Байланысты: Халық шығармашылығының қалыптасуы-2014
Халық шығармашылығының қалыптасуы. Халық шығармашылығының қазақ топырағында туып өркендеуі сонау көне заманға саяды.Еңбек процесімен бірге туған ән,күй,жарлары діни мейрамдар мен салт- жораларға байланысты пайда болған ұлттық ойын-сауық түрлері мысалы: бәдік айтыс халық шығармашылығының көне түрлеріне жатады.Халық шығармашылығың тамаша үлгілері қазақ ауыз әдебиетінде мол сақталған. Қазақ шаншарлары мен қулары, жыршылары мен күйшілері, ақын, жыраулары,зергерлері мен халық ұсталары халық шығармашылығын тудырумен қатар оны кең насихаттап отырды.Қазақ халқының ұлттық ою-өрнегі зергерлік өнері ертеден қанат жайған мысалы байырғы сақ,ғұн,үйсін өнері қазақстан тарихынан белгілі. Халық сәулетшілері мен ұсталары назарлардың,сондай-ақ киіз үйдің алуан үлгісін жасады.
Халық шығармашылығы халықтың әдет- ғұрпы, оның діни наным-сенімі, ой- арманы бейнеленіп отырған, онымен біте қайнасқан өнер түрі болып табылады. Адам санасының ояну кезеңінен бастап неолит және қола дәуірінің өзінде халық шығармашылығы өз таңбасын қалдырып отырды.
Оның эволюциалық даму барысында көбінесе заттың мән-мазмұнының өзгеруіне, дүниеге көзқарастың жаңа арнаға түсуіне байланысты тың пайымдаулар туындайды. Орта ғасырда халық шығармашылығы белгілі бір шеңбер көлемінде ғана дамиды. Онда көбінесе хайуанаттар пішінді өрнек мол қолданылды.
Алайда көркем бұйымдарды жасаушы шеберлердің халық өкілдері болуы оның дара дамуына мүмкіндік бермеді. Феодалдық және цехтық құрлыманың ыдырауы нарыкқа қызмет етуші халық көркем қолөнер шеберлерін тудырды; осының нәтижесінде халық шығармашылығы халықпен біте қайнасып түрі мен мазмұны жағынан байып отырды.
17-19 ғасырлардың бас кезінде халық шығармашылығы жоғары дәрежеде дамыды. Оған тың материалдар мен құрал – саймандардың, жаңа техникалық мүмкініндіктерінің пайда болуы, халық суретшілер ой- өрісінің кеңейе түсуі себепкер болды. 19 ғасырдың орта кезінен фольклорға ден қою, соның салдарынан бірқатар елдерде халық сән өнеріне арнайы назар аудару күшейді. Осы кезеңнен бастап халық шығармашылығының эстетикасы, оның табиғи жарасымдылығы кәсіби саулет өнеріне, сондай-ақ бейнелеу өнері мен сән және қосалқы өнеріне ықпалын тигізе бастады. Халық шығармашылығын жинау, жойылып кеткен шаруашылықтардың қайта жаңарту әрі жаңадан құру ісі қолға алынды. Бұл істің кең қанат жайған кезі 19-20 ғасырлар қарсаңында «модерн» стилінің белең алуымен байланысты болды. Қазіргі кездегі халық шығармашылығы туындылары әсемдік заттар мен зергерлік бұйымдардан көрініс тауып отыр. Шебер қолы тиген әр бұйым көне заманнан келе жатқан дәстүрдің жалғасы, әр халықтың ұлттық мәдениетінің айқын белгісі іспетті.
Қазақстанда халық шығармашылығы кеңес үкіметі орнағаннан кейін жаңа қарқынмен дамыды.Көркемөнерпаздық кең қанат жайып, қазақ халық театрлары, халық ән-би ансамбльдері мен халық оркестрлері шаңырақ көтерді.Халықтық қол өнері шеберлерінің мол тәжірибесі республика мызда керамика және қол өнер бұйымдарын,жиһаз жасау, түрлі аспаптар,кілем тоқу,түскиіз жасауда кеңінен қолданылуда. Республикалық халық шығармашылығы үйі және облыстық, өлкелік халық шығармашылық үйлері халық шығармашылығына идеялық бағыт әрі әдістемелік кеңес беріп отырады.
Әлеуметтік мәдени және қоғамдық өмірдің өзге де салаларындағы қайта құрудан туындаған қайшылықты үрдістер Қазақстан халықтарының көркемдік шығармашылығы дамуының сандық және сапалық өзгерістеріне әкелді.
Жалпы халық шығармашылығы бірнеше өнер түрлерінен тұрады.Солардың бірі халық музыкасы-халықтың вокальдық,аспаптық және вокальдық-аспаптық музыкалық шығармашылығы.Ол ауызша таралып,бірден-бірге орындаушылық дәстүр арқылы жетіп отырады.Оны кең таратушылар негізінен халық арасынан шыққан шын талант иелері орындаушылыр болып табылады.Олар әнші-сазгерлер,күйшілер мен жыршылар,ақындар. Халық музыкасының шығу төркіні басқа да өнер түрлері сияқты өте ерте заманға саяды. Әрбір қоғамдық құрылыс кезіндегі музыкалық дәстүр мүмкіндігінше өзіндік ерекшелігін сақтай отырып-бірге жетеді. Әр тарихи дәуірдің белгілі мөлшерде көне және трансформацияланған,сондай-ақ осы негізде жаңадан туған шығармалары болады. Міне, осыдан келіп дәстүрлі музыкалық фольклор құралады. Халық музыкасының негізгі түрлері-ән эпикалық толғаулар, би әуендері, Қайырма ән-билер,аспаптық пьесалар мен күйлер. Адамзат өмірінің мәңгі серігі болған халық музыкасы жанр жағынан өте бай. Кедей шаруа тірлігінің әрбір кезеңі халық музыкасында өз таңбасын қалдырып отырған. Мысалы: Жыл мезгілі, төрт түлік мал; егіншілік, өмірге келу,үйлену, қаза болу тағы басқалары.Бертін келе халық музыкасының бағдарламалық ауқымы кең музыкалық формасы жағынан күрделі импровизициалық вокальдық және аспаптық шығармалар пайда болды.
Халық музыкалық шығармашылығы жеке орындаушы, антифон (екі хор кезектесіп немесе хор мен жеке әнші орындайды) ансамбль, хор немесе оркестр арқылы тыңдаушысына жетеді. 20 ғасырда халық музыкасын жазып алу (музыкалық этнография) және зерттеу (музыкалық фольклористика) ісі жаңа жолға қойылды. Халық музыкасы негізінде кәсіби ұлттық музыка мектептері қалыптасты.
Халықтың өзіндік шығармашылығының бір саласы-халық билері. Би-өнер атаулының ең ежелгісі деуге негіз бар. Себебі алғашқы қауымдастық кезеңінде адамдар өздерінің тіршілігіне қажетті көп жұмысты үндеспен қимылдық бірлігі арқылы атқарған.
Материалдық қажеттіліктен пайда болған осы қимыл әлементтері бірте-бірте салтанатты жиындарда орындалатын дәстүрлі рәсімдерге кейін бөлек өнер түріне айналып кете барған. Билердің көркемдік бояулары арқылы бір халықтың ғасырлар бойғы тұрмыс-тіршілігінен,кәсібінен,салт-дәстүрінен мағлұмат алуға болады. Қандай да болмасын халықтың мәдениетінің өсуіне байланысты бидің де эстетикасы байып, даму жолында болды.
Ал қазақ халық биі ән,күй сияқты халықтың салт- санасымен біте қайнасқан ел мұрасы екеніне шек қоюдың қисыны жоқ. Отыз күн ойын, қырық күн тойын жасап қыз ұзатып,келін түсіре білген, ата-бабасына неше рулы ел жинап ас бере білген, қазақ ән айтып, күй тартып, әр түрлі ұлттық ойындарды да өткізе білген.Олай болса би өнері осындай ұлттық ойындардан, әр түрлі еңбек қимылдарынан құралған. Бишілік дәстүрдің қайталанбас үлгісі қазақ халқының мәдениетіне тән. Халықтың көркемдік ойының бір көрінісі ретіндегі би өнері өзінің эстетикалық болмысында қазақ жұртының жалпы дүниетанымына сай арман-мұраттарын бейнелейтін қимылдар жүйесін қалыптастырған. Бізге жеткен осы би қимылдарынан бүтін бір халықтың мінез-құлқы, адамгершілік қасиеттері,әдет-ғұрпы анық аңғарылады. Қазақ халқы би өнерінің ежелгі дәстүрі мен қалыптасқан кейбір қимыл, әрекеттерін өзінің рухани қазынасы санап талай ғасырлар белсінен алып өткен.
Әр халық билерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Европа халықтарының биі негізінен аяз қимылына құрылса, ал Орта Азия мен Шығыста қол мен дене қимылы басым қолданылады. Халық биінде ырғақ айқындығы басты орын алады. Ұлттық би киімдерінің би мазмұнын ашудағы ролі ерекше болды.
Ауыз әдебиетімен тығыз байланысты халық театры сонау көне заманда аңшылық және егіс мейрамдары кезіндегі ойын-сауықтар негізінде пайда болды. Жыл мезгілі мейрамдары мен тұрмыс – салт, әдет – ғұрыптарында, діни жораларда театр элементтері көрініс беріп отырды. Халық театры кең мағынасында кәсіби театр атанбағанымен, алайда әрбір халықта театр ісінің өз шеберлері болған. Мысалы: оларды қазақтар думаншы, қызықшы, масқарапаздар деп атаған. Халық театры репертуары көбінесе аңыз ертегілер мен эпос сюжеттеріне құрылады ; кейінірек кәсіби пьесалар мен әдеби шығармалардың халық театрына лайықталған түрін пайданалатын болды.
Қарапайымдық пен еркіндік халық театрының негізгі ерекшелігі болып табылады. Халық театрында сахна, декорация атаулы болмаған. Оның ойынындағы негізгі мақсат кейіпкер характерінің тереңіне үңілуден гөрі болып жатқан әрекеттің комедиялы немесе традегиялылығына аударылып отырады. Кейіпкердің жеке монолог оқуы, және ән айтуының мәні зор болған.
Халық драмасы кейіпкерлерінің драмалық және комедиялық деп аталатын екі түрлі болады. Біріншісі- монологтар мен диалогтар оқу, қимыл-әрекеті кезіндегі асқақ салтанаттылығымен, ал екіншісі-ажуа-сықақшылығы, сөзге ұтқыр, күлдіргілілігімен ерекшеленеді. Халық театры сахнасынан түбегейлі орын алған дәстүрлі ойын түрлері кей жағдайда театр есімне айналып отырады.
Азия елдерінде би- пантомима ойындары ежелден өріс алған. Осы ойын негізінде Азия халықтарының дәстүрлі театрлары пайда болды. Көркемдік деңгейімен орындаушылық шеберлігі жағынан өзіндік ерекшелігі мол халық театры әрқашан кәсіби театр қайраткерлерінің назарын өзіне аударып отырды. Олар өз шығармашылықтарында халық театры жетістіктерін ұтымды пайдаланды.
Халытық сәулет,бейнелеу өнері, түрлі қолөнер туындылары да халықтың өзіндік шығармашылығының бір саласы болып саналады. Еңбек құралдары, құрылыс, үй, жиһаздары мен тұрмыстық заттар, киім-пішеп пен мата халықтың өзі тудырған туындылар.
Қазақтың көркем өнерінің басты бір саласына ән-күй (музыка) жатады. Оның маңызды ерекшелігі сөз өнерімен синкретті тұтаса келуінде. Ән мен жырды бір-бірінен бөліп алу жай нәрсе емес, олар — халық өнерінің қосқанатты туындысы. Қазақ «Құлақтан кіріп бойды ал ар, өсем өн мен төтті күйді» ұнатқан.