2-кезең. Тазша бала. Қоғамдық-саяси мәселелерді көтере отырып, өтірік өлең құрастырыңыз.
Өлең құрауға 5 минут уақыт беріледі. Өлең құрастыруға үлгі ретінде Ж.Бұлғақовтың «Жырың болып
төгілемін, елім» айтысындағы өтірік өлең айтысы ұсынылады. Жоғары ұпай – 10 ұпай.
3-кезең. Құпия қоржын. Әр топқа бір жәшік ұсынылады. Жүргізуші жәшікте жасырылған
затты метафоралармен сипаттайды. Ойыншылар астарлы ойды түсініп, жәшіктегі нәрсені табуы қажет.
Жоғары ұпай – 5 ұпай.
1. Қос қазақ екі жерден шынжыр арқан,
Сылдырап әр буыны үнін қосқан.
Он адам жолдас болып еңбек етсе,
Аралап он екі үйге қонақ болған. (Домбыра)
2. Бір жыланды таяққа іліп алдым,
Ерге қонса, пайдасын біліп алдым. (Қамшы)
3. Шаршамас кемпір көрдім жалғыз аяқ,
Аузына тістеп алған шиден таяқ,
Жүрген сайын белбеуін қабаттайды,
385
Беріпті әсемдікті аямай-ақ. (Ұршық)
4. Темір қайшы – қос қайшы,
Шығыршықсыз бос қайшы.
Еңбеккерге дос қайшы,
Еріншекке қас қайшы.
Өтпейді бір бос күні,
Ол? (Сағаттың қос тілі)
4-кезең. «Ханталапай» ойыны. Қатысушыларды сергіту мақсатында логикалық сұрақтар
беріледі. Тетікті бірінші басқан кез келген топтың ойыншысы жауап беру мүмкіндігіне ие болады.
Жауап дұрыс болмаған жағдайда, екінші болып тетікті басқан ойыншы жауап береді. Ұпай берілмейді.
1. Қай кезде біз 2 санына қарап «он» деп айтамыз?
Жауабы: Біз сағатқа қараған кезде, нешеден болсын он минут кетіп тұрған жағдайда.
2. Король және премьер-министр. Бір король өзінің премьер-министрін орнынан алып
тастағысы келеді, алайда оны ренжітпей орындауға бекінеді. Ол премьер-министрін шақырып алып,
портфеліне екі парақ қағазды салды да: «Парақтың біріне мен «Кетіңіз», екіншісіне «Қалыңыз» деп
жаздым. Алып шыққан парағыңыз сіздің тағдырыңызды шешеді» дейді. Премьер-министр қағаздың
екеуінде де «кетіңіз» деп жазылғанын сезіп қояды. Алайда, ол өзінің орынын сақтап қалды, осы
мәселені қалай шешті?
Жауабы: Премьер-министр сөмкедегі қағазды алып шықты да оған қарамай, оны шар тәрізді
умаждап, қағазды жұтып қойды. Ал сөмкедегі қалған қағазда «Кетіңіз» деген жазу бар еді, бірақ
корольге жұтып қойған қағазда «қалыңыз» деген жазу болғанын мойындау ғана қалды.
3. Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір
камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр?
Жауабы: Бір ғана мотоцикл
4. Әкесі 27 жаста болғанда баласы 3 жаста болды. Ал казір баласының жасы әкесінің жасынан 3
есе кем. әрқайсының жасы нешеде?
Жауабы: 36;12
5. Патша өте дәмді және мінсіз етіп сорпа пісіртеді. Бірақ патша бұл сорпада бір кемшілік бар
дейді. Зындандағы тұтқынға бір кесе сорпа құйдырып бір ұрттатады да, «егер осы сорпаның несі кем
екенін тапсаң, сені босатамын» дейді. Тұтқын патшаға сорпаның несі кем екенін айтып бостандыққа
шығады. Сұрақ: сорпаның несі кем еді?
Жауап: бір ұрттамы, себебі тұтқын сорпадан бір ұрттаған болатын.
6. Үйдің ең суық жері?
Жауап: сырты.
7. Балықтар неліктен сөйлемейді?
Жауап: Су жұтып қоймас үшін.
8. Ұзарған сайын қысқаратын не нәрсе?
Жауап: Өмір.
5-кезең.
Ділмар. Бұл кезеңде сынға капитандар түседі. Олар қойылған сұрақтарға
метафораларды пайдалана отырып жауап береді. Жалпы ой жиегінде тезис құруға 1 минут; пікір,
көзқарас білдіріп, баға беруге әр топ жетекшісіне 2 минут уақыт беріледі. Саяси метафораны қолдану
жиілігіне сәйкес ұпай саны қойылады. Жоғары ұпай – 10 ұпай.
-
2050 жылы Қазақстанның әлемдік саясат аренасындағы орнын сипаттаңыз.
-
Қазақстанда қазіргі гендерлік саясаттың дамуына баға беріңіз.
-
Қазіргі жастардың саяси сауаттылығына сипаттама беріңіз.
-
Деструктивті ағымдардың қоғам санасына ықпалын айқындаңыз.
Қорыта айтқанда, жоғарыда көрсетілген топтық жұмыс түрлерінің курстың алдыға қойған
студенттерге медиамәтін және саяси метафораның негізгі мәселелері мен жіктелуін, түрлерін, қызметін
түсіндіру; саяси метфора туралы теориялық білімдерін тереңдету және саяси метафораны талдаудың
тәжірибелік біліктілігін қалыптастыру; медиамәтін мен саяси метафораны түсінуде кездесетін
қиындықтарды жеңе білуге дағдыландыру сияқты мақсатын жүзеге асыруға қызмет ететіндігін
тәжірибелік сабақтарды жүргізу барысында көз жеткіздік.
ӘДЕБИЕТТЕР
8.
Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011- 2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы, 2010 жыл.
9.
Дәулетбекова Ж.Т. Жалпы білім беретін орта мектептерде қазақ тілінен сөз мәдениетін
386
оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері. Педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу
үшін дайындалған диссертация Алматы, 2008. – 290б.
10.
Әлімов Асхат. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. Оқу құралы. Алматы,
2013. – 448 бет.
11.
ҚР үздіксіз білім беру жүйесінде ұлттың интеллектуалды әлеуетін дамыту тұжырымдамасы.
– Алматы, Абай ат. ҰПУ.
12.
Романова И.А. Педагогическая система развития культуры интеллектуальной деятельности
младших школьников. Cyberleninka Вестник ТГПУ 2015 1 (153).
13.
Турекулова П.Ш. Интегрированные уроки в развитии продуктивной деятельности учащихся
// Автореферат. 2006.
УДК 372.851.02
КОМПЬЮТЕРДЕ КОРРЕЛЯЦИЯЛЫҚ ТАЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Е.Ж. Смагулов, Б.Е. Смагулов, М. Сейтбаев
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
Қазіргі кезде математикалық үлгілеудің және есептеу экспериментінің теориясы
ақпаратнаманың негізгі ғылыми бағыттарының бірі болып табылады. Ақпаратнама, есептеу
техникасы, ақпаратнаманың бағдарламалық жасақтамасы және алгоритмдік құралдар сияқты
ақпаратнаманың негізгі барлық компоненттерінің прогресін қамтып көрсететін, математикалық
үлгілеудің дамыған әдіснамасына негізделеді. Математикалық үлгілеудің және есептеу
экспериментінің әдіснамасы ғылыми зерттеудің, қазіргі заманғы компьютерлердің көмегімен
іздеудің және болжаудың заманға сай әдіснамасы бола отырып, ақпаратнаманы ғылым,
«технологиялар жиынтығы» және адамдар қызметінің саласы деп санауға мүмкіндік береді.
Математикалық үлгі таңдап алынғаннан кейін оны классикалық математика әдістерімен
зерттеу қажет. Есептің дұрыс таңдап алынған, алынбағанын, деректердің жететін, жетпейтінін, бір-
біріне қайшы келетін, келмейтінін анықтау қажет, есепті шешу мүмкіндігін беретін жағдайларды
тауып, бір ғана шешімді иеленетінін анықтау, яғни бар болу теоремасын және оның шешімінің
біреу ғана екенін дәлелдеу қажет. Бұл жерде, мәселен, көптеген физикалық есептердің
теорияларын әзірлеу бастапқы кезеңде болатын математикалық үлгілерге алып келетінін айта кету
керек. Іс жүзінде кейде, бар болу және жалғыз болу теоремалары жоқ математикалық физиканың
есептерін шығаруға тура келеді.
Математикалық үлгіні құрғаннан кейін есептеу экспериментінің екінші кезеңі - мәселені
шешудің жақындатылған сандық әдісін құру, яғни есептеу алгоритмін әзірлеу басталады. Есептеу
алгоритмі дегеніміз арифметикалық және логикалық операциялардың реттілігі. Атап айтқанда ол -
бірінші кезеңде құрылған математикалық есептің (үлгінің) жақындатылған сандық шешімін табу
алгоритмі.
Математикалық үлгілер қоршаған ортаны танудың және оны болжау мен басқарудың
пәрменді әдісі болып табылады, сондай-ақ зерделенуші құбылыстардың болмысын түсінуге
мүмкіндік береді. Математикалық үлгінің нақты объектіден айырмашылығы ол, «күтімді талап
етпейді» және «төзімді» болып келеді. Оны нөл градусқа дейін «салқындатуға» да және
термоядролық температураға дейін «қыздыруға» да болады, өткен кезеңге немесе келешекке, Жер
түбіне де, көршілес галактикаға да «жөнелту» мүмкіндігін иеленеді.. Адам төзгісіз жаңа
жағдайларда үлгі тез және талғаусыз өзінің қылықтары туралы «шындықты, толық шындықты
және тек қана шындықты» хабарлайды.
Жақсы құрылған математикалық үлгінің әдетте, таңғажайып қасиеттері болады: оны
зерделеу соны объект туралы бірқатар жаңа білім береді. Бұл жағдайдың, әрине үлгілерді
зерделеумен айналысатындар үшін тартымдылық күші бар өте маңызды ерекшелігі болып
табылады.
Математикалық үлгілеу туралы сөз қозғай отырып, құрылуы адамның табиғат тану
мүмкіндігін айтарлықтай кеңіткендіктен, оның зерделік әлеуетін байыта түскендіктен айырықша
орын алатын ЭЕМ туралы айтпай кетуге болмайды. Математикалық үлгілеу ЭЕМ шешілетін
міндеттердің кең көлемін қамтиды.
Қазіргі заманғы ЭЕМ - графикасы дамыған, бейнелердің заман талабына сай, бір секундта
миллион операцияларды жүзеге асырушы кіріс және шығыс жүйелерімен жабдықталған, ал 2001
399
Ағымбай А.О., Толамисова А.Г.
ҚАЗАҚСТАН АЙМАҚТАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ БОЙЫНША ЖІКТЕЛУІН
ТАЛДАУ....................................................................................................................................................
364
Калелова Ж.У.
М.Х. ДУЛАТИДЫҢ «ТАРИХ-И РАШИДИ» ЕҢБЕГІ – ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН
ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕГІ............................................................................................................................
366
Принбекова Д.Р.
НЕКОТОРЫЕ АСПЕКТЫ УПРАВЛЕНИЯ НОВОВВЕДЕНИЯМИ…………………………………
370
Сыдықов С.А.
КРИМИНОГЕННОСТЬ МЕСТ ЛИШЕНИЯ СВОБОДЫ И ЕЕ НЕЙТРАЛИЗАЦИЯ........................
372
Садуақасова С.Ә.
САЯСИ МЕТАФОРАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІ............................................
375
Садуақасова С.Ә.
САЯСИ МЕТАФОРАНЫ МЕҢГЕРТУДЕГІ ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАҢЫЗЫ...........................
381
Смагулов Е.Ж., Смагулов Б.Е., Сейтбаев М.
КОМПЬЮТЕРДЕ КОРРЕЛЯЦИЯЛЫҚ ТАЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ........................................................
386
Башенова Б.Н.
ӘЛЕМ ЕЛДЕРІН ТАНУ – БІЛІМНІҢ АЗЫҒЫ......................................................................................
389