Қоғамдық денсаулық сақтау (Public Health system) –тұрғындардың денсаулығын сақтау және нығайту концепциясын, ауру мен жарақаттардың алдын алу, белсенді өмір сүру ұзақтығын және еңбекке қабілеттілікті қоғамның күшін біріктіру арқылы арттыруды жүзеге асыруға бағытталған, іс әрекеті медициналық және медициналық емес сипаттағы құрылымдарды қамтамасыз ететін ғылыми және практикалық шаралар жүйесі.
|
Қоғамдық денсаулықтың оқу көзі болып қоғамдық өмір сүру жағдайларының денсаулыққа әсерін және халықты медициналық қамтамасыз етуді зерттеу болып табылады. Қоғамдық денсаулықтың әдістемелік негізі болып қоғамдық денсаулықты зерттеу және анықтауда жүйелі тұрғыдан қарастыру жатады.
"Қоғамдық денсаулық" - ұлттық денсаулық сақтаудың барлық медициналық қызметтерінің қызметін қадағалауды ғана емес, сонымен қатар адамдардың денсаулығына әсер ететін көптеген факторларды зерттеуді қамтитын кең ауқымды іс-қимыл жиынтығы:
қоршаған орта, салауатты өмір салты мәселелері,
Денсаулық сақтау мекемелері мен персоналын даярлау,
Денсаулық сақтау бағдарламаларын ұйымдастыру және оларды экономикалық қолдау, түрлі стратегияларды әзірлеу,
денсаулыққа байланысты қызметтерді бөлуде әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын сақтау.
Халық денсаулығының көрсеткіштеріне: медициналық-демографиялық, сырқаттанушылық пен аурудың таралу көрсеткіштері (аурушаңдық), мүгедектік және халықтың дене бітімінің дамуы жатады
Медициналық-демографиялық көрсеткіштер
Медициналық-демографиялық, өз кезегінде, халықтың табиғи қозғалысының көрсеткіштеріне (туу, өлім, халықтың табиғи өсуі, алдағы өмірдің орташа ұзақтығы, неке, құнарлылық және т.б.) және халықтың механикалық қозғалысының көрсеткіштеріне (Халықтың көші-қоны: эмиграция, иммиграция) бөлінеді.
Ауру көрсеткіштері
Ауру халықтың денсаулық жағдайын зерттеуде өте маңызды. Ауру амбулаторлық-клиникалық және стационарлық мекемелердің медициналық құжаттамаларын талдау негізінде зерттеледі: еңбекке жарамсыздық парақтары; стационардан шыққан науқастардың карталары; анықталған диагноздарды тіркеуге арналған статистикалық талондар; инфекциялық аурулар туралы шұғыл хабарламалар; қайтыс болу туралы куәліктер және т. б. Сырқаттанушылықты зерделеу сондай-ақ сандық (сырқаттанушылық деңгейі), сапалық (сырқаттанушылық құрылымы) және жеке (ауруға шалдығу жиілігі) бағалауды қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |