Халықаралық «Əділ сөЗ» СӨз бостандығын қОРҒау қоры



Pdf көрінісі
бет5/45
Дата06.01.2022
өлшемі418,89 Kb.
#16481
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Жек көрушілік - бұл психологиялық күй, сезім (яғни, тек ішкі эмо-

циялық күй), сонымен қатар аса күшті жақтырмаушылық сезімі, бұл 

тұрғыда  өшпенділік  (жаулық),  əдетте,  жек  көрушіліктің  объектив-

тендірілген формасы ретінде түсіндіріледі. Бұдан жек көрушілік жəне 

жаулық  (өшпенділік)  ұғымдарының  өзара  тығыз  байланыстылығын 

көруге  болады.  Алайда  бұл  ұғымдар  арасында  айтарлықтай  айыр-

машылықтар бар: жек көрушілік – бұл психологиялық күй, (адам ұзақ 

жылдар бойы біреуді, бір нəрсені жек көруі мүмкін, алайда сол уақыт-

та  жек  көрушілік  сезімі  ешбір  түрде  сыртқы  шығарылмайды);  жау-

лық  (өшпенділік)  болса – əрекет  немесе  əрекет  етуге  əзірлілік.  Жек 

к өрушілік  өшпенділіктің  (жаулықтың)  бастапқы  сатысы  ретінде  та-

нылады, ал сол уақытта жаулық (өшпенділік) – бұл физикалық тұрғы-

да көрініс беретін жек көрушілік.



9

Сендіру (иландыру үдерісінің) жоғарыда көрсетілген жалпы сұл-

басы үш кезеңнен тұрады.

Сендірудің  (иландырудың)  бірінші  кезеңі - адресаттың  мəселені 

пайымдауына, оның себептері мен салдарына бағдарланатын ұтымды 

түсінік беру əрекеті. Экстремистік мəтіннің соңғы кезеңі белгілі бір 

бағыттағы белсенділік танытуына түрткі салу жəне нақты əрекеттер-

ге үндеу болып табылады. Идеологияның қалыптасуы мен арандату 

əрекеті  арасындағы  байланыстырушы  буын  психиканың  қалыпты 

(статикалық) күйден динамикалық жағдайға, немқұрайлы пəрменсіз 

(пассив) күйден белсенді қалыпқа бет бұру сатысы болып табылады. 

Қозғаушы (қоздырушы) мəтін нақ осы мақсаттарға жұмыс істейді.

Сөйлеу үдерісінің осы жалпы сұлбасын вербалды (тілдік) экстре-

мизм терминдерінің тіліне мына түрде аударады: назар аударту кезеңі 



фактілерді алға тарту (констатация, ақпарат беру) əрекетіне сəй-

кес келеді, «мəтін əлі өзінің дамыған кезеңінде өзіне берілетін теріс 

эмоционалдық зарядқа ие болмаған сəті. Қызығушылықты қалыпта-

стыру кезеңі жек көрінішті сезім тудыруға (қоздыруға) сəйкес келеді, 

«сипаттама объектісінің теріс образы мəтінде көрініс беріп үлгерген-

де,  ал  оқырманның  оған  қатысты  жеке  теріс  (жағымсыз)  ұстанымы 

қалыптасқан  сəті.  Ниеттің  пайда  болуы  «оқырман  алдында  нақты 

іс-қимыл бағдарламасы көрініс бергенде» іс-қимылдың қажеттілігін 



негіздеуді жəне / немесе тұжырымдауды білдіретін жанама үндеуге 

сəйкес келеді. Немесе басқаша айтқанда – сөйлеу нысанына қатысты 

əрекеттерді  жоспарлау  сатысы    (алауыздықты/араздықты  қоздыру 

үдерісін бейнелейтін төмендегі  кестені қара).

Жек  көрушілік  пен  алауыздықты  (араздықты)  қоздыру  құбылы-

старының жек көрушілікті қоздыру кезеңін жəне өшпенділікті (жау-

лықты) қоздыру кезеңін ғана қамтитын, басқа ақпарат беру кезеңінсіз 

дейтін қысқа нұсқасы да бар. Бір сатыдан екінші сатыға өту кезінде 

мəтіннің  үндеуіштік  сипаты  артады.  Сөйтіп,  ақпарат  беру  саты-



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет