Халықаралық «Əділ сөЗ» СӨз бостандығын қОРҒау қоры


Алауыздықты  қоздыру  механизмдері  (араздық) – ықпал  ету



Pdf көрінісі
бет4/45
Дата06.01.2022
өлшемі418,89 Kb.
#16481
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Əлеуметтік, ұлттық, рулық, нəсілдік, таптық немесе діни араздықты жандандыру туралы істер бойынша сот-филологиялық сараптама ҚЫСҚАША АНЫҚТАМАЛЫҚ

Алауыздықты  қоздыру  механизмдері  (араздық) – ықпал  ету 

үдерісі  ретінде  танылатын  алауыздықты  (араздықты)  қозды-

рудың  ішкі  құрылғысы  кез-келген  басқа  əсер  ету  үдерісі  сияқты 

бірнеше кезеңнен өтеді. «Қоздыру» сөйлеу ықпалының түрі ретінде 

семантикалық  формуламен  сипатталады: «Р.  ояну/құлшыныс/сезім 

күйлерінің сенің бойыңда оянып, сенің сезінуің үшін мен саған X-ті 

айтып отырмын». Кез-келген иландыру, сендіру (ықпал ету) үдерісі, 

соның ішінде қоздыру мен ынталандыру (үндеу арқылы) келесі сұлба 

бойынша өтеді: назар салу → қызығушылық → əрекет ету ниеті



8

Бұл  үдерістің  қалай  жүзеге  асатынын  əдеттегі  қарапайым  мы-

салдан  қарастырайық.  Көп  пəтерлі  үй  тұрғындарының  жиналысын-

да ПИК (пəтер иелерінің кооперативі) төрағасы сөз сөйлейді: «Кіре 

беріс суағарлары тесіліп, су кетіп жатыр, жаңбыр кезінде су домофон 

сымдарына ағады, айқас тұйықталу болады. Элеватор вентильдерінің 

тозығы жеткен, кез-келген уақытта үзіліп кетеді де, жертөлені  басып 

қалады, оларды ауыстыру қажет. Тесілген шатырдан су ағып, пəтер-

лерді басады, кіреберістегі электр панельдерін жөндеу керек. Жалпы 

алғанда, мұның барлығы үйде, əр пəтерде дымқыл, сыз, өңездің пай-

да болуына, өрт қаупіне алып келеді. Жалпы алғанда, жөндеу жұмы-

старын жүргізу, жертөледегі жабдықты ауыстыру үшін үйді жөндеуге 

арналған  тарифті  көтеру  қажет.  Таяу  уақытта  біз  келесі  нəрселерді 

жасауымыз керек».

Алдымен  тыңдармандар  назары  сөздің  тақырып  рəсімделетін, 

орын  алған  мəселе  сипатталатын  бөлігіне  аударылады.  Тақырыпқа 

тыңдармандардың  қызығушылығын  тудыру  үшін,  баяндамашы 

талқыланатын  мəселені  əр  үй  иесімен  жəне  үймен  байланыстыра-

ды, яғни қазіргі орын жағдай əрбір тұрғынға тікелей залал келтіріп, 

оның  өмір  сүру  жағдайына  жəне  оның  отбасы  мүшелерінің  өміріне 

кері əсер етуі мүмкін екендігін дəлелдейді. Тыңдаушы мəселені ше-

шуге қызығушылық танытқан кезде, сөйлеуші бұл мəселенің шешілу 

жолдарын  ұсынады,  əрекет  ету  қажеттігін  тұжырымдайды  жəне 

дəйектейді  (негіздейді).  Осылайша,  адресатта    əрекет  етуге  ниет 

қалыптастырылады.

Алауыздықты  (араздықты)  қоздыру  механизмдерін  қарастырмас 

бұрын    жеккөрушілік  жəне  араздық  ұғымдарын  қарастыру  қажет. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет