Халық педагогикасындағы отбасы тәрбиесі
24.10.2018
Отбасы дегеніміз — туысқандық байланыста болатын, немерелер, ата-ана, ата-әже, балалар, немерелер, бірлесіп әлеуметтік өмір сүретін адамдар тобы. Отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды, демек некелік-отбасылық қарым-қатынастың биологиялық тарихы, әлеуметтік және праволық мәні бар.
Отбасындағы тәртіптің, оның мүшелері арасындағы адамгершілік-туыстық қарым-қатынастың, демократизмнің алатын орны ерекше. Отбасы тіршілігінің ежелден қалыптасқан заңы бойынша оны отағасы, ол болмаса отанасы, одан қалса үлкен аға немесе әпке басқарады.
Қазақ халқы балалар жасын кезеңдерге былай бөлген:
І.Нәрестелік жас — 7 ай бесік, 12-ай еңбектеу.
Бөбек — 1-3 жас
Сәби — 3-7 жас.
Жеткіншек — 8-11 жас
Бозбала — 12-15 жас.
Үлкендер — 15 жастан жоғары.
Отбасы қоғамдағы алғашқы ұйымдардың бірі. Оның өзіндік міндеттері болады, ол үшке бөлінеді:
Репродуктивтік. Мұның мәні — баланың өмірге келуі, өмірдің, ұрпақтың жалғасын табуы.
Шаруашылық-экономикалық. Мұның мәні-материалдық жағдайды қамтамасыз ету, үй және жеке меншік шаруашылығын жүргізу, отбасының қор-қаражат жинау, оны сақтау.
Бос уақьттты ұйымдастыру, яғни бала, ұрпақ тәрбиесімен айналысу.
Отбасы тәрбиесі ата-аналар ықпалымен жүзеге асатын қоғамдық, тәрбиемен ұштасып жатады. Ол қоғаммен, бүкіл қоғамдық қатынастар жүйесімен тығыз байланыста бола тұрса да, отбасы адамдарының белгілі дәрежедегі дербес сырлас тобы.
Отбасы өмірі материалдық және рухани процестермен сипатталады. Табиғи биологиялық және шаруашылық тұтыну қатынастары оның материалдық жағын құрса, ал рухани жағын құқықтық, адамгершілік және психологиялық қатынастар құрайды.
Адамгершілік тұғырға көтерер ең маңызды ұлағаттар, адамгершілік қатынастар отбасынан басталады.
Зерттеуші ғалым Ш.Ахметовтың айтуынша «Бала тәрбиесі негізінен басты-басты сегіз түрлі мәселені қамтыған».
— Біріншіден, тәрбие басы алдымен әдістемелікке үйретуді кездеген.
— Екіншіден, мейірімді болуға тәрбиелеген.
— Үшіншіден. тіл алғыш, елгезек бол деп үйреткен.
— Төртіншіден, адалдық пен шындыққа баулуды көздеген.
— Бесіншіден, білгір бол, ұстаз бен ғалымның, көпті көрген данышпан қарияның сөзін тыңда, ақпа-құлақ болма, құйма-құлақ бол дегенді бойларына сіңіре берген.
— Алтыншыдан, үлкенді, ата-ананы сыйлауға үйретуді басты міндет етіп қойған.
— Жетіншіден, кісі айыбын бетіне баспа дейді халық тәрбиесі. Бұл кемшілікті айтпа деген сөз емес, ғаріп-кісілердің табиғи кемдігін /мұрны пұшық, көзі қисық, аяғы ақсақ деген сияқты/ көрсетпе деген сөз.
— Сегізіншіден, ел қорғаны батыр бол, халық алдында қызмет ет, бар өнеріңді соған жұмса дегенді үйретеді.
Қазақ отбасында тәрбиенің бұл бағыттары толығымен қамтылған. Бала тәрбиесіне байланысты әр ата-ананың қалыптасып, ұрпактан-ұрпаққа жазылмаған заң тәрізді ауызша жалғасып отырған.
Ата-ананы, үлкенді сыйлауға, халықтың салты мен дәстүрін қадірлеуге, ел тарихы, туған жер, ата-баба шежіресін қанығуға, бесік жырынан бастап халық ән-күйіне сусындауға үйрету. Бұл-отбасы тәрбиесінің мақсаты болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |