Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Международный научно-популярный журнал



Pdf көрінісі
бет35/50
Дата06.03.2017
өлшемі4,75 Mb.
#7753
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   50

Бакирова Закира Әбужүсіпқызы
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің магистр-оқытушысы
zakira.bakirova@mail.ru
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН 
МУЗЫКА САБАҒЫНДА  ДАМЫТУ
Түйін. Музыка – адамзаттың рухани азығы, жан серігі. Баланың бойында музыкалық қабілет жас кезінен баста-
лады. Мектеп жасына жеткен бала психологиялық түйсіну мен музыканы көз алдына елестетуді біршама меңгеріп 
шығады. Баланы музыка тыңдауға, тыңдай отырып оны сапалы түрде қабылдауға баулу - музыкалық тәрбие беру 
жұмысындағы міндеттердің бірі. Баланың музыкалық мәдениеттілігін қалыптастырудың алғы шарты – музыканы 
қабылдай білуге қалыптастыру болып табылады. Музыканы дұрыс қабылдай білуге тәрбиелей отырып, бірте–бірте 
музыканы тыңдай білу мәдениетін қалыптастыруға болады. Музыканы қабылдау тек оны тыңдау барысында емес, 
сабақтың барлық кезеңінде жүзеге асырылады. 
Музыка адам өмірінің жан серігі, музыканы сүймейтін адамды кездестіру мүмкін емес, өйткені ол баршаға қа-
жет, оның тілі кім–кімге де түсінікті. Міне, сондықтан музыка пәні мұғалімдерінің міндеті – шәкірттерін музыка 
өнерінің сарқылмас қазынасының ең асылдарын ала білуге тәрбиелеу. Оқушылардың музыка өнеріне дүниетанымын 
қалыптастыруда, халық қазынасын, халық тағылымын халық музыкасын тыңдатудың үлкен маңызы бар.
Кілт сөздер: музыка, оқушы, ырғақ, қарым-қатынас, әуен, саз, музыкалық мәдениет, эстетикалық талғам, ұлт-
тық музыка, музыка мұғалімі.
Резюме. Музыка связывает воедино личность и духовный опыт человечества, в музыке заложены широчайшие воз-
можности общения, передача опыта от поколения к поколению.Цель музыкально-эстетического развития в общеоб-
разовательной школе – сформировать художественную культуру учащихся в контексте различных видов творческого 
познания действительности и оптимизировать созидательные качества личности.
Тенденция  в  современной  педагогике  –  активизировать  процесс  музыкально-эстетического  воспитания  через 
творчество школьника обусловлена объективными факторами: высокой ролью творчества в познании мира; необхо-
димостью всестороннего развития личности; природной активностью ребенка, требующей творческой деятельно-
сти, близкой и хорошо знакомой ему с детства.
Детское  творчество  на  уроках  музыки  представляет  собой  познавательно-поисковую  музыкальную  практику, 
связанную с самостоятельными действиями, с умениями оперировать знаниями, навыками, применять их в ранее 
неизвестных условиях, в новых видах практики. Оно предполагает непременное условие – отказ от стереотипных 
представлений. Творчество учащихся тем и ценно, что они сами открывают что-то новое, ранее неизвестное им в 
мире музыки.
Ключевые слова: музыка, студенческие, ритм, связи, музыка, музыка, музыка культура, эстетический вкус, музы-
ка, музыкальный педагог.
Summary. Music binds together the individual and spiritual experience of mankind in the music laid the broadest possible 
communication, knowledge transfer from generation to generation.
The purpose of the musical and aesthetic development in secondary school - to form the artistic culture of students in the 
context of different types of creative cognition of reality and to optimize the quality of the creative personality.
The trend in modern pedagogy - intensify the process of musical-aesthetic education through the work of student due to 
objective factors: the high role of creativity in the knowledge of the world; the need to develop their personalities; natural 
activity of the child, requiring creativity, which is close and familiar to him since childhood.
Children’s creativity at music lessons is informative retrieval musical practices related to the independent actions, with 
the ability to operate knowledge, skills, and apply them to previously unknown conditions in the new practices. It implies a 
precondition - the rejection of stereotypes. The creativity of pupils and valuable that they discover something new, previously 
unknown to them in the world of music.
Key words: music, student, rhythm, communication, culture, aesthetic taste. 
Музыка – адамзаттың рухани азығы, жан сері-
гі және өзінің көркемдік сабағының алатын орны 
ерекше  [1].  Музыканы  қабылдау  –  музыка  са-
бағында қолданылатын іс-әрекеттердің кез-келген 
түрінің  іргетасы,  бастапқы  нүктесі  ретінде  қара-
стырылады, яғни музыка тыңдау, ән айту. Баланың 
бойында музыкалық қабілет жас кезінен бастала-
ды.  Мектеп  жасына  жеткен  бала  психологиялық 
түйсіну мен музыканы көз алдына елестетуді бір-
шама меңгеріп шығады. Оның бойында музыкаға 
деген өзіндік ой саналық және сезімдік тұрғыдағы 
қарым  -  қатынас  қалыптасады.    Сонымен  бірге 
әуен – саз, өлшем – ырғақ жүйесін есту тәжрибесі 
қалыптасып, есте сақтап қалу қабілеті де жинақта-
лады.  Баланы  музыка  тыңдауға,  тыңдай  отырып 
оны  сапалы  түрде  қабылдауға  баулу  музыкалық 
тәрбие беру жұмысындағы міндеттердің бірі. Өйт-
кені, ол оқушының музыкалық мәдениеттілігін қа-
лыптастырудың алғы шарты болып табылады. Му-
зыканы дұрыс қабылдай білуге тәрбиелей отырып, 
бірте–бірте музыканы тыңдай білу мәдениетін қа-
лыптастырған  жөн.  Музыканы  қабылдау  тек  оны 
тыңдау барысында емес, сабақтың барлық кезеңін-
де  жүзеге  асырылады.  Ән  үйрену  үшін  алдымен 
тыңдау, сонан соң орындау керек, сондықтан орын-
дау барысында интонация тазалығына, мәнерлігіне 

244
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
назар аударған жөн. Оқушылардың музыкаға деген 
тиянақты  ынтасы  мен  сүйіспеншілігін  тәрбиелеу, 
ән айту олардың музыкалық қабілетін (есту, ырғақ, 
есте  сақтау)  қалыптастырумен  қатар,  ортақ  та-
бысқа қуана білу, эстетикалық талғам – сезімдерін 
дамытуға тәрбиелейді. Арнайы зерттеулер мен іс–
тәжрибелердің  көрсетуі  бойынша  төменгі  сынып 
оқушыларының  музыкаға  деген  қызығушылығы 
бар  ынтасымен  дамып  жетіледі.  Оқушының  эмо-
циялық  әсерін,  музыкалық  есту  қабілетін,  есте 
сақтау шығармашылық қабілеттерін дамыту қажет. 
Музыка  адам  өмірінің  жан  серігі,  музыканы  сүй-
мейтін адамды кездестіру мүмкін емес, өйткені ол 
баршаға  қажет,  оның  тілі  кім  –  кімге  де  түсінік-
ті.  Міне,  сондықтан  музыка  пәні  мұғалімдерінің 
міндеті – шәкірттерін музыка өнерінің сарқылмас 
қазынасының ең асылдарын ала білуге тәрбиелеу. 
Осы  негізде  айтылған  «Гимнастика  денені  қалай 
түзесе, музыка да адам жанын солай түзейді» де-
ген қанатты сөз оқушылардың эстетикалық, руха-
ни байлығын кеңейтіп, қанаттандыру керек екенін 
дәлелдейді.
Сонымен  қандай  бағдарламамен  жұмыс  істеп 
жүрміз, не үйретіп жатырмыз, қандай әндер айтып 
жүр деген ой келеді. Сонымен «Елімай» бағдарла-
масы көптеген мәселелер өнер танымдық зерттеу 
деңгейінде  шешілмегендіктен  дәстүрлі,  көркем 
мәдениетті, оның ішінде музыкалық мәдениетті де 
оқыту күрделене түседі [2]. 
Мұның  өзі  сайып  келгенде  метадологиялық 
тұрғыдан  объективті  қиындықтар  туғызады.  Осы 
мәселені  зерттеу  мақсатымен  бұрынғы  өткен  ой-
шылдарымыз  Әл-Фарабидің,  Абайдың,  Шоқан-
ның,  Ыбырайдың,  зерттеушілер  Марғұланның, 
Ақышевтың,  Қоңырбаевтың,  Ерзаковичтің,  Са-
рыбаевтың,  Бердібаевтың  музыка  танымдылық 
еңбектерімен  Жарықбаевтың  педагогикалық  із-
деністеріне  ден  қойдық.  Тұтастай  алғандағы  му-
зыка мәдениетінің негізіне көз жүгірте отырып қа-
зақтың халықтық және кәсіби музыка өнерінің мән 
– маңызын табиғаттың даму заңдылықтарын жан 
–  жақты  зерттеу  нәтижесі  Қазақстан  жағдайында 
музыка  мұғалімін  кәсіби  даярлау  барысындағы 
бастапқы теориялық пайымдауларды қайтадан ой 
елегінен өткізуге итермеледі.
1.  Ұлттық  музыка  шығармалары  өздерін  қор-
шап тұрған этно-мәдени контексттен тысқары тал-
данады,  оның  шешімін  табу  өнердің  педагогика 
саласының  ғана  емес  сонымен  бірге  этнография, 
фольклор, музыкалық психология және тағы басқа 
салаларында білімдар болуды талап етеді.
2. Музыкалық терминалогияны зерттеу музыка 
мұғалімінің кәсіби даярлығын арттырудың қажет-
ті  бөлімі.  Қазақтың  музыкалық  терминалогиясы 
ықпалдық  қуаты  зор  құрал.  Ол  поэтикалық  об-
раздар  мен  суреттерді  қалыптастыруға  қатысады. 
Образдық  –  эмоциялық  әлеміне  неғұрлым  терең 
бойлауға ықпал етеді. Онсыз музыкалық төзімдік, 
қиындық  компоненттерін  және  оның  дамуының 
тарихи процесін түйсіну мүмкін емес.
3. Музыканы көркем мәдениеттің ажырамас бір 
бөлігі ретінде яки оның өнердің күллі салаларымен 
жүйелі байланысын үзбей оқып үйрену қажет.  
Халық  тағылымы  арқылы  музыкалық  өнер  – 
балаларды  тәрбиелеу  құралы.  Халық  музыкасы 
сезімді,  көңіл-күйді  оятады,  ал  көңіл-күй  психо-
логиялық  күйді  тұрақтатады. Психологиялық  күй 
адам санасында өмірге деген белгілі дәрежелі қа-
тынасты бекітеді. Музыка өмір қозғалысында даму 
динамикасында  шындықты  бейнелейді.  Музыка-
ның  мазмұны  сезім,  эмоциялық  көңіл-күй  болып 
табылады.  Бүкіл  өмірінде  сақталып  қалатындай 
музыканың  адамдарға  әсері  ерте  жастан  қалып-
тасуы  тиіс.  Музыкалық  іс-әрекеттердің  барлық 
нысандары ол балалардың музыкалық тәжірибесі 
белсенді  түрде  музыканы  қабылдауы,  олардың 
шығармашылық қабілеттерін білімдері мен дағды-
лары – осылардың барлығы да оқушының музыка-
лық  мәдениетінің  баюындағы  алғы  шарттар.  Кең 
мағынада халықтық педагогика, халықтық тәрбие, 
халықтық  музыка  арқылы  музыкалық  қабілетті 
дамыту, бұл адамның бойында рухани қажеттілік-
терді,  оның  адамгершілік  түсініктерін,  зерделілі-
гін,  идеялық  –  эмоцианалдық  тәрбиені  дамыту 
және тіршілік құбылыстарының эстетикалық баға-
сын қалыптастыру. Осы тұрғыдағы халық музыка-
сын дамыту ол – адамды тәрбиелеу дегенмен па-
рапар. Тар мағынада музыкалық тәрбие беру – бұл 
музыканы қабылдауда қабілеттілікті дамыту, ол әр 
түрлі формадағы музыкалық іс-әрекет арқылы жү-
зеге асады, осыдан адам бойында музыкалық мә-
дениеттілік  қалыптасады.  Рухани  дүниетанымын 
дамыту және пән әдістемесін үйрету дегеніміз ол 
балалармен  музыкалық  тұрғыдан  жұмыс  жасай-
тын, мақсат-міндеттерін, мазмұны, нысандары мен 
әдіс-тәсілдерді үйрететін пән. Ол музыканың өмір-
мен  байланысын  ұлттық  мәдениеттің  ерекшелік-
терін, әдебиет пен халық ауыз әдебиетін, бейнелеу 
өнері мен тарихтың байланысын сол аймақтың, ха-
лықтың тұрмысы мен салт-дәстүрінің байланысын 
оқып үйрететін пән [3]. 
Қорыта  айтқанда,  мектептегі  барлық  пәндер 
сияқты, музыка сабағы да оқушыларды азаматтық 
рухта  тәрбиелеп,  олардың  дүниетанымын  дамы-
тып,  ой-өрісін  кеңейтеді,  сонымен  қатар  музыка 
саласында  білімін  жетілдіруді  қажет  етеді.  Алай-
да  музыка  жай  сабақ  емес,  өнер  сабағы  болған-
дықтан,  оның  өзіндік  ерекшеліктері  және  атқара-
тын міндеттері бар. Атап айтқанда, оқушылардың 
дүниетанымы, өмірге деген көзқарасы музыкалық 
шығармаларды  тыңдау  немесе  орындау  кезінде 
алған  әсерлену  сезімі  арқылы  тәрбиеленеді.  Сон-
дықтан музыка және өмір деген ұғым әр сабақтың 
ең өзекті мәселесі болып отыруы шарт. Олай бол-
са, оқұшының сабақта қолданған барлық әдістері 
осы  түйінді  мәселені  ашуға  бағытталуы  тиіс.  Ал 

245
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
ән айту, музыка тыңдау дағдыларын үйрену музы-
каның сұлулығын, әсем сазын терең түсініп, одан 
эстетикалық әсер, нәр алу жолдарын жеңілдетеді. 
Демек,  музыка  сабағында  сезім  мен  саналылық, 
көркемдік  пен  шеберлік  шыңдау  бірігіп,  тұтасып 
кетуі  тиіс.  Сонымен  қатар  оқытушы  сабақта  жұ-
мыстың ұжымдық, топтық, әрі жеке түрлерін алма-
стыра білуі тиіс.
Тыңдалатын музыкалық шығармалар және үй-
ретілетін  әндер  негізінде  бірінші  сынып  оқушы-
ларына  музыка  саласындағы  ең  қарапайым,  әрі 
жалпылама түсініктер беріледі. Мысалы, музыка-
дағы төрт алып (ән, би, күй, марш) өмірмен тығыз 
байланысты,  сондықтан  ол  адамның  көңіл-күйін, 
ойлаған ойын бейнелейді, бізді қоршаған табиғат 
көріністері мен құбылыстарын суреттейді. Осыған 
байланысты  музыка  көңілді,  қайғылы,  ойнақы, 
баяу, жылдам, ойлы, салтанатты болып келеді.
Музыкалық  шығарма  әртүрлі  дыбыстардан 
құралып жазылады. Ал дыбыстардың түрі өте көп: 
жоғары, төмен, жуан, жіңішке, ұзақ, қысқа, жыл-
дам, баяу, біртіндеп бәсеңдейтін немесе біртіндеп 
күшейетін,  т.б.  Сонымен  қатар  музыкада  ырғақ, 
саз, әуен, жылдамдық деген болады. Міне, осылар-
дың бәрі музыка тіліне жатады. Бірінші сыныпта 
оқушылар оларды ажырата білуі тиіс. Музыка са-
бағының  барлық  жүйелері  бір-бірімен  тақырып-
тық  желі  бойынша  тығыз  байланыста  болып  ке-
летіні белгілі. Осыған байланысты оқытушы әрбір 
жаңа  әнді  үйреткен  кезде,  сабақтың  негізгі  тақы-
рыбынан ауытқымай, қайта оны тереңдете, өрбіте 
түсуді мақсат еткені жөн. Түрлі ой салу, бағыт беру, 
іздендіру,  көрнекі  құралдарды  пайдалану  сияқты, 
балалардың  ынтасын  арттырып,  қызықтыратын 
тиімді  әдістерді  көптеп  қолданса,  ол  оқушылар-
дың  санасы  мен  жұмыс  істеу  дағдысын  дамыта-
ды. Сонда олар зерек, ойшыл, аңғарымпаз болады. 
Бұл олардың басқа сабақтарды да жақсы үлгеруіне 
себін тигізеді. Қазақ музыкасы – ислам дүниесіне 
жақын  болғандықтан,  оның  концептуалдық  жан-
ры  –  күй,  жыр  және  айтыс.  Жалпы  қорыта  келе 
айтқанда, оқушылардың музыка өнеріне дүниета-
нымын қалыптастыруда, халық қазынасын, халық 
тағылымын  халық  музыкасын  тыңдатудың  үлкен 
маңызы бар. Ал балалардың қаншалықты музыка-
ны қабылдай алу дәрежесі мұғалімнің шеберлігіне 
және сабақта әдістемелерді дұрыс қолдана білуіне 
байланысты. Оқушылар музыканы қоршаған орта-
ны, өмір мен адамның сезімін бейнелейтін құралы 
ретінде түсінеді [4]. 
Пайдаланылған әдебиеттер
1. 
Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігі. – Алматы, 1995. – 120 б
2. 
Әбенбаев С. Ш. Сынып жетекші. – Алматы: Дарын, 2004. – 44-66 бб.
3. 
Сейташев К. Б. Тәрбие теориясы. – Алматы: Мектеп, 1986. -130-136 бб.

246
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
ӘОЖ. 372.65.943
Бакирова Закира Әбужүсіпқызы
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің магистр-оқытушысы
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ
Түйін. 
Болашақ бастауыш сынып мамандарын даярлаудағы маңызды саланың бірі - тіл дамыту теориясы мен 
әдістемесі  курсы.  Оның  жоғарғы  оқу  орындарында  басты  мақсаты  -  студенттерге  ана  тілінің  лингводидакти-
калық және психофизиологиялық негіздерді терең ұғындыру. Балалармен ұйымдастырылатын жұмыстың тиімді 
әдіс-тәсілдерін қолдана білуге даярлау. Курсты оқу процесінде әдістемелік ойларды, шынайы педогогикалық ситуа-
цияны дұрыс бағалай білу қабілеті, теориялық білімдерін түрлі жағдайларда қолдана алу қабілеттері қалыптасады. 
Мектепте тілді оқыту ісінде ана тілі пәнінің үлесі орасан зор. Ана тілі пәні бойынша оқушыларды өмірге бау-
лу жөніндегі міндеттер тілдің негізгі қоғамдық қызметіне, коммунакативтік (байланыс, қатынас құралы ретінде) 
және экспрессивтік (әсер, ықпал етуге дәнекер болу) қызметіне қарай жүзеге асырылады. Олай болса, ана тілі пәні 
балаларды ауызша да, жазбаша да толық сауатты, тілді еркін пайдалана білетіндей етіп шығаруды түпкілікті 
нысана етіп ұстанады. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту граммактика мен оқу сабақтарындағы жұ-
мыстармен шектелмейді. Бұл  барлық пәндерді оқыту барысында, тіпті мектептегі оқу тәрбие жұмысының өн 
бойында үздіксіз жүргізіліп отыратын жұмыс.
Кілт сөздер: мектеп, мұғалім, ана тілі, тіл дамыту, тіл дамыту теориясы, сөздік қор, сөйлеу, әдеби тіл, тіл 
мәдениеті, қабілет, тексеру, түзету.
Резюме. Обучение в начальной школе является одним из наиболее важней промышленности в процессе развития 
теории языка и методики. Основная цель высших учебных заведений - освоениелингводидактические и физиологиче-
ские основы родного языка. Организация обучения - научиться использовать эффективные методы работы с деть-
ми. Идея обучении является умение правильно оценить ситуацию, способность применять теоретические знания в 
различных формах.
Знание родного языка играет важную роль в начальнойшколе. Развития языка в общественной жизни, ее коммуни-
кативный (как средства связи) и выразительный (как соединительная основа) функций осуществляютглавную задачу 
преподавания предмета родной речи. Таким образом, предмет родная речьреализуетразвития устной и письменной 
грамотностьу детей. Учащиеся начальной школы на уроках чтенияне ограничиваютсяработой над грамматикой и 
развитиемречи. Воспитательная работа осуществляется непрерывно по всем предметом вначальной школе.
Ключевые слова: школа, учитель, родной язык, развитие языка, развитие теории языка, лексики, языка, литера-
турного языка, культуры, язык и способности, проверка и коррекция.
Summary.  Education  in  primary  school  is  one  of  the  most  important  industry  in  the  development  of  the  theory  and 
methodologyof language. The main goal of higher education institutions islinguadidactic development and physiological basis 
of the native language. Organization of training is to learn the usage effective methods of working with children. The idea of 
learning is the ability to properly assess the situation, the ability to apply theoretical knowledge in various forms.
Knowledge of the mother tongue plays an important role in primary school. The development of language in public life, its 
communicative (as a means of communication) and expressive (as connecting base) functions perform the main task of teaching 
the subject of native speech. Thus, the object implements the native speech of oral and written literacy in children. Elementary 
school students in the reading lessons are not limited to work on grammar and language development. Educational work is 
carried out continuously in all subjects in elementary school.
Keywords: school, teacher, mother tongue, language development, the development of the theory of language, vocabulary, 
language, literary language, culture, language and the ability of checking and correction.
Бастауыш  сынып  мамандарын  даярлаудағы 
маңызды  саланың  бірі  тіл  дамыту  теориясы  мен 
әдістемесі курсы болып табылады. Оның жоғарғы 
оқу  орындарында  басты  мақсат  студенттерге  ана 
тілінің  лингводидактикалық  және  психофизио-
логиялық  негіздерді  терең  ұғындыру  және  ба-
лалармен  ұйымдастырылатын  жұмысты  тиімді 
әдіс-тәсілдерді қолдана білуге даярлау. Курсты оқу 
процесінде әдістемелік ойларды, шынайы педого-
гикалық  ситуацияныдұрыс  бағалай  білу  қабілеті, 
теориялық білімдерін түрлі жағдайларда қолдануы 
қалыптасады. 
Мектепте  тілді  оқыту  ісінде  ана  тілі  пәнінің 
үлесі  орасан  зор.  Ана  тілі  пәні  бойынша  оқушы-
ларды өмірге баулу жөніндегі міндеттер тілдің не-
гізгі  қоғамдық  қызметіне,  комунакативтік  (байла-
ныс, қатынас құралы ретінде) және экспрессивтік 
(әсер, ықпал етуге дәнекер болу) қызметіне қарай 
жүзеге  асырылады.  Олай  болса,  ана  тілі  пәні  ба-
лаларды  ауызша  да,  жазбаша  да  толық  сауатты, 
тілді  еркін  пайдалана  білетіндей  етіп  шығаруды 
түпкілікті  нысана  етіп  ұстанады.  Тіл  дамыту  жұ-
мыстары деп баланың тілді қарым-қатынас құралы 
ретінде өз тәжірибесінде пайдалана білуге, үйрету-
ге бағытталған жалпы іс-әрекет деп ұғынамыз да, 
ал тіл ұстарту деп белгілі бір тілдік заңдылықтар 
мен  ережелердің  немесе  лингвистикалық,  стили-
стикалық сөз өнері теорисының өз тәжірибесінде 
қолдана  білуге  үйрету  жұмыстары  деп  түсінеміз. 
Сондықтан тіл дамыту кешені мынадай жүйе мен 
салалардан тұрады: 
- сөздік қорын молайту, сөздік жұмысы ;
- тілдің грамматикалық құрылысын игеріп, оны 
өз практикасында қолдана білуге баулу;

247
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016

стиль,  стилистикалық  ұғым  мен  дағды 
беру, стилистикалық тілдік құралдарды үйрету;

тіл синонимдерімен жұмыс;

тілдің  көркемдегіш  және  бейнелегіш 
құралдарын үйрету;

сөйлеу, айту дағдыларын жетілдіру;

жазбаша тілін дамыту;

әдеби тіл нормасынан мәлімет беру; 

тіл мәдениетін қалыптастыру

тіл ұстарту.
Бүлдіршіндер  алғаш  мектеп  табалдырығын 
аттаған кезде басталатын сауат ашу және тіл да-
мыту - қазақ тілі бағдарламасы салаларының не-
гізгі құрамның бөлігі. Сауат ашу және тіл дамыту 
кезеңіндегі  оқу  жұмысының  мақсаты  -  оқушы-
лардың есте сақтау қабілетін дамыту, оларды оқу 
мен жазуға үйрету, ойлау қабілетін, сөйлеу тілін 
дамыту.
Бұл кезеңде жүргізілетін жұмыс түрлері оқушы-
лардың тілін байытып, жалпы білімін кеңейту мақ-
сатына ұштастырылады.
Сауат ашу және тіл дамыту жұмыстары бірне-
ше кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің өз мақсаты, соған 
сәйкес жүргізілетін жұмыс түрлері болады. Сауат 
ашу әуелі дайындық кезеңнен басталады. Дайын-
дық  кезеңінде  мұғалім  жеке  баланы  танып,  білу 
мақсатында  жұмыс  түрін  ойластыру  керек.  Осы 
кезеңде дыбыстар мен әріптерді меңгертуге байла-
нысты орындалатын жұмыс түрлеріне жаттықтыру, 
даярлау,  үйрету  жұмыстары  да  жүргізіледі.  Сауат 
ашудан кейін ғана оқушылар жазуға дағдыланады. 
Балалардың  мектепке  келіп  түскен  кездегі  психо-
логияның  дене  ерекшеліктері  жөнінде  мағлұмат-
тарға сүйене отырып, мазмұндама мен шығарманы 
бірінші  сыныптан  бастауға  мүмкіндік  бар.  Баста-
уыш сынып оқушылары мазмұндама мен шығарма 
жазу барысында мынадай дағдыларға бейімделеді:
1.  Оқушылар  оқылған  мәтінді  қабылдап,  сол 
қабылдағандарын өз сөздерімен жазып, белгілеуге 
дағдыланады.
Бұл дағдыны меңгермей, шығарма жазуға көше 
алмайды. Осы жұмыстың барысында бірқатар сөз 
тіркесі  мен  сөйлемдер,  бейнелі  сөздер  автомат-
ты  түрде  оқушылардың  есінде  қалады.  Шығарма 
жазбас бұрын мазмұндама арқылы бірқатар проце-
стерге жаттығу қажет.       
2. Шығармада ұсынылатын тақырыпты түсініп, 
оның  жігін  ажырата  алу  дағдысы.  Мысалы:  "Біз 
ағашты  қалай  отырғыздық?"  тақырыбы  бойынша 
өздерінің  ағаш  отырғызғанда  не  істегендерін  әң-
гімелеу керектігін ажырататындай болу керек;
3. Шығарма жазу үшін материал жинау дағды-
сы,  яғни  материал  жинау  барысында  балалардың 
кей  біреуі  үй  ішінен  сұрауы  мүмкін.  Бастауыш 
сынып балалары бақылай білуге, кітаппен жұмыс 
жасауға,  суреттерді  қарап,  қабылдай  білуге  жат-
тықтырылып, бұл жаттығулар бірте-бірте дағдыға 
айналдырылуы қажет.   
4.  Жинаған  материалдарын  жүйелей  алу  дағ-
дысы.  Бұл  дағдыға  бастауыш  сынып  оқушылары 
алғашқы  кезде  мазмұндама  арқылы  үйретіледі. 
Қиындықты  жеңу  үшін  балалар  алдымен  дайын 
мәтіннің  жүйесін  байқап  дағдыланады  яғни  қан-
дайда  бір  мәтіннің  белгілі  бір  жүйемен  құрасты-
рылатынын ұғады, білген-көргендерін әңгіме етіп 
құрастырғанда  оны  жүйелеп  алуға  дағдыланады. 
Егер  бұған  дағдыланбаса,  жинаған  материалда-
рын қалай жазуды білмей,еш нәрсе жазбай отырып 
қалады,  шығарма  жазуға  қызықтырудың  орнына 
керісінше  әсер  етеді.  Олардың  шығармаға  деген 
ынтасын кемітеді.
5. Оқушылардың өз ойын дұрыс білдіру деген 
- шығарма яки мазмұндама жазғанда белгілі тілдік 
норманы  сақтау,  әдеби  тілдің  ең  керек  элементің 
пайдалана  білу,  сөйлемдерінің  бір-бірімен  байла-
нысып,  тілі  жатып  келуі.  Ал,  ойын  түсінікті  біл-
діру дегеніміз - оқушының ойы дәл анық, көкейге 
қонымды болуы.               
Шығарма мен мазмұндама жазу барысында ба-
лалар көптеген жаңа сөздер мен сөз тіркестерін үй-
ренеді. Олар арқылы балалардың лексикалық қоры 
байып,  тілдері  ұстарады.  Дайындық  жұмыстар 
көбіне грамматикадан өтіледі, материалға сай оқу 
сабақтары да жүргізіледі.
6.  Оқушының  жазғандарын  тексеру,  түзету, 
жақсарту дағдысы. Бұл дағдыға үйретуде де көп-
теген қиындықтар кездеседі. Оқушылар шығарма 
мазмұндама  жазғанда  көбінесе  мұғалімге  бірінші 
болып тапсыруға асығады да, жазғандарын қайта 
оқымайды,  сөйтіп,  жазған  жұмыстарының  бір-
де-бір  сөзін,  не  тыныс  белгісін,  не  әріп  қатесін 
түзетпестен  тапсырады.  Бұл  жөнінде  мұғалімнің 
ескерткен сөзі де әсер етпейді. 
Бұл  дағдыға  балаларды  үйрету  қанша  қиын 
болғанымен,  олар  жазғандарына  сын  көзімен  қа-
рап,  түрлі  себептермен  жіберган  қателерін  батыл 
түзету  дағдысын  бастауыш  сыныптарда  үйренуге 
тиіс.
7.  Оқушының  әңгімесін  белгілі  бір  тұлғада 
(бастауыш пен баяндауыштың бір шақтың тұлғада 
келуі) баяндай білу дағдысы.        
Міне,  шығарма,  мазмұндама  жұмыстарында 
берілетін дағдылардың бастылары осылар.      
Бастауыш мектептерде жүргізілетін тіл дамыту 
жұмысы негізінен мынандай мақсаттарды көздей-
ді.
1. Оқушылардың байқағыштық, ойлау қабілет-
тері мен тілін, дүниетанымын дамыту, әр нәрсені 
салыстыра  талдап,  салыстыру  негізінде  өз  бет-
терімен қорытынды шығара білуге үйрету.                
2.  Оқушыларға қазақ әдеби тіл нормасына сай 
өз сезімін, ойын дұрыс жазып бере алатындай дағ-
дылар беру.
3  Оқушыларды  ана  тілін  сүюге,  оның  алтын 
қорын  білуге  және  оны  сезініп,  құрметтей  білуге 
тәрбиелеу.

248
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
4.    Оқушылардың  жазу  тілін  дамытуға  септігі 
тиетін  мазмұндама  мен  шығарма  жұмыстарының 
оңай да тиімді түрлерін іріктеп алып ұсыну.     
5.  Оқушылардың  іскерлік  кабілетін  арттыру. 
Осындай  мақсаттарды  жүзеге  асыру  барысыңда 
мұғалім  белгілі  бір  әдістемелік  талаптарға  сүйе-
неді. Ол талаптар мынандай:

Берілген  тақырыпты  ашып  көрсете  білу, 
оқушы өзінің жинаған материалын берілген  тақы-
рыптағы  негізгі  ойды  көрсететіндей  етіп  іріктеуі 
қажет.

Жазылған жұмыстың мазмұнды болуы.

Оқушы материалды ешбір қайшылықсыз, 
белгілі бір ретпен жүйелі түрде баяндауға тиіс.

Оқушылар сөзді, айтатын ойын дәлме-дәл, 
анық білдіретіндей етіп іріктеп, тандап қолданға-
ны дұрыс.

Басында  артық  сөз,  қыстырма  сөз  қол-
дану,  бір  сөздің  бірнеше  рет  қайталануы  сияқты 
кемшіліктерге жол бермеу шарасы жасалуы тиіс.      

Оқушы  жазба  жұмысыңда  сөйлемдерді 
белгілі  бір  формада  қарастыратын  болсын,  яғни 
бір сөйлем өткен шақта екінші сөйлем келер шақта 
тұрмау керек.

Оқушылардың жазба жұмыстарында кей-
де жергілікті ауызекі сөйлеуде қолданылатын сөз-
дер орын алады. Мұңдай қателерден сақ болу жағы 
есте болуы керек.

Жазба жұмыстарын жетілдіре білу дағды-
сын оқушылар міндетті түрде меңгеруі керек. 
Бастауыш  сынып  оқушыларының  шығармала-
ры мен мазмұндамаларында бұл көрсетілгендердің 
бірден  түгел  орындалуын  талап  етуге  болмайды. 
Бірақ жазба жұмыстарын жүргізген кезден бастап-
ақ бірте-бірте оқушылар жоғарыда көрсетілген та-
лаптарды орындау жолына бағытталады.                   
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту 
граматика мен оқу сабақтарындағы жұмыстармен 
шектелмейді.  Бұл    барлық  пәндерді  оқыту  бары-
сында,  тіпті  мектептегі  оқу  тәрбие  жұмысының 
өн  бойында  үздіксіз  жүргізіліп  отыратын  жұмыс. 
Сондықтан мұндай күрделі мәселелерді бір жолғы 
зерттеу жұмысында жан жақты талдап шығу мүм-
кін де емес.  Қорыта айтқанда, жеке пәннің әр са-
бақтарында тіл дамыту жұмыстары  жүйелі түрде  
дұрыс  ұйымдастырылған  жағдайда  балалардың 
сөздік  қоры  молайып,  тіл  орамдылығы  артып,  
оқушылардың тұлғалық ерекшелігі  дамиды.
Пайдалынылған әдебиеттер
1. 
Б.Құлмағамбетова, А.Исанова, М.Исинғарина, М.Көккөзова, Р.Құрманғалиева, П.Айтжанова/ Қазақ тілін 
оқыту әдістемесі. Алматы “Білім” 2000.- 78 б.
2. 
Ысқақов Б. Тіл дамытудың психолингвистикалық негіздері. Алматы, 1997.
3. 
Рахметова С. Кіші жастағы оқушылардың жазбаша тілін дамыту. Алматы, 1978.
4. 
Сүлейменова Э.Д. т.б. Тіл ұстарту. Алматы, 1996.
5. 
Жапбаров А. Оқушылардың ауызекі сөйлеу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру әдістемесі. Алма-
ты, 2002.
6. 
Тұрдалиева Г.Ж. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі. Астана, 2007.
7. 
Жапбаров А. Мектеп оқушыларының тілін дамыту әдістемесі. Алматы, 1997. 

249
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет