Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары актуальные проблемы формирования культуры



Pdf көрінісі
бет12/43
Дата08.01.2017
өлшемі18,03 Mb.
#1411
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43

Дәстүрлі 

Тұлғаға бағытталған 

  лекциялар 

  семинарлар 

  семинар-практикумдар 

  конференциялар 

  диспуттар 

  тәжірибе алмасу 

  әңгімелесу 

  педагогикалық консилиумдар 

  консультациялар 

  сабақтарға, сабақтан тыс шараларға  

қатысу, өзіндікталдау негізінде талдау. 

  әңгімелесу-семинары 

  әдістемелік диалог 

  педагогикалық шеберлік мектебі 

  жас ұстаздар шығармашылығы және 

белсенділік айлығы 

  дискуссиялар 

  педагогикалық ринг 

  әдістемелік көпір 

  миға шабуыл 

  жылжымалы шығармашылық топ 

  әлеуметтік педагогикалық тренинг 

  «Қалыпсыз сабақ» 

  педагогикалық ойлар (идеялар) 

фестивалі 

  көңілді тапқыштар педагогикалық 

клубы 


  іскерлік ойын 

  нақты педагогикалық жағдайларды 

талдау 

  тренингтер 



  әдістемелік отырыстар 

  туындаған жаңа жоба, ойларды қорғау 

  тәжірибелік көріністер 

  әдістемелік фестивалдар 

  дөңгелек үстел. 

 

Ресейлік  педагог  ғалым  И.В.  Никишиннің  зерттеуіне  жүгінсек 



дәстүрлі  және  заманауи  тұлғаға  бағытталған  әдістемелік  жүйелердің 

салыстырмалы  талдауы  төменде  көрсетілген  сызбамен  сипаттауға 

болады. 

 

Салыстырмалы сипаттамалық кесте 

 

Салыстыру 

көрсеткіштері 

Дәстүрлі әдістемелік жүйеге 

сипаттама 

Тұлғаға бағытталған 

әдістемелік жүйеге сипаттама 



1.  Мақсаты 

 Білім,  білік,  дағдыны    жетілдіру 

бағытында педагогикалық шебер-

лікті қалыптастыру. 

Педагогтың тұлғалық функция-

ларын  іске  асыруда,  өз  өзінің 

кәсіби деңгейін көтеруге, жаңа-

шылдықты  игеруге  (жаңа  бағ-

дарлама,  технологиялар),  жеке 

әдістемелік,  дидактикалық,  тәр-

биелік жүйе құруға жағдай туғызу. 

2.  Мазмұны 

(әдістемелік 

жүйенің басым 

бағыттары) 

1.  Дидактикалық мәселелер. 

2.  Тәрбиелік мәселелер. 

3.  Ішінара-әдістемелік 

мәселелер. 

Технологиялық  (дәстүрлі  және 

жаңашылдық 

педагогикалық 

технологияларды қарастыру); 

Психологиялық 

(өзекті 


109 

 

4.  Физиологиялық 



психологиялық  тұжырымдама-

ларды оқып үйрену); 

Мәдениеттану 

(педагогтың  

әдіснамалық, 

психологиялық, 

технологиялық, 

әдістемелік 

мәдениеті). 

3. Түрлері 

1.  Ұйымдастырушылық  түрлерінің 

бірдейлігі; 

2.  Фронталды  түрлерінің  басым-

дылығы; 


3.  Педагог  ұжымының  даму  дең-

гейінің, әдістемелік жұмыс кезең-

дерінің,  мазмұны  мен  түрінің 

сәйкес келмеуі яғни тиімсіздігі. 

1.  Ойын, 

диалогтық, 

белсендендірілген 



вариативті 

түрлерді пайдалану; 

2.  Фронталды,  топтық,  жеке 

түрлердің тиімді үйлесімділігі; 

3.  Жоғары 

деңгейдегі 

технологияландыру. 

4. Әдістемелік 

жұмыстың 

ұйымдастыру 

деңгейлері 

1.  Репродуктивті 

(дәстүрлі 

әдістемелік жұмыс); 

2.  Ішінара 

– 

ізденушілік 



(әдістемелік тәжірибелік жұмыс). 

1.  Ішінара  –  ізденушілік  (әдіс-

темелік тәжірибелік жұмыс); 

2.  Шығармашылық  (экспери-

менталды-тәжірибелік, 

ғылыми-әдістемелік жұмыс); 

3.  Ізденушілік  (ғылыми-іздену-

шілік әдістемелік жұмыс). 

5. Тиімділік 

жағдайлары. 

Материалдық – техникалық база 

1.Ғылыми-әдістемелік 

қамтамасыздандыру; 

2.Ұжымдағы 

психология 

әлеуметтік ахуал; 



3. Педагогтардың кәсіби өсуіне 

жағдай туғызу; 

4. Басшының 

басқарушылық 

шеберлігі.  

6.Функциялары  1.  Түзету-реттеу  («Жедел  жәрдем» 

функциясы 

бақылау 


нәтижесі 

бойынша); 

1.Ақпаратты  талдау  (алдыңғы 

қатарлы  тәжірибе,  жаңашыл-

дықтар т.с.с.); 

2.Мақсатты-ынталандыру; 

3. Жоспарлау-жобалау; 

4.Ұйымдастыру, орындау; 

5. Бақылау-бағалау(оқу 

үрдісі  


нәтижесі 

педагогтардың 

іс 

әрекетінің тиімді көрсеткіштері); 



6.Коррекциялау, реттеу. 

7. Тиімділік 

көрсеткіштері 

 

А) нәтижелік 



 

 

 



 

Б) үрдістік 

 

 

 



Педагогтың білім, білік, дағдысы 

Педагогтың өзіндік даму кәсіби 

деңгейі (педтехника,  педагоги-

калық 


шеберлік, 

шығарма-


шылық  іс  әрекет,  өзіндік  педа-

гогикалық  жүйе  құруға,  жаңа-

шылдыққа әзірлігі). 

1.  Жүйелілік; 

2.  Диагностикалық; 

3.  Сараптаушылық; 

4.  Тиімділік; 

5.  Технологиялық. 

 


110 

 

Әдістемелік  жұмысты  ұйымдастыру  деңгейлеріне  тоқталатын 



болсақ. Олар: 

I-репродуктивті

Бұл деңгейде қалыпты жағдайдағы әдістемелік жұмыс педагогтарға 

ешқандай жұмысқа деген оңтайлы құлшыныстар қалыптасуын, берілген 

ақпаратты  түсініп  қолдануын  ескерусіз  тек  қана  білімдік  хабарлама-

лармен шектеледі. «Кері байланыс» зерттелмейді. 

II-ішінара ізденімпаздық. 

Бұл  деңгейдің  ең  басты  ерекшелігі  педагог  пен  басшылардың 

қалыпты  жағдайдағы  жүйені  өзгерту  бағытындағы  іс  әрекеттерінің 

басым  болуы  яғни  жұмысты  белсендендіру.  Әрине  ескере  кететін  бір 

жағдай,  бұл  жерде  белсендендірем  деп  жүріп  тек  бір  компонентін 

(міндетін  иә  әдіс-тәсілдерін)  ғана  ескеруі  мүмкін  бірақ  ол  тек  уақытша 

болатын өзгеріс себебі ол жүйесіз. Ал бұл тұрғыдан іс әрекеттің барлық 

компоненті  жүйелі  (мақсаты,  міндеті,  мазмұны,  әдіс  тәсілдері  т.с.с.  ) 

толық өзгеріске ұшырауға тиісті. 

Сондықтан  аталмыш  деңгейдегі  әдістемелік  жұмыс  кездейсоқ, 

эмпирикалық сипатта өтеді және реттелген жүйелі басқарылатын жұмыс 

болып есептелмейді. 



III-шығармашылық. 

Бұл деңгейдің өзі бірнеше тармаққа жіктеледі. Егерде экспериментті 

ғылыми негізделген тәжірибе десек онда әдістемелік жұмыс тәжірибелік 

экспериментальді  жұмыс  болып  есептеледі  (ТӘЖ),  сонда  ол  алдыңғы 

деңгейден  өзінің  мақсаттылығымен,  жүйелілігімен,  ғылыми  негізделуімен 

ерекшеленеді. 

Ал  егерде  эксперимент,  баланы  оқыту,  тәрбиелеу  және  басқаруға 

бағытталған  белгілі  бір  жаңа  технологияны  ғылыми  жетекшінің  қатаң 

бақылауына  алынып  білім  беру  ұйымына  даярлау,  іске  енгізу  болып 

табылса,  бұл  өте  жоғары  деңгей,  ол  деңгейді  –  ғылыми-әдістемелік 

жұмыс деп бағалайды. 

Бірқатар  педагогикалық  әдебиеттермен,  әдістемелік  нұсқаулармен 

танысып  білім  беру  ұйымындағы  әдістемелік  жұмыстың  тиімді  моделін 

құруды қарастырған кезде біз алдымен оны талдау және диагностикалық 

бақылау  негізінде  әдістемелік  жұмысты  басқару  қызметін  жолға  қою 

мәселесіне басты көңіл бөлу қажеттігіне әбден көзіміз жетті. 

Яғни,  білім  беру  ұйымының  әдістемелік  қызметінің  талдау 

функциясы  ең  күрделісі  және  талдау  нысандарын  төмендегі  бағыттар 

бойынша анықтап алуды қөздейді. Олар: 

– біртұтас  әдістемелік  жүйе  (мақсаты,  мазмұны,  ұйымдастыру, 

түрлері, әдістері, нәтижесі және түзету); 

– оқытушы  тұлғасының  кәсіби  мәдениеті,  барлық  көрсеткіштері 

бойынша;  

– жаңашылдықтың 

педагогикалық 

әлеуетін 

және 

пайдалану 



аймақтарын зерттеу; 

111 

 

Әдістемелік  жұмыстың  нақты  жағдайын  зерттеу  және  мақсатқа 



жету  үшін  пайдалануға  болатын  әдіс  тәсіл  құралдарының  жиынтығын 

негіздеу;  әдістемелік  жұмыс  пен  педагогикалық  үрдіс  нәтижелерін 

объективті  бағалау;  ақпаратты  педагогикалық  талдау  жүйені  басқа  сапа 

деңгейіне көтеруге мүмкіндік туғызады. 

Соңғы нәтижені талдауды 4-кезеңге бөлуге болады. 

Бірінші  кезең  –  талдаудың  пәнін,  құрылымын  және  мазмұнын 

анықтау.  Бұл  кезеңде  белгілі  бір  уақытта  өткен  әдістемелік  және 

басқарушылық қызметте оқу үрдісін дамыту туралы ақпарат жинау. Осы 

ақпарат негізгі блоктарға жіктеледі оның талдау максаттары анықталады. 

Одан кейін: 

– сапалық және сандық көрсеткіштер арқылы талдаудың әр нысаны 

бағаланады; 

– әдістемелік  қызметтің  дамуына  әсер  ететін  оң  және  теріс  құрал, 

әдіс, жағдайлар анықталады. 

Екінші кезең – бақылау пәнін функционалды құрылымды сипаттау. 

Ол  үшін  әдіс  тәсіл  байланыстарын,  педагогикалық  және  әдістемелік 

әсерін толық зерттеу. 

Үшінші  кезең  –  логикалық  реттік  негізінде  себеп  салдарларды 

талдау: жағдаят-сылтау-жағдай-салдары. 

Төртінші  кезең  –  мақсатқа  жету  факторларын  белгілеу.  Бұл  кезеңде 

білім  беру  ұйымдарының,  әдістемелік  іс  әрекетінің  нәтижесі  қорытын-

дыланады.  Жаңа  кезеңде  негізгі  міндеттері  мен  мақсаттары  қалыптасады. 

Жұмыс  тәжірибесіне  педагогикалық  диагностиканы  енгізбей  мектепішілік 

әдістемелік  қызметті  басқаруда  талдаушылық  ақпараттық  қызмет  толық 

іске аспайды. Бұл әдістемелік жұмыстың барлық бағыттарын педагогикалық 

сылтауларды  талдау  арқылы  қарастыруға  жағдай  жасайды.  Педагогикалық 

диагностика  педагогикалық  кадрлардың  өзіндік  дамуын  және  кәсіби 

дамуын  ғылыми  тұрғыдан  ұйымдастыруды  қамтамасыз  етеді.  Диагнос-

тиканы  өткізу  әрбір  педагогқа  басшыға  өзіндік  талдау  және  талдау 

біліктілігін  игеруге  бағытталған.  Педагогикалық  диагностика  бірнеше 

сатылардан тұрады. Олар: 

–  дайындық  –  жұмыстың  барлық  бағыттарынан  ақпаратты  жинау, 

әдістемелік және басқарушылық практиканы зерттеу; 



–  талдаушылық  –  алынған  ақпаратты  талдау,  әдістемелік  жұмысты 

қиындататын иә жетістікке апаратын себеп-салдар байланыстарын анықтау; 



–  қорытынды  (жинақтау)  қорытынды  қалыптастыру,  басқарушылық 

шешім, әдістемелік қызмет буындары басшыларына практикалық көмек, 

сан алуан бағыттары бойынша бағдарлама, жоспарлар жасау. 

Сонымен  қатар,  қазіргі  уақытта  басқаруда  реттеу  және  түзету 

функциясын да өте маңыздылардың ішіне жатқызуға болады, себебі осы 

функция  әдістемелік  жүйедегі  реттілікті  қамтамасыз  ете  отырып 

ұйымдастыруда  кездесетін  келеңсіз  жағдайлардан  сақтандырады  және 

педагогтардың  жоғарыда  аталған  функционалдық  сауаттылығын  арттыруға 

үлкен ықпал ететіні анық. 


112 

 

Әдебиет 



 

1.  ««Қазақстан-2050»  Стратегиясы  –  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси 

бағыты» ҚР Президентінің халыққа Жолдауы. 

2.  «Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі  2012-

2016  жылдарға  арналған  ұлттық  іс-қимыл  жоспары»  (ҚР  Үкіметінің  2012  жылғы 

25 маусымдағы № 832 Қаулысы). 

3.  Мектептегі  әдістемелік  жұмысты  басқару  жүйесі:  Әдістемелік  нұсқау/  

Г.К. Меңдіғалиева. – Алматы, ИП Волкова Н.А., 2013. – 63бет. 

 

 

ТІЛДІ ҚАТЫНАС ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ КЕЙБІР 

МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

Ж.Ш. Мурзекенова 



Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлері 

біліктілігін арттыратын республикалық институты 

 

Балаң  жас  дәуір  деп  аталатын  кезең  жасындағы  жеткіншектердің 



өзіндік  психологиялық,  дара  тұлғалық  ерекшелікітері  болады.  Ол  ең 

алдымен олардың қоғамдық белсенділігінің және өмірде өз орнын табуға 

талпынысының  артып,  таным  көкжиегінің  кеңейіп,  сана-сезімінің  өсіп, 

өзіндік  азаматтық  көзқарасының  қалыптаса  бастауымен  көрініс  табады. 

Осы  тұрғыдан  келгенде,  бұл  жастағы  балаң  жастардың  дүниетанымын, 

сондай-ақ  қоғамдағы  азаматтық  позициясын  қалыптастыруда  мемлекеттік 

тіл  ретінде  оқылатын  «Қазақ  тілі»  пәнінің  алатын  орны  ерекше.  Себебі, 

осы  кезеңдегі  оқушылардың  басты  әрекеті  –  белсенді  оқу  әрекеті.  Даму 

үрдісі  алдында  жүретін  оқытудың  дара  тұлға  қалыптастырудағы 

маңызын ескерсек, білім сапасын арттыруда пәнді оқытуды қатысымдық 

құзыреттілікке  бағыттау  арқылы  түпкі  нәтижеге  жетуге  болады. 

Аталмыш мәселені шешудің негізгі жолы – тілді қатынас құралы ретінде 

оқыту,  соның  негізінде  белгілі  бір  деңгейді  игерудің  соңғы  нәтижесі 

ретінде  қатысымдық  құзыреттілік  қалыптастыру,  оның  алдын-ала  

мазмұнын анықтау, жүзеге асыру жолдарын айқындау. 

Қатысымдық  құзыреттілік  қалыптастыру  ұғымын  жан-жақты 

ашудағы  құзыреттілік  мазмұны  –  тұлғаның  білім,  іскерлік,  дағдылар 

жиынтығын жан-жақты меңгеруі,  теориялық білімді  іс  жүзінде шынайы 

өмірде  қолдана  білуі,  ерекше,  тосын  жағдайларда  жаңа  туындаған 

мәселелерді  өз  бетінше  шеше  білу  қабілеті.  Оқушыда  қалыптасатын 

қатысымдық  құзыреттілік  –  қарым-қатынас  жасау  әрекетіне  қажетті 

білім,  іскерлік,  дағдылар  жиынтығы,  соған  сәйкес  тілді  түсініп,  ойын 

еркін жеткізе білу қабілеті. 

Көпшілік  ғалымдардың  тұжырымдары  бойынша,  қатысымдық 

құзыреттілік  субъектінің  өзіне  қажетті  ақпаратты  алуы  мен  басқа 

субъектілермен  қарым-қатынасқа  түсуіне  қажетті  білім,  іскерлік, 

дағдылар жиынтығы дегенге саяды. 


113 

 

Қатысымдық  құзыретіліктің  құрамдас  бөлігі  ретінде  тілдік 



(лингвистикалық)  құзыреттілік,  сөйлеу  әрекеті  негізіндегі  (айтылым, 

жазылым,  оқылым,  тыңдалым,  тілдесім)  қатысымдық  құзыреттілік, 

сонымен қатар тілді үйрену барысындағы маңызды алғышарттардың бірі 

лингвоелтану,  дискурстық  құзыреттілік  мазмұнын  анықтаудың  маңызы 

зор. Оқушылардың қатысымдық құзыреттілігін қалыптастыруда олардың 

жас  ерешеліктері  мен  психологиялық  дара  тұлғалық  айырмаларын 

ескерудің білім сапасын арттыруда маңызы зор. Осы тұрғыдан келгенде, 

оқыту  үрдісіндегі  жағымды  уәждеме  тудыруда  дидактикалық,  іскери 

ойындарды,  пікірталас,  ойбөліс,  мультимедиалық  бағдарламаларды 

қолдану мүмкіндіктерін арттыруға баса  мән берудің орны ерекше.  Білім 

сапасын  арттыру  негізінде  қалыптастырылатын  қатысымдық  құзыреттілік 

бала зейінінін шоғырландыруды, қабылдау, ойландыру, ұғым қалыптастыру 

секілді  психологиялық  күрделі  категорияларды  мұғалімнің  жетік  білуін 

талап  етумен  қатар,  оның  жетістікке  жету  жолдарының  алғышарттары 

екенін де дәлелдейді. 

Оқушылардың  қазақ  тілінен  білім  сапасын  арттыру  оқыту 

технологияларының  тиімді  қолданылуына  байланысты.    Қазіргі  білім 

берудегі  жаңа  ағым  демократиялық,  ізгілендіру  оқу  субъектілерінің 

арасындағы  оқу  әрекеті  мен  олардың  өзара  қарым-қатынасын  өзгертті, 

яғни субъектілік қарым-қатынас, педагогикалық ынтымақтастық, өзіндік 

оқу  белсенділігі  тиімділігі  дәлеледенуде.  Тұжырымдағанда,  тұлғаның 

оқу  белсенділігі  –  білім  сапасының,  қатысымдық  құзыреттілік 

қалыптасуының  кепілі.  Тұлға  белсенділігінің  бірқатар  мәселелері  Т.И. 

Шамова,  Г.И. Щукина,  Р.А. Низамов,  Т. Сабыров,  А. Абылқасымова,  

Ф. Оразбаева,  К.  Жақсылықова,  Қ. Қадашева,  Ж. Сүлейменова  т.б. 

ғалым-дардың еңбектерінде талданып, сипатталған. 

Оқушылардың  қатысымдық  құзыреттілігін  қалыптастыруда  белсенді 

оқыту  категориясының  негізгі  тірегі  белсенді  оқыту  әдістерін 

қолданудың  маңызы  ерекше.  Оның  нәтижесі  –  тілді  қарым-қатынас 

құралы ретінде жүзеге асырады, пәнге қызығушылық артады, жағымды, 

тұрақты  оқу-танымдық  уәждеме  қалыптасады,  оқушының  өзіндік  оқу 

әрекетінің белсенділігі, интеллектуалдық өрісі өседі, ол өз оқу әрекетінің 

субъектісіне айналады. 

Белсенді  оқыту  әдістері  оқу  үдерісін  ұйымдастырудағы  оқушының 

танымдық  белсенділігін  арттырумен,  белсенді  сөйлеу  әрекетіне  түркі 

жасаумен,  оқушының  ерекше  ықылас,  ынтамен,  шығармашылықпен, 

диалогтік негізде жұмыс жасауына кең мүмкіндік беруімен  ерекшеленеді. 

Белсенді  оқыту  әдістерін  қолданғанда,  тәжірибеде  оқушылардың 

оқу-танымдық  белсенділігінің  артқаны,  оқушы  әрекетінің  қарқындылығы, 

жылдамдығының  өскені,  жағымды  уәж,  яғни  оқушының  тілді  үйренуге 

ерекше  ынта-ықыласының  артқаны,  шындық  өмірде  құзыреттілік 

дәрежеде  оны  жүзеге  асыру  мүмкіндігінің  мол  екендігі,  сондай-ақ  тіл 

үйренудегі маңызды жайттардың бірі – оқу субъектілерінде эмоцияналдық, 

көтеріңкі көңіл-күй орнағаны дәлеледенді. 



114 

 

Белсенді  оқытуға  құрылған  сабақтардың  басты  ерекшелігі-өзара 



жұптық,  топтық,  ұжымдық  әрекеттің  интерактивтілікке,  яғни  өзара 

белсенді  сөйлеу  әрекетіне  құрылуы:  шындық  өмірдегі  жағдаяттарды 

рөлдік,  іскери  дидактикалық  ойындармен  модельдеу  арқылы  күнделікті 

өмір  жағдаяттарында  қолданысқа  жақындату,  сол  арқылы  тілдің 

қоғамдық қажеттілігін саналы сезінуге мүмкіндік жасау, өзара ойбөліске 

шақыра  отырып,  өзіндік  ойын  еркін  айтуға,  қорытуға,  шешімін  табуға 

ұмтылдыру,  түрткі  жасау  негізінде  қоғамның  пайдалы,  белсенді  азамат 

тұлғасын  қалыптастыру,  оқу  материалдарының  практикалық  сөйлеуге 

басымдылығы, 

шығармашылық 

тапсырмалар 

негізінде 

жарыс 

элементтерін  қолдану  арқылы  психологиялық  кедергілерді  барынша 



болдырмауға  жағдай  жасау,  яғни  көтеріңкі  көңіл-күйін  тудыратын 

эмоционалдық жағдаят орнату. 

Оқыту  тәжірибесінде  қолданылған  дидактикалық  ойындар  жұптық 

тапсырма,  ұжымдық  тапсырмалар  негізінде  өрбітілді.  Мұндағы  басты 

мақсат-психологиялық  кедергілерді  болдырмау,  ішкі  мотивті  тудыратын 

қызығушылықтың 

басымдылығы, 

шынайы, 


күнделікті 

өмірмен 


байланыстыру,  оқу-шығармашылық  әрекет,  ең  бастысы,  сөйлеу  әрекетін 

белсендіруге  мүмкіндік  беретін  мұғалім  мен  оқушы,  оқушы  мен  оқушы 

арасындағы интерактивтіліктің орнауы. 

Оқушының  ізденімпаздығын  арттырудың  негізгі  жолдарының  бірі-

жобалау  сабақтары.  Жобалау  сабақтары  қатысымдық  құзыреттілік 

қалыптастырумен  қатар,  оқушыларды  отансүйгіштікке  тәрбиелейді, 

Отанын, мемлекеттік  тілді  құрметтеуге, елдің дамуына үлкен үлестерін 

қосқан  көрнекті  қайраткерлер  өмірі,  туған  жер,  ана  мейірбаны  т.б. 

туралы  тақырыптарға  өз  бетімен  жинап,  жүйелеген  жобалары  олардың 

азаматтық тұлғасының қалыптасуына ықпал етеді. 

Оқытудың  жаңа  технологияларының  бірі  –  компьютерлік  бағдар-

ламаларды,  соның  ішінде  интерактивті  тақтаны  қолдану  оқушының  оқу 

белсенділігінің  артуына  ықпал  етті.  Интерактивті  тақта  –  мектептерде 

оқу  үрдісінде  кең  қолданылатын  құрал.  Аталмыш  құрал  ақпаратты 

көрсетуге  арналған  және  маркерлік  тақтаның  да  қызметін  атқарады. 

Интерактивті  тақта  арқылы  көрсетілген  слайдтар  мен  бейнекөріністер, 

сызбалар,  суреттер  оқушылардың  жаттығу  мен  тапсырмаларды 

орындауы, сондай-ақ оқу ойындары сабақтың сапасын арттырады. 

Сөйлеу  әрекетінің  түрлері  айтылым,  оқылым,  жазылым,  тыңдалым 

бойынша  қатысымдық  құзыреттіліктер  қалыптасуының  негізі  –  оқу 

тапсырмаларының  шынайы  өмірге  жақын,  қатысымдық  мақсатқа 

құрылған  болуы.  Осы  тұрғыдан  келгенде,  тыпсырмалардың  алдымен 

грамматикалық,  яғни  тілдік  тұрғыдан  танып,  түсіну  дағдыларының 

қалыптасуына,  содан  соң  оның  қатысымдық  құзырет  қалыптасуға 

мүмкіндік беруі көзделеді. 

Педагогикалық  тәжірибе  негізінде  оқушылардың  біліміндегі 

кемшіліктер  анықталып,  ескеріле  отырып,  оқыту  тәжірибесінде 


115 

 

қолданылған баланың қазақша қатысымдық құзыреттілігін қалыптастыруға 



мүмкіндік  беретін  оқу  кешенінің  тиімділігі  қорытынды  тәжірибеде 

статистикалық-сапалық зерттеу көрсеткіштері негізінде анықталады. 

Қазақ  тілі  пәнінен  оқушылардың  білім  сапасын  арттыру,  оның 

нәтижесінде  қатысымдық  құзыреттілігін  қалыптастыру  деңгейі  оқыту 

үрдісін тиімді ұйымдастыруға байланысты.  

Оқушыларының  қазақ  тілінен  білім  сапасының  қатысымдық 

құзыреттілік  деңгейін  зерттеу  барысында  оның  әдістемелік,  теориялық 

қырларының  толық  анықталмағаны,  бұл  сала  бойынша  оқу  кешенінің 

жеткіліксіздігі,  тиімді  оқыту  әдіс-тәсілдерінің  мазмұнының  толық 

ашылмағаны белгілі жай. 

Жас түлектердің қазақша тілін дамытуда маңызды мәселелердің бірі  – 

тіл  меңгеру  деңгейінің  соңғы  қатысымдық  құзыреттілік  сатысының 

ғылыми  негіздегі  мазмұнын  айқындау,  дидактикалық  ұстанымдарын 

анықтау,  тілді  оқытып-үйретудің  психологиялық  ерекшеліктеріне  баса 

мән  беру,  белсенді  оқыту  әдістерін  қолдануға  басымдық  беру  –  жоғары 

нәтижеге жетудің алғышарттары. 

Белсенді  оқыту  логикалық  ойлауды,  танымдық  белсенділік  пен 

танымдық қызығушылықты арттырады. Жалпы, белсенді оқыту әдістері 

педагогикалық  әдебиеттерде  имитациялық  (кейс-стади,  іздену,  іскери-

рөлдік,  тренинг)  имитациялық  емес  (пікіріталас,  ми  шабуылы, 

эвристикалық әңгімелесу, синектика, ТРИЗ т.б.) болып бөлінеді. 

Оқушылардың  қатысымдық  құзыреті  сөйлеу  әрекетін  (тыңдалым, 

айтылым,  оқылым,  жазылым)  қалыптасырудағы  жаттығулар  жүйесін 

құрумен  байланыстыру  қажет.  Жаттығуларды  шартты  түрде  грам-

матикалық,  қатысымдық  деп  бөлудің  қатысымдық  құзырет  қалыптасу 

сатысының  алдымен  тілдің  функционалдық  қызметін  меңгеріп,  содан 

соң  қарым-қатынаста  қолдану  ерекшеліктерін  меңгерумен  байланысты 

болады және бұл мәселе тәжірибеде дұрыс шешімін табады. 

Қатысымдық  құзыреттілік  ұғымы  –  адамның  қоғам  саласында 

қарым-қатынас  жасауына  негіз  болатын  іскерлік,  дағдылар  жиынтығы 

және оның өз ойын еркін, толық жеткізе білу қабілеті. Сөйлеу әрекетінің 

түрлері  сөйлесе  білуі,  оқи  білуі,  жаза  алуы  және  тыңдап-түсіну 

қабілетінің  қалыптасуы,  яғни  әртүрлі  өмірде  туындайтын  жағдаяттарда 

қарым-қатынасқа еркін түсіне білуімен ерекшеленеді. 

Қатысымдық 

құзыреттілік 

құрамы 

лингвистикалық, 



сөйлеу 

әрекетінің  негізіндегі  құзыреттілік  және  этномәдени,  дискурстық 

құзыреттіліктен  құралады.  Оқыту  барысында  аталған  қатысымдық 

құзырет  қалыптастыру  деңгейі  оқушының  білім  сапасының  көрсеткіші 

ретінде кепілдік бола алады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет