259
Бұл технологиялар географиялық деректерді талдау және түсіну әдісімізді
жақсартып қана қоймайды, сонымен қатар географиялық білімді әртүрлі
салаларда, соның ішінде қала құрылысы, экология, туризм, ауыл шаруашылығы
және гуманитарлық ғылымдарда қолдану мүмкіндігін кеңейтеді.
География сабағында оқушының жобалық іс-әрекетінің технологиясы
тұлғаның көптеген құрамдас бөліктерінің: шығармашылық іс-әрекеттегі
тәжірибесінің, ұтымды ойлау стилінің, қоршаған әлем туралы эмоционалдық,
теориялық және практикалық білімінің дамуына кең мүмкіндіктер жасайды.
Оқушылардан болсын немесе оқытушы тарапынан болсын практикалық
маңызы бар бір жоба (проект) ұсынылуы тиіс. Жобаға қатысушылар оқыту түрі,
міндеттерді атқару туралы өзара келіседі. Оқушылар алған білімдерін
танымдық және практикалық міндеттерді шешуге пайдаланады. Жеткіліксіз
білімді әртүрлі ақпарат көздерінен өз бетінше оқып үйренеді.Оқушылар
ұжымда жұмыс істеп үйренеді. Зерттеу біліктерін (проблеманы анықтау,
ақпарат жинау, бақылау, тәжірибе жүргізу, талдау, жорамал жасау,
қорытындылау) меңгереді. Оқушылардың жүйелі ойлауы дамиды
[3, 50-54 б]
.
Қорытындылай келе, жобалау оқыту технологиясын қолданудағы негізгі
мақсат оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын
жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін
қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны
болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін өзі көрсете
білуге бейімдеу.
Жобалау технологиясы негізінде- білім алушылардың жұппен немесе
топпен бірігіп дайындайтын шығармашылық жұмыстары алға қарай дами
түседі. Сондай-ақ жобалық оқыту технологиясы жастардың ізденуіне үлкен
мүмкіндік ашып, болашақта маңызды шешімдер қабылдап, үлкен қадамдарға
баруына септігі тигізеді. Қорыта айтқанда, жаңа оқыту технологиялардың
көмегімен білім алушылардың білімін жетілдіру мен оқу сапасын арттыруға,
оқушылар мен студенттердің дайын өнімді қабылдайтыны ғана емес, өз бетімен
ізденіп, дербес іс-әрекет жасай алатын тұлға ретінде қарау – жоғарыда аталған
технологиялардың негізі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: