Халықаралық «Əділ сөЗ» СӨз бостандығын қОРҒау қоры



Pdf көрінісі
бет16/45
Дата06.01.2022
өлшемі418,89 Kb.
#16481
түріАнықтамалық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45
Конфликтоген

  –

 

филологиялық  сараптамада  бұл  вербалды  эле-

менттер  (сөз,  сөйленіс  жəне  фразалар),  олар  қақтығысты  сөйлеу 

жағдаятының бірден бір қайнар көзі бола алады. 

Сол немесе басқа ақпараттық материалдың құқыққорғау органдар 

саласының  назарына  түсуінің  жəне  соның  салдарында  зерттеу 

нысанына айналуының басты себебі оның мазмұнында конфликтогенді 

элементтердің орын алуы болып табылады. Конфликтоген сөйлеушінің 

ұлттық  қатыстылық  негіздемесі  бойынша  бөлінген  адамдарға  теріс, 

жеккөрушілік  сезімі  білдірілген  сөйленісі  болуы  мүмкін;  бұл  пікір, 

конфликтогенді  бола  отырып,  жекелеген  моралдық  нормаларға 

қарама-қайшы  келуі  мүмкін («Нашар  ұлт  жоқ,  нашар  адамдар  бар / 

Нет  плохих  наций,  есть  плохие  люди»),  сөйлеу  жосығының  мəдени 

стереотиптеріне сəйкес келмеуі мүмкін, алайда осы орайда вербалды 

экстремизм  белгілерін  қамтымауы  мүмкін.  Саяси,  экономикалық, 

кəсіби  саланың  немесе  адамның  (немесе  адамдар  тобының)  басқа 

да  маңызды  қызметінің  қайсыбір  аспектісі  туралы  теріс  пікір, 

қоғамдық  маңызды  іспен  айналысушы  адамның  қызметі  мен  жеке 

басының қасиеттері туралы теріс (жағымсыз) пайымдау, билікті орын 

алған  күрделі  мəселелерді,  шиеленісті,  дағдарысты  жағдаяттарды 

туындатушы əрі қасақана қолдаушы тұрғысынан айыптаулар жəне т.б. 

конфликтоген  бола  алады.  Мұндай  теріс  ақпарат  шектеусіз  адамдар 

қауымы  арасында  таралатындықтан,  көпшілік  сынына  ұшырайтын 

жоғарыда  көрсетілген  адамдар  тобының  өкілдері  психологиялық 

дискомфортқа  шарасыз  бой  алдырад ы.  Көрсетілген  тұлғалардың 

өзін  жəне  өз  тобын  қорғау  үшін  заңгерлік  механиздерге  жүгінуін 

«ақпараттық  кейіттіргішке  (кейістік  тудырушыға)»  қарсы  қалыпты 

адами тітіркеніс деп есептеу керек. Сол уақытта таратылған ақпаратқа 

мазмұнды баға беруші құқық қолданушы органдар мен сарапшылар 

сөйлеу жосығының тек заңда белгіленген құқыққа қайшы өлшемдерін 

ғана басшылыққа алулары керек (қара.: экстремистік материалдар).

Зерттеу нəтижелеріне қарай сарапшы материалдарда экстремистік 




19

сөйлеу  əрекетінің  коммуникативтік  белгілері  орын  алмаған,  алайда 

материал  мазмұнында  конфликтогенді  сөйленістер  ұшырасатыны  

тұрғысындағы  қорытындыға  келіп  жатқан  жағдайда,  материалдарға 

мақсатқа сəйкес зерттеу жүргізіп, себептерін көрсетуге кеңес беріледі, 

соның  негізінде  олар  заңгерлік  тұрғыдан  тыйым  салынған  сөйлеу 

əрекетінің  көріністері  ретінде  саралана  алмайды.  Сəйкес  дəлелдеме 

сарапшы  тұжырымдарын  негізді  əрі  объективті  етіп  танытады, 

сонымен  қатар  конфликтогенді  ақпаратты  «залалсыз»  немесе 

«бейтарап», ешқандай тексеріске негіз жоқ деген түрде бағалауға жол 

бермейді.

Конфликтогенді  пікір  білдірудің  құқыққа  қайшы  келмейтін 

мейлінше  кең  таралған  жағдайларының  сипаттамасы  мына  құжатта 

қамтылған: «Саяси  ұйымдар,  идеологиялық  жəне  діни  бірлестіктер 

немесе  діни  сенім-нанымдар,  ұлттық  немесе  діни  салттарға 

байланысты  сындар  өздігінен  өшпенділікті  немесе  араздықты 

қоздыруға  бағытталған  əрекет  ретінде  қарастырылмауы  тиіс» 

(10). «Өздігінен  қарастырылмауы  тиіс»  сөз  орамы  мына  тұрғыда 

түсіндіріледі: тек анықталған жағдайларда, нақты айтқанда, адамдарға 

қарсы  өшпенділік  немесе  жаулық  қарым-қатынас  қажеттілігін 

негіздеуге немесе оларға қарсы əрекеттерге түрткі салу тұрғысындағы 

мақсаттық  бағыттылықтың  бар  екені  мəтінді  талдау  барысында 

анықталған жағдайда ғана көрсетілген сын қанша дегенмен заңгерлік 

тұрғыдан араздықты қоздыруға бағытталған əрекет ретінде саралануы 

мүмкін.

Егер талданылып отырған материалда сыни мəлімдеме (сөйленіс) 

қамтылған болса, алайда басқа бір мақсаттық ұстанымды жүзеге асыру 

үшін пайдаланылса, бұл туралы зерттеудің жалпы қорытындысында 

көрсету  керек.   Бұл  жағдайда  мəтінде  экстремистік  сөйлеу  əрекеті 

белгілерінің  орын  алғаны  туралы  сұрақтың  жауабы  үзілді-кесілді 

теріс болуы тиіс.   



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет