Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата06.03.2017
өлшемі2,97 Mb.
#8441
1   2   3

 

Сұрақтарға  назар  аударар  болсақ,  саяси  метафораны  респонденттердің  қабылдауы  кезінде 

кездесетін  кедергілерді  барынша  ашуға  бағытталған.  Қойылған  сұрақтардың  ішінде  ашық  сұрақтар 

да,  жабық  сұрақтар  да  кездеседі.  Қойылған  сұрақтарды  талдай  отырып,  студенттердің  саяси 

метафораға  қатысты  тұщымды  жауап  алу  үшін  нақты  сұрақ  қоя  білу  дағдысын  меңгергендігін 

байқауға  болады.  Сонымен  қатар,  сауалнама  құрастыруда  студенттердің  аялық  білімін  көрсететін 



380 

метафоралы тіркестер, прецедентті атаулар, саяси дискурс терминдері мақсатқа сай, сәтті қолданыс 

тапқан.  Сауалнама  нәтижесі  бойынша  әр  сұрақтың  жауабы  статистикалық  тұрғыда  талданып, 

диаграммаларға түсіріліп, қорытынды ұсыныстар жасалып, таныстырылымдар әзірленді.  

 Қорыта  айтқанда,  «Медиамәтін  және  саяси  метафора»  элективті  курсын  оқыту  барысында 

жүргізілген бақылау нәтижесінде анықтағанымыздай, саяси метафораны оқытуда студенттер назарын 

мыналарға: 

-  студентті  көркем  де  кестелі  сөйлеуге  дағдыландыратын,  олардың  образды  түрде  ойлауын 

қалыптастыратын  метафоралық  бірліктерді  құрау,    ассоциация  негізінде  құрылған  сөздердің 

семантикалық өрісін жасау және түсіндіру үрдісі жүзеге асырылатын  тілдік ойындарға; 

-  метафоралық  бірліктерді  талдау  үрдісінде  тілде  қолданылған  көркемдегіш  құралының 

пікірдің мақсатына, стиліне және жанрына логикалық тұрғыдан сәйкес болуы тұрғысынан түзете білу 

және өзін-өзі бағалауын қалыптастыруға бағытталған рефлексия дағдысын  қалыптастыруға

-  метафораның  жасалуын  талдау  барысында  оның  мәдени  концептіні  құрушы  компонент 

екенін  ескере  отырып  және  көркем  контекстегі  символдық  мәнін  ашуға  аударған  жөн  деп  есептеп,  

саяси метафораны меңгертуге негізге алатын төмендегідей басты қағидаларды ұсынамыз: 

1)  қазақ  халқының  бай  әдеби  мұрасына  және  әдеби  тілінің  бейнелілігіне,  метафоралануына 

студенттердің назарын аударта отырып сөз құдыретін таныту; 

2) сөз тудырған сезім, әсерден затты логикалық түсінуге бағытталу; 

3)  терминологиямен  таныстыру  және  оны  ойын  жеткізуде  мақсатына  сай  пайдана  білуге 

дағдыландыру; 

4)  метафораның  мәнін  салыстыру  арқылы,  ал  оның  жасалу  механизмін  жұмбақтар,  тілдік 

ойындар арқылы түсіндіру; 

5)  аналитикалық,  стилистикалық  жаттығулар  мен  тапсырмалар  жүйесі  арқылы  тіл  мен  сөз 

өнерін  өзара  байланыста  ала  отырып,  метафораның  семантикасын,  стиль,  мәтін  және  жанртүзуші 

қызметін ашу; 

6)  концептілерге  назар  аударта  отырып,  метафораның  этномәдени  қызметін  қарастыру,  ол 

студенттердің төл мәдениетін бейнелі сөз арқылы түсінуіне жол ашады; 

7) саяси метафораны меңгертуде мына схеманы басшылыққа алу: бақылау→ талдау → түсінік 

қалыптастыру  →  үлгі  бойынша  құру  (ұқсастық,  еліктеу,  имитация)  →  білімгердің  өзіндік 

шығармашылығы; 

8)  саяси  метафораны  интербелсенді  әдістерді:  Case-study  әдісі,  ертегі  технологиясы, 

сауалнаманы пайдалана отырып меңгеру. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 

1.

 

Дандай Ы. Әлемнің тілдік бейнесі. // e-eurasia.com/ kz/ article/ 



2.

 

Әбсаттаров  Р.  Қоғамдық  пікір  -  әлеуметтік-саяси  құбылыс.  «Ақиқат»  ұлттық  қоғамдық-



саяси журнал. www.akikatkaz.kz 

3.

 



Қазақстан  Республикасында  Білім  беруді  дамытудың    2011-  2020  жылдарға  арналған 

мемлекеттік бағдарламасы, 2010 жыл. 

4.

 

Дәулетбекова  Ж.Т.  Жалпы  білім  беретін  орта  мектептерде  қазақ  тілінен  сөз  мәдениетін 



оқытудың    ғылыми-әдістемелік  негіздері.    Педагогика  ғылымдарының  докторы  ғылыми  дәрежесін 

алу үшін дайындалған диссертация Алматы, 2008. – 290б. 

5.

 

Әлімов  Асхат.  Интербелсенді  әдістемені  ЖОО-да  қолдану  мәселелері.  Оқу  құралы. 



Алматы, 2013. – 448 бет. 

6.

 



Бекбосынов М.  Интеграция әдісін сабақта қолданудың тиімділігі /Қазақ тілі мен әдебиет 

орыс мектебінде. 2009 №1. 15-19 б. 

7.

 

ҚР  үздіксіз  білім  беру  жүйесінде  ұлттың  интеллектуалды  әлеуетін  дамыту 



тұжырымдамасы. – Алматы, Абай ат. ҰПУ. 

 

 



 

 

 

381 

ӘОЖ: 81  23   

 

САЯСИ МЕТАФОРАНЫ МЕҢГЕРТУДЕГІ ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАҢЫЗЫ 

 

 Садуақасова С.Ә. 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ.,  

saida-otan@mail.ru  

 

Бүгінгі әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық, 

әлеуметтік  және  мәдени  өзгерістерді,  «ХХІ  ғасыр  білімнің  жаңа  философиясын,  жаңа  ақпараттық-

коммуникациялық  және  педагогикалық  технологияларын  талап  етеді»  [1].  Оған  қол  жеткізудің 

алғышарты  -  бүгінгі  ғылымның  жетістіктерін,  ғылыми  зерттеулердің  нәтижелерін  өндірісте  немесе 

мамандар дайындауда орынды пайдалану. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында жоғары білім беру 

жүйесі кәсіби тұрғыда жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандар дайындауға бағытталған.  Бұл 

ЖОО-да оқытылатын пәндер қорын үнемі жетілдіріп, жаңартып отыруды талап етеді. Сондықтан да әр 

мамандық бойынша ҚР МЖМБС-ға сәйкес студенттер бойында жалпы білімділік, әлеуметтік-этикалық; 

коммуникативтік;  ақпараттық-технологиялық;  пәндік  құзыреттіліктерді  қалыптастыруда  таңдау 

компоненттері  ретінде  қазіргі  таңда  өзекті  болып  отырған  мәселені  меңгертетін  курстар  енгізіледі. 

«Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  мамандығының  студенттеріне  жүргізілген  «Медиамәтін  және  саяси 

метафора»  элективті  курсын  оқыту  кезінде    жұмыстар  ішінде  топтық  жұмыстың  маңызы  ерекше. 

Топтық  жұмыс  студенттерді  толық  қамтып,  барлығын  жұмылдырады,  сондай-ақ  әр  студенттің  өз 

қабілетін  барынша  көрсетіп,  өзгені  де  тануына  жол  ашады,  нәтижеге  немесе  мақсатқа  жетуге  ықпал 

етуге  бағытталған  өзара  әрекеттестік  жүзеге  асады.  Топтық  жұмыстар  сабақ  тақырыбына  және 

қойылған  мақсаттарға  орай  сан  алуан  формада  жүргізіледі.  Топ  жұмысы  нәтижелі  болу  үшін  бір 

мақсатты көздеуі тиіс. Топпен жұмыс істеу барысында өзара пікір алмасады, бір-бірінен үйренеді, өзара 

қарым-қатынас жақсарады, нәтижесінде қызығушылық пайда болады, білімді өз бетімен меңгереді. Топ 

ішінде бір ережеге бағыну, ішкі бақылаудың болуы өнімділік деңгейінің артуына да ықпал етеді. Топ 

қаншалықты  ұйымшыл  болса,  нәтиже  де  жоғары  болады.  Әр  студент  топ  жұмысының  нәтижелі 

болуына өзінше үлес қосқанын сезінеді. Ол алдағы жұмысқа ынталандырады. Сонымен қатар, қателік 

жіберемін  деген  қорқыныштан  туындаған  психологиялық  және  коммуникативтік  кедергілерді  жеңуге 

мүмкіндік береді.  

Мәселен,  жоғары  оқу  орнының  «Медиамәтін  түрлерінде  (жаңалықтар,  ақпараттық  сараптама 

және  комментарий,  публицистика,  жарнама)  саяси  метафоралардың  қолданылуы»  тақырыбын 

тәжірибелік  сабақта  меңгертуде  топтық  жұмыс  жүргізілді.  Алдымен  сабақ  барысын  бақылап,  топ 

жұмыстарын  бағалайтын  6  сарапшы  анықталды.  Олар  Бононың  алты  тақиясы  әдісіне  сүйеніп  топ 

жұмысын сараптайды, сондықтан әрқайсысы бір түсті тақияға ие болады. Келесі кезекте студенттерге 

билікке қатысты  қанатты сөздер ұсынылып, соның негізінде  4 топқа бөлінді. 

1)

 

Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ; 



2)

 

Куәлі істі куә табар, куәсізді күмән табар; 



3)

 

Би екеу болса, дау төртеу болады; 



4)

 

Дау құтырса, биін табар, ит құтырса, иесін қабар. 



Студенттерді топқа бөлуде де біз барынша оларға тиімді болу жолдарын қарастырдық. Топқа 

бөлудің  әр  алуан  тәсілдерін  пайдалана  отырып,  әр  сабақта,  кейде  әр  кезеңде  топтардың  құрамын 

өзгертіп  отыруды  да  ескеріп  отыру  қажет.  Топқа  бөлуде  психологиялық  сәйкестік  те  маңызды. 

Сондықтан  мұнда  қанатты  сөзге  қарай  өмірлік  ұстанымдары  ұқсас  студенттер  топқа  біріктірілді.  Бұл 

топпен  жұмыс  барысында  талқылау  кезінде  дау-жанжал  тудырмай,  бірлікте  нәтижелі  еңбек  етуге 

қажетті  басты  шарт.  Сонымен  қатар,  оқу  үдерісіндегі  әрбір  жағдаят  студентті  кәсіби  қызметке 

дайындау  мақсатын  көздейтінін  ескерсек,  кез  келген  адам  өмірде  тек  өзі  таңдаған  адамдармен  ғана 

араласпайды,  сондықтан  ол  әртүрлі  ұжымда  өзінше  жол  тауып,  қарым-қатынас  орната  білуге 

бейімделуі тиіс.  

Студенттерге  берілген  1-тапсырма  «Хабар»,  «Қазақстан»,  «КТК»,  «Жетісу»  телеарналарында 

көрсетілетін  бағдарламадан  (жаңалықтар,  ток-шоу,  фильм,  сериал)  жарнамаға  қанша  уақыт 

бөлінетіндігін  есептеу  болды.  Тапсырманы  орындау  барысында  студенттер  бағдарламаның  жүргізілу 

уақыты ішіндегі жарнаманың уақыттық арақатынасын есептеді, жарнаманың кімге бағытталғандығын 

анықтады. Сонымен қатар, жарнамада адамдардың назарын аудару және сендіру үшін қандай айлалалар 

(уайым, көңіл-күйге бағытталған сөздер, құбылғы сөздер, үлкен қара әріптер, жағымды әсер қалдыру, 

жұлдыздарды  тарту,  әзіл,  айрықша  ұрандар)  қолданылғандығына  талдау  жасады.  Тапсырма  саяси 

метафоралардың  жарнама  мәтініндегі  қызметін  айқындау  мақсатын  көздеді.  Студенттер  тапсырманы 


382 

орындай  отырып,  біріншіден,  жарнаманың  адамға  әсер  ету  деңгейін  анықтады,  содан  соң  ол 

мүмкіндікті  жарнамаға  саяси  метафоралардың  беретінін  айқындады.  Ал  жарнаманың  уақыттық 

арақатынасын  есептеу  ол  саяси  метафоралардың  адам  санасына  ықпал  ету  деңгейін  бағамдауға 

мүмкіндік  берді.  Сонымен  қатар,  жұмыс  саяси  метафораның  медиамәтіндегі  қызметі  салыстырыла 

отырып  талданды.  Салыстыру  қай  телеарнада  берілгендігі,  кімге  бағытталғандығы  бойынша  және 

тақырыбына  қарай  жүргізілді.  Себебі  топтар  бірнеше  арнадағы  әртүрлі  мақсаттағы  жарнамаларды 

талдаған  болатын.  Тапсырманың  үшінші  бөліміне  ерекше  назар  аударылды.  Өйткені  жарнаманың 

басты  мақсаты  адам  санасына  әсер  ету  болса,  оның  басты  құралы  сөз.  Студенттер  осындай  қызметі 

атқарып  тұрған  сөздер  қатарына  мыналарды  жатқызады:  жарқын  жақта  өмір  сүр,  еселеп  артар 



кірісің, тиімді болса әр ісің және т.б. 

«Қазақ  тілі  сабағында  ұйымдастырылатын  ойындар  сөз  мағыналарын  анықтауға,  бір  сюжетті 

түрліше  шешу  жолдарын  табуға,  өтіліп  отырған  тілдік  білімді  жеке  тәжірибеде  пайдалануға 

дағдыландыруға арналуы қажет. Ойындар интеллектуалдық тұрғыда оқушының эрудициясы мен ойлау 

мәдениетін  дамытуды  көздесе,  эмоционалдық  тұрғыда  оқушының  белсенділігін  арттыруды, 

шығармашылыққа  тәрбиелеуді  мақсат  етеді»  [2].  Сондықтан  студенттерге  берілген  тапсырмалар 

дәрісте алған теориялық білімді тәжірибе жүзінде пысықтауға, сондай-ақ тұлға ретінде қалыптастыруға 

қажетті мәдени-танымдық, саяси тәрбие беруді де қамтыды.  

Саяси  метафораның  медиамәтіннің  түрлеріндегі  қолданысын  аша  түсу  үшін  студенттерге  2-

тапсырма берілді. Тапсырма бойынша саяси метафораларды қолдана отырып: 



-  бірінші топ «Жеті күн» жаңалықтар топтамасын; 

-  екінші топ партияның сайлауалды пиар кампаниясын; 

-  үшінші топ «Жастар абсентизмі» тақырыбында ақпараттық-сараптамалық пост; 

-  төртінші  топ    «Жетісу»  газетіне  «Мен  жаспын,  мен  дауыс  беремін!»  тақырыбында  мақала 

дайындады. 

Медиамәтіннің  жаңалықтар,  ақпараттық-сараптамалық  пост,  публицистика  сияқты  түрлерін 

құрастыру  арқылы  саяси  метафораны  қолданудың  жолдарын  меңгерді.  Мұндай  нәтижеге  студенттер 

қазақ  тілінің  бай  қорын,  өздерінің  берілген  тақырыпқа  қатысты  аялық  білімін  және  топтың  ішкі 

бақылауын  пайдалана  отырып  жетті.  Қолданыс  тапқан  метафоралардың  ішінде  тілімізде  орныққан, 

жалпыхалықтық сипат алғандары да, сонымен қатар, жеке қолданыстағы индивидуалды метафоралар 

да болды. Атап айтқанда, лауазым арғымағы, билік аксессуарлары, заң – даңғыл жол т.б.         

Тапсырмаларды  сараптай  келгенде  саяси  метафораны  пайдалануда  жіберілетін  типтік 

қателердің қатарында мыналарды атуға болады: нысанға алынған сөз бен заттың ұқсас болмай, алшақ 

келуі; метафоралық тіркестерді орынсыз қолдану, теңеу және синекдохамен шатастыру. Топ жұмысы 

жоғарыда атап өткендей «Бононың алты тақиясы» әдісімен сарапталды. Көптеген адамдар үшін ойлау 

әрекеті абстрактілі, тартымсыз жұмыс болып көрінеді.  

Ал  алты  тақия  әдісі  студенттердің  ынтасын  тудырып,  ойлау  әрекетін  қызықты,  жүйелі,  әрі 

көңілді  үрдіске  айналдырады.    Әдіс  шешім  қабылдауға  әсер  еткен  жұмыстың  барлық  аспектісіне 

фактіге, эмоцияға, қолдау немесе қайшылықтарға, жаңа идеялардың тууына баса назар аударады және 

маңызын  түсінеді.  Студенттер  де  оны  түсініп,  жан-жақты  болуға  тырысады.  Себебі  оған  да  тақияны 

киіп сырттай бақылауға, бағалауға, сын-пікір білдіруге мүмкіндік туатынын біледі. Бұрын ескермейтін 

нәрселерге  мұқият  қарауға,  олардың  да  шешім  шығаруға  ықпалы  болғандығын  түсіну  дағдысын 

қалыптастырады.  Осы  әдіс  арқылы  сұхбаттасушымен  келісімге  келіп,  оған  өзіндік  көзқарасын 

қалыптастыру  туралы  ұсыныс  жасаймыз,  осылайша  оған  өзін  өзгелерге  тыңдату  мүмкіндігін  береміз, 

нәтижесінде  ортақ  келісім  іздеу  үрдісін  жеңілдетеміз.  Әдіс  әдетте  тұйық,  пікірталасқа,  талдауға 

араласпайтын студенттерді тартуға мүмкіндік береді. Онда ойын ашық, бүкпесіз айта алады, себебі ол 

түрлі-түсті тақия атынан сөйлейді. Жұмыстың жалпы баяндауға мүмкіндік бермейтін нақты бір жүйеге 

негізделе құрылуына байланысты ойлау шоғырланған, дәйекті және жемісті болады. 

«Медиамәтін және саяси метафора пәні» бойынша саяси PR кампаниясының моделін жасауда 

саяси  метафораны  қолдану  әдістерін  меңгертуде  де  топтық  жұмыс  жүргізілді.  Студенттер  екі  топқа 

бөлініп,  бір  топ  партияның  сайлауалды  тұғырнамасын,  ал  екінші  топ  мәслихатқа  депутаттыққа 

үміткердің  сайлауалды  бағдарламасын  жасады.  Тапсырманы  жасау  барысында  студенттер  саяси 

дискурсты,  оның  терминологиялық  аппаратын  меңгеріп  қана  қоймай,  олардың  қолданылу 

ерекшеліктерін, стильдік қызметін, сонымен қатар, саяси  метафораның ықпал ету қызметін игерді. 1-

топ саяси партияның сайлауалды тұғырнамасын жасады, ал 2-топ жергілікті мәслихатқа депутаттыққа 

үміткердің  сайлауалды  бағдарламасын  жасады.  Тапсырманы  орындау  барында  студенттер  саяси 

сайыста жеңіске қол жеткізуге ықпал ететін ең бірінші шарт жақсы бағдарлама құру болса, екіншіден 

ондағы ойды халыққа дұрыс жеткізетін, сенім ұялататын сол бағдарламаның мәтіні екенін жете түсінді. 

Сәйкесінше өз бағдарламаларын жасауда халық санасын селт еткізер қолданыстар, саяси метафоралар 



383 

қолдана білді.     

Біз студенттермен жүргізілетін топтық жұмыстардың ішінде пікікрталасқа басымдық бергенді 

жөн  көрдік.    «Пікірталас  –  студенттердің  аудиторияда  немесе  шағын  топ  ішінде  нақты  бір  өміршең 

проблема  бойынша  өзіндік  көзқарастары  мен  пікірлерімен  алмасып,  оларды  дәлелдеп,  өзге 

позициялармен толықтыру әрекеттері. Қандай да болмасын дамудың негізінде пікірлердің тоғысуы мен 

олардың  қарама-қайшылықтары,  олар  туғызатын  қақтығыс  пен  дау-дамай  жатады  –  бұл  диалектика 

заңдылығы. Бұл заңдылық, әсіресе, қоғамның әлеуметтік, саяси дамуы мен жеке адамның рухани және 

кәсіби өсуіне жан-жақты ықпал жасайды» [3, 279 ].  

Ғалым-педагог  Ж.Дәулетбекованың  пікірінше,  пікірталасты  тиімді  ұйымдастыруда  оқытушы 

мыналарды ескергені жөн:  

1)

 



Пікірталастың барысын қатысушылардың диалог үстінде айтқан пікірлерінің даму бағытымен 

сәйкестендіріп отыру. 

2)

 

Теориялық тұжырымдарды практикалық жаттығулармен бекітіп отыру. 



3)

 

Қатысушылардың өзара тілдесуіне қолдау көрсету. 



4)

 

Пікірталас  барысында  қатысушылардың  өзі  айтқан  сөздерінің,  ұсыныстарының, 



идеяларының, сұрақтарының мәнін түсінуіне көмектесу. 

5)

 



Айтылып жатқан сөздерді дұрыс тыңдай білуі, пікірталасқа қатысушылардың өзара тыңдау 

мәдениетін көтермелеп отыру. 

6)

 

Пікірталас  үстінде  өзіндік  ой-пікірін,  дәлелдемелерін  ұтымды  жеткізе  білетін 



қатысушыларды қолпаштау. 

7)

 



Қатысушылардың әр сөзі өзгелерді ойландыратындай болуын қадағалау. 

8)  Қатысушылардың ойлауына мол мүмкіндік беруге тырысу. 

9) Әңгімеге, диалогқа, пікірталасқа өз билігін жүргізуге жол бермеуі. 

10) Өз пікірін өтімді ету мақсатында пікірталасты бұрмалаудан бойды аулақ салу» [2]. 

Біз  сабақ  барысында  американдық-парламенттік  формат  бойынша  «Дипломмен  ауылға!» 

жобасын жүзеге асырудың тиімді жолдары» тақырыбында пікірталас ұйымдастырдық. Ереже бойынша 

пікірсайысқа  4  спикер,  1  модератор,  1  тайм-кипер,  5  сарапшы  қатысты,  басқа  студенттер 

парламентарий қызметін атқарды. Ұйымдастырылған пікірталаста студенттердің барлығының белсенді 

қатысуына баса назар аудардық.   

Пікірталас қорытындысы интервью әдісі бойынша шығарылып, пікірталас өз мақсатына жетті 

ме,  оның  қай  тұсы  ең  сәтті  болды,  барлығы  белсенді  қатысты  ма,  пікірталаста  бір  пікір  үстемдік 

жүргізген  жоқ  па,  алдағы  уақытта  қандай  мәселелерді  ескеру  қажет  т.б.  сұрақтарға  жауап  алынды, 

сараптама жасалып, шешімдер қабылданды. 

Біз  пікірталас  кезінде  студенттердің  өз  ұстанымдарын  айқындап,  оны  көркем  тілмен,  дәйекті 

етіп  жеткізуге,  ақиқатқа  көз  жеткізу  үшін  мәселеге  жан-жақты  талдау  жасап,  нәтижесінде  өз  пікірін 

дәлелдей білуге үйретуге болатындығына көз жеткіздік.      

Ғалымдардың  еңбектеріне  сүйенсек,  пікірталас  әдісі  мынадай  міндеттерді  шешуге  және 

біліктерді дамытуға көмектеседі:  

-  қатысушыларды  шынайы  жағдаяттарға  талдау  жасауға,  сондай-ақ  маңызды  мен  қосалқыны 

бір-бірінен айыра білуге, өзекті мәселені анықтауға үйретеді; 

- тыңдауға дағыдыландырады және өзгелермен өзара әрекет етуге үйретеді; 

-  ең  қабілетті  деген  адамның  өзі  жеке  шеше  алмайтын  мәселелерден  құралған    аса  күрделі 

жағдаяттарды  модельдеуге  төселдіреді;  мұндағы  басты  талап  –    шешім  жасауда  көпшіліктің  шешуші 

рөл атқаратынын көрсетеді; 

-  көптеген  мәселелерді  шешудің  бірнеше  жолдары  бар  екенін  нақты  жағдаяттар  арқылы 

танытады [2]; 

- пікірлердің айырмашылығын аңғару; 

- өз пікірін қуаттайтын нақты дәлелдер келтіре білу, олардың ұтымды болуын қадағалау; 

- басқалардың пікірімен санасу, оны сыйлау [3]. 

Келесі топпен жұмыс жүргізудегі ең өнімді тәсілдің бірі – интеллектуалдық  немесе  

зияткерлік ойын болып табылады. Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен, білім деңгейімен, 

интеллектуалдық мүмкіндіктерімен айқындалатындығын ескерсек, еліміздегі интеллектуалдық қордың 

басты  көрсеткіші  ретінде  білім  мен  ғылым  дамуына  ықпал  етерлік  факторларды,  рухани-мәдени 

құндылықтар  мен  этикалық  нормаларды  сақтау,  дәріптеу  дәстүрге  айналуы  тиіс.  Ұлттың 

интеллектуалды әлеуетіне «Қоғамның барлық саласында жинақталған кәсіби, ғылыми, мәдени ақпарат, 

мамандардың  білімі  мен  біліктілігі,  әр  азаматтың  интеллектуалдық,  моральдық  және  мәдени  дамуы 

және олардың жағымды психикалық, моальдық ерекшеліктері, олардың әлеуметтік жағымды халықтық 

дәстүрлері, кәсіби дағдылары, білімдарлық, тәрбиелік, отансүйгіштік, азаматтық белсенділік, батылдық, 



384 

адалдық,  әлеуметтік  топтарға  ұйымдаса  білу»  [4]  деген  анықтама  беріледі.  Демек,  әр  студенттің 

интеллектуалды дамуына үлес қосу – жоғары оқу орнының міндеті. Сондықтан ЖОО-да студенттердің 

интеллектуалды әлеуетін арттыруға бағытталған іс-шараларды өткізудің маңызы зор. 

Интеллектуалды ойындар спорт, ғылым, өнер т.б. салаларды қамтитын, адамның маңызды жеке 

қабілеттерін  дамытуға  ықпал  ететін  әрекеттің  синкретикалық  түрі  болып  табылады.  Интеллектуалды 

ойынға  қатысушы  ойын  барысында  дұрыс  жауапты  саналы  түрде  таңдау  жасау  қабілетін 

қалыптастырып,    жеке  тұлғалық  интеллектуалдық  қабілеттер  мен  психологиялық  қасиеттерді 

дамытады.  «Интеллектуальные  игры,  правильно  подобранные  педагогом  для  каждого  возрастного 

периода, помогают, испльзуя естественную для ребенка игровую и соревнавательную среду, не только 

целенаправленно  развивать  составляющие  элементы  интеллектуальной  культуры,  но  и  решать 

проблемы социально-педагогического характера» [5,87]. 

Студенттер  ойы  орынды,  қысқа,  дұрыс,  нақты,  тиімді,  белгілі  бір  жағдайларда  қызықты, 

философиялық, стандарттан тыс, күтпеген, белгілі бір жағдайларда екіжақты болып жатады. Олардың 

ойы  қай  арнаға  бұрылса,  оқу  үдерісіндегі  істің  нәтижесі  де  солай  болмақ.  Ойлаудың  кез  келген  түрі 

жүйелі  түрде  дамытуды,  жаттығуды  қажет  етеді.  Жоғарыда  баяндалғандарды  ескере  отырып,  біз 

«Медиамәтін  және  саяси  метафора»  курсын  «Білгірлер  бәйгесі»  интеллектуалды  ойынымен 

қорытындыладық.  Интеллектуалды  ойын  5  кезеңді  қамтыды  және  курс  барысында  меңгерілген  білім 

мен білікті көрсетуге барлық мүмкіндікті ұсынды.  

«Білгірлер бәйгесі» интеллектуалды ойынының сценарийі   

Музыка  ойнайды.  Жүргізуші  «Атом»  деген  ишарат  білдіргенде,  қатысушылар  бейтарап 

қозғалысқа  түседі.  «Молекула»  деген  кезде  бес-бестен  бірігіп,  бірге  топтасады.  Демек,  атомнан 

молекула жасайды. Осылайша, 5 адамнан төрт топ құрылады.  



1-кезең.  Кіл  жүйрікте,  кім  жүйрік?  Қатысушыларға  12  сұрақ  қойылады.  Ойлануға  1  минут 

уақыт  беріледі.  Қай  топ  тетікті  бұрын  басса,  сол  топ  жауап  беру  құқығына  ие  болады.  Жауап  дұрыс 

берілмеген жағдайда, тетікті екінші болып басқан топқа мүмкіндік беріледі. 1 дұрыс жауап – 1 ұпай.  

1. Медиамәтін терминін ғылыми айналымға алғаш енгізген кім?  

2. «Қазақ» газеті қашан, қай жылы, қай қалада шықты?  

3. Таралу арнасына қарай медиамәтіннің түрлерін атаңыз?  

4.  «Метафора  –  лингвомәдени  қауымдастық  өкілдерінің  «аралық  әлемді»  құрастыратын  жаңа 

білімді қалыптастыруға бағытталған когнитивті үдерістің ерекше түрі» кімнің пікірі?  

5. Саяси метафоралардың лексика-семантикалық топтарын атаңыз. 

6. Эквивалентті сөз дегеніміз...  

7. PR терминіне анықтама беріңіз?  

8.  PR-мәтінде  кеңінен  қолданылатын  шоу-бизнес,  интернет-кафе,  хит-парад,  акция-пакет 

қандай тәсілмен жасалған?   

9.  «Метафорическое  мышление  в  политике  является  признаком  кризисного  мышления, 

мышления  в  сложной  проблемной  ситуации,  разрешение  которой  требует  значительных  усилий  от 

когнитивной системы человека по усвоению новых знаний и переработке их для построения множества 

вариантов действий и выбора правильной альтернативы» авторы кімдер?   

10.  Э.  Лассанның  тұжырымына  сәйкес,  саяси  метафоралардың  өміршеңдігінің  үш  сатысын 

атаңыз.   

11. Саяси метафораның бағалауыштық қызметі дегеніміз... 

12. Тілдік манипуляция терминіне анықтама беріңіз.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет