Сабақ 3 Типтендіру түрлері. Көркем шығарма құрылымының компоненттері



Дата21.09.2023
өлшемі21,67 Kb.
#109511
түріСабақ

Дәріс 3-4. Өнердегі типтілік мәселесі. Көркем шығарма және оның құрылысы.

Практикалық сабақ 3-4. Типтендіру түрлері. Көркем шығарма құрылымының компоненттері.

СОӨЖ 1. Өмір шындығы және көркемдік шешім шығарманың тақырыбының, идеясының, проблемасының барлық элементтерінің (эпизод, образ, мотив) қатаң сақталуы. Кеңес беру және СӨЖ қабылдау.

Суреткердің өмір шындығын өз дүниетанымы тұрғысынан белгілі бір уақыт пен кеңістікке, әлеуметтік орта мен дәуірге сай талғап-тану, таңдап іріктеуі және жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы, тұлғаландыруы, даралуы типтендіру болып табылады.


Демек, типтендіру-ақиқат өмірдегі тірі кісілерден әдеби шығармадағы жанды бейнелер туғызудың аса қиын, күрделі және әрқашан тың, тынымсыз әрекеті. Суреткер өзі жасаған көркем бейненің құны мен қасиетін оның өмірдегі жанды дерегіне қарап белгілейді. Жазушының тип жасау үстіндегі көңіл аударатыны-типтілік туралы «қисын» емес, тірі мүсін-прототип. Суреткер бір типті бірнеше прототиптен жинақтап жасайды. Шындық құбылыстарды типтендіре жинақтау арқылы суреткер болашақ образдың немесе типтің жалпы бітімін, тұлғасын қалыптастырумен қатар оның ішкі ерекшелігін ашып, мінезін даралайды. Әрбір әдеби тұлғаны өз ортасынан адам ретінде бөлек, оқшау танытып тұратын, тек оның өзіне ғана тән, өзгелерде жоқ және қайталанбайтын психикалық ерекшеліктері болуы шарт. Суреткердің өмір шындығын жинақтау әрекеті әрқашан оның адам мінезін даралау әрекетімен ұласып, ұштасып жату себебі де сондықтан деп түсіну керек. Нағыз суреткердің қолынан шыққан әрбір әдеби тип әрі әбден жинақталған, сондықтан өзінен өзге ешкімге ұқсамайтын жалқы тұлға. Демек, типтің түрі мен мазмұнында «жалпы» мен «жалқының» бірлігі жатыр.
Көркем әдебиеттегі типтік образдарға қарап отырып белгілі бір уақыт пен кеңістіктегі қоғамдық дамудың негізгі және шешуші тенденциясын байқауға болады. Мысал, қазақ қоғамының өткен ғасырдағы ұнамды қасиеттерінің бір алуанын М.Әуезов Абай тұлғасына жинақтап, тұтастыра танытқан десек, осындай С.Мұқанов Асқар образы арқылы көрсетті, Ғ.Мұстафиннің мейрамы-адамдардың елімізді индустрияландыру кезіндегі елеулі ерекшеліктері тұтастырылған тұлға болса, Ғ.Мүсіреповтің Қайрошы-адам рухының соғыс жылдарындағы лап еткен айрықша бір көрінісі секілді.
Бұлардың әрқайсысы әр тұстың типтік тұлғасы, өзгеге ұқсамайтын тек өздеріне ғана тән өзгеше мінез-құлық, іс-әрекет, болмыс-бітім бар.
Өнердегі типтік мәселесі әдебиеттану ғылымындағы негізгі мәселелердің бірі. Өмірде бар адамдардың бойындағы бірнеше қасиеттерді жинақтап бір адамның бойына дарыту типтілікті туғызады. Өнердегі типтілік мәселесі әдебиеттану ғылымында әр кезеңде әр түрлі көрінгені рас.Әлемдік әдебиетте де көркем бейнені типтендіру ежелден бар тәсілдердің бірі. Тип және типтендіру заңдылықтары әдеби бейненің өмірдегі болмысын өзгерте даралау, яғни типтік бейне дегеніміз жинақталған бейне.
Билинский былай деген талантты жазушының әрбір образы тип деген. Әдебиеттегі тип көпке тән болса да жеке қасиеттерін атап, өтпеске болмайды. Шығармадағы типтік бейне қаншама тұлғалық дәрежеге көтерілсе де ол дара қалпын сақтап қалады. Типтік бейне көптеген адамдарға ұқсағанымен өзінің даралығымен ерекшеленеді. себебі ол көп адамға ұқсаса да ұқсамайды. Дара қасиетімен ерекшеленіп тұрады. Ол қаламгердің талантты көркем туындыларында да жиі кездеседі. М.Әуезовтің эпопеясы кейіпкерлер, С.Мұқановтың «Аққан жұлдыз» диалогиясындағы Шоқан, Ә.Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» т.т.т. бұндай бейнелерді протип деп атайды.
Типтендіру проблемасы секілді типтің өзі де тым күрделі нәрсе. Неге десеңіз, мінез, бітім, әрекет, ұғым, рух, парасат жағынан қарасақ, нағыз суреткердің қолынан туған әрбір әдеби тип – әрі әбден жинақталған, сондықтан өзі секілділердің бәріне ұқсайтын жалпы тұлға, әрі әбден дараланған, сондықтан өзінен өзге ешкімге ұқсамайтын жалқы тұлға. Демек, типтің түрі мен мазмұнында “жалпы” мен “жалқының” бірлігі жатыр. Оның көркем образ ретіндегі күрделілігі де осында.
М. Әуезовтің “Абай жолында” ондаған, жүздеген кейіпкер бар; көбі – тип. Мысалға бір ғана Құнанбайды алып қарасақ, ол аса – күрделі мәселе. әбден дараланған, бүкіл ішкі-тысқы бітімі өзінен өзге ешкімге ұқсамайды. Мінезі де, ақыл-парасаты да ерекше, іс-әрекеті де бірегей, бөлек. Бұл ретте Құнанбайда – жалқы тұлға. Сонымен қатар, ол әбден жинақталған, бір Құнанбайда сол дәуірде өмір кешкен құнанбайлардың бәріне ортақ мінез, бітім әрекет бар. Бұл ретте Құнанбай – жалпы тұлға, бүтін бір әлеуметтік ортаның әр қилы өзгешеліктерінің жиынтығы. Типтік образ жасаудың осы шарттары, көркем әдебиетте ақиқат шындықтың ең негізгі заңдылықтарын көрсету үшін керек. Мәселен, әдебиеттегі бір байдың образы өмірдегі бірнеше байдың, бір кедейдің образы бірнеше кедейдің ең елеулі ерекшелікетерінен құралады да, тип болады. Сол арқылы байлар ортасы мен кедейлер ортасындағы тіршілік – тағдыр заңдылықтары танылады. Итбай мен Игілік, Амантай иен Дәркембай солай жасалған. Демек, тип шындықта жиі қайталанатындардың жиынтығы ғана емес, бүгін сирек, аз болғанымен, ертең молығатындар мен толығатындардың да бейнелері деп білген жөн.
Әр жазушының творчествасын зерттеген адам оның өмір шындығын көркем жинақтау, яғни әдеби бейнелерді типтендіру әрекеті, көбіне, әр типке прототип табудан басталғанын байқар еді. М. Әуезов эпопеясының әр типінің өмірде моделі – прототипі болған. С. Мұқановтың Амантайының түп төркіні Аманкелдіде жатса, Балуан шолағы – Балуан Шолақтан, Шоқаны – Шоқаннан, Сәкені – Сәкеннен туды. Ғ.Мүсіреповтың Ақаны мен Қайрошы да солай. Ал Х. Есенжановтың трилогиясындағы типтер ше? Бәрінің негізінде прототип жатыр.
Қорыта келгенде көркем образдың қоғамдық, тәрбиелік мәні орасан зор. Әсіресе, қаҺарман ерлік, тамаша әділдік, адал сүйіспеншілік , патриоттық, ақылды айлакерлікті бейнелейтін және олардың барлығы адам баласына игілігі үшін істелетін, ғажайып образдардың іс-амал, мінез-құлықтарын көріп, сондай болуға келер ұрпақты үндейді. Адал ниет, идеясына берік, жаны сұлу кейіпкерлер әрдайым ой-сезімге жақсы әсерін тигізіп, өмірге, өнерге жетекшілік етеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет