365
-
тәлімнің жеке және ұжымдық формаларын үйлестіру әдістермен бірге
тарқатпа дидкатикалық материалдарды да қолдану;
-
іс-әрекеттердің түрлері мен үйретіліп отырған материалдың сәйкестігін
қамтамасыз ету;
-
сабақта (бағдарламалық материалда) зейін, қабылдау, елес т.б. тексеру,
сонымен бірге оларды қалыптастыру үшін өзіне тән таңдаулар өткізу [7].
Көркем шығармалар қоршаған әлемді, дүниенің тұтас күшін танытумен
бірге, сан алуан күйде ондағы заттар мен құбылыстардан хабардар етеді.
Көркем шығармалардың бала дамуындағы танымдық – адамгершілік және
эстетикалық міндеттерінің маңызы жоғары, олар бір-бірімен өте тығыз
байланысты. Көркем шығармалардың танымдық - адамгершілік қызметіне бала
қиялын дамыту және оны белсенді етуге, көркем бейнелі ойлау әрекетіне әсерін
әлемдік ұғымдарын кеңейту дүниені қабылдау құралдары қатарында,
құбылыстар арасындағы уақыт және себеп-салдарлық байланыстарды
ұғынудың, түрлі жағдайлардағы адамдардың әрекетін, шынайы жағдайларға
орай қалыптасқан эмоционалды құнды бағыт-бағдарды айтуға болады [8].
Ал, бастауыш сыныпта жаңа технологияларды қолдану барысында, оны
оқып қана қоймай, көркем шығарманың әсерін тыңдап, эмоционалды тұрғыда
қабылдап және кейіпкерлердің ұстанымдарын ұғыну барысында бала көңілі
шаттанып, қуанышқа кенеледі. Белгілі әдебиетшілердің пікірі бойынша, көркем
шығармалар – өте мазмұнды, бай терең астарлы ақпараттар легін ұсынады.
Мұндай мазмұнды мәліметтер тіпті шынайы тіршілікте өмір бойы жинақтала
бермейді. Сондықтан, дұрыс тыңдау нәтижесінде көркем шығармалар арқылы
нақты білімдік - танымдық мәліметтер беруге болады. Көркем шығармаларды
оқытуда мұғалімдер баланың жанына жақын ұғымына жеңіл және дамуы мен
танымдық жетілуіне әсер ететін мынадай мүмкіндіктерді басшылыққа алуды
талап етеді:
-
Баланың жас ерекшеліктерін ескере отырып, баланың көркем сөзге
деген ықыласына әсер ететін нақты көркем шығармаларды іріктеп алу;
-
Күнделікті оқу уақытын және балаларды жалықтырмайтын жағдай
туғызу, балаларды шығармаларға зейін қойып тыңдауға тәрбиелеу;
Көркем шығармалардың мазмұндық орта, тәрбие құралы ретінде
пайдалану және мәтіндегі оқиға желісі мен кейіпкерлердің бастан кешкен сезім,
көңіл күйлерін, ойларын талдап, екпінмен айта отырып, балалардың дербес
әрекетіне ықпал ету.
Қорыта айтқанда, бастауыш сынып оқушыларының танымдық
қызығушылықтарын қалыптастыру қиялға байланысты. Кез-келген ойлаудың,
шығармашылық белсенділіктің толыққанды дамуы онсыз болмайтыны белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: