Қыздың тектілігін әртүрлі жолдармен тексеру.
Мысалы: Бойжеткеннің көшкен жұртына зер салып қарауы мүмкін. Егер үйдің орны түсу, түспеуді ойласады. Немесе, қыз көруге келгенде сол шаңырақтың көсеуіне көңіл аударады, егер көсеудің екі жағымен от көселке, онда «шешесі салақ» — деп бойжеткенді көрмей-ақ жүре беретін көрінеді.
Қалыңдықтың ақылдылығына аса назар аударған:
«Ақылды әйел ізде, — іздесең сен есті болса,
Төрт құбылаң теңкелер».
/Баласағүн/.
«Жасаулы деп, малды деп байдан алма,
Кедей қызы арзан деп құмарланба.
Ары бар, ақылы бар, ұяты бар.
Ата-ананың қызынан ғапыл қалма».
/Абай/
Сыншылар әртүрлі сыйлық ұсыну арқылы бойжеткеннің дүние мүлікке көзқарасын тексерген, жұмбақ шешкізіп, зейін зердесін байқаған, аға-інілері құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасына қарай бауырмалдығы мен қайырымдылығын екшеген. Киген киімі, істеген ісі, сөйлеген сөзіне қарап, оның ұқыптылығы, іскерлігі және мінез-құлқынан мағлұмат ала білген.
Бойжеткеннің тал бойынан табылуын тиісті тағы бір қасиет — сымбаты мен көркі.
Болашақ ошақ иесіне қояр талаптың ең мәндісі — іскерлік. Халық «Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұлдан без» -деген. Әр әйелдің ерін күте білуі-басты міндеті болса тауып өсіру-ананың борышы.
Әйел ажары хақындағы мына бір анықтамаларға назар аударған дұрыс сияқты: «Бет пішіні, дене мүсіні келіскен, өзі сыпайы, өзі әдепті, сұңғақ бойлы, терен ойлы қыз—ару. Жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік қыз-әсем. Сөзі өткір, өзі пысық, өрескелдікті сүймейтін, болмашыға күйіп-піспейтін келбетті қыз—сұлу. Істесе үйіріп, сөйлесе бұйырып, баурап алатын, өзі бірден көзге түсе қоймайтын қыз-көрікті. Баппен сөйлеп, биязы күліп, жақсы-жаманның жөнін біліп тұратын қыз-әдемі. Дене бітісі жинақты — тығыршық, сөзі салмақты, ісі тиянақты қыз —
Достарыңызбен бөлісу: |