Халықаралық «Əділ сөЗ» СӨз бостандығын қОРҒау қоры


Сараптаманың  тағайындалуы



Pdf көрінісі
бет30/45
Дата06.01.2022
өлшемі418,89 Kb.
#16481
түріАнықтамалық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45
Сараптаманың  тағайындалуы  сəйкес  процессуалдық  заңнама 

саласының  (қылмыстық,  азаматтық,  əкімшіліктік  үдерістер)  норма-

ларымен  реттеледі.  Процессуалдық  нормаларға  сəйкес  сараптама-

лық зерттеуді тағайындау міндетті жəне міндетті емес деген түрлерге 

бөлінеді. 

Сараптаманың  тағайындалуы  міндетті  болатын  жағдайлар  тізімі 

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көрсетілген (271 бап). Қалған 

басқа  жағдайларда,  егер  сараптама  тағайындауға  құқықтық  өкілетті 

тұлға немесе орган (тергеуші, сот, жауап алушы) жаңа дəлелдемелер 

алу мақсатында арнаулы ғылыми білімге ие тұлғаларды (сарапшылар-

ды) іске тарту қажетті деп тапқан жағдайда тағайындалады. 

Сот-филологиялық сараптама міндетті емес сараптамалар қатары-

на  жатқызылады,  алайда  тəжірибе  жүзінде  нақтылы  істер  категрои-

яларында  сараптамалар  дəстүрлі  түрде  тағайындалып  жүр.  Сөйтіп, 

мысалы, ҚР Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 11 

«Террористік жəне экстремистік қылмыстар туралы заңнаманы қол-

дану бойынша сот практикасының кейбір мəселелері туралы» норма-

тивтік  қаулысында  экстремистік  құрамды  істер  бойынша  сот-фило-




31

логиялық  сараптамасын  жүргізу  мүмкіндігі  нақты  заңды  бекітілген 

болып  шығады: «20. Терроризмге  жəне  экстремизмге  байланысты 

істерді  сотқа  дейін  тергеп-тексеру  жəне  соттардың  қарауы  кезінде 

арнайы білімдер пайдаланылуы мүмкін екендігі түсіндірілсін. Қажет 

болған жағдайда материалдардың террористікке жəне (немесе) экс-

тремистікке жататынын, сонымен қатар қылмыстық құқық бұзушы 

субъектілердің,  əсіресе  ақыл-есі  кем  кəмелетке  толмағандардың 

психикалық  даму  деңгейін  жəне  таралатын  материалдардың  мəнін 

террористік  жəне  (немесе)  экстремистік  ретінде  түсіну  қабілетін 

анықтау  үшін  тиісті  сараптамалар  тағайындалып,  жүргізілуі  мүм-

кін» (авт.-құрастырушы тарапынан бөлініп көрсетілді).

Бүгінгі  күні  экстремистік  əрекет  үшін  айыптау,  сонымен  қатар 

əлеуметтік, нəсілдік, діни, ұлттық жəне таптық алауыздықты қоздыру 

(ҚР  ҚК 174-бап)  үшін  айыптау  істері  бойынша  сот-филологиялық 

сараптама басым жағдайларда тағайындалады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет