Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет2/204
Дата24.09.2024
өлшемі9,29 Mb.
#145421
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   204
Байланысты:
qazirgi zamangy bilim juiesi tendensialar innovasialar tehnologialar 2024

Басылымға жауаптылар: 
Ажибекова П.С. – аға оқытушы, магистр 
Ахатова С.Ж. – аға оқытушы, магистр 
Илубаев М.А. – аға оқытушы, магистр 
Т65 
«Қазіргі заманғы білім жүйесі: тенденциялар, инновациялар, технологиялар» 
тақырыбында «Төлегенов оқулары – 2024» халықаралық ғылыми-тәжірибелік 
конференция материалдары. 10 сәуір 2024 жыл / Ы.Алтынсарин атындағы 
Арқалық пед.ин-ы – Арқалық: АрқПИ, 2024. – 605 бет. / Материалы 
международной научно-практической конференции «Современная система 
образования: тенденции, инновации, технологии» «Толегеновские чтения – 
2024» 10 апреля 2024 / Аркалыкский пед.ин-т им. И.Алтынсарина – Аркалык: 
АркПИ, 2024 – 605 стр. 
ISBN 978-601-7654-71-9 
Жинаққа «Қазіргі заманғы білім жүйесі: тенденциялар, инновациялар, 
технологиялар «Төлегенов оқулары – 2024» тақырындағы халықаралық ғылыми- 
тәжірибелік конференциясының материалдары енгізілген. 
В 
сборник 
вошли 
материалы 
международной 
научно-практической 
конференции на тему «Толегеновские чтения – 2024» на тему «Современная система 
образования: тенденции, инновации, технологии». 
ISBN 978-601-7654-71-9 
УДК 37 
ББК 74 
©Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық 
педагогикалық институты, 2024 



Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ АРҚАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
ИНСТИТУТЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ – РЕКТОР 
ЕРЖАН ӘМІРБЕКҰЛЫНЫҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ 
Құрметті конференцияға қатысушылар! «Қазіргі заманғы білім жүйесі: 
тенденциялар, инновациялар, технологиялар» тақырыбында «Төлегенов оқулары – 
2024» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қош келдіңіздер! 
Тұңғыш ректорымыз Мырзағали Отарұлы Төлегенов негізін қалаған 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты 52 жыл Қостанай, 
Торғай өңірі және көршілес облыстарды да педагог мамандармен қамтамасыз 
етіп келеді. Бүгінгі таңда институтымыз қанатын кеңге жайып, өз түлектерін 
кең-байтақ Қазақстанның жер-жерлеріне ұшыруда. Оқу ордамыздың тұңғыш 
ректоры Мырзағали Отарұлы бастаған ізгілікті істерін жалғастыру – мерейлі 
міндетіміз, парызымыз деп түсінемін. 
Қазіргі таңда әлемдік бәсекеде ғылымның үлкен рөл атқаратындығы, 
ғылым арқылы өркениеті дамыған елдермен терезесі тең деңгейде көріне 
алатынымыз айтпасақта түсінікті. Осы орайда ғылыми-зерттеу жұмыстарын 
жандандырып отырған институт ұжымы ел өркендеуіне өзіндік үлесін қосуда. 
Соның бір айғағы – дәстүрлі «Төлегенов оқулары». 
«Қазіргі 
заманғы 
білім 
жүйесі: 
тенденциялар, 
инновациялар, 
технологиялар» тақырыбында «Төлегенов оқулары – 2024» халықаралық 
ғылыми-практикалық конференциясының басты мақсаты: 
Қазақстанның қазіргі таңдағы білім жүйесінің өзекті мәселелерін талдау, 
білім жүйесіндегі тенденциялар, инновациялар мен технологияларды 
қарастыру, тәжірибе алмасу. 
Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша жүргізіледі: 
1)
жаратылыстану бағыты; 
2)
әлеуметтік-гуманитарлық бағыт. 
«Қазіргі 
заманғы 
білім 
жүйесі: 
тенденциялар, 
инновациялар, 
технологиялар» конференциясы ғылыми зерттеулердің жетістіктері мен 
тәжірибесімен бөлісуге, жетекші ғалымдармен тікелей қарым-қатынаста 
ақпарат алуға, ғылыми-педагогикалық кадрлардың ғылыми құзыреттілігі мен 
біліктілік деңгейін арттыруға, қазіргі заманғы ғылымның, инновациялар мен 
білімнің серпінді дамуына ықпал ететін ұсынымдарды тұжырымдауға, алынған 
ақпаратты мамандарды кәсіби даярлауда қолдану мүмкіндіктерін кеңейтуге 
мүмкіндік береді. 
Сіздер сияқты жас ұрпақ өкілдері еліміздің келешегін, жаңа бет-келбетін 
қалыптастырасыздар, жаңа белестерге ұмтыласыздар, бұл өз кезегінде 
бәріміздің болашағымызды қалыптастыратын жаңа идеялардың пайда болуына 
себеп болады. Сондықтан да бар мүмкіндікті тиімді пайдаланып, үлкен 
жетістіктерге жетуге, биік белестерді бағындыруларыңызға тілектеспін! 
Құрметті қонақтар, конференцияға қатысушылар! Конференцияға 
қатысып, өз ойларыңызды ортаға салғандарыңыз үшін Сіздерге зор алғыс айта 
отырып, ғылыми ізденістеріңіз бен қызметтеріңізге толайым табыстар мен 
үлкен жетістіктер тілеймін! Конференция жұмысы жемісті болсын! 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет