ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
Халықаралық қатынас дегенiмiз - ол әлемдiк қауымдастықтың негiзгi субъектiлерiнiң арасындағы саяси экономикалық, әлеуметтiк, дипломатиялық, құқықтық, әскери және гуманитарлық өзара байланыс-тары мен қатынастарының жүйелiк жиынтығы. Халықаралық қатынас- ол халық немесе мемлекеттер арасындағы қатынастардың жәй ғана жинтығы емес, керiсiнше өзара тәуелдi болатын, өзара дамып отыратын субъектiлер арасындағы табиғи диалектикалық байланыстар жүйесi.Халықаралық қатынас мемлекеттiң пайда болуынан басталады және ол елдер мен мемлекеттердiң бiр- бiрiмен байланыс жасаудың тарихи қажеттiлiгiнен туындайды.
Халықаралық қатынастың қалыптасу эволюциясына келетiн болсақ, оның адамдар арасындағы өзара қатынасты ерекше түрi ретiндегi бөлiнуi әрiден алғанда алғашқы этностардың шығуынан және олардың өзiндiк санасының қалыптасуынан басталады. Адамзат қоғамының дамуына байланысты олардың арасындағы қатынас та күрделене түстi. Халықаралық қатынастың қалыптасу тарихындағы сапалық кезең мемлекеттiң пайда болуымен байланысты. Яғни, осыған орай мемлекеттiң iшкi және сыртқы қатынастары жiктеле бастады. Халықаралық қатынас ұғымының дәстүрiне бағынатын болсақ оған мемле-кеттiң iшкi мәселелерi кiрмейдi.
Сонымен,мемлекеттердiң сыртқы халықаралық қатынасы ел-дер арасындағы қатынастың өзегiне айнала отырып,бiрте-бiрте саяси сипатқа ие болды.Өйткенi, әр мемлекеттiң шекарасының анықталуы, алдымен оның егемендiгiн бiлдiрсе, бiрiншiден- мемлекеттiң сыртқы саясатын бөлiп шығарады.Осыған орай сыртқы саясат немесе халықаралық қатынас мемлекет шекарасының сыртында болатын жағдайларды бiлдiредi. Екiншiден -әр мемлекет өзiнiң iшкi саясатымен бiрге өз территория-сына сыртқы ықпалдардың үстiнен де бақылау қояды. Дәстүрлi қоғамдар (құлдық дәуiр, феодалдық т.б.) тұсында сыртқы қатынас билiк басындағы элиталардың ғана құзырында болды.
Алайда халықаралық саяси қатынастың мақсатына, түрiне және мазмұнына қатысты мәселелер ерте дәуiрден-ақ қалыптас-ты. Мәселен, сол кезден бсатап мемлекетаралық қатынасқа қатысты әрекеттердiң стратегиясы, мақсат иерархияларының нақты түрлерi күштер мен құралдары ықпал етудң тәсiлдерi анықтала бастады.
ХХ ғасырдағы халықаралық қатынас хақындағы саяси зерттеулер жаңа сапаға ие болды. Атап, айтқанда халықаралық қатынас теориясындағы маркстiк революциялық концепцияның орны бөлек. Оның ерекшелiгi, ең алдымен, дүниежүзiлiк мәселенi таптық тұрғыдан қарастыру болса, екiншiден сыртқы қатынастың әр тарихи кезеңiнде қоғамдық-экономикалық құрылымының, формацияның нақтылы даму заңдылықтарына сәйкес талдау жасалынуы.
Бүгiнгi халықарлық қатынастың дамуындағы негiгi тенденцияларға үңiлсек, ең алдымен халықаралық қатынастағы кешегi биполярлық жүйенiң жойылғандығын көремiз. Яғни, осы-ған дейiн мемлекеттер дүниесi полюске бөлiнiп, бiр тобы КСРО-ның төңiрегiне шоғырланса, екiншiсi АҚШ-тың маңына жиналған едi. Халықаралық қатынастағы мұндай жүйе- биполярлы жүйе деп аталынды. Оның ыдырауына байланысты Экономикалық Өзара көмек Кеңесi (ЭӨК) және Варшава Шарты ұйымдары тарихқа кеттi. Қазiргi қалыптасып келе жатқан халықаралық қатынас жүйесi саясаттанушы ғалымдардың пiкiрiнше, блоктарға бө-лiнген көп полюстi жүйеге айналуы мүмкiн дейтiн бол-жам бар. Мәселен, американдық саясаттанушы, ғалым С.Хантингон адамзат дүниесiнiң ертеңгi тағдыры 7-8 негiзгi өркениеттердiң арақатынасына тәуелдi дегендi көрсетедi: Батыс, конфуциондық Жапондық, Ислам, Индуистiк, Славяно -православиялық, Латын американдық және Американдық.
Бүгiнгi халықаралық қатынастың басты ерекшелiгi жалпы адамзаттық мәселенiң бiрiншi орынға қойылып, барлық бейбiт қатар өмiр сүру принциптерiнiң доминанттық сипатқа ие болуы. Сайып келгенде, қазiргi кезде дүниежүзiлiк бiрыңғай тұтас саяси кеңiстiктiң қалыптаса бастауын айтуға болады.
Бүгiнгi ғаламдық мәселелер:
* әлеуметтiк-саяси сипаттағы мәселелер: ядролық соғыстың алдын алу, жаппай қарулануды тоқтату; аймақтық, мемлекетаралық және ұлтаралық конфликттердi бейбiт жолмен шешу; халықтар арасындағы өзара сенiм принциптерiне сүйене отырып жалпыға бiрдей қауiпсiздiктi сақтау;
* әлеуметтiк -зкономикалық сипаттағы мәселелер: жалпы қоғамдық шаруашылықтың және мәдениеттiң даму жағынан артта қалушылықты жою; дүниежүзiлiк айналымдағы тауарларды өндiру мен қайта өндiрудегi тиiмдiлiктi қамтамасыз ету; энергия көзде-рiндегi, шикiзат пен сауда саттықтағы дағдарыстарды шешудiң жолдарын iздеу; демографиялық жағдайды жандандыру, әсiресе дамушы елдерде;
*әлеуметтiк-экологиялық мәселелер: табиғи ортаның нашарлануына жол бермеу; атмосфераның газ қабаттарын жақсар-туға шаралар қолдану; тiрi және өлi табиғаттың үйлесiмдi дамуына жағдай жасау; планета жүйесiнiң табиғи потенциалын үнемдi пайдалану т.б.
* адам мәселесi: қоғамдық прогреске адами өлшем тұрғысынан қарау; адамның әлеуметтiк, экономикалық және жеке құқықтары мен бостандығын сақтау; дара тұлғаның рухани дамуы; адамның табиғаттан, қоғамнан, мемлекеттен, басқа адам-дардан және өз еңбегiнiң нәтижесiнен өзiнiң жатсынуын, аласта-луын жою, осылардың iшiнде ең өзектiсi халықаралық терроризм.
2. Әдетте мемлекеттiң сыртқы саяси қатынастың басқа да субъективтiлерiмен халықаралық аренада өз қатынасын реттеуге байланысты әрекетiн сыртқы саясат деп атайды.
Мемлекеттiң сыртқы саясатының мазмұнын айтатын басты мәселе- ұлттық мүдде. Ұлттық мүдде хақындағы мәселелерге, әдетте ұлттық еркiн және тәуелсiз мемлекет ретiнде сақталуы, сыртқы соғыс қауiпiнен сақталу, ұлттық тұрмыс- жағдайын жақ-сарту, халықаралық аренада мемлекеттiң экономикалық және саяси позицияларын қорғау, дүниежүзiлiк саясатта мемлекеттiң ықпалын сақтау және оның аясын кеңейту. Ұлттық мүдделер сыртқы саясатында көрiнiс тауып отырады. Және ол басқа мемлекетпен қарым-қатынас жасаудың мақсатын, оны шешу жолдарын анықтап отырады. Сыртқы саясатты мемлекеттiң iшкi саясатынан бөлiп алып қарауға болмайды. Өйткенi, сыртқы саясат мемлекеттiң iшкi даму ерекшелiгiне, қойған мақсаттарына, iшкi ресурсына, кадр потенциалдарына да тәуелдi. Сонымен бiрге сыртқы саясаттың өзiндiк ерекшелiктерi де болады. Ол ерекшелiктер өз қарым-қатынасқа түсетiн елдердiң мүдделерiне сәйкес келе бермеуiне байланысты болады. Оның өзi елдiң сыртқы саясатын сол субъектiлердiң мүдделерiне халықаралық қатынас құқықтарына сәйкес түрлендiрудi талап етедi.
Сыртқы саясаттағы маңызды құралдардың бiрi дипломатия болып табылады. Дипломатия- сыртқы қатынасты қамтамасыз ететiн және шетелде мемлекетiң құқы мен мүддесiн қорғау жөнiндегi мемлекет, өкiмет басшыларының және сыртқы қатынасқа түсетiн мекемелердiң ресми әрекетi. Шет елдермен дипломатиялық қарым-қатынас жасау сыртқы саясатты жүзеге асырудың дәстүрi болып табылады. Сондай-ақ дүниежүзiлiк және аймақтық халықаралық ұйымдарда өкiлеттiлiк ашу немесе олардың құрамына ену, шетелдiк саяси партиялармен достық қарым-қатынаста болу, дипломатиялық қатынастарға түспеген елдермен де эпизоттық байланыстар жасау арқылы да сыртқы саясат жүргiзiлiп отырады. Сыртқы саяси байланыстар, сонымен бiрге, экономикалық сауда, ғылыми-техникалық, финанс-несие және мәдени қарым-қаты-настар жасау арқылы да iске асырылады. Мемлекеттiң шетелдермен қатынасы сыртқы барлау арқылы да жүредi.
Мемлекеттiң сыртқы саясатын жүзеге асырып, оны қадағалап отыратын арнайы органдар болады. Оларға: сыртқы iстер минис-трлiгi сыртқы саясат жөнiндегi парламенттiк комитеттер, елшiлiктер мен өкiлеттiлiтер, шетелдегi ғылыми және мәдени орталықтар, ресми және жартылай ресми миссиялар жатады. Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясының ерекшелiгiне келсек, бүгiнгi әлемдiк реттiлiктi немесе НАТО ұсынып отырған "Бейбiтшiлiк жолындағы әрiптестiк" принципiн iске асыру бары-сында бiздiң республика өз сыртқы саяси стратегиясын жасау жолында тұр деуге болады. Мұндағы ескеретiн нәрсе, Қазақстан өзiнiң дербес саясатын ендi ғана жасауда. Қазақстан үшiн, ең алдымен сыртқы саяси бағыттарын және бүгiнгi әлемдiк жүйедегi өз орны мен ролiн анықтау қажеттiлiгi өткiр тұр.
1. Халықаралық қатынас, оның қалыптасу эволюциясы мен даму тенденциясы түсінігіне анықтама бер
2. Сыртқы саясат: мәнi мен қызметi жайлы ой пікіріңіз
Үйге тапсырма: 1.Қазақстан қазіргі саяси жүйедегі орны және халықаралық саясаттағы орны жайлы қысқаша мәлімет беріңіз
Достарыңызбен бөлісу: |