Лирикалық жанр ерекшелігі: адамның көңіл күйін , сезім дүниесін тiкелей көрсетеді . Лирикалық шығармалар өлеңмен жазылады , онда автордың немесе кейіпкердің дүниеге көз қарасы , оның сезiмiн , нақты ойы көңіл - күйін суреттеу , әсерлеп бейнелеу арқылы көрсетіледі . Кез келген сезіну мен толғаныс Лириканы тудыра алмайды , әлеуметтік толғаныстар Лирика тудырады . Эпика жанры баяндауға негiзделсе , Лирикалық шығарма адамның түрлі құбылыстан алған әсерін бейнелеп жеткізу шеберлігімен ұштасады.
Драммалық жанр ерекшелігі: Драмалық шығармаларда баяндау болмайды . Оқиға , яғни тартыс желісі репликалар ( кейіпкер сөзі ) арқылы дамиды . Автор кейіпкерлердің қимыл - қозғалысын білдіретін түсініктемелерді жақша ішіне бөлек жазып отырады . Оларды авторлық ремарка немесе ремарка деп атайды . Оқиғаның негiзгi даму арнасы болып табылатын кейіпкерлер сөзі , яғни репликалар , көбінесе , диалог , кейде монолог түрінде болады . Олар өлең түрінде де , қара сөз түрінде де бола береді . Драмалық шығармалардың құрылымы ондағы оқиға мен тартыстардың даму қарқынына және ауқымына байланысты көріністерге , актілерге , бөлімдерге бөлінеді. 2. Олардың қазақ фольклорындағы көріністеріне мысалдар келтір. орта бiлiм беретін мектептерде әдебиет сабағынан берілетін мәтін түрлері әр алуан болып келеді . Эпикалық шығармалар , лирикалық шығармалармен қатар драмалық шығармалар да оқытылады . Драмалық шығармалар да баска жанрдағы шығармалар сияқты әдебиет заңдылықтарына бағынады . Сондықтан драмалық шығармаларды окыту принциптері эпикалық , лирикалық шығармаларды оқыту әдіс тәсілдерімен сабақтас келеді . Дегенмен драмалық шығармаларды оқытудың өзіндік ерекшеліктері де болады . Драма -- әдебиеттің үлкен бір жанры . Ол өзiнiң қоғамдағы орны мен жазылу формасы арқылы эпостық және лирикалық шығармалардан дараланады . Драма бір жағынан әдебиет туындысы болса , екінші жағынан ол театр өнеріне негіз болады . Мектепте драмалық шығарманы окытканда оның осы екі жақтылығын ескеру керек .