Халықаралық «Əділ сөЗ» СӨз бостандығын қОРҒау қоры



Pdf көрінісі
бет38/45
Дата06.01.2022
өлшемі418,89 Kb.
#16481
түріАнықтамалық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45
Т

Тап

 

– бұл мұрамен қалдырылған құқықтары мен міндеттемелері 



заңымен  бекітілген  əлеуметтік  топ  (феодалдық  қоғамның  таптық 

бөлінуі негізінде нық қалыптасқан). ҚР ҚК 174-бап таптық алауыз-

дық қоздырғаны үшін жауапкершілік қарастырады. Тапқа бөліну төң-

керіске дейінгі Ресейге жəне Еуропаға (дворяндық, діни қауым, ша-

руа, мещандық, буржуа жəне т.б.) тəн болды. Қазақстанда қоғамының 

тапқа бөлінуі орын алмаған, барлық азаматтар бірдей құқықтар мен 

міндеттемелерге ие. 

Тұжырым  сарапшының  өзіне  ұсынылған  дереккөз  мəліметтері 

мен сəйкес білім саласының ғылыми қағидалары негізінде жүргізіл-




39

ген зерттеулері бойынша жасалған ойтүйінін танытады. Сарапшының 

тұжырымы  келесі  принциптерге  (ұстанымдарға)  сəйкес  келуі  тиіс: 

1)  біліктілік  принципі,  бұл  өз  шешімі  барысында  арнаулы  ғылыми 

білімді  талап  етпейтін  сұрақтар  сарапшыға  қойылмауы  керек  жəне 

оның тарапынан шешілмеуі керек дегенді білдіреді; 2) анық, айқын-

дылық принципі түрліше түсінуге мүмкіндік беретін екімəнді тұжы-

рымдарға жол бермеуді білдіреді; 3) қол жетімділік принципі. 

Сарапшының тарапынан шешілетін міндеттердің деңгейіне қарай 

тұжырымдар диагностикалық (объектінің сипаты мен жағдайы тура-

лы  қорытынды),  жіктеу  (объектінің  қайсыбір  класқа  жататындығын 

анықтау),  сəйкестендіру  (нысандардың  индивидуалдық  бірдейлігін 

анықтау), ситуациялық (оқиғаның механизмі туралы қорытынды) бо-

лып жіктеледі.

Мəлімдемені растау дəрежесі бойынша тұжырымдар категориял-

дық жəне болжалды болуы мүмкін. Зерттеу нəтижелері оны толықтай 

растаған кезде сарапшы категориялдық қорытынды береді. Болжалды 

тұжырым сарапшы тарапынан белгіленген деректің ықтималдық дең-

гейі  жоғары  болған  жағдайда  жасалады.  Бұл – сарапшының  ақылға 

қонымды жорамалы.

Белгіленген дерекке қатысты тұжырымдар оң немесе теріс болуы 

мүмкін.  Оң  тұжырым  деректің  барын,  ал  теріс  тұжырым  деректің 

жоқтығын білдіреді.

Тергеу  жəне  оның  негіздемесі  арасындағы  қатынастардың  си-

патына  қарай  тұжырымдар  шартты  жəне  шартсыз  болып  бөлінеді. 

Шартты  тұжырымда  оның  ақиқаты  қандай  да  бір  жағдайға  тəуелді, 

соған  байланысты  анықталады.Шартсыз  тұжырымда  қандай  да  бір 

шарт қойылмайды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет