Халық ауыз әдебиеті пәні нені оқытады?


Ауыз әдебиетінің қоғамдық-әлеуметтік мәні жайында ой түйінде



бет2/5
Дата11.03.2023
өлшемі40,23 Kb.
#73390
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
debiet 1 tapsyrma

2. Ауыз әдебиетінің қоғамдық-әлеуметтік мәні жайында ой түйінде. Ауыз әдебиетінің шығарушысы да, таратушысы да, тыңдаушысы да — халық. Сондықтан ол, шын мәнінде, халықтың өз еншісі болып табылады. Ауыз әдебиетінің осы өзгешілігі оның әлеум. бітімін де айқын сипаттайды. 20 ғасырдың басына дейін көшпелі қоғамда туып, көшпелі қоғамның талап-талғамы мен әлеуметтік қажеттілігіне толық жауап берген ауызша сөз өнері өзінің барлық даму жолдарында айрықша жүк арқалады, көркемдігі мен әлеум.-қоғамдық қызметі бойынша ең биік тұғырға көтерілді. Көшпелі қоғам мәдениетінде табан астында туып, тыңдаушысын тәнті етпеген өлеңді, мәнерін таппаған жырды өнер деп танымаған. Осындай тіршілік аясында қалыптасқан ауыз әдебиеті барлық белгілері бойынша классик. деңгейге көтерілген
3. Фольклордың танымдық, тәрбиелік қызметін дәлелдейтін мысалдар келтір. Көшпелі қоғамда фольклор белгілі бір әлеум. топтың ғана шығармашылығы емес, жалпы халықтың ханы мен қарасына, батыры мен биіне, байы мен кедейіне ортақ өнер, әмбеге тиесілі мұра. Бұған себеп күнделікті тіршілікті өнер дәрежесіне, кез келген құбылысты бейнелі де бедерлі жеткізуге дала перзентінің бейім тұруы еді. Қазақ даласындағы көшпелі қоғам мәдениет пен ғылымның біраз салаларынан кенжелеп жатқанымен, ауыз әдебиетінің таң қаларлықтай тұтас, қоғамдық дәрежеде дамуына мейлінше толық жағдай жасады. Ауызша айту фольклордың тек қана шығарылу, таралу жолы емес, бүкіл қоғам тарапынан қолдау тапқан өнердің басты шарты болды. Үлкен де, кіші де ауызша өнер дәстүріне дағдыланды, жасынан санасына сіңіріп, соны ғана мойындады. Бүкіл қоғам ауызша өнер мектебі болды
4. Фольклорлық туындылардың ұжымдық сананың көрінісі екенін нақты мысалдармен дәлелде. ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ фольклортану ғылымын қазақ әдебиеттану ғылымы тарихының бір саласы «Қазақ
әдебиетінің тарихы» ішінде қарастырған алғашқы монографиялық
еңбек «Қазақ әдебиетінің тарихы» деген атпен 1948 жылы басылым
көрді [1]. Еңбекті жазуға белгілі ғалымдар М.Әуезов, Қ.Жұмалиев,
Е.Смаилов, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев, Ә.Қоңыратбаев, Б.Шалабаев,
Ә. Мәметовалар ат салысты. Кітап іштей 9 бөлімге ажыратылып,
негізінен, 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ халық ауыз
әдебиетінің жағдайы қамтылды. Кітапта қазақ фольклоры туралы
ғылымның хал-жағдайы, тұрмыс-салт жырлары, ертегілер, батырлар
жыры, ғашықтық жырлар, айтыс өлеңдері, шешендік сөздер, тарихи
өлеңдер т.б. тәрізді сол кездегі өз алдына жеке ажыратылған
фольклорлық жанрлардың өзіндік ерекшеліктері т.с.с. әдебиеттану
тұрғысынан талданған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет