Халықаралық «Əділ сөЗ» СӨз бостандығын қОРҒау қоры


Комиссиялық  сараптама  күрделі  сот  сараптамалық  зерттеу



Pdf көрінісі
бет14/45
Дата06.01.2022
өлшемі418,89 Kb.
#16481
түріАнықтамалық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45
Комиссиялық  сараптама  күрделі  сот  сараптамалық  зерттеу 

жүргізу  қажеттілігі  туындаған  жағдайда  тағайындалады,  жəне 

бір мамандық саласынан кем дегенде екі сот сарапшысының қа-

 тысуымен жүргізіледі.

Мұнымен  қатар  комиссиялық  сот  сараптамасын  тағайын-

даған  орган  (тұлғаның)  қаулысының,  анықтамасының  орындалуы 

міндеттеледі.  

Сот  сараптамасы  органының  жетекшісі  ұсынылған  материалдар 

бойынша комиссиялық сот сараптамасын жүргізу жəне оны ұйымда-

стыру туралы дербес шешім қабылдауға құқылы.

Комиссия  құрамына  енетін  сот  сарапшыларының  қызметін  (жұ-

мысын)  үйлестіру  үшін  сот  сараптамасы  органының  жетекшісі  са-

рапшы-үйлестірушіні тағайындайды.

Сарапшы-үйлестіруші  сот   сараптамалық  зерттеу  жұмысының 

жалпы жоспарының талдамасын жасайды, сот сараптамасын жүргізу-

дің жалпы мерзімі аясында жекелеген зертт еулерді жүргізу уақытын 

анықтайды  жəне  олардың  сақталуын  бақылайды,  сот  сараптамасын 

тағайындаған органмен (тұлғамен) байланыс орнатады, сот сарапшы-

ларының мəжілісін басқарады.

Комиссиялық  сот  сараптамасын  жүргізу  кезінде  сот  сарапшыла-

рының  əрқайсысы  тəуелсіз  əрі  дербес  түрде  толық  көлемде  зерттеу 

жүргізеді. 

Сараптамалық комиссия мүшелері алынған нəтижелерді бірлесіп 




17

талдайды  немесе  барлығы  бір  ортақ  пікірге  тоқт ай  отырып,  сот  са-

раптама қорытындысына қол қояды немесе қорытынды берудің мүм-

кін еместігі туралы хабарлама жасайды. Əртүрлі пікірлер туындаған 

жағдайда  тұжырымы  комиссияның  басқа  мүшелерінің  пікірлерінен 

өзгешеленетін сот сарапшысы сол өз тұжырымын қорытындыда жеке 

рəсімдейді.    



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет