Kazakhstan National Medicinal Formulary
137
|
Қазақстан Республикасының медициналық бұйымдар номенклатурасы – медициналық бұйымдардың жаһандық номенклатурасымен (GMDN) үйлестірілген және Қазақстан Республикасында қолданылатын медициналық бұйымдар түрлерінің жүйелендірілген номенклатуралық сыныптауышы;
|
номенклатура медицинских изделий Республики Казахстан
|
nomenclature of medical devices of the Republic of Kazakhstan
|
138
|
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын ең төмен талаптар жиынтығы;
|
Государственная фармакопея Республики Казахстан
|
State Pharmacopoeia of the Republic of Kazakhstan
|
139
|
Қазақстан Республикасы фармацевтикалық инспекторларының тізілімі – уәкілетті органның Қазақстан Республикасының фармацевтикалық инспекторлары туралы мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурсы;
|
реестр фармацевтических инспекторов Республики Казахстан
|
the register of pharmaceutical inspectors of the Republic of Kazakhstan
|
140
|
қайта өндірілген дәрілік препарат (генерик) – әсер етуші заттардың сандық және сапалық құрамы және бірегей дәрілік препаратпен бірдей дәрілік нысаны бар және бірегей дәрілік препаратқа биоэквиваленттілігі биожетімділіктің тиісті зерттеулерімен расталатын дәрілік препарат. Әртүрлі тұздар, эфирлер, изомерлер, изомерлер қоспалары, әсер етуші заттың кешендері немесе туындылары, егер олардың қауіпсіздігі мен тиімділігі айтарлықтай ерекшеленбесе, сол әсер етуші зат болып танылады. Заттарды тез арада босата отырып, ішке қабылдауға арналған әртүрлі дәрілік нысандар биожетімділікті зерттеу шеңберінде сол бір дәрілік нысан ретінде танылады;
|
|