Халық педагогикасындағы мақал-мәтелдер мен тыйымдардың, ырымдардың тәрбиеде алатын орны Халық педагогикасы - Халық педагогикасы дегеніміз тәрбие жөніндегі халықтардың ғасырлар бойы қалыптасқан педагогикалық білім тәрбие тәжірибесінің жиынтығы. Халық педагогикасындағы ақыл – ой, идеясы қай халықтың болсын тіршілік тынысымен, ұлттық тәрбие дәстүрлерімен тығыз байланыста туып, өсіп өркендеп, дамып және ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып жетіп отырған. Халық келер ұрпағын өзіне дейінгі қоғамның қолы жететін тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны жинақтап пайдалана отырып, шынайы адамгершілік қасиеттерге баулып, тәрбиелеуге мақсат еткен.
Халық педагогикасының мақсаты мен міндеттері: - Халық педагогикасының мақсаты мен міндеттері:
- 1.: сегіз қырлы, бір сырлы; жан – жақты жетілген азамат тәрбиелеу.
- 2. Мазмұны: Ұлттық салт – дәстүрлер арқылы балаға ақыл – ой, адамгершілік, әсемдік, дене, денсаулық, еңбек тәрбиелерін беру, мінез – құлық дағдыларын қалыптастыру.
- 3. Әдістер: Әңгімелесу, кеңесу, түсіндіру, сендіру, талап ету, кеңес беру, үйрету, көрсету, өтіну, бұйыру, жаттықтыру, бата беру, мадақтау, алғыс айту, сөгу, айыптау, жазалау.
- 4. Түрлері: Ойындар, тойлар, еңбек мерекелері, ойын – сауықтар.
- 5. Құралдары: Санамақ, жаңылтпаш, өлең – жыр, тақпақ, жұмбақтар, айтыстар, мақал – мәтелдер, шешендік сөздер, салттар, ырымдар, әңгіме, кештер.
- 6. Нәтижесі: Сегіз қырлы, бір сырлы жаны таза, тәні сау адам.
- 7. Тәрбиеге себепші күштер: Табиғат, еңбек, тұрмыс, салт – дәстүр, дін, ана тілі, ұлттық ойындар.
- 8. Тәрбие ортасы: Отбасы, ауыл – аймақтар, ру, қауым, тайпа, ұлт, мектеп, медресе.
- 9. Тәрбие объектісі: Бала.
- 10. Халық тәрбиешілері: Әке – шешесі, атасы мен әжесі, апа, ағалары, ауыл үлкендері, өнер иелері.
Қазақ мақал-мәтелдері – ертек, аңыз-әңгіме, батырлық-ғашықтық жырлар, қара өлеңдер секілді халық шығармаларымен қатар жасап келе жатқан көне жанр. Олай дейтініміз ХІІ-ХІІІ ғасырлардан сақталған сирек жазба деректерде мақал-мәтелдерді кездестіруге болады. Мәселен, Орхон жазуларында: «Жырақ болса жаман сыйлық берер, жақын болса жақсы сыйлық берер», «Бастыны еңкейткен, тізеліні бүктірген» («Күлтегіннен»), «Жұқаны топтау оңай, жіңішкені үзу оңай», «Өлімнен ұят күшті» («Тоныкөктен») деген мақал-мәтелдерді кездестіреміз. Ал Махмұт Қашқаридің «Дивани лұғат – ат түрік» сөздігінен: «Ұлы болсаң кішік бол, халық үшін бәлік бол», «Кісі аласы ішінде, жылқы аласы сыртында», «Тай ат болса – ат тынар, ұл ер болса – ата тынар» дейтін мақалдарды [5], ал «Құдатғу біліктен»: «Біліп сөйлеген білікке саналар, білімсіз сөз өз басын жояр», «Ауыздан бірде от, бірде су шығар, бірі жанса, бірі сөндірер» дейтін мақал-мәтелдерді оқимыз. - Қазақ мақал-мәтелдері – ертек, аңыз-әңгіме, батырлық-ғашықтық жырлар, қара өлеңдер секілді халық шығармаларымен қатар жасап келе жатқан көне жанр. Олай дейтініміз ХІІ-ХІІІ ғасырлардан сақталған сирек жазба деректерде мақал-мәтелдерді кездестіруге болады. Мәселен, Орхон жазуларында: «Жырақ болса жаман сыйлық берер, жақын болса жақсы сыйлық берер», «Бастыны еңкейткен, тізеліні бүктірген» («Күлтегіннен»), «Жұқаны топтау оңай, жіңішкені үзу оңай», «Өлімнен ұят күшті» («Тоныкөктен») деген мақал-мәтелдерді кездестіреміз. Ал Махмұт Қашқаридің «Дивани лұғат – ат түрік» сөздігінен: «Ұлы болсаң кішік бол, халық үшін бәлік бол», «Кісі аласы ішінде, жылқы аласы сыртында», «Тай ат болса – ат тынар, ұл ер болса – ата тынар» дейтін мақалдарды [5], ал «Құдатғу біліктен»: «Біліп сөйлеген білікке саналар, білімсіз сөз өз басын жояр», «Ауыздан бірде от, бірде су шығар, бірі жанса, бірі сөндірер» дейтін мақал-мәтелдерді оқимыз.
- Алайда ертедегі құлпытастарда, сирек кітаптарда жазылып қалған бірен-сарандары болмаса, қазақ мақалдары мен мәтелдері, негізінде, халық жадында ауызша айтылып сақталған.
Экологиялық тәрбие беретін тыйым сөздердің түрлері: - 1. Жалғыз ағашты жұлма
- 2. Көкті жұлма.
- 3. Малды теппе.
- 4. Суға дәрет сындырма.
- 5. Құстың ұясын бұзба
- 6. Су шашып ойнама.
Тұрмыстық- шаруашылыққа байланысты ырым тыйымдар: - 1. Нан үстіне зат қойма.
- 2. Нанды бір қолыңмен үзбе.
- 3. Нанды лақтырма.
- 4. Сүтті төкпе.
- 5. Сыпырғышты тік қойма.
- 6. Отқа түкірме.
- 7. Тұзды баспа.
Достарыңызбен бөлісу: |