Халықаралық «Əділ сөЗ» СӨз бостандығын қОРҒау қоры



Pdf көрінісі
бет10/45
Дата06.01.2022
өлшемі418,89 Kb.
#16481
түріАнықтамалық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45
4. Ерік білдіру сөйленіс формасында ұсынылған сөйлеу əрекетінің 

типі  ретінде  адресаттың  белсенді  əрекетіне  түрткі  болып,  сөйлеуші 

тарапынан қойылған мақсатқа қол жеткізуді көздейді. Бұл сөйлеушінің 

əлі жүзеге асырылмаған оқиғаны, əрекетті немесе үдерісті белгілеген 

предикаттың  формасы  мен  мазмұны  арқылы  адресатқа  ықпал  етуі 

орын алатын сөйленіс. 

Сөйлеу əрекетінің бұл типіне түрлі бұйрықтар, нұсқаулар, қаулы, 

нұсқаулық,  өсиет,  уағыздар,  кеңес,  үндеулер,  ұран,  уəде,  ант,  талап, 

сауалдар,  тілектер  жатады.  Сөйлеушінің  мақсаттық  ұстанымымен 

уəжделген  ерік-қалаудың  (модальдылықтың  түрлі  өлшемдерімен: 

«аламын-қалаймын-керек») білдірілуі коммуникативтік міндет болып 

табылады,  ал  бұл  сөйленістің  басқарушылық  ықпалы  берілген  тип 

əрекетінің мақсаттық ұстанымы болып табылады. Пікірді білдірудің 

мамандандырылған  түрлерінің  бірі  бола  отырып,  ерік-қалау  үгіттік 

сөйленістерде адресатты өз бетінше əрекет етуге ынталандыру үшін 

пайдаланылады. 

Ерік-қалау  мағынасы  о  баста  етістіктің  бұйрық  райымен  бай-

ланыстырылды.  Кейін  сөйлемнің  функционалды  типтері  бөлініп 

шығарылды:  хабарлы,  сұраулы,  лепті  жəне  ерік-қалау  пропозиция-

сын қамтитын бұйрықты сөйлемдер. Өз бойында модаль сөздер мен 

шылауларды,  келер  шақ  формасын,  жанама  мəселелер  мен  басқа  да 



14

нəрселерді қамтитын тілдік жеткізу өресінің барлық мүмкін форма-

ларының ішінде бұйрықты білдірудегі басты өзек болып бұйрық рай 

формаларындағы етістіктер қалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет