медициналық пойыздар-теміржол станцияларының (жолдарының) жанында және оларға жақын орналасқан аумақтарда тұратын халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және тізбесін кеңейту үшін пайдаланылатын, қажетті медициналық жабдықтармен жарақтандырылған теміржол көлігіндегі ұтқыр клиникалар;
медицинские поезда
medical trains
189
медициналық техника-өндіруші белгілеген функционалдық мақсатына және пайдалану сипаттамаларына сәйкес медициналық көмек көрсету үшін жеке немесе өзара үйлесімде қолданылатын аппараттар, аспаптар, жабдық, кешендер, жүйелер;
медицинская техника
medical equipment
190
медициналық ұйым-негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;
мейіргерлік күтім - барлық жастағы, топтар мен қоғамдастықтардың, науқас немесе дені сау адамдарға мейіргерлер мен кеңейтілген практикадағы мейіргерлер көрсететін, денсаулықты насихаттауды, аурулардың профилактикасын және науқастарды, мүгедек адамдарды және өліп жатқан адамдарды күтуді қамтитын медициналық қызметтер кешені;