Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет133/204
Дата24.09.2024
өлшемі9,29 Mb.
#145421
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   204
Байланысты:
qazirgi zamangy bilim juiesi tendensialar innovasialar tehnologialar 2024

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
М.Х. Дулати. «Тарих-и-Рашиди» («Хақ жолындағылар тарихы») А., 1999, 107 - 108 
2.
Мұхаммед ибн Уали «Бахр әл-аcрар фи манакиб әл-ахйар» // МИКХ 353 - 363б 
3.
Ш.Құдайбердиев. Түрік, Қырғыз-Қазақ һәм хандар шежіреcі. А., «Қазақcтан» және 
«Cана», 1991, 21 - 23 бет. 
4.
Қ.Халид. «Тауарих Хамcа» («Беc тарих»). А., 1992, 70 – 75 бет 
5.
З.Қинаятұлы. Қазақ мемлекеті және Жошы хан. Аcтана.,2004, 214 - 226. 
6.
М.Тынышпаев. Иcтория казахcкого народа. А.,1993, c.111 - 113. 
7.
Р.Тоқтаров. Қазақтың арғы тегі мен «қазақ» cөзінің қайдан шыққандығы жөнінде. 
Ақиқат. 1995 №1 
АЛТЫН ОРДА ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТІ 
Елеусов Баубек Аймаханулы, Абдикаримова Жазира Махатқызы 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты 
Аннотация. 
В данной статье критически анализируется материальная и духовная 
культура Казахстана в эпоху Золотой Орды. Изучены роль и влияние культуры Золотой 
Орды на будущую казахскую культуру. Рассмотрено место золотоордынской культуры в 
мировой культуре и цивилизации. 
Ключевые слова: 
Золотая Орда, казахская культура, городская культура, казахский народ 
Abstract. 
This article critically analyzes the material and spiritual culture of Kazakhstan 
during the era of the Golden Horde. The role and influence of the culture of the Golden Horde on 
the future Kazakh culture has been studied. The place of the Golden Horde culture in world culture 
and civilization is considered. 
Keywords: 
Golden Horde, Kazakh culture, urban culture, Kazakh people 
Қазақ халқының мәдениетінің дамуында Алтын Орда дәуірі ерекше 
кезеңдігімен сипатталады. Қаншама сұрапыл соғыстар қазақ даласын 
шарпығанымен оның материалды мәдениеті мен рухани мәдениетінің маңызы 
мен мәнін төмендетіп,оны кейінге кетіре алмады. Қалалар қирап, егістік жүйесі 
құлдырап, мәдениетке теріс жағынан орасан әсер еткенімен, бәрі таза тып – 
типыл құрып кетті деп айта алмаймыз. Қазақ халқының құрамына кіретін 
тайпалар қайта ес жиып, жаңа мәдениетті жасауға көшті. Әрине, ол әлемге 
танымал кешегі Жошы ұлысының орнында пайда болған Алтын орда 
дәуіріндегі мәдениет болатын. 
Алтын Орда кезеңінде қазақ хандығының мәдениеттік дамуына бірнеше 
маңызды факторлар әсер еткен. Бұл кезеңде қазақ халқының әдебиеті, өнері, 
сауда және қолөнері жедел дамыды. Алтын Орда дәуірінде қазақ халқының тілі 
мен дініндегі, әдебиеті мен мәдениетіндегі маңызы айқындалды. Сонымен 


380 
қатар, бұл кезеңде қазақ халқының ұлттық-мәдени коды, салт-дәстүрі 
жәнекәсібіқалыптасты.Алтын Орда мемлекетініңқұрылуы мен дамуы, сондай- 
ақ оның ыдырауы қазақ хандығының өзіндік мәдениетінің қалыптасуына негіз 
бола білді. Мәдениеттің бұл дамуы Қазақ хандығының кейінгі тарихында да 
маңызды рөль атқарды. Алтын Орданың қазақ халқы мен мәдени байланысы 
туралы айтар болсақ, бұл мемлекеттің құрылуы мен дамуы қазақ халқының 
мәдениетіне елеулі ықпал еткен. Алтын Орда мемлекетінің астанасы Сарай- 
Бату, ал кейінірек Сарай-Берке қаласы болды. Түрік деректерінде Батый 
ханның әскерлері қыпшақтар деп аталды. Себебі, ұлан-ғайыр өлкеде 
орналасқан мемлекет халқының басым бөлігі түркі тілдес қыпшақтар болатын. 
Мемлекеттің басты саяси-мәдени тілі қыпшақ тілі болды. Бұл тілдік және 
мәдени байланыстар қазақ халқының мәдени дамуына өз ықпалын тигізген. 
Алтын Орда дәуіріндегі мәдени жетістіктер мен дәстүрлер қазақ халқының 
кейінгі мәдени мұрасының негізін қалауға көмектесті[1, 65б.]. 
Алтын Орда кезеңінде Қазақстан аумағында бірнеше маңызды қалалар 
пайда болды, олар сауда және мәдениет орталықтары ретінде қызмет етті. 
Алтын Орда дәуірінде Қазақстан аумағындағы қалалар маңызды саяси, 
экономикалық және мәдени орталықтар болып табылады. Осы кезеңде 
Қазақстан жерінде Сарай-Бату және Сарай-Берке сияқты ірі қалалар өмір сүрді. 
Бұл қалалар Алтын Орданың астанасы ретінде қызмет етіп, көптеген мәдени 
және сауда байланыстарының орталығы болды. Сарай-Бату қаласы, әсіресе, 
Еділ өзенінің жағасында орналасқан және ол кезде қаланың әкімшілік- 
территориялық құрылымында маңызды рөл атқарды. Алтын Орда кезінде 
Қазақстан қалаларының дамуында сәулетті сарайлар мен мешіттер, суландыру 
жүйелері және егіншіліктің дамуы сияқты факторлар маңызды болды.Алтын 
Орда дәуірінде Қазақстан қалаларының дамуы, сонымен қатар, Жошы 
Ұлысының құрылуымен тығыз байланысты болды. Жошы Ұлысының негізін 
қалаушы Жошы хан болып табылады, ол Шыңғыс ханның үлкен ұлы еді. 
Жошы Ұлысының алғашқы билеушісі ретінде Жошы хан Қазақстан мен 
Орталық Азияның кең байтақ далаларын басқарды.Осы кезеңде Қазақстан 
қалаларының дамуындағы басты мәселелердің бірі - қалалар мен елді 
мекендердің қиратылуы болды. Бұл кезеңде көптеген қалалар мен елді 
мекендер, сәулетті сарайлар мен мешіттер, суландыру жүйелері әдейі 
киратылды, өңделген егістіктер караусыз қалды. 
Алтын Орда кезеңінде Жібек жолының бір бөлігі Қазақстан арқылы өтті, 
бұл халықаралық саудаға және мәдени алмасуға ықпал етті. Жібек жолы, біздің 
заманымыздан бұрынғы II ғасырдан бастап, Еуропа мен Азия арасындағы сауда 
және мәдени алмасудың негізгі арнасы болды. Бұл жолдың Қазақстан арқылы 
өтетін бөлігі, VI ғасырдан бастап, Сырдария және Тянь-Шань бағыттары 
арқылы кеңейтілген. Жібек жолының бұл бөлігі, Алтын Орда кезеңінде, әсіресе 
XIII ғасырда, Жент, Сарайшық, Сарай-Бату сияқты ірі қалалар арқылы өтіп, 
халықаралық саудаға үлкен ықпал етті.Жібек жолының Қазақстанға әсері. 
Қазақстан жеріндегі Жібек жолының сілемдері, қалалардың құрылуы мен 
дамуына, сондай-ақ қолөнер мен мәдениеттің өсуіне тікелей әсер етті. Тараз 
сияқты ежелгі қалалар, Жібек жолының тармақтарының Қазақстан жерін басып 
өтуінен пайда көріп, ірі сауда орталықтарына айналды. Сонымен қатар, Жібек 


381 
жолы арқылы Қазақстанға келген саудагерлер мен ғалымдар, жергілікті 
халықпен білім мен мәдениетті бөлісіп, өзара ықпалдастықты нығайтты. Алтын 
Орда кезеңіндегі Жібек жолының Қазақстанға тигізген әсері, тек экономикалық 
және сауда саласында ғана емес, сонымен қатар мәдени және әлеуметтік дамуға 
да үлкен ықпал етті. Бұл кезеңде Қазақстан, Шығыс пен Батыстың арасындағы 
мәдени және сауда көпірі ретінде маңызды рөл атқарды[2, 34б.]. 
Алтын Орда кезеңінде Қазақстан аумағында түрлі халықтар мен 
мәдениеттер арасында мәдени алмасу болды. Бұл кезеңде Қазақстан, Шығыс пен 
Батыстың мәдени және сауда көпірі ретінде маңызды рөл атқарды. Алтын Орда 
кезеңінде Қазақстан аумағында түркі, моңғол, славян, парсы және басқа да 
халықтардың мәдениеттері қиылысты. Бұл әртүрлі мәдениеттердің өзара 
әсерлесуі, әсіресе сауда, өнер және білім беру салаларында байқалды, Сауда 
жолдарының қиылысуы Қазақстан қалаларының дамуына ықпал етті. Сарайшық, 
Отырар, Сығанақ сияқты қалалар мәдени алмасулардың орталықтары болды. 
Алтын Орда дәуіріндегі мәдени алмасулардың нәтижесінде Қазақстан аумағында 
көптеген мәдени ескерткіштер қалды. Мысалы, Айша бибі және Қожа Ахмет 
Яссауи кесенелері сияқты тарихи ескерткіштер, осы кезеңнің мәдени байлығын 
көрсетеді. Алтын Орда кезеңіндегі мәдени алмасулар, Қазақстан аумағындағы 
халықтардың өміріне зор әсер етті және бүгінгі күнге дейінгі мәдени мұраның 
қалыптасуына ықпал етті. 
Алтын Орда кезеңінде қазақ халқының саяси құрылымы қалыптасты, бұл 
кейінгі Қазақ хандығының пайда болуына негіз болды. Алтын Орда 
ыдырағаннан кейін, одан бірнеше мемлекеттер бөлініп шыққан, оның ішінде 
Қазақ хандығы да бар. Қазақ хандығы Алтын Орданың тікелей мұрагері ретінде 
қарастырылады және оның саяси құрылымына әсер еткен. Алтын Орданың 
саяси және мемлекеттік құрылымы, оның ішінде басқару қызметі, әскери 
бақылау және салық жинау сияқты аспектілері, кейінгі қазақ хандығының 
құрылымына ықпал еткен. Алтын Орданың билік жүргізу жүйесі, әсіресе, Берке 
ханның тұсында, өз алдына тәуелсіз мемлекет ретінде дамыды. Оның әскери 
және дипломатиялық құрылымдары, Қазақ хандығының құрылымдарына үлгі 
бола білді. Сонымен қатар, Алтын Орданың этникалық құрамы мен көптеген 
халықтардың басын біріктіру тәжірибесі, кейінгі қазақ халқының этникалық 
және мәдени бірлігінің негізін қаладыАлтын Орда дәуірінде қалыптасқан саяси 
және әлеуметтік институттар, Қазақ хандығының дамуына тікелей әсер етті. 
Мысалы, Алтын Орданың беклербектері мен басқақтарының рөлі, кейінгі қазақ 
сұлтандары мен билерінің институттарына әсер етті. Алтын Орда кезеңінде 
қазақ хандығының саяси және мемлекеттік құрылымына ықпал еткен бірнеше 
маңызды факторлар болды. Тіл және мәдени тұрғыда Алтын Орданың басты 
саяси-мәдени тілі қыпшақ тілі болды. Ұланғайыр территорияны алып жатқан 
мемлекетте әртүрлі тілде сөйлейтін халықтар, этникалық топтар өмір сүріп 
жатты. Осындай ала – құла халықтардың бірі-бірімен қатынас тілі қыпшақ тілі 
болды. Осы дәуірде танымал «Кодекс куманикус» «Қыпшақ тілінің сөздігі» 
пайда болды[3, 74б.].. 
Бұл шығарма ХIII ғасырда, дәлірек айтсақ 1294 жылы Қырымдағы Солхат 
шаһарында өмірге келген. Авторы беймәлім. Сол кезеңде қыпшақ тілін білмей 
мемлекеттің бір шетінен екінші шетіне жол жүру мүмкін болмаған. Яғни, қазір 


382 
ағылшын, қытай, неміс тілдері халықаралық маңызы болса, қыпшақ тілі де 
сондай дәрежеде болған. «Кодекс куманикустың» түпнұсқадағы мәтіні Қайта 
Өрлеу кезеңінің атақты өкілі Франческо Петрарканың 1362жылы Венециядағы 
әулие Марктың соборына сыйға тарту етккен былғары кітабы болып табылады. 
Кітап ХIХ –ХХ ғасырда үш тілге аударылды. 1880 жылы латын тіліне, 
1884 жылы неміс тіліне, 1928 жылы француз тіліне, 1972 жылы орыс тіліне 
аударылды. Қазіргі түркі халықтарының, оларпдың ішінде қыпшақ тобына 
жататын халықтардың қоғамдық, этнографиялық, саяси-әлеуметтік, әдеби – 
мәдениеттік, тілдік тарихын зекрттеуге Кодекс куманикус материалдарының 
пайдасы мол. Тіл ерекшелігі жағынан ол қазіргі түркі тілдерінің, солардың 
ішінде қазақ тілінің орта ғасырдағы табиғи қалпын көрсетуімен ерекшеленеді. 
Алтын Орда дәуірінде өркендеп, дамыған қыпшақ тілі өзінің одан әрі дамып, 
қалыптасуын тоқтатпады. Алтын Ордадан кейін келетін Ақ Орда, Әбілқайыр 
хандығы тұсында, Қазақ хандығы құрылуы қарсаңында қазақ тілінің негіздері 
қаланып қойылған болатын. Сондықтан ғасырлар қойнауынан келе жатқан 
тілдік және мәдени байланыстар Қазақ хандығының дамуына ерекше әсер етіп 
отырды. Тарихта бұрыннан белгілі жайттардың бірі, қазақ даласына біршама 
кештеу келгені. Қазақ даласының оңтүстік өңірінде ислам діні ертеректе 
орнығып, оның ықпалын біз Қарахан дәуірінің тарихи мәдени жәдігерлерінен, 
қалалық мәдениет үлгілерінен байқаймыз. Ал орталық, солтүстік, батыс 
аймақтарда ислам дінінің пайда болып, қалыптасып, дамуы Алтын Орда 
дәуірімен байланыстырылады.Алтын орда ұлысының ең қуатты деген 
хандарының бірі Өзбек ханның тұсында 1312 жылы мұсылман діні мемлекеттік 
дін болып жарияланды. Бұл діни өзгеріс Қазақ хандығының діни құрылымына 
да ықпал еткен. Этникалық және мемлекеттік құрылым: Алтын Орданың 
этникалық құрамы әр түрлі халықтардан тұрған, бұл Қазақ хандығының 
этникалық және мемлекеттік құрылымына ықпал еткен. Бұл факторлар Қазақ 
хандығының саяси және мемлекеттік құрылымын қалыптастыруда маңызды 
рөл атқарған[4, 53б.]. 
Ресей империясы тұсында сыңаржақ, даурықпа қағидалармен қаруланған 
көптеген тарихшылар «Алтын Орданы монғол-татарлардың жабайы хандығы» 
деп жариялады, көшпелілер «алтын мұнаралы Киевті, биік мұнаралы 
Мәскеуді», орыстың басқа да ғажап қалаларын өртеп, қиратты, бай 
кітапханаларын күлге айналдырды деп ғайбаттаудан танбады. Нәтижесінде, 
ұзақ жылдар бойы тек Ресей ғана емес, Кеңестер Одағы делінген алып елдің оқу 
орындарында Алтын Орда туралы жартылай тағы, бүлдіруші, қиратушы, 
басқыншы, мәдениеттің қас жауы деген тұрғыдағы түсінік қалыптастырылды. 
Бұл — тарихи шындыққа қиянат еді. Егер тарихта Алтын Орда болмағанда Ұлы 
Ресей аталған империяның да дүниеге келуі неғайбыл екенін ілгеріде айттық, 
ендігі айтарымыз: Алтын Орда кезеңіндегі мәдениет, тұтастай алғанда, 
жасампаздық сипатта болды, көптеген халықтар мен елдердің, соның ішінде 
Ресейдің мәдени дамуына игі ықпал етті. Тағы бір еске тұтатын жәйт Алтын 
Ордадағы үстем ұлт тіпті де монғолдар емес, біздің балаларымыз -қыпшақ , 
қаңлы, қоңырат, найман т.б. еді. Жошы ұлысын аралаған араб жиһанкезі Әл 
Омари: «Азғана монғол қыпшақтарға мүлде сіңісіп, олардың бәрі қыпшақпен 
бір туысқандай, бір рудан шыққандай болып кетті», — деп жазды, Сондықтан 


383 
Алтын Орданың мемлекеттік, әкімшілік, әлеуметтік құрылыс институттары, 
қала тұрғызу мәдениеті, өнері, әдебиеті дегенде, ойымызда түркі-қыпшақ 
мәдениеті тұруы керек. 
Алтын Орда тұсында қайта қалпына келтірілген немесе жаңадан салынған 
шаһар-кенттердің ұзын саны 150-ге жетіп жығылады. Азғана уақыттың ішінде 
Жошы ұлысы бір орталыққа бағынған күшті көшпелілік және отырықшылық 
мәдениеттер үйлесім тапқан жарасымды мемлекетке айналады. Бұған 
хандардың белгілі дәрежедегі бейбіт сыртқы саясаты да аз әсер етпесе керек. 
Құлағу ұрпақтарымен жүргізілген нәтижесіз соғыстарды санамасақ, Алтын 
Орда ұзақ жылдар бойы сауда-саттыққа, алым-салыққа негізделген тыныш 
саясат ұстанды. 
Орда жеріндегі бұзылған, ескі қалаларды қалпына келтіру ісі 
XIII ғасырдың 40-жылдарынан жүргізілсе, жаңа кенттер тұрғызу Сайын хан — 
Батудың тұсында басталды. Батудан кейін орда тізгінін қолына алған Берке хан 
да қала құрылысына ерекше мән беріп, көптеген шаһарлар салдырды. 
Дегенмен, шаһар мәдениетінің шын мәнінде өркендеуі Өзбек пен Әз-Жәнібек 
хандар билік құрған, XIV ғасырдың 20-60-жылдарына тұспа-тұс келеді. Бұл 
кездерде Алтын Орданың Сарай, Сарай әл-Жәдид, Гүлстан, Болгар, Білар, Азақ 
(Азаулы), Қырым, Қафа, Қажы-Тархан, Орда-Базар, Бек-Базар, Үкек, 
Сарайшық, Түмен, Ақкермен, Шаһар әл-Жәдид, Мажар, Мамай-Сарай, Бел- 
Жәмен, Қопа, Хорезм, т.с.с. сынды қалаларының даңқы шартарапқа жайылып, 
ірі әкімшілік, мәдениет орталықтарына айналған еді. Алтын Орда 
шаһарларынан Азияны, Еуропаны жайлаған көптеген ұлттар мен ұлыстар 
мәдениетінщ іздері, жетістіктері байқалатын. Бұл кенттерді тұрғызуда Шығыс 
сәулет өнерінің ең үздік дәстүрлері уақыт сынынан өткен құрылыс 
материалдары, оларды жасау технологиясы, қала жобалаудағы жаңашыл 
бағыттар пайдаланылған еді. Орыстың белгілі тарихшы-археологтары 
Г.Федоров-Давыдов, В.Егоров Алтын Орда қалаларының әлемдік мәдениеттегі 
орнын жан-жақты дәлелдеп көрсетеді[5, 22б.]. 
Дамудың осыншама биік сатысына көтерілген Алтын Орда шаһарлары 
XIV ғасырдың аяғында Орта Азиялық әмірші Ақсақ Темірдің кесапатты 
соғыстары кезінде жойылып кетті. Әсіресе, Темірдің 1395 — 1396 жылдарға 
екінші жорығынан кейін өртелмеген, талқандалмаған екі-ақ қала — Сарай мен 
Сарайшық қана қалыпты. Осындай лаңды шапқыншы иесі Ұлы Алтын Орда да 
қайтып оңала алмады. 
Дегенмен, Алтын Орда дәуірінде, Ноғайлы, Қазақ хандығы тұсындағы 
дамыған қала мәдениеті, көшпелі халықтардың сол кезеңдегі мәдениеті әлі де 
тиісті бағасын ала алмай отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет