Халық ауыз әдебиеті пәні нені оқытады?


Фольклордың көпнұсқалылығы мен версиялылығының себебін түсіндір



бет3/5
Дата11.03.2023
өлшемі40,23 Kb.
#73390
түріСабақ
1   2   3   4   5
5. Фольклордың көпнұсқалылығы мен версиялылығының себебін түсіндір. Негізінен, бұл аралықта
фольклорды жинау жұмысының қалай жүргені, көбінесе мәтіндердің
жолжазбалық очерктер ішінде, күнделіктерде, жазбалар түрінде орын
алғаны діттеледі. Екінші кезең- 1860 пен 1880-шы жылдар аралығын
қамтиды. Бұл кезеңде фольклорды жинау жұмыстарымен бірге баспа
арқылы жариялау жұмыстары да қолға алына бастағаны көрсетіледі.
Ал, үшінші белеңге (1880-1900 жылдар аралығы) тән ерекшелік:
фольклор нұсқалары тек жиналып, жарияланып қоймай, сондай-ақ
белгілі орыс ғалымдары В.В.Стасов, В.Ф.Миллер, А.Н. Веселовский
т.б. тарапынан да тереңірек зерттеле басталғаны айтылады.
Сонымен қатар бұл тарауда қазақтың белгілі фольклортанушы
ғалымдары Ы.Алтынсарин [11], А.Құнанбаев [12], В.В.Радлов [13],
Г.Н.Потаниндердің [14] фольклорды жинау, жариялау мен зерттеу
жұмыстары өз алдына жеке-жеке жан-жақты қарастырылған.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ фольклортану ғылымы
тарихын зерттеген С.А.Қасқабасов мынадай түйін жасайды: «Бұл
кезеңде қазақ фольклористикасы ғылымның жеке саласы ретінде
толық қалыптасып болды. Ол процесс сол кездегі қоғамның саяси-
әлеуметтік, тарихи-мәдениеттік жағдайының ауқымында өтіп,
ғылыми, әдеби дамумен бірге жүрді. Алғашқы он жылда (1850-1860),
негізінен, қазақ фольклоры туралы тек дерек қана жиналды... Тек
1860 жылдардан бастап қазақ ауыз әдебиеті кең түрде жинала
бастаған... Қазақ фольклорын жинаумен қатар, зерттеу мақсаты
1880-1900 жылдар арасында мықтап қолға алынды»

1. Фольклорды жанрға жіктеу ұстанымдары, олардың мәні жайында әңгімеле. 1. Қоғамдық қызметі (функциясы) – фольклорда жанрдың табиғатын анықтайтын басты фактор. Фольклор о баста адамзаттың күнделікті тұрмысында белгілі бір қажеттілікке байланысты қалыптасқан, кейіннен сейілдік, сауықтық қызметтерге бейімделген. Мәселен, бәдік жыры ауру малды, науқас адамды емдеу үшін шыққан. Немесе бесік жырын алсақ, бесіктегі баланы ұйықтату үшін айтылады. Арбау, байлау өлеңдері жайында да осыны айтуға болады.
Фольклор адамзат қоғамында танымдық, идеологиялық, тәрбиелік, эстетикалық қызметтер атқарады. Қоғамның даму сипатына орай фольклордың белгілі бір функциясы алдыңғы кезекке шығып отырған. Мысалы, ХV – ХVІІІ ғасырларда қазақ халқы үшін ел қорғау, атамекенін жау табанынан азат ету аса маңызды мәселе болды. Бұл кезде ерлік пен елдікті мадақтайтын батырлар жырының тәрбиелік, идеологиялық қызметі артты. Ал осы жанр ХІХ – ХХ ғ.ғ. көбінесе сауық – сейілдік функция атқарды. Аңыз жанрының басты нысанасы – тыңдаушыға елдің өткені туралы немесе атақты адамдардың өмірі жайлы, күйдің шығуы хақында мағлұмат беру. Демек, аңыздың танымдық функциясы басым.
2. Құрылысы – жанрдың тұрмыстық қызметіне байланысты айқындалатын негізгі поэтикалық элемент.
3. Орындалу мәнері – баяндалуы (ертегі, аңыз,әпсана) немесе әуенмен музыкалық аспаптың сүйемелдеуінде (жыр, айтыс, терме, толғау, тарихи өлең) орындалуы, ойын үстінде (санамақтар, «Айгөлек») айтылуы.
4. Мазмұны. Бір ескеретін жайт – бір мазмұнның бірнеше формасы болуы мүмкіндігі (бір тақырыпқа құрылған тарихи өлең, тарихи жыр, тарихи аңыздардың болуы).
2. Фольклортанудағы жанрға берілген анықтамаларды салыстырып, қайсысы жанр табиғатына дәлме-дәл келетінін анықта.
Жанрлар тірі ағза тәрізді - туады, өзгереді, жоғалады. Жанрлардың дамуына тән осы процестер ең алдымен, фольклордың табиғи заңдылықтары мен сол фольклорды жасаушы халықтың басынан өткен түрлі қоғамдық -әлеуметтік жағдайлардың алмасуына байланысты. Ұзақ уақыт ауызша, әрі қатар өмір сүруі нәтижесінде жанрлар өзара ықпалдасады. Даму процесінде синтезделу, тоғысуды басынан өткереді. Мәселен, мақал, мәтелдердің, шешендік сөздердің, аңыздардың дамуына көз жіберсек осындай құбылыстарды байқаймыз.
3. Эпикалық жанрлар, олардың ортақ сипаттары жайлы әңгімеле.
4. Лирикалық жанрлар, олардың ортақ сипаттары жайлы әңгімеле.
5. Драмалық сипат-белгілері бар жанрлар жайында әңгімеле.
6. Фольклорлық жанрлардың синтетикалық сипаты.
1. Зороастризм, шаманизм, анимизм, фетишизм, магия ұғымдарына анықтама бер.
Эпостық жанр- жан - жақты жанр : эпикалық шығармада адамның өмір жолы кеңінен баяндалады , оның басынан кешкен тағдыр мен тiршiлiк толық жинақталады , ол қатысқан оқиғалар молынан суреттеледі , ол жасаған іс - әрекеттер тұтас бейнеленеді , адамдар арасындағы қарым қатынастар әр қырынан , айқын көрсетіледі.Басты ерекшелігі осы!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет