6. Кеңес дәуіріндегі қазақ фольклоры туралы айт. Қазақ Совет Фольклористикасы – қазақ халқының әдеби творчествосы (ауыз әдебиеті, фольклоры) туралы совет дәуірдегі ғылым. Қазақ фольклорының үлгілерін жинау, жариялау, ол туралы пікір айту 19 ғасырдың орта шенінде қолға алына бастады. Ұлы Октябрь революциясынан кейін бұл іске кең жол ашылды.
Қазақ Совет фольклористикасы – бұларда ескі мұраны игеру, оны таптық идеология тұрғысынан бағалау жөнінде мәселелер көтерілді. Буржуазияшыл ұлтшылдар көне мәдени мұраны советтік құрылысқа қарсы мақсатқа пайдаланбақ болды. Олар дінді, адам санасындағы ескінің сарқыншағын керітартпа әдет-құрыпты үстем тап өкілдерін бектік хандық дәуірді дәріптеген өлең жырларды халықтық шығармалар қатарына қосуға тырысты. Жаңа советтік заманда халық поэзиясы құлдырап, құриды, дамымайды деп «сәуегейлік» жасады. Марксисттік-ленинистік іліммен қаруланған қазақ советтік фольклолистер бұған үзілді-кесілді қарсы шықты. Олар еңбекші бұқараның ой-арманын, мақсат мүддесін бейнелейтін шынайы шығармаларды үстем таптың мүддесін кездейсоқ туындылардан ажыратып, қарау керектігін советтік дәуірде саяси-әлеуметтік, рухани еркіндік алған халықтың шығармашылығы тасқындап ілгері дами беретіндігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Ұлтшыл алашордашылардың «қазаққа тап болған жоқ, сондықтан оны ауыз әдебиетінде де таптық сарын болуы мүмкін емес» деген қате пікірлеріне қарсы жазған мақаласындада С.Сейфуллин былай деді:
“
«Ешбір таптын мақсатын көздемейтін әдебиет шығармасы болмайды. ...Пролетариатжалшылар табы өз істеріне жарайтын әдебиет шығармаларын қастерледі.»
”
Бұл көзқарасты көптеген әдебиетші-фольклористер (С.Мұқанов, Б.Кенжебаев, Е.Ысмаилов, Е.Бекенов) қолдады.
Қазақ фольклористтерінің 20 жылдары көтерген күрделі мәселелерінің бірі ауыз әдебиетінің тарихын зерттеу туралы болады. Бұған айрықша көңіл бөлген жазушы ғалым М.О Әуезов «Қазақ әдебиетінің қазырғы дәуірі» (1922 жылы), «Қобыланды батыры» (1925 жылы), «Қазақ әдебиетінің тарихы» (1927 жылы) деген еңбектерінде ауыз әдебиетін жанрларға жіктеу, эпостық шығармалардың тарихы-әлеуметтік жағдайларға байланысты тууы және әдебиеттің негізінде пайда болууы жайында құнды пікірлер айтты. Осы кезде Ә.А. Диваев жинаған батырлар жыры «Қобыланды батыр», «Шора батыр», «Алпамыс батыр» жарыққа шықты. (1922 жыл). А.В Затеевич «Қазақ халқының 1000 әні» (1925 жыл) бастырды. Мұнда совет дәуірінде тұған революциалық ән текстері де жарияланған. Октябрь революциясын, Коммунистік партияны, Ұлы Ленинді, советтік жаңа заманды жырлаған халық ақындардың шығармалары газет журналдарда және бірнеше жинақтарда («Таң өлеңдері», 1927 жылы; «Октябрьдың олжасы» 1927 жылы; «Ленин» 1928 жылы) басылып шықты. Халық ақындары Қайып Айнабеков («Қырдың қызыл гүлдері» 1927 жылы); Қуаныш Баймағанбетов («Кедей жыры» 1928 жылы); тағы басқа өлең жинақтары жарық көрді. 30 жылдары Қазақ Совет фольклористикасы ғылыми тақырып, мазмұн жағынан байып, ілгерілей түсті. С.Сейфуллиннің ескі әдебиет нұсқаулары туралы кітабы (1932 жылы) басылды. Мұнда ол қазақтың дәстүрлі ауыз әдебиетінің тақырыбы, жанрлары жағынан талдап, көркемдік қасиеттерін сөз етті. Өз уақытында елеулі маңызды болған осы еңбекте автор қазақтың бұрынғы фольклорын түгелдей билер дәуіріне теліп, жаңсақ пікір түйді. М.Әуезов «Қырғыз дастаны» -«Манас» (1936 жылы), «Жұмбақ туралы» (1938 жылы), Е. Исмаилов «Шора батыр туралы» (1935 жылы) «Пушкин қазақтың халық әдебиетінде» (1936 жылы), «Толғау туралы» (1938 жылы), «Қазақ ертегілер туралы» (1939 жылы), С.Мұқанов «Айтыс және ақын» (1938 жылы), Б.Кенжебаев «Қорқыт туралы», (1938 жылы), «Қазақтың халық эпосы туралы» (1939 жылы) тағы басқа мақалалары мен зерттеу еңбектерінде дәстүрлі ауыз әдебиетінің келелі мәселелерін қозғады. Совет дәуірінде туған халық поэзиясын зерттеуге де көңіл бөлінді. 1935 жылы «Қазақ совет фольклоры» (құрастырған С.Аманжолов) жеке жинақ болып шықты. Алғы сөз авторы Е.Ысмайылов жаңа туған советтік фольклоры заңды жалғасы оның ауқымын кең, болашағы зор деген тұжырым жасады. Қазақ советтік поэзиясының алыбы Жамбыл Жабаев шығармашылығына арналған мақалалар, зерттеулер, жазыла бастады. Ақын жырлары орыс тіліне аударылып, баспасөзінде жарияланды. «Правда» газеті Жамбыл шығармашылығына жоғары баға берді. Бірсыпыра қазақ ақындардың өлеңдері, жырлары «Творчество Народов СССР» (Москва, 1937 год) жинағында басылды. Нұрпейіс, Доскей, Нартай, Омар, Шашубай, Саяәділ, шығармасына жеке мақалалар арналды. Ә.Марғұлан, Қ.Жұмалиев, М.Қаратаев, М.Ғабдуллин тағы басқа қазақ эпосы жаңа совет халық ақындарының шығармалары туралы ғылыми зерттеу еңбектерін жариялады. Ұлы Отан Соғысы жылдары халық поэзиясы күшті қарқынмен дамыды. Отан қорғау, советтік патриотизм, халықтар достығы тақырыбы шынайы көркемдік шешімін тапты. Фольклорға майдандық жырларда қосылды. Халық лирикасын хат-өлең, патриоттық арнау, ақындық толғау тәрізді түрлері айтыстар мен дастандар кең өріс алды. Бұлар туралы С: Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ә. Тәжібаев, М.Ғабдуллин, Б. Кенжебаев мақалалары жариялады. Е. Ысмайыловтың «Соғыс кезіндегі қазақ поэзиясының жайы мен міндеттері туралы» және Жамбылдың, Нұрпейістің майдан ерлеріне арнаған жырлары жайында жазғандары маңызды зерттеулер болды.