Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Международный научно-популярный журнал



Pdf көрінісі
бет5/38
Дата30.01.2017
өлшемі5,36 Mb.
#3042
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

Төлбасиев Нартай Жұманүлы
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ аға оқытушысы,  87027808710, Tulbasiev.nartay@mail.ru
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МАМАНДАРЫНЫҢ КӘСІБИ 
БІЛІКТІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕНІҢ МАҢЫЗЫ
Резюме. В данной статье авторы показывают, какую роль выполняет педагогическая практика сту-
дентов факультета физической культуры в подготовке будущих педагогической практики, определяющи-
еся её целью и конкретными задачами.
Ключевые слова:  гимнастика, легкая атлетика, спортивные  игры, плавать
Summary.  In this article the author shows what important role the pedagogic practice of student of physical 
training faculty plays in preparing future teachers.
Key Words:  gymnastics , athletics, sport games , to swim
Түйін. Бұл мақалада педагогикалық практиканың түрі, мазмұны және әдістері, оның мақсаты мен 
нақты міндеті анықталады.
Тірек сөздер:  гимнастика, жеңіл атлетика,спорт ойындары, жүзу
Педагогикалық  практиканың  болашақ  пе-
дагогтарды  дайындауда  үлкен  маңызы  бар.  Ол 
студенттердің  жоғарғы  оқу  орнындағы  білімнің 
мектеп  жұмысымен  тығыз  қарым-қатынасын 
қамтамасыз  етуге  бейімделген.  Сондықтан  сту-
денттермен оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізу дәре-
жесін қажырлылықпен көтеру, жүйелі түрде педа-
гогикалық практиканы жетілдіріп отыру қажет.
Педагогикалық  жоғарғы  оқу-орындарының 
дене  шынықтыру  факультетіндегі  педагогикалық 
практиканың мақсаты – студенттерге түрлі мектеп 
жасындағы балалар мен (1-4,5-9,10-11 сыныптар-
ды) дене шынықтыру және спорт жөнінде оқу-тәр-
бие, мектептен тыс жұмыстарды өткізе білу шебер-
лігі мен дағдысын дарыту болып табылады. 
Студенттерге  спорттық-практикалық  пәндер 
секілді  теориялық  сабақтарды,  мектеп  оқушыла-
рына дене тәрбиесін оқытудағы дене шынықтыру 
және спорт сабақтарын өткізу жөніндегі оқу бары-
сымен  есептесе,  жас  ерекшелігі  аспектісінде  үй-
ретілуі керек. Мысалы: дене шынықтыру бойынша 
«дене шынықтырудың мақсаттары мен міндеттері» 
теориясын  баяндай  отырып,  жеткіншек  ұрпақты 
жан-жақты  тәрбиелеу  жөніндегі  сұрақтарды  жа-
рыққа шығаруға, оқушылардың дене тәрбиесіндегі 
мектептің  орнын  көрсетуге  тырысқан  жөн.  Дене 
шынықтырудың мақсатын айта отырып, мектепте-
гі дене шынықтырудың  сауықтыру, оқушылардың 
жан-жақты  даму  бағытындағы  мақсатын  ерекше 
ашу керек.
«Дене  шынықтыру  құралдары»    тақырыбын 
баяндауда оқушылардың дене шынықтыру құрал-
дарына сипаттама беру қажет.
Ойын,  гимнастика,спорт  және  туризмді  дене 
шынықтыру  құралдары  ретінде  сипаттау  кезінде, 
бұл  құралдардың  кіші,  орта  және  үлкен  жастағы 
мектеп оқушыларымен жұмыстағы орны мақсатты 
түрде көрсетілуі тиіс. «Спорттық жаттығу» тақы-
рыбының  басты  сұрақтарының  бірі  –  мектеп  жа-
сындағы  балалар  жаттығуының  әдістемелік  ерек-
шеліктері,  мазмұны  мен  міндеті,  сонымен  бірге 
қозғалыстық қасиеттерін тәрбиелеу әдістері болуы 
тиіс.
Спорттық-практикалық  пәндер  (гимнастика, 
жеңіл атлетика,спорт ойындары, жүзу ж\е т.б) ар-
найы теориялардан өзге, түрлі жастардағы мектеп 
оқушыларымен  сабақ  жүргізу  әдістерін  қамтуы 
тиіс.  Практикалық  сабақтар  болса,  студенттердің 
қимыл  техникасын  игеруімен  қатар,    дене  шы-
нықтырудан мектеп бағдарламасындағы жаттығу-
ларды үйрету әдісін білетінін көрсетуі керек.
Осындай    жолмен    студенттердің  өз  маман-
дығы  пәнін  оқудағы  үш  жағы  көрінеді:  а)  қимыл 
техникасы  мен  оқыту  әдісін  игеруі;  б)  мәселенің 
жалпы  теориясын  мазмұндау;  в)  тақырыптың 
мектеп  оқушыларының  жеке  жас  ерекшелік  топ-
тастыруымен  қатар  жұмыста  қолданудағы  негізгі 
бөлімдерін жариялау қажет. Дене шынықтырудың 
жас ерекшелік әдісі студенттердің кәсіби білімінің 
қалыптасуында үлкен маңызы бар  болғандықтан, 
олардың  мектептегі  педагогикалық    практикаға 
үздіксіз дайындығын қамтамасыз ету керек.
Педагогикалық практика белсенді оқу-таным-
дық  әрекет  ретінде  студенттің  өз  мамандығының 
пәні бойынша  білімін  кеңейтуге  және тереңдетуі-
не  себепші болуы керек. Дене шынықтырудан мек-
теп оқушыларымен жұмыстың талабы студенттер 
алдына тек мектеп оқушыларының  жас ерекшелігі 
және сабақтың табысты өтудегі тазалық жағдайы 
(гигиен. условия) жайлы арнайы әдебиеттерді те-
рең оқып тануда шешімін табатын міндеттерді қо-
яды. Практикант өзін қызықтыратын тақырыптағы  
жапсарлас  сұрақтарды  қозғай  отырып  ,  әдіскері  
ұсынған  әдебиетті  мұқият  қарап,  пән  бойынша 
білімін  тереңдетіп  ,  өзінің  жалпы  педагогикалық  
танымын кеңейтеді.
Практикант білімінің тереңдеуі мен кеңеюіне 
олардың  курстық  тақырыптарда  жұмыс  (3-кур-
ста  дене  шынықтырудың  теориясы  мен  әдісінен, 

_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016

_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016

46
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
УДК: 372.86
Кекілбекова Мейрамкүл Қасымқызы
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ аға оқытушысы,87026397469 
КҮРЕС СПОРТЫМЕН ШҰҒЫЛДАНАТЫН ҚЫЗ БАЛАЛАРДЫҢ 
ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫН ТӘРБИЕЛЕУГЕ ЖАНҰЯНЫҢ ЫҚПАЛЫ
 
Резюме. В данной статье рассматривается роль семьи в воспитание личности девушек, занимаю-
шихся спортивной борьбой . Девушки, которые только начинают заниматься спортивной борьбой , по 
незнанию психологии людей,   без поддержки людей , без поддержки родителей , оставляют этот вид 
спорта . Чтобы достич высоких успехов в спорте родителей должны воспитовать в них  национальные  
традиции и обычай нашего народа . Для полного становления личности девушек ,как спортцменок , игра-
ет огромную роль национальное воспитание , национальные традици и обычай своего народа . В этом 
направлении вопросы рассмотрены и доказаны .
Ключевые слова:  борьба, опрос, семья, образование, опыт
Summary.  The article is about girls  who does wrestling. But some of them leave wrestling because of the 
ignorance of people. To achieve their goal, parents have to make them learn our traditions. It has a very important 
role in their life to know our national traditions to be the real sports girls. It is proved way of being brought up.
Key words: the struggle, the survey, family, education, experience
Түйін. Бұл мақалада қыздардың жеке өмірі, отбасының рөлі  талқыланады. Күрес спортымен шұғыл-
данатын қыздар толық қалыптасу үшін ұлттық тәрбиенің, салт-дәстүрдің  үлкен рөлі қарастырылған.
Тірек сөздер: күрес спорты, сауалнама, отбасы, тәрбие, тәжірибе
« Театр-киім ілгіштен басталады »,- деп орыс 
драматургы  К.С.Станиславский  айтпақшы  балаға 
тәрбие  беру,  болашағына  көз  жүгірту  кез-келген 
ата-ананың алдына қойған міндеті . 
Қыз-бала  тәрбиесінде  ұлтымызға  ,  қанымы-
зға  сіңген  қасиеттер  ар-ұят  ,намыс,  инабатылық, 
адамгершілік,кішіпейілділік  ,  парасаттылық, 
имандылық қасиеттері ананың  сүті арқылы  қыз 
баланың бойына даритыны рас . Міне сол қасиет-
тер тәрбиені қажет етеді .Қыз бала есін білгеннен 
бастап анасы еңбек сүйгіштікті ,тазалықты ,иман-
дылықты,әдептілікті    үйрету  тәрбиенің  алғашқы 
қадамы . 
Жазушы  Ш.Айтматов  жек  тұлғаны  тәрбие-
леу  мәселелеріне  байланысты  былай  деп  жазды 
:  «Адамды  тәрбиелеу  жекелеген  іс.  Ең  алдымен 
жеке тұлғаны қалыптастыру қажет . Оны қалыпта-
стыру үшін қоршаған ортаны ықпалы және уақыт 
керек  », - деген . Шындығында көздеген мақсатқа 
жетуде уақыт кезегін күте білу қажет . 
Қыз  бала  өсіп  жетілу  барсында  практикалық 
тәжірибе  ,әлеуметтік  ортаның  психологиялық 
әсері сияқты мәселелерді басынан өткеру қажет .
Біздің  жүргізілген  зерттеулерімізге    сүенсек 
қыз  балардың  жеке  тұлғасын  тәрбиелеуге  күрес 
спортымен  шұғуылдану  арқылы  бұл  жылдардың 
санын  қысқартуға  болатынын  дәлелдедік.  Бұл  ең 
алдымен  жаұяның  және  жаттықтырушы  педагог-
тың қабілетіне байланысты .
Күрес спортымен шұғылдануды енді бастаған 
қыз балалар көпшілік  ортадағы адамдардың пси-
хологиясын  нашар  білетіндіктен  ата-ананың  де-
меуінсіз,  жаттықтырушының  өзіне  деген  аз  көңіл 
бөлгендгінен спртты тастап кетеді.
Мұндай  кезде  ата  –ана  жанашыр  ,  тәрбиеші 
болып  қана  қоймай  ,  сонымен  бірге  сол  спорт-
тың  қыр  сырына  қызығатын  жанкүйер  ретнде  де 
көрініс табуы тиіс . 
Осы орайда күрес спортымен шұғылданатын 
жиырма балуан  қыздар арасында сауалнама жүр-
гізілді . Сауалнама жүргізілген палуан қыздардың 
спорттық  дәрежелері  мен  спорттық  стаждары  әр 
түрлі . Халықаралық дәрежедегі спорт шебері -1, 
спорт шебері -7, спорт шеберлігіне үміткер-8, және 
қалғандары 1,2-ші дәрежелі спортшылар. 
Жүргізілген  сауалнама  арқылы  спортшы  қыз 
бала  мен  ата-ана  арасындағы  қарым  қатынастың 
деңгейі  анықталады.
Күрес  спортымен  шұғылданатын  қыз  бала-
лардың  20  –пайызының  ғана  ата–анасы  спортпен 
шұғылданады.  Қалған  80  пайызының  ата-анасы 
спорттан  бейхабар  .  Дегенмен  қыздардың  спорт-
тың күрес түрүмен шұғылдануына ата-аналардың  
90 пайызы қарсы болмады .
  Күрес  спорты  қыз  баланың  тұлғасының  қа-
лапты дамуына кері әсерін тигізе ма , жоқ әлде қа-
сиеттерін шыңдайды ма ? 
Осы тұрғыда : 
«Күреспен шұғылданған қыз балардың ағзасы 
морфологиялық өзгерістерге ұшырайма ? »- деген 
сауалға балуан қыздардың 50 пайызы          « Иә», 
45 пайызы « Жоқ», 5 пайызы « Жауап беруге қи-
налған ».    Алған жауап пайызының көлеміне сүй-
ене отырып қыз баланың  күрес спортымен шұғыл-
дану  барысында  ерік-жігер  табандылық,мақсат 
қойғыштық  сияқты  қасиеттердің  бірінші  кезекте 
дамитынына көз жеткіздік .

47
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
Спортта  табысқа  қол  жеткізу  көп  жағдайда 
жанұядағы  атмсфераға  байланысты  .  Жанұя  мү-
шелерінің  қарым  –қатынасы  бірін-бірі  сыйлауда 
негізделген болса ,қыз бала адамның жоғарғы  ру-
хани  сапасын ,мақсат көздеушілігін , қоғам үшін 
өмір сүре білуін бағалауға алғашқы мүмкіндік бе-
реді. Қыз баланы спортқа тәрбиелеудегі елеулі жақ 
ата-аналардың    елеулі  жақ  жеке  басының  үлгісі 
,оларда спортқа қатынас болып табылады . 
Ата-ана  мен  жаттықтырушы  қыз  баланы 
күреске  тәрбиелеуде  бірінші  кезекте  жыныстық 
ерекшелігін ескерту міндетті.Қыздың да өзіне тән 
жыныстық  ерекшелігі  болады.  Олардың  да  мі-
незі  ер  адамдардікіндей  өзгереді.  Күрес  түрімен 
шұғылданса  да  ер  баламен  салыстырмалы  түрде 
биязылық, ұяңдылық басым болып келеді. Ата-ана 
қыздың  бойын  әрқашанда  таза  ұстап  ,жаттықты-
рушының,дәрігерінің  ,ұстаздарының  кеңестеріне 
құлақ түріп жағдайын жасаған жөн. Бір ерекшелегі 
ұлға қарағанда , қыздың жыныстық белгілері сы-
рттай айқындалып тұрады. Күреспен шұғуылдану 
барысында денесі жедел өсіп ,әдемі  қыз тұлғасы 
қалыптасады.
Әйелдердің  ағзасының  физиологиялық    рек-
шелігіне  байланысты  қыз  балалардың  жаттығу 
жүйесінің деңгейі ер адамдарға берілетін жүктеме 
деңгейінен төмен болды. Сонымен бірге қыз бала-
ның ағзасы психологиялық ерекшелігіменде ерек-
ше көз қарасыты талап етеді . 
Қыз  баланы  күреске  тәрбиелеуде  ата-ананың 
атақаратын қызметі өте зор.
Спортшы  тамағы  ,тазалығы,киімі,бос  уақыт-
ты  тиімді  өткізуі,психологиялық  демеу  т.б.  Міне 
осының  бәрі  ата-ананың  қолдауынсыз  сәтті  бол-
майды. 
Осы орайда балуан қыздарға « Ата-анам менің 
күн тәртібімді жоспарлауға көмектеседі » деген са-
уал қойдық . Сауалға 80 пайызы « Иә»,20 пайызы 
«Жоқ » деп жауап қайтарды. Алған жауапқа қарап 
,спортшы  қыздардың  20  пайызының  ата-анасы 
қызының  талабына  ,мақсатына  қолдау  көрсетіп  , 
қол  ұшын беріп , жағдай жасаса қыздары бұдан да 
жоғарғы дәрежеге жетуі сөзсіз.
«Ас  адамның  арқауы»,  «Ас  тұрған  жерде-ау-
ру тұрмайды»  дейді спортшы ағаларымыз. Денса-
улықты  сақтап  ,  оны  әрі  қарай  шынықтыру  үшін 
уақытылы  ,сапалы  тамақтана  білу  қажет  .  Та-
мақты  коректік  сапасы  жағынан  адам  ағзасының 
мұқтажын өтеуі қажет . 
Спортшыларда  кездесетін  жағымсыз  жайт-
тардың бірі-уақытылы сапалы тамақтанбау . Кей-
бір  ата-аналар  тамақтану  режиміне  қарамастан 
жаттығу  уақытына  тақалғанда  ,  мөлшерден  тыс 
күштеп тамақ ішкізеді.  Соның салдарынан спорт-
шы  қыздың  бойында  физиологиялық  ас  қорыту 
немесе  тамақты  бойға  сіңдіру  үдерісі  бұзылады  . 
Тамақты жаттығудан екі сағат бұрын ішкен дұрыс 
.Ас  қорытылып  үлгермей  ағзаға  жүктеме  түсіріп 
жаттығу  орындау  кез  келген  ауру-сырқатқа  жол 
ашу болып саналады . Осы жөнінде түрік диетоло-
гы  Абдуль Фарадж : « Батпайтын ас-жеген адам-
ның өзін жейді. Сол себепті ,жегенің бойға сіңсін 
десең шамадан аспа », деп жазды . Күнделікті жат-
тығуларда сарқылатын күш-пен терден кейін ата-а-
на уақытылы тамақ берумен қатар тамақ сапасын 
жақсартып , құнарын өзгертіп отыруға тиіс .
Арнайы жүргізілген ғылыми зерттеулер ,адам 
ағзасына  арнайы  дәрі  –дәрмек  екеннен  гөрі  ми-
кроэлементтер  мен  витаминдердің  тамақ  арқылы 
берілетіні анағұлым тиімді екені дәлелденіп отыр . 
Спортшы ағзасына ,әсіресе қыз баларға керек  ми-
кроэлементтер-фосфор  .  Фосфорда  калий  сияқты 
, сүектің өсіп жетілуіне қажет . сонымен бірге ол 
бұлшық  етпен  жүйке  жүесінің  қызметін  де  жақ-
сартады. Фосфор –етте,бұршақта,жұмыртқада ,сүт 
пен  балақтан  жасалған  тағамдардың  құрамында 
көп болады. 
Бабаларымыз « Баланың ұяты әкеге –қыздың 
ұяты шешеге »,  «Ұлға –отыз үйден, Қызға-қырық 
үйден тыю», деп бекер айтпаса керек . Ата-бабала-
рымыздың  артында  қалдырған  сөздерінен-ақ  қыз 
баланың тәрбиесіне аса назар аударғанын байқай-
мыз . Ұрпаққа ұлттық рух беріп ,әдет-ғұрпымызды 
,салт-санамыздың,дәстүріміздің  қәдір  қасиетін  ,  
ерекшелігін айту , баулу әрбір  ата-ананың , жана-
шыр тәрбиешінің міндетінің бір бөлшегі деп айта 
аламыз .
Ұлттық рухта тәрбие алмаған ,тілін-дінін ,ой-
ынын,дәстүрін дұрыс білмеген қыз баладан тәуел-
сіз елін , отанын бетке ұстайтын спортшы , өнегелі 
ана шығуына сену қиын. Тәрбиесі нашар ,тағылы-
мы жоқ , өзін-өзі ұстай алмайтын қыз бала ,ата-а-
насын,ұстаздарын,  жаттықтырушысын  ,  құрбыла-
рын өзінің өрескел әрекетімен  ұятқа қалдырады .
Жыныстық  жетілу  барысында  спортшы  қыз 
баланың  бойында  адамзатқа  тән  қасиет,,іштей 
түсіну ,нәзік махаббат сезімдері пайда болады .Со-
нымен қатар осы кезеңдерде жат-қылықтық , жа-
ман әдеттерге (темекі,наша,арақ т.б.) , шетел кино-
ларында еліктейтіндеріде кездеседі .
Осыған орай  балуан қыздарға , жаман әдет-
терге  бой  алдыруына  не  себеп    кедергі болғанын 
анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді.  Сауал-
нама  қорытындысы  бойынша  45  пайыз  қыз  бала 
«спорттың үлесі басым» десе, 55 пайыз «Ата-ана-
ның үлесі басым  » деп дауыс берді .Осыдан-ақ қыз 
баланың тәрбиесінде ата-ананың рөлі зор екендігі-
не көзіміз жетті.
Қорыта келе балуан қыз баларды тәрбиелеуде 
ата-ананың рөлі қаншалықты екенін қойылған сау-
алнама арқылы анықтадық. Спортшының көздеген 
биіктігіне қол жеткізіп, жақсы нәтиже көрсетуіне 
жанұяның қолдауы қажет.
Жоғарыда  айтылған  маселелерді  шеше  оты-
рып « Күрес сабағында қыз балардың жеке тұлға-
сын  тәрбиелеу»  мүмкіндігінің  мол  екендігін  на-

_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016

_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016

_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016

_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016

_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016

_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016

54
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
шіден, қазір бірде – бір төреші ұпаймен бағалай-
тын  әдіс  (шабуылдаушы  әдістік  әрекет)  тәсілдік 
дайындықсыз  жасалуы  мүмкін  емес,  үшіншіден, 
барлық әдістік әрекеттер тәсілдік мақсатпен алдын 
– ала ұйымдастырылады. 
Сондықтан  әдістік  –  тәсілдік  әрекет  (тәсіл-
дік мақсатта пайдалануға болатын әдістік әрекет) 
әдістік  –  тәсілдік  дайындық  (тек  күрес  әдістері 
мен тәсілдерін оқытып үйрету ғана емес, яғни әді-
стерді  іс  –  жүзінде  меңгерумен  және  негіздеумен 
кешенді пайдалану), әдістік – тәсілдік даярланған-
дық, әдістік – тәсілдік шеберлік (әдістік – тәсілдік 
даярлықтың жоғары деңгейі) деген ұғымдар үлкен 
таралымдарға ие болуда.
Самбо  күресі  бойынша  әдебиеттерді  талдау 
куәландырғандай  «әдістік  -  дайындық»,  тәсілдік 
дайындық  және  «әдістік  –  тәсілдік  дайындық», 
ұйымдарын түсіндіру қалай болса солай ойлау бо-
лып саналады. Нәтижесінде, әртүрлі ұғымдар бірін 
–  бірі  алмастырады.  Бұдан  аулақ  болу  үшін  дай-
ындық  барысында  қандай  міндеттер  шешілетіні 
барлық  уақытта  нақтылы  болатындығы  есепке 
алынуы тиіс. 
Әдістік  әрекеттерді  меңгеру  және  жетілдіру, 
мысалы, әдістік даярлықты қарастырады. Ал басқа 
екі  ұғымды  сипаттау  күрделілік  туындатады.  Біз-
дер  тәсілдерді  зерттеу  үдерісін  тәсілдік  даярлық 
ретінде, ал іс – жүзінде оны меңгеруді (белгілі та-
лаптарға сәйкес көптеген әдістік әрекеттерді өткі-
зу) - әдістік – тәсілдік дайындық ретінде санаймыз. 
Бұдан  басқа  әдістік  –  тәсілдік  дайындықты  тұта-
стай дайындықтың интегралды көрсеткіші ретінде 
қарастыруға болады. Өзінің ерекше сұлу қозғалма-
лығы арқасында жоғары көріністік қызығушылық 
туғызуымен  сипатталатын  комбинациялық  күрес 
әдістік – тәсілдік даярлықтың көрінуінің жетілген 
үлгісі ретінде мойындалған.
Әдістік – тәсілдік дайындық жалпы стратеги-
ялық мақсаттарды орындауға бағытталуы тиіс.
Балуандардың  шеберлігін  артырудағы  маңы-
зды  қозғаушы  күштерінің  бірі  барлық  дайындық 
түрлерін оның ішінде әдістік – тәсілдік даярлықты 
қамтитын мақсатты негіздегі жаттығудың ұйымда-
стыру  және  әдістемелік  принциптерін  сақтау  ба-
рысында  жеке  ерекшеліктерін  максимальды  пай-
даланумен  қорытындыланады.  Бұл  принциптерді 
басшылыққа алу жиі қолданылатын әдістік әрекет-
тің жеке арсеналын қалыптастыруға және оларды 
орындаудың дайындық тәсілдерін, ал соңғы нәти-
жеде жекпе – жекті өткізудің жеке мәнерін өндіру-
ге әкеледі [31,32,33,34,35]. 
Балуандардың  марфологиялық,  функцио-
налдық  және  психологиялық  ерекшеліктерінің 
жиынтығы олардың жекпе – жек сайысты жүргізу-
дің  жеке  мәнерін  қалыптастыру  негізінде  жатыр 
[36,37].  Зерттеу  нәтижелері  көрсеткендей  белгілі 
бір мәнерде белдесу өткізуге даярлық құрлымы мен 
басымырақ бейімделгендік деңгейін толық талдау 
дәрежелі балуандардың әдістік – тәсілдік әрекетін 
Стратегия 
Әдіс 
Тәсіл 
Шабуылдаушы 
әрекеттерге 
басымдық беру 
Жоғары тиімділік 
деңгейімен әдістік жан - 
жақтылық 
Әрекет жүйелілігін іске асыру 
варианттылығы 
Күресті жүргізудегі 
мақсатқа ұмтылушы-
лық, қайта шабуыл-
даудың жоғары 
қарқыны 
Жеке кешенді әдістердің 
негізінде әдістік 
мамандану 
Белдесудің барлық жағдай-
ларында жеке тәсілдерді 
сақтау шабуылда, қорғаныста, 
қарсы шабуылда, комбина-
цияда және байланыста 
Бірінші әрекетті 
акценттеу (иница-
тиваны қолға алу) 
Жоғары жарыстық сенім-
ділікпен 4-6 жеке үйлесім-
ді әдістік әрекетті меңгеру 
 
Белдесуге ұтымды 
мақсат қою 
Дененің орталық нүкте-
сіне ұтымды орналас-тыру 
және шабуылдау әрекетін 
орындау кезінде күш салу 
Тұру қалпында және партерде 
комбинацияны қолдануды 
күшейту. 
 
жетілдіруді  дифференциалдауға  мүмкіндік  бе-
реді. Мұндай жолмен келу әдістік – тәсілдік әре-
кет деңгейінің тез өсуіне және жарыстық қызымет 
тиімділігінің артуына мүмкіндік жасайды. 
Самбо  күресімен  шұғылданатын  жасөспірім 
балуандардың  әдістік  –  тәсілдік  әрекеттерін  тал-
дау балуандардың шабуылдаушы және қорғанушы 
әрекеттері мен бастапқы тұру қалыпы арасындағы 
анық өзара байланыс арсеналын айқындады. 
Түркістан қаласындағы олимпиада ізбасарла-
рын даярлайтын Ә. Нұрмаханов атындағы кешенді 
спорт  мектебінің  басты  жаттықтырушыларымен 
жүргізілген  анкеталық  сауалнама  көрсеткендей 
жоғары дәрежелі самбо күресімен шұғылданатын 
балуандар  әдістік  –  тәсілдік  әрекеттерді  қолдану 
мүмкіндігін балуандардың бастапқы тұру қалпынан 
бастауды  дұрыс  деп  санайды.  Бақылау  көрсет-
кендей  күрес  тәжірибесінде  көптеген  жасөспірім 
самбошылар  осы  бастапқы  қалпы  ашқан  мүмкін-
діктердің  барлығын  пайдалана  бермейді.  Самбо 

55
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
күресі бойынша әдебиеттерде бастапқы тұру қал-
пына  байланысты  әдістік  –  тәсілдік  әрекеттерді 
қолдану бойынша жеткілікті дәрежеде әдістемелік 
ұсыныстар берілмейді.  
Жүргізілген  зерттеу  жұмыстарының  нәти-
жесінде  зерттеу  авторлары  балуандардың  өза-
ра  үйлестіктегі  тұру  қалыптарын  (Ұстау,  ара 
қашықтықтықты  ұстау  және  тұру)  топтастырып 
жүйеледі.
Ұстасулар негізгі үш топқа бөлінді: екі жақты, 
айқастырып  ұстасу  және  бір  жақты  ұстасулар. 
Бұл  топтардың  әрқайсысы  өзара  қарама  –  қарсы 
аттас  және  әр  түрлі  аттағы  горизонтальды  жа-
зықтықта тура қалпында тұруы мүмкін. Ұстау топ-
тары сонымен бірге жалпыға бірдей қабылданған 
қашықтықтармен, яғни алыс, орташа және жақын 
болып жүйеленеді. 
Лақтырулардың биомеханикалық құрылымын 
зерттей келе авторлар олардың бастапқы бойынша 
тұру қалпы және қарсыласы мен шабуылдаушыға 
қатынасында  келесі  лақтырулардың  бағыты  бой-
ынша  төрт  топқа  бөлді  (бастапқы  тұру  қалпынан 
айырмасы шабулды бастау сәтінде, олар, шабуыл-
даушының қарсыласына қатынасындағы тұру қал-
пын,  яғни  тікелей  лақтыру  тәсілін  орындау  үшін 
бастапқы тұру қалпынан шабуылдау бағытына). 
Бірінші  а  тобы.  Бұларға  шабуылдаушы  тұру 
қалпынан қарсыласының арқа жағына өтеді және 
оған аяғымен әсер етпейді немесе аяғымен немесе 
қолымен тәсіл қолданып алға тастайды яғни нәти-
жесінде  қарсыласы  алға  құлайды.  Бұл  топ  кеуде 
(арқа), жамбас, аяқ, қол арқылы лақтыру әдістеріне 
бөлінеді.
Екінші  б  тобы.  Мұнда  шабулдаушы  балуан 
бастапқы  тұру  қалпынан  кеудесімен  (арқасымен) 
қарсыласына  бұрылады  және  оның  аяғына  неме-
се өзі аяғымен, қолымен әсер етпей өзінің алдына 
лақтырады, нәтижесінде қарсыласы артқа құлайды.
Үшінші в тобы. Мұнда шабуылдаушы балуан 
бастапқы тұру қалпында қарсыласына бетпе – бет 
тұрады және оны өзінен асырып артына тастайды, 
нәтижесінде қарсыласы артқа құлайды.
Бұл топ негізінен қулау және қарсыласын ай-
налдыру есебінен орындалатын лақтыру әдістері-
не  бөлінеді.  Әрбір  топқа  қарсыласының  аяғына 
әсер етпей және аяғы мен денесіне әсер етіп (әдіс 
қолданып) орындалатын лақтыру әдістері кіреді. 
Төртінші г тобы.  Бұны шабуылдаушы баста-
пқы тұру қалпынан қарсыласына арқасымен, кеу-
десімен арқасына немесе жанына тұрады және оны 
көкірегі арқылы иіліп артқа тастайды, нәтижесінде 
қарсыласы артқа құлайды. Одан әрі зерттеу нәти-
желері мыналарда көрінеді.
-соңғы нәтижеде лақтыру әдістері алға, артқа 
емес, жанына, сол жақ – алға, оң жақ – алға, сол 
жақ – артқа, оң жақ – артқа бағытталған.
-балуанға  симетриялы  емес  бастапқы  тұру 
қалпын  ұстау  ереже  бойынша,  симетриялы  емес 
ұстауды алдын – ала болжалдайды;
-горизонталды жазықтықтағы әр түрлі  өзара 
бастапқы  тұру  қалпынан  лақтыру  тәсілдерін  екі 
жағына бірдей орындау кезінде оның құрлымы мен 
тиімділік әсері әр түрлі;
-шабуылдаушы  қарсыласының  бір  жағынан 
екі қолымен ұстау кезінде лақтыру әдісі басымы-
рақ бір жағына орындалады;
-симетриялы емес ұстау кезінде қарсыласына 
жақындау  есебінен  жүйе  еркіндігінің  азаюы  ша-
масы бойынша бір әдісті екі жағына бірдей тастау 
мүмкіндігі  азаяды,  әр  түрлі  бағытқа  лақтыру  әді-
стерінің жиынын орындаудың белгілі бір дәрежеде 
шектелуі жиі байқалады;
-балуанға  әрекет  жасау  еркіндігін  қарсыла-
стың шабуылдауға мүмкіндік бермейтін қолайсыз 
ұстасуы шектейді.
Жоғарыда  мазмұндалғандарды  есепке  алып, 
самбо  күресінде  күтпеген  жағдайды  анықтайтын 
негізгі «белгілеріне» балуандардың ұстасу түрлері 
және  өзара  орналасу  қалпы  жатады.  Сондықтан 
оларды  жалпы  функцияларына  байланысты  не-
гізге алуға болады. Әдістік – тәсілдік әрекеттерді 
зерттеу  барысында  бұл  ситуацияның  үлгісін 
анықтайтын әрекеттер кешені өзара байланыстағы 
элементтердің  иерархиялық  бағынышты  жүйесін 
белгілеуге болады, яғни өзіне тән бейнедегі сатылы 
құрылымы сияқты төмен қарай сатылап түсіп, та-
ралатын барынша қарапайым әрекеттердің бағдар-
ламасы   қарастырылған.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Чумаков Е.М Тактика борца- самбиста. - М.: Физкультура и спорт 7, 1976. -224с.   
  2.  Чумаков  Е.М7:    Еганов  В.Г.  Технико-  тактические  показатели  самбистов  различной    подготовленно-
сти\\»Спортивная борьба», М.Физкультура и спорт, 1982.  С.23 27.
3. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Мектепте 2005 ж.
4. Қазақстан Республикасының Президенті Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына жолда-
уы. 27 қаңтар 2012 ж.
5. Спортивная борьба (классическая, вольная, самбо) / Под общ. Ред. Н.М. Галковского, А.З. Катулина. –М.: Физ-
культура и спорта, 1968. -58 с.

56
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
ӘОЖ: 796.07

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет