Халықаралық «Əділ сөЗ» СӨз бостандығын қОРҒау қоры



Pdf көрінісі
бет3/45
Дата06.01.2022
өлшемі418,89 Kb.
#16481
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Əлеуметтік, ұлттық, рулық, нəсілдік, таптық немесе діни араздықты жандандыру туралы істер бойынша сот-филологиялық сараптама ҚЫСҚАША АНЫҚТАМАЛЫҚ

Алауыздықты қоздыру

 



Əлеуметтік,  ұлттық,  рулық,  нəсілдік,  тектiк-топтық  не-

месе  діни  алауыздықты  қоздыру  –  ҚР  ҚК 174-бабында  тұжы-

рымдалған  норма.  Аталған  норма  алауыздыққа,  сондай-ақ  азамат-

тардың  ұлттық  ар-намысы  мен  қадір-қасиетін  немесе  діни  сезім-

дерін  қорлауға  бағытталған,  азаматтардың  дінге,  тапқа,  ұлтқа,  руға 

немесе  нəсілге  қатыстылық  белгілеріне  қарай  олардың  айырықша-

лығын,  артықшылығын  немесе  толыққанды  еместігін  насихатта-

уға  бағытталған  кез-келген  əрекеті  үшін  (əрекеттің  сипаты  нақты 

көрсетілмеген)  қылмыстық  жауапкершілікке  тартуды  көздейді. 

Көрсетілген əрекеттер тек қалың бұқара алдында айтылып неме-

се бұқаралық ақпарат құралдарының, ақпараттық-коммуникациялық 

желілердің көмегімен, əдебиеттер мен басқа да ақпарат тасығыштар-

ды шығару жəне тарату арқылы жасалған жағдайда ғана қылмыстық 

жауапкершілікке тартылады. Жариялылық дегеніміз, əрекеттер басқа 

адамдардың  немесе  белгісіз  адамдардың  қатысуымен  жасалғанын 

білдіреді, егер сөйлеуші таратылатын ақпаратпен (мысалы, парақша-

лармен) көпшіліктің танысатынын есепке алған болса. 

Аталмыш  ақпарат  көпшілікке  таратылған  сəттен  бастап  қылмыс 

аяқталған болып есептеледі. 

Көрсетілген  іс  категориясы  бойынша  филологиялық  сараптама 

пəні – даулы сөз өнімі авторының сөйлеу жосығы. 

Сөйленісте алауыздықты қоздыру (жандандыру) белгілерінің бар 

екенін  негіздеу  үшін  талданылып  отырған  үзіндінің  (мəтіннің)  мін-

деті  заңда  көрсетілген  топтарға  қатысты  жаулық  қарым-қатынасты 

негіздеу болып табылатын сөйленіс екенін дəлелдеу қажет. Бұл үшін:

-  сөйлеуші  қайсыбір  топ  өкілдерінің  бойында,  олардың  мі-

нез-құлқында, нақты əрекеттері үстінде үнемі көрініс беретін морал-

дық теріс қасиеттердің, жағымсыз қасиеттер мен кемістіктердің бар 

екені туралы пікір білдіруі  керек;

- сөйлеуші өз пікірін осы топтың барлық өкілдеріне дұшпандық, 

төзімсіздік  таныту  қарым-қатынастары  көріністерінің  əділеттілігін, 

дұрыстығын растайтын пайымдаулармен (деректер, фактоидтар) не-

гіздеуі керек (фактоидтар тұрғысында болмысқа байланысты сөйлеу 

интрепретациясы типтерін қараңыз).



6

Мұндай сөйленістің мақсаты бөлініп көрсетілген топқа 

қатысты 

жаулық  қарым-қатынастың  қажеттілігін  насихаттау  болып 

табылады. 

Алауыздықты 

қоздыруды 

(жандандыруды) 

насихаттауға 

конституциялық  тыйым  үгіт  орын  алмаған  (яғни,  нақты  əрекетке 

қозғау салу), алайда заңда көрсетілген топтардың біріне қатысты болу 

дерегіне  орай  адамға  жеккөрушілік,  жаулық  қарым-қатынаста  болу 

идеологиясына  жол  берген  материалдарды  экстремистік  деп  тануға 

негіздеме болады.   

Тек теріс, жақтырмау мəнісіндегі пікірді білдіру («жек көрушілікті 

білдіру»)  жəне  өшпенділік  пен  араздықты  қоздыратын  насихатты 

(«жеккөрушілік  пен  өшпенділікті  қоздыру»)  білдіру  тұрғысындағы 

мəлімдемелер  мен  жарияланымдарды  дұрыс  ажырату  қажет. 

Халықаралық  құқықтық  актілердің  жəне  Қазақстан  Республикасы 

Конституциясының  тиісті  ережелері  нəсілдерге,  ұлттарға,  діндерге 

немесе  əлеуметтік  топтарға  қатысты  жағымсыз  сөздердің  барлық 

түрлеріне  тыйым  салу  ретінде  түсіндірілмейді.  Автордың  қайсыбір 

топ  өкілдеріне  қатысты  жаулық  жəне  жеккөрушілік  қарым-қатынас 

қажеттілігіне  оқырмандарды  (көрермендерді,  тыңдармандарды) 

иландыра  алмайтын,  тек  жеке  басының  жақтырмаушылық  пікірі 

білдірілген материалдар жеккөрушілікті жəне жаулықты (араздықты) 

қоздыратын материал болып таныла алмайды. Заңға сыйымды жəне 

заңға  сыйымсыз  сөйлеу  əрекеттерінің  арасындағы  айырмашылық 

критерийлері  болып  оның  коммуникативтік  міндеті  (айтылғандай, 

ненің негізделетіні) жəне мақсаттық ұстанымы (не үшін айтылады, 

не үшін негізделінеді) табылады. Даулы мəтінге сараптамалық зерттеу 

жүргізу  барысында  жүзеге  асырылатын  арнайы  лингвистикалық 

талдау  осы  сипаттарды  анықтауға  жəне  тергеу  ісі  мен  сотқа  сəйкес 

сөйленістің  (сөз-мəлімдемесінің)  құқықтық  дұрыс  бағалануына 

мүмкіндік  береді.  Əлеуметтік,  нəсілдік,  ұлттық,  діни  жəне  басқа  да 

қатыстылығына қарай бөлініп көрсетілген адамдарға өшпенділік пен 

жаулық  танытудың  (араздық)  этикалық,  адамгершілік  негіздемесі 

автордың  өзінің  жаулық  қарым-қатынасын  насихаттау  мақсатымен 

біріктірілген коммуникативтік міндет ретінде құқыққа қайшы сөйлеу 

əрекетінің қажетті əрі жеткілікті белгілерін қамтиды. 

Жəне  сол  уақытта  кез  келген  адам  сол  немесе  басқа  топ 

өкілдеріне қатысты өз жеке басының жеккөрінішін көпшілік алдында 

конститутцияда  бекітілгендей  білдіру  құқығына  ие.  Сөйлеушінің 

тыңдармандар  санасында  экстремистік  физикалық  əрекеттерді 




7

құптайтын  қарым-қатынастар  қалыптастыру  үшін  қолданылмайтын 

теріс  бағалаушы  пікірі  осы  түрдегі  қауіп-қатерді  төндірмейді,  жəне 

азаматтардың ұлттық намысы немесе олардың діни сезімін қорлауға, 

заңда  көрсетілген  топтардың  қайсыбіріне  қатыстылығына  қарай 

олардың  айырықшалығын,  артықшылығын  немесе  толыққанды 

еместігін  насихаттауға  бағытталмайды,  тіпті  кейбір  адамдардың 

мазасыздануына  алып  келу  немесе  жақтырмаушылық  жауаптарын 

туындату  мүмкіндіктері  болса  да,  заң  қамқорлығында  табылады. 

Əлеуметтік,  нəсілдік,  ұлттық,  діни  немесе  тілдік  қатыстылығы 

негіздемесінде  бөлінген  адамдарға  қатысты  өз  жеке  басының 

жеккөрушілік  қарым-қатынасы  туралы  мəлімдеме  конфликтогенді 

болу  мүмкіндігіне  ие  сөйленіс  ретінде  қара стырылады  (қара. 

конфликтоген). Мұндай сөйленістер жекелеген моралдық, этикалық 

нормаларға  қайшы  келіп,  сөйлеу  əдебінің  діни  жəне  мəдени 

таптаурындарына  (стереотиптеріне)  сəйкес  келмей,  жəне  осынысы 

үшін  қоғам  тарапынан  жазғыруға  ұшырауы  мүмкін,  алайда  осылай 

бола тұра экстремистік əрекетке тəн белгілерді қамтымауы ықтимал. 

Адам біреудің сөзі мен іс-əрекетіне қатысты сыңаржақ, əділетсіз, 

тіпті  жеккөрінішті  қарым-қатынасын  білдіруге  құқылы,  алайда  ол 

заңда көрсетілген барлық топ өкілдеріне қатысты өшпенділік немесе 

жаулық  əрекеттерді  ақтау,  оларды  əділетті  көрсету  қажеттілігіне 

адамдарды  иландыру  мақсатында  сөйлей  алмайды,  тап  осылай 

жеккөрушілік нысанының жеке бас қасиеттерінің жағымсыз бағасына 

байланысты  оның  құқықтары  мен  бостандықтарын  шектеуге 

бағытталған  əрекеттерді  ынталандыруға  да  қатысты  айтылады.  

Мұндай  мақсаттық  ұстанымның  анықталуы  сөйленістің  толық 

мəнісінің  тыңдармандарды  иландыруға  ықпал  етуді  көздейтінін 

дəлелдейді. Нақ осы жағдай ақпараттық материалды құқыққа қайшы 

сөйлеу əрекеті етіп шығарады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет