Мүгедектік және физикалық даму Мүгедектік көрсеткіштері. Мүгедектік-Өмір тіршілігінің шектелуіне әкеп соқтыратын аурулардан, туа біткен ақаулардан, жарақаттар салдарынан организм функцияларының тұрақты бұзылуымен денсаулықтың бұзылуы. Мүгедектік көрсеткіштері медициналық-әлеуметтік сараптама деректерін тіркеу арқылы анықталады.
Физикалық даму көрсеткіштері. Физикалық даму — дененің өсуі мен қалыптасуының көрсеткіші тек тұқым қуалаушылыққа ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік жағдайларға да байланысты. Тексерілушілердің физикалық даму деңгейі өсуді, дене салмағын, кеуде шеңберін, бұлшықет күшін, май шөгінділерін, өкпенің өмірлік сыйымдылығын антропометриялық және физиометриялық өлшеу арқылы анықталады. Алынған мәліметтер негізінде әр жас-жыныстық топ үшін физикалық даму стандарттары белгіленеді. Стандарттар медициналық тексерулерде жүргізілетін физикалық дамуды жеке бағалау үшін қолданылады.
Cитуациялық есеп Жауабы: Берілген мәліметтерден мынадай көрсеткіштерді есептеуге болады: 100 жұмысшыға шаққанда ауру жиілігі (Аурулық жағдай саны*100/ жұмысшылардың жылдық орта саны)
Еңбекке жарамсыздық күндерінің саны (уақытша еңбекке жарамсыздық күндерінің саны * 100 / жұмысшылардың жылдық орта саны)
Уақытша еңбекке жарамсыздықтың 1 ауру жағдайының орташа ұзақтығы: (уақытша еңбекке жарамсыздық күндердің саны / еңбекке жарамсыздық жағдайлардың саны)
Еңбекке жарамсыздық күндерінің саны: (36 200 * 100 / 4080) = 887.6
Уақытша еңбекке жарамсыздықтың тұмау және жоғарғы тыныс жолдарының жедел катарасының орташа ұзақтығы: 36 200 / 7360 = 5 күн
Уақытша еңбекке жарамсыздықтың жедел асқазан-ішек жолдары ауруларының орташа ұзақтығы: 36200 / 2125 = 1 күн
Уақытша еңбекке жарамсыздықтың тері және теріасты шел қабатының ауруларының орташа ұзақтығы: 36200 / 652 = 55 күн
Уақытша еңбекке жарамсыздықтың өндірістік жарақаттардың орташа ұзақтығы: 36200/ 241 = 150 күн
Уақытша еңбекке жарамсыздықтың есту мүшелерінің ауруларының орташа ұзақтығы: 36200 / 1250 = 29 күн
Қорытынды: Вагонды жөндеу зауытында 2018жылы 100 жұмысшыға шаққанда ауру жиілігі - 104. Еңбекке жарамсыздық күндерінің саны 887 күнді құрады. Ал уақытша еңбекке жарамсыздықтың 1 ауру жағдайының орташа ұзақтығы: тұмау және жоғарғы тыныс жолдарының жедел катарасы – 5күн, жедел асқазан-ішек жолдары аурулары – 1күн, тері және теріасты шел қабатының аурулары -55күн, өндірістік жарақаттар – 150күн және есту мүшелерінің аурулары – 29 күн болды. Нәтижесінде Вагонды жөндеу зауытында есептелген көрсеткіштерді қалыпты жағдаймен салыстыра отырып, нормадан асып кеткенін байқап отырмыз. Алдағы уақытта жұмыскерлерге профилактикалық іс-шаралардың уақытылы, жоғары деңгейде және барлығына қолжетімді болып өткізілетіні көрсеткіштерді қалыпқа келтіруіне себепші болады.
Билет 2 Денсаулық топтарының жіктелуі
Ситуациялық есеп
Ауданында тіркелген орташажылдық халық саны – 64 380 адам. Емханада және үйде дәрігерге қаралулар саны – 230 100 құрады, орта медициналық персоналға қаралулар саны – 22 390. Есеп беру жылының аяғындағы диспансерлік есепте тұрғандар саны – 43 720 құрады.
Тапсырма:
Берілген мәліметтерден қандай көрсеткіштерді есептеуге болады?