Халықаралық «Əділ сөЗ» СӨз бостандығын қОРҒау қоры


Д Даулы сөз (сөйлеу) мəтіні –



Pdf көрінісі
бет12/45
Дата06.01.2022
өлшемі418,89 Kb.
#16481
түріАнықтамалық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45
Д

Даулы сөз (сөйлеу) мəтіні – сот сараптамасына немесе лингвисти-

калық зерттеуге ұсынылған сөз (сөйлеу) өнімінің шартты атауы. 



Дерек – қара. болмыстың тілдік интерпретациясының типтері.

Е

Ерік  білдіру – қара.  болмыстың  тілдік  интерпретациясының 

типтері.

З

Заңгерлік лингвистика (юрислингвистика) – қолданбалы линг-

вистиканың бағыты, ол тіл, құқық жəне қақтығыс тоғысындағы мəсе-

лелерді зерттейді, сөйтіп, өз бойында лингвистика, құқықтану жəне 

қақтығыстану  элеметтерін  үйлестірген  кешенді  білім  саласы  болып 

табылады.



15

Заңгерлік лингвистика (юрислингвистика) қазіргі уақытта бірнеше 

бөлімдерді қамтиды. 

Лингвистикалық  қақтығыстану  немесе  лингвоқақтығыстану  тіл-

дік  ортада  туындаған  қақтығыстардың  пайда  болу  себептерін,  өту 

сипатын жəне қақтығыстардың алдын алу мүмкіндігіне ие тəсілдерді 

жəне,  оның  ішінде,  қазіргі  құқық  нормалары  арқылы  жүйеленетін-

дерін де зерттеумен айналысады,  

Заңгерлік  лингвистикалық  герменевтика  заңгерлік  тіл  құрылы-

сын,  қызметін,  сондай-ақ  заң  тілінде  немесе  құқық  тілінде  орын-

далған  мəтіндердің  қабылдану  жəне  түсінілу  ерекшеліктерін 

зерттейді.

Лингвистикалық  сараптама  сот-филологиялық  (лингвистика-

лық) сараптаманың теориялық негіздерін зерттейді, сонымен қатар 

əртүрлі категориядағы істер бойынша сот-филологиялық сараптама-

лар жүргізу ісін əдістемелік қамтамасыз ету талдамасын жасайды. 

Заңгерлік  лингвистика  перифериясында  (шеткі  аймақтарында) 

заңгерлердің  сөйлеу  қызметінің  (соттар  мен  қорғаушылардың  сөй-

леу  əдебі,  заң  мəтіндерінің  тілдік  əдеби  нормаларға  сəйкестігі)  ор-

тологиялық  (яғни,  сөйлеу  нормалары  мəселелері)  жəне  суггестивтік 

(яғни, қайсыбір адамның ойына, түйсігіне ықпал етуші) аспектілері 

табылады. 

Сөйтіп,  заңгерлік  лингвистика  лингвистикалық  сараптамаға  то-

лықтай  қиыспайды,  алайда  тіл  мен  құқық  тоғысында  туындайтын 

ауқымды мəселелер кешенін өз бойында қамтиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет