Халық денсаулығына анықтамасын беріңіз Ситуациялық есеп


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы



бет49/50
Дата20.02.2023
өлшемі151,67 Kb.
#69471
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
Õàëû? äåíñàóëû?ûíà àíû?òàìàñûí áåð³?³ç Ñèòóàöèÿëû? åñåï

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ, ағылш. World Health Organization, WHO)-Біріккен Ұлттар Ұйымының 194 мүше мемлекеттен тұратын мамандандырылған мекемесі, оның негізгі қызметі Жер тұрғындарының денсаулық сақтау саласындағы халықаралық мәселелерді шешуде болып табылады. Ол 1948 жылы Швейцарияда Женевада штаб-пәтерімен құрылды.

БҰҰ-дың Деңсаулық сақтау мәселелері жөніндегі бүкіл дүниежүзілік Ұйымы (БДҮ) (World Health Organization)

  • 1946 жылы құрылған.

  • Қатысушылар — БҰҰ-ға мүше мемлекеттер.

  • Мақсаты — қоршаған ортаға жағымсыз ықпал-әсерлерді бақылау және басқару арқылы адам денсаулығын қорғау және жақсарту.

  • Негізгі кызметі — қоршаған ортаны сауықтыру жөнінде шаралар өткізу, соның ішінде химиялық препараттарды пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ластану деңгейін бағамдау және бақылау, радиоактивтік сәулеленуден қорғау, климаттың өзгерістерінің адамның денсаулығына ықпал-әсерін бағамдау, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғаудың ғаламдық стратегиясын талдап-белгілеу.

  • Мекен-тұрағы — Швейцария, Женева.


ДДҰ құрылымы

  1. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы

  2. Атқару комитеті

  3. Хатшылық


ДДҰ функциялары

  • Денсаулық сақтау саласында халықаралық ұсынымдар беру

  • Денсаулық сақтау стандарттарын белгілеу

  • ұлттық денсаулық сақтау бағдарламаларын күшейту саласындағы елдердің үкіметтерімен ынтымақтастық

  • денсаулық сақтаудың тиісті технологияларын, ақпараттары мен стандарттарын әзірлеу және беру.


ДДҰ қызмет саласы

  • Ұлттық денсаулық сақтау қызметтерін нығайту және жетілдіру;

  • Инфекциялық емес және инфекциялық аурулардың алдын алу және оларға қарсы күрес;

  • Қоршаған ортаны қорғау және сауықтыру;

  • Ана мен бала денсаулығын қорғау;

  • Медицина кадрларын даярлау;

  • Медициналық-биологиялық зерттеулерді дамыту;

  • Санитарлық статистика.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет