкі серпін, асқақ әсірелеу, әр алуан қиялдан туған бейнелер жоқ, бәрі өмірдегі қалыпты адамдар, солардың арпалыс-тартыстары, әрекеті, қимылы беріледі. Сөз өрнегінде де ақын әсіре қызылдыққа емес, тұрмыстық детальдарға байланысты қалыпты сөздерді қолданады. Соларды шығарма арқауына енгізіп, шындық сөздерді қолданады. Соларды шығарма арқауына енгізіп, шындық өмір сипатын берген.
Жырда күні өтіп бара жатқан ескіліктің көрінісі Маман мен Көтібар бейнесі арқылы берілген. Екеуі де екі рудың белді адамы. Бірі – елден асқан бай, бірі – қара күштің иесі, батыр. Феодалдық өмірде тізгін солардың қолында болды. Бірақ Маман да, Көтібар да заман өзгерісін аңғармайды, сол бұрынғы өктемдігіне басады. Маман байлығына сеніп менменсінсе, Көтібар батырлығына, күшіне сеніп менменсиді. Жырда Маманның байлығы «Жылына боталапты бес жүз інген, Түйесін ел көшкенде арта алмаған», «Саба артып тоғыз нарға Маман келді, Он алты масатыдан кілем жауып», - деп суреттеледі. Ал Көтібарды «Шай, қантпен тоғыз нарға тоқаш артып, Көтібар өзі батыр шекті келді», - деп, оны әрі батыр, әрі бай етіп суреттейді.
Жырда Көтібар мен Маман бір-біріне кеуде көрсете, ірілік білдіре, бірін-бірі кеміте, мұқата сөйлейді. Маман Көтібарды: «Аузына ақ тимеген ...мұндар кедей», «Су артқан қара таудан қума кедей, Елінде мендей шонақ биі бар ма?.. Аузына ақ тимеген қу кедейдің, Алтыннан бақтырулы үйі бар ма? Астында қамыс үйдің жатқан кедей», - деп кемсітеді. Маман Көтібарды «қу кедей» дегенде, оны мұқату үшін айтып отыр. Көтібардың дәрежесі одан кем емес. Ал Көтібар Маманды «Ту қылып, Шекті малын не қыласың, мінгізген ашамайға ұлың бар ма?» - деп мұқатады. «Мақтағаның сабаңның мойны болса, Төрт тіліп керегеңе ілгізейін», «Алмасам тоқалдыққа Айманыңды, Көтібар менің атым жерге кірсін», - деп, күш көрсете сөйлейді. Маман байлығын бұлдаса, Көтібар күшін бұлдайды. Екеуінің де адамгершілік қасиеті көрінбейді. Екеуінің де бар тыныс-тіршілігі байлық, қара күш. Ал құр байлық пен батырлықтың дәурені өтіп бара жатқанын байқамау екеуін де күлкілі жағдайға киліктіреді. Жырдағы комизм осыған байланысты. Шығармада да Маман да, Көтібар да әлін білмеген әлектің керіне ұшырайды.
Маман мен Көтібарды бейнелеуде ажуалау, мысқылдау тәсілі ұтымды қолданылған. Алдымен жырдағы оқиғаның бірінші байланысы болған «алтын үйге» таласудың өзі – күлкі. Түкке тұрмайтын нәрсеге бола екі рудың үлкен екі адамының: «Ел шабамын», «Шаба алмайсың», - деп ант-су ішіп, серттесуінің айналасында жырда көп шындықтың беті ашылады.
2-сұрақ
Қазақ фольклорының тарихи сипаты басым көркем де құнды саласы-эпостық жырлар. Эпос деп оқиғасы ел өмірінен алынып, образдары ірі әрі кемелді түрде жасалып, батырлық немесе ғашықтық сюжетке құрылған үлкен-үлкен эпикалық жыр-дастандарды айтамыз. Қазақ эпосының түрлері: 1.Көне эпос; 2.Батырлық эпос; 3.Ғашықтық эпос; 4.Тарихи эпос. Қазақтың көне эпостарына: «Құламерген, Жоямерген», «Таласбай мерген», «Дотан батыр», «Құбығұл», «Мұңлық-Зарлық» жатады. Алғашқы адамдарының дүниетанымын көркем елестететін мифтік, ертегілік, аңыздық оқиғаларға құрылған эпикалық туындылардың ортақ белгілері: 1. Қиял-ғажайып оқиға күрделі орын алады, адам баласына қаскөй күштер:жезтырнақ, дию, аждаһалар, албастылармен күрес, оларды жеңіп барып мұратқа жету көрсетіледі.2. Көне эпоста дүниенің жаралуы туралы мифтік ұғымдар көрініс тапқан. 3. Анаеркі (матриархат) дәуірінің ыдырап, атаеркі (патриархат) кезеңінің салты орныға бастаған шақтың сипаттарын танытатын оқиғалар кездеседі. 4.Көне эпосыта ертедегі аңшылық өмірдің суреттері неғұрлым көбірек сақталған. 5. Адамдардың сиқырлы күштерге сенуі (анимизм,тотемизм т.б.), жан-жануарлардың, өсімдік дүниесінің жаны, иесі бар деп есептеушілігі эпикалық шығырмаларда өз ізін қалдырған. 6.Баласыздық тақсіреті, әулиелер аралап, мінәжат етіп жүріп перзентті болушылық, түс көру, аян беру, болашақ қаһарманның ғажайып тууы тәрізді мотивтер сюжетке негіз болады.7.Қаһарманның жедел есеюі, жүйрік ат таңдап мініп, қауіпті алыс сапарға аттануы, жол жөнекей алуан түрлі жыртқыш, сиқырлы қас күштермен кездесуі, батырлықпен үйленуі-көне эпоста кең таралған құбылыс. Әрбір халықтың эпостық жырларының қатарынан батырлар жырының алатын орны үлкен. Батырлар жыры елдің сандаған ғасырларда бастан кешкен тарихын, салт-санасын көркем жинақтайды, түрлі оқиғаларға өзіндік көз-қарасын белгілейді, алдан күткен арманын білдіреді. Тарихта болған белгілі оқиғалар мен істердің дәлме-дәл шежіресі, көшірмесі болғанмен қаһармандық эпос сондай құбылыстардың терең тұжырымын аңғартады. Батырлар жырында ерлік, отан сүйгіштік қасиеттер асқақтата жырланады. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз мінез, қасиеттерді әсірелеп беру эпосқа тән қасиет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет