Халық ауыз әдебиеті емтихан билеттері билет №1 Фольклордың өзіне тән басты ерекшелігі Тұрмыс-салт жырлары


БИЛЕТ №13 1. Батырлық эпос. Тақырыбы мен идеясы



бет13/21
Дата09.12.2022
өлшемі106,19 Kb.
#56163
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
Байланысты:
қха емтихан билеттері (копия) (копия) (копия)

БИЛЕТ №13
1. Батырлық эпос. Тақырыбы мен идеясы.
2. Шешендік дау, оның түрлері.


1-сұрақ
Ұлт тарихын көркем жинақтайтын ірі эпикалық жанр – батырлар жыры. Батырлар - ұлттық мақтанышымыз, халықтың асқақ рухының, отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің, дұшпанға қайнаған кегінің, жан дүниесінің кіршіксіз тазалығы мен мінсіз сұлулығының көрінісі. Ол – қазақ халқының сұлу да бай тілінің мәйегі.

Батырлар жырының пафосы – туған жері мен елі үшін қасықтай қанын төккен ерлердің ерлігін жырлау. Батырлар жыры елдің сандаған ғасырларда бастан кешкен тарихын, салт-санасын көркем бейнелеп, түрлі оқиғаларға өзіндік көзқарасын белгілейді, алдан күткен арманын білдіреді. Тарихта болған белгілі оқиғалар мен істердің дәлме-дәл шежіресі, көшірмесі болғанмен батырлық эпос сондай құбылыстардың терең тұжырымын аңғартады.


Батырлық эпостың тыңдаушысына қызықты болып, атадан балаға ауысып, ұмытылмай келуінің басты бір құпиясы оның теңдесі жоқ бітімінде, өз бойына қиялдау мен бейнелеудің алуан өрнектерін сиғыза білгендігіне байланысты. Батырлар жырының сюжеті өте күрделі. Сан тарау оқиғалардың бәрі бас қаһарманның төңірегіне ұйысады. Бас қаһарман көптің тілеуімен дүниеге келген ел қорғаны, әділеттік орнатушы, көзсіз батыр, нағыз мәрт, ғажайып күш иесі. Жырдағы батыр бейнесі – сол ұлттың өршіл де асқақ рухынан туған өз бейнесі. Батырлар жырында ерлік, отансүйгіштік қасиеттер асқақтата жырланады. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз мінез, қасиеттерді әсірелеп беру эпосқа тән қасиет.


Батырлар жыры – көне эпостың феодалдық дәуірде көркемделіп, өзгерген түрі. Эпостанушылардың барлығы дерлік эпостардың сюжетін түзетін тұрақты бөлшектердің (мотив немесе сарын) болатынын атап көрсеткен.
Ш.Ыбыраев қазақ батырлар жырына тән сюжет түзуші мотивтерді былайша саралайды:
«І сюжет. Батырға тән балалық шақ және кейіпкердің үйленуі (Батырға лайық құдалық).
Суреттеу. Ру (тайпа, ата-ана, ел-жұрт) туралы сөз.
Кейіпкердің ғажайып жаратылысы.
Батырға тән балалық шақ.
Алғашқы ерлік.
Қалыңдық туралы хабар (қалыңдығын іздеу).
Қалыңдықпен сынға түсу, белдесу (немесе күйеулер арасындағы бәсеке).
Жеңіс және кейіпкердің қалыңдығымен оралуы.
ІІ сюжет. Батырға тән ерліктер.
Жаудың шабуылы туралы хабар.
Жорыққа аттану.
Батырлардың белдесуі (кейде жорық сәтсіз болып, батыр тұтқынға түседі).
Жекпе-жек жғне кейіпкердің жеңісі.
Жеңіспен елге оралу.
ІІІ сюжет. Жаудан (құлдан, бақталастан) руды (тайпаны, қалыңдықты, туған-туысты, елін азат ету.
Қалыңдық туралы немесе туған – туыстың (рудың) тұтқынға түскені (қорлық көргені) жөнінде хабар (түс көру, белгі беру).
Кейіпкердің қалыңдығына дұшпанның, бәсекелестің немесе құлдың үйленуді ниет етуі.
Қалыңдықпен жасырын кездесу немесе қалыңдығының тойын бөтен адамның кейпінде келуі.
Күрес (жарыс) үстінде кейіпкердің танылуы.
Туған жерге оралу, бәсекелестерді, құлдарды жазалау.
Той» (1, 159б.).
Батырлар жырында ерлік пен елдік мәселесінен басқа әлеуметтік мәселелер де кеңінен сөз болады. Мәселен, «Алпамыс» жырында қоңырат тайпасының басын біріктіру, қалмақтан кек қайтару мәселесімен бірге, Алпамыстың туған-туысқандарына, тайпаластарына теперіш көрсеткен Ұлтан құлды жазалап, теңдік әперу де өзекті тақырып болған.
2-сұрақ
Шешендік дау – қазақ қауымының заттық эжәне рухани даулы мәселелерді реттейтін ежелгі заңы іспеттес.

Дау жшешеннен қорқады,


Шешен мылжыңнан қорқады.


деп тегін айтылмаған. Шешендер аз сөзбен иіп келтліріп, ұшқыр сөзбжен кесіп түскен. Сондықтан да болар халқымыздың “Тіл – қылыш, титімсз жерде тый, Тиімді жерде жый” – дейтіні.

Шешендік даулар мазмұнына қарай жер дауы, жесір дауы, құн дауы деп үшке бөлінеді.


Бұрын арнайы мемдлекеттік заңы жоқ, сот, адвокат болмаған кезде барлық дау- талап мрәселесі жол-жоба білетін тәжірибелі адамдарға жүгінумен шешілген. Халықтың әдет – шғұрып салт-санасына сүйеніп, әлінше әділ төрелік беретінойға ұста, тілге шешен адамдарды ел “би” деп атаған. Халықтщың осындазй эқарапайым тәжрибесінен қазылық, бдилік,-төрелік айтлу салты қалыптасқан.

Дау-жанжал мәселесін


Қарайтын қазақ қауымының ежелгі заңы – “Жеті жарғы” бойынша реттеу тәсілі шешендік өнердің дамуына әсер еткен. Талқыланатлын дау-жанжал, билік-бітім сөздерде жеңіске жету үшін қазақ билерінен халықтың салт-саұнасын, әдет-ғұрпын жетік білуді ойға ұшқыр сөзге шешен болзуын талап еткен. Шешендік даудың көлемі шағын, оқиғасы әңгіме сияқты болып келеді.


Шешендік дауға жер, жесір дауы, мал және құн дауы, ар-намысқа байланысты мәселелер енеді. Ел намысын қорғауға арналған ар дауының бірі – Қазыбектің қалмақ ханына айқан сөздері, екі ел арасындағы елшілік-дипломатиялық сөздерге дейін қамтиды.


Шешендік дау – қазақтың материалдық және рухани даулы мәселелерді, қылмысты істерді шешетін ежелгі әдет заңы, ережесі.


Қасқакөл деген көлге Төле би, Әйтеке би, орта жүз Орманбет бимен таласады.


Ей, Орманбай! Мен әлі тірімін, өлген жоқпын. Бұдан бұрын әлденеше рет сәлем айтасм да сен келген жоқсың; ер кетер, жер жетер, ешкімге опа қалмас дүние-боқ. Сен бізден жасы кіші баласың, біз барып қайттық, сен ілгері барасың; біз енді көп жүрмеспіз, көмілерміз. Сен жассың, көңілдегіңді аларсың! дейді Төле.

Бай болсаң халыққа пайдаң тисін,


Батыр болсаң дұшпанға найзаң тисін; бай болып пайдаң тимесе, батыр болып найзаң тим есе жұрттан ала бөтен үйің күйсін деген ғой; Бізге кейінгілер соны айта ма деп қорқамын, - дейді Әйтеке.


Сонда Орманбет би:

Екі би, айтқан сөзің жарасады,


Еншіге әркімдер-ақ таласады.


Қасқакөл орта жүздің үлесі еді,

Дауларың қиянатқа жанасады.


Қанағатсыз билерді қабан деген,


Қамшылатқан жүйрікті шабан деген,


Біреудің ақысына зорлық қылған


Қиянат қияметте жаман деген, дейді.


Сонда Төле:


- Үш жүздің ортасында Қасқакөл бар,


Әр жерде ауыз сулық басқа көл бар.


Үш бөліп енші қылып алысайық,


Жер жетер, көңіліңді ұстама тар, -дейді.


Сонда да келісімге келмеген Орманбетті анасы көндіреді.


Шешендік дау - қазақ қауымының заттық және құқықтық даулы мәселелерді шешетін ежелгі әдет заңынан елес береді. Шешендік дауды мазмұнына қарай шартты түрде жер дауы, жесір дауы, құн дауы, мал дауы және ар дауы деп беске бөлуге болады» (1, 115б.).
Түрмесі мен соты жоқ қазақ халқы үшін би – шешендер ар-намыстың, әділеттіліктің кепілі, адамдар арасындағы құқықтық қатынастардың қатал сақшысы болған. Ел мен ердің тағдырын екі ауыз сөзбен шешетін би – шешендерді дала демократиясы туғызған. Олар ел мен елдің, ру мен рудың, ер мен ердің арасындағы түрлі мәселелерді реттестіріп, ел бүтіндігін сақтаған. Осындай бір даулы мәселе Кіші жүз бен Орта жүздің арасында өтіпті. «Ел арасы даулы болып, Кіші жүздің бір топ кісісі Орта жүздің жылқысын барымталап бара жатқанда жай түсіп, бір адам өледі. Кіші жүз Сылдыр көмей темір жақ шешенді бас қылып, Орта жүзден құн сұрай келеді.
«Құнды қылышпен алмас, қисынмен алар» деп Орта жүз дауға Айыр көмей сүйір жақты шығарады. Сонда талапкерлердің алдынан шығып, Айыр көмей сүйір жақ: «Қара жамылып, қаралы ту тігіп, қалың қол келетін менде нең бар, ағайын?» - дейді. Сонда Сылдыр көмей темір жақ шығып:
- Кеден, кеден болды,
Кедергі неден болды?
Ебелең елден болды,
Жобалаң жолдан болды.
Жерің ала болды,
Бұлтың шала болды.
Біздің елде жай түгіл жауын жоқ,
Бұл өлім сенен болмай неден болды?
дейді.
Сонда Айыр көмей сүйір жақ тұрып:
- Аймен амалдас емеспін,
Күнмен күмәндас емеспін.
Жермен жерлес емеспін.
Бұлтпен бұландас емеспін.
«Ат» деп мылтық бергенім жоқ,
«Шап» деп қылыш бергенім жоқ,
Отын қойып бергенім жоқ,
Оғын жонып бергенім жоқ.
Өзіңнен маған құдайдың бір атасын жақын қыл да, менен адамыңның құнын ал, ағайын! – дейді.
Сылдыр көмей темір жақ Айыр көмей сүйір жақтың сөзінен тосылып, Кіші жүз айыпқа өздері тоғыз төлеп, еліне қайтқан екен. «Кеден, кеден болды, кедергі неден болды?» - деген сөз содан қалған екен" (3,154б.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет