Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет90/204
Дата24.09.2024
өлшемі9,29 Mb.
#145421
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   204
Байланысты:
qazirgi zamangy bilim juiesi tendensialar innovasialar tehnologialar 2024

Пайдаланылған әдебиеттер 
1.
Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы. 
2.
Бекшаев И.А. Особенности преподавания биологии в школе для лиц с 
ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) / Современные педагогические 
технологии в преподавании предметов естественно-математического цикла. – Сб. 
статей: – Ульяновск: УлГПУ им. И.Н. Ульянова, 2017. – с. 26–28. 


246 
3.
Федеральный закон «Об образовании в Российской Федерации» №273-ФЗ от 29 
декабря 2012 года [Текст]. 
4.
Федеральный справочник. Статистика инклюзивного и специального образования. 
М.: Общее образование в России, 2016 – с. 162-176. 
5.
Староверова, М.С. Инклюзивное образование. Настольная книга педагога, 
работающего с детьми с ОВЗ: Методическое пособие [Текст] – М.: издательский 
центр Владос, 2011 – 167 с. 
6.
Зеленов В.И. Формирование у школьников с ОВЗ осознанного отношения к 
собственному здоровью в процессе проектирования воспитательных модулей / 
Инклюзивное образование: результаты, опыт и перспективы / Москва. – 3 с. 
ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ГЕОГРАФИЯНЫ 
ОҚЫТУ ҮРДІСІ 
Орманалиева Асемай Куатовна 
6В01512 - «Биология және География» мамандығының ІІІ курс студенті 
Калкашев Сагынгали Габизиятович 
Аға оқытушы, магистр 
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты 
В основу статьи положены методы применения технологии развивающего обучения 
на уроках географии. Компетенции современной науки и образования, техники и технологии 
развивающего обучения были определены на основе этой статьи. В статье представлены 
возможности технологии развивающего обучения на основе обновленной системы 
образования и пути формирования знаний обучающихся на основе этой технологии. 
Наглядно показана последовательность развивающего обучения из традиционной системы 
обучения в общеобразовательных школах. 
Ключевые слова: 
развивающее обучение, интерактивные карты, проектная 
деятельность, индивидуализация, дифференциация. 
The article is based on the methods of applying the technology of developmental learning in 
geography lessons. The competencies of modern science and education, engineering and technology 
of developmental learning were determined on the basis of this article. The article presents the 
possibilities of developing learning technology based on an updated education system and ways to 
form students' knowledge based on this technology. The sequence of developmental learning from 
the traditional system of education in secondary schools is clearly shown. 
Keywords: 
developmental learning, interactive maps, project activities, individualization, 
differentiation. 
Қазақстан Республикасы егеменді ел болып, тәуелсіздіктің тұтқасын берік 
ұстағаннан бері қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени 
өзгерістерге де жаңаша көзқарастар, өзгертулер енгізіле бастады. Ал сол 
қоғамдағы өзгерістердің барлығы да білім беру саласына және өсіп келе жатқан 
өскелең жас ұрпақтың санасына тікелей әсер ететіні анық. Сол себептен, білім 
беру жүйесінде көптеген өзгертулер, жаңа көзқарастар, жаңа парадигмалар 
пайда болуда. Және оларды іске асыру жолдары іздестірілуде. 


247 
80-ші жылдардың аяғында Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси 
өмірінде болған өзгерістердің ішінде оқыту, тәрбиелеу ісіне де жаңалықтар 
енгізіле бастады. Республика мектептерінде оқыту барысында қолданатын 
оқулықтарды жаңаша бағдарламаға негіздеді. Осы орайда, тек оқулықтарға ғана 
емес, білімнің мемлекеттік, әлемдік стандартқа сай болуы қарастырылып, 
оқытудың жаңа технологиялары кеңінен қолданысқа енгізілді. Әсіресе, сабақ 
беру жүйесінде халықтық педагогиканы пайдаланып, ұлттық педагогика 
үлгісінде тәрбие беру жұмыстары әлі де жалғасуда. Оқушылардың бойындағы 
қабілеттерін дамытудың негізгі факторларына білім мен дағдыларының 
дәрежесін ғана емес, сонымен қатар баланың бойындағы маңызды 
психологиялық ахуалдарын, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға 
мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қоюу керек. Оқушылардың бойындағы 
шығармашылық қабілеті оның ойлауы мен күнделікті өміріндегі практикалық 
әрекеттері арқылы дами түседі. 
«Тек жоғары сауатты, дарынды, дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана 
лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады. Бүгінде, мұғалім балаларға білім 
жиынтығын беріп қана қоймай, сонымен бірге ең бастысы – оларды өмір бойы 
үйренуге үйрету керек» – деп Н. Ә. Назарбаев атап көрсеткен болатын. Қазіргі 
кезде ғылым мен техниканың дамыған заманы болған соң, әрбір адамнан 
сапалы және терең білімнің болуын талап етеді. Осы орайда, мұғалімдердің 
қызметтеріне тоқтала кетсем. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең 
білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық 
сауаттылық, саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылықты 
әрбір маманға талап етілуде. Ол заман талабына сай жаңашыл, әрдайым ізденіс 
үстінде жүретін, үш тілді жетік меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істеп, 
оқу мен тәрбие ісін бір-бірімен біріктіріп және оқытудың жаңа технологиясын 
шебер меңгергенде ғана бүгінгі күн талабына сай мұғалім бола алады. 
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабында «Білім 
беру жүйесінің басты міндеті – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім 
беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, 
ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері 
негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға 
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» – деп атап көрсеткендей, 
қазіргі кезде әрбір мұғалім алдына қойылатын басты міндеттердің бірі – 
оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық 
технологияны меңгеру [1]. 
Жаңа технология – білім беру барысында педагогтың мүмкіндігін күшейтетін 
құрал. Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын жұмыстың формасы нақты, 
айқын болады. Яғни, белгілі бір бағыт бойынша бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру 
жүйесін дамытуға септігін тигізіп отыр десек те артық болмас. 
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: 

оқыту мен тәрбиенің тұтастығы; 

білім алушыға ізгілік тұрғысынан қарау; 

білім алушының танымдық күшін және шығармашылық қабілетін 
дамыту және қалыптастыру; 


248 

білім алушы мен мұғалім арасындағы сенімділікті орнату; 

әр білім алушыға жеке қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту; 

оқу үрдісін білім алушы толықтай сезініп, қабылдауы. 
Оқу үрдісіндегі оқыту технологиялары дегеніміз алға қойған мақсаттарға 
және содан күтілетін нәтижеге тиімді қол жеткізуін қамтамасыз ететін оқу 
бағдарламаларында қамтылған білім мазмұнын меңгертудің жүйеленген 
формалары мен әдіс-тәсілдері. 
«Сен ешбір жаңа нәрсе меңгермеген және өзіңнің біліміңе ештеңе 
қоспаған осынау күнді немесе сағатты бақытсыз сана» – деп Я. А. Коменский 
бекер айтпаған. Осы орайда, дамыта оқыту технологиясын жаңа технологиялар 
қатарына жатқызуға болады. 
Дамыта оқыту технологиясының негізін Ян Амон Коменский өзінің XVII 
ғасырда «Ұлы дидактика» еңбегінде айтып талдаған. Содан кейін, орыс 
ғалымдары К.Д.Ушинский, Л.С.Выгодский еңбектерінде қарастырылып, 1969 
жылдары Ресей ғалымдары Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов ұайта осы 
тақырыпты көтерді. «Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының 
қойнауында туып, баланың дамуын қарастырып, ойлаудың әртүрлі деңгейін, 
типтерін және басқа да психиканың функциясын зерттеген [2]. 
Қазіргі таңда дамыта оқыту мектебін қалыптастыру көп аумақта ынталы, 
үздіксіз жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Санкт-Петербург, Мәскеу, Харьковь 
т.б. қалаларда Давыдов пен Элькониннің дамыта оқыту жүйесі оқу-тәрбие 
жүйесінде қолданып жүр. Бірақ біздің елде, оның ішінде, әсіресе қазақ 
мектептерінде бұл іс әлі қолға алынбады. Көп мектептерде сабақ беру 
барысында уақыттың көбі баланы жылықтырып жіберетін баяндау, түсіндіру, 
үлгіні көрсету, үнемі оқушыларға дайын ақпараттарды әкеліп беру сияқты 
өнімсіз еңбектерге жұмсалып жатыр. Ал дамыта оқыту идеясы бойынша 
оқушыға оқу мақсаттарын қоюуда, оны шешу барысында ешқандай үлгі 
көрсетілмейді. Мақсатты шешу ол әр оқушының өз ойлау қабілеті бойынша 
іштей талқылау, сосын ол талқылауларды бір-біріне біріктіру арқылы жүзеге 
асырады. Мұғалім бұл жерде оқушыларға сабақ жүйесін ұйымдастырушы және 
бағыт-бағдар көрсетуші рөлінде болуы тиіс. Әр оқушы іштей шешімнің 
жауабын тапқан кезде шешімінің дұрыстығын ортаға салып, өз ойын толықтай 
қорғап шығуға үйретеді. Әрине, барлық оқушының жауаптары дұрыс бола 
бермейді. Дегенмен, әр бала өз шешімін қорғауға тырысқандықтан және оны 
дәлелдей білгендіктен оқушыны бағалайды және шешілмеген жауап 
нұсқаларын сынып ұжымы болып талқылауға да үйретеді. Әр бір оқушы өзінің 
білген, үйренген тұстарын басқа оқушылармен бөлісіп, ақпарат алмасуға 
толықтай мүмкіншілігі бар. 
Дамыта оқыту бүгінгі күнде өзекті мәселелердің бірі болып отыр. 
Өйткені, білім алушылардың оқуға деген қызығушылықтарының төмендеуі 
және оқуға деген жауапкершіліктерінің жоқтығында. Педагог өзінің ісіне 
толықтай мән берген кезде, қай оқушының қандай деңгейде дамып келе 
жатқанын және оқуға деген қызығушылығының бар жоғын анықтай алады. 
Дамыта оқыту түсінігін қарастырғанда, баланың жан-жақты дамуына тікелей 
бейімделген ұйымдастырудың әдіс-тәсілі деп түсініп жатамыз. Яғни, дамыта 


249 
оқыту технологиясының негізгі мақсаты – оқушылар оқу әрекетінің 
белсенділігінің психологиялық негізін қарастыру, мектептегі дамыта оқытудың 
әдісі мен амалдарын көрсету [3]. 
Көптеген жаңа технологиялардың қатарында дамыта оқыту білім беру 
сапасын көтеру жағынан жетекші орын алады десек артық етпес. 
Дамыту технологиялары қазіргі таңда көптеген сабақтарда қолданылады. 
Соның ішінде, географияны оқыту өте тиімді болып табылады. География пәні 
– өзіндік ерекшелігі бар пәндер қатарына жатады. Ол жалпы планетамызды, 
ондағы өмір сүріп жатқан мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың, өсімдіктер мен 
жануарлар дүниесінің тіршілігін зерттеп үйрететін ғылым. Сондықтан, 
география пәні мұғалімі болу деген үлкен жауапкершілікті, терең білімді, есте 
сақтау қабілеті мықты маманды талап етеді. География пәнінің басқа пәндерден 
ерекшелігі – оқушылар өздігінен ізденіп, білім дағдысын толықтыруға арналған 
әр түрлі суреттер, сызбанұсқалар, түрлі карталармен жұмыс жасауда 
оқушыларға ерекше назар аударылады. Оқушылардың осы география пәніне 
деген қызығушылығын ашу үшін сабақ үстінде жаңа педагогикалық 
технологияларды көптеп қолданысқа енгізіп отыру керек. Мысалы: 

Жобалау технологиясы; 

Дамыта оқыту технологиясы; 

Модульдік оқыту технологиясы; 

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту; 

Сатылап комплексті оқыту; 

Деңгейлеп оқыту технологиясы; 

Проблемалық оқыту технологиясы; 

Бағдарламастырылған оқыту технологиясы; 

Ынталандыру технологиясы және т.б. 
Дамыта оқыту технологиясын географияны оқыту үрдісінде қалай 
қолдануға болатыны туралы көптеген идеялар бар. Мысалы: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет