Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет130/204
Дата24.09.2024
өлшемі9,29 Mb.
#145421
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   204
Байланысты:
qazirgi zamangy bilim juiesi tendensialar innovasialar tehnologialar 2024

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
Ибраева Г. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырудағы инновациялық 
технологиялар. Алматы., 2019. 
2.
Боглович Л.И. Личность и ее формированиев детском возрасте, М.: Просвещение, 
2020 -300 
3.
Мухина С.В.Мектеп жасынадағы балалар психологиясы. А. Мектеп, 1998. 


366 
4.
Выготский Л.С. Развитие высши психических функции.// Избранные психологические 
исследования.М.: 1956-488с. 
5.
Айғабылов Н. Бастауыш класс оқушыларының ақыл-ой белсенділігін арттыру А.: 
Мектеп 1970-63б. 
6.
Дәулетбекова Ж.Т. Оқушылардың оқу мотивтері – сапалы білім негізі Алматы, 2001- 
11-12б 
7.
Ибрагимов Р. Бастауыш сынып оқушыларында танымдық іс-әрекеттерді қалыптастыру 
технологиялары// Ұлт тағлымы 2008 №6-64-65б. 
8.
Таубаева Ғ.З. Әдеби көркем шығармалардың дамытушылық функциялары// Бастауыш 
мектеп 2017 №2-46б. 
МЕКТЕПТЕ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ 
ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕРІ 
Дүзбай Сырым Маратұлы, Әлімсейт Әлімжан Жеңісұлы 
«Дене шынықтыру және спорт» мамандығның IV курс студенттері 
Ғылыми жетекшісі Толегенов Талант 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты 
Аннотация. 
Сегодняшняя казахстанская молодежь имеет массу возможностей 
выбрать любое искусство и сосредоточиться на нем. Спорт также считается искусством. 
Один влияет на полноту сил, второй – на скорость, третий – на настойчивость, четвертый – 
на формирование человеческих качеств. 
Ключевые слова: 
Дети, спорт, игры. 
Abstract. 
Today's Kazakh youth have a lot of opportunities to choose any art and focus on it. 
Sports are also considered art. One affects the fullness of strength, the second - speed, the third - 
perseverance, the fourth - the formation of human qualities. 
Keywords
: Children, sports, games. 
Бүгінгі таңда қазақ елі тәуелсіз мемлекет аталып, өзінің жоғын жоқтап, 
елдігінің, халықтығының белгісі, биік мәртебесі болып табылатын рухани 
байлығы – тілінің тарихы мен мәдениетінің ауыр тағдырын қайта қарауға 
мүмкіндік алып отыр. Олай дейтін себебіміз, талай зобалаңды басынан кешіріп, 
«мың өліп, мың тірілген» халық көп жағдайда өзінің ұлттық салт-дәстүрін, 
салтын, қалыптасқан әдеп-ғұрпын мәпелеуден именіп, сескенетін. Бұл талай 
жылдар бойы жүргізіліп келген ұшқары, шет қақпай саясаттың нәтижесі еді. 
Халқымыздың тереңге дәстүрімен, тіршілік ерекшелігімен нәр алып, өзіндік 
сипатымен ел көңілінен шыққан рухани қазыналардың бірі ұлттық ойын-сауық 
түрлері мен сан алуан балалар ойындары болып саналады. Біздің халқының 
ерте заманғы тарихына зер салсақ, ұлттық ойынға өте бай болғанын байқаймыз. 
Әйтсе де, сол ойындардың көбі ұмыт болып, қолданудан қалыс қалғаны мәлім. 
Балалар ойындарының қөбінің мән-мағынасы бұрмаланып көрсетіледі. 
Мәселен, бүкіл Қазақстан балаларының жаппай әуестеніп, ден қоя ойнайтын 
ойындарының қатарына жататын – асық ойындары [1]. 


367 
Бүгінгі қазақ жастары қандай өнерді таңдап алып, соған ден қоямын десе 
де мүмкіндігі мол. Спорт та өнер ретінде қарастырылады. Бірі – күштің 
толысуына әсер етсе, екіншісі – жылдамдықты, үшіншісі – табандылықты, 
төртіншісі – адами қасиеттерді қалыптастырады. 
Ұлттық спортымызға оң бетбұрыс жасап жатқан қазіргі кезеңде әр іс- 
әрекетімізді Орта Азиялық, тіпті дүниежүзілік лайық етуіміз керек. 
Ұлтымыздың қанына тән, салт-дәстүрімен бірге сақталып келген сан ғасырлық 
тарихы бар қимыл-қозғалыс және ақыл-ой ойындарының ерекшелігін, маңызын 
ұрпаққа жеткізу – әрбір азаматтың борышы. «Жерде жатқан жұмыртқа, аспанда 
ұшқан құс болар» дегендей, келешек ұрпаққа ұлттық спорттық ойындарымызда 
ерекше тәрбиелік, парасаттылық қадір-қасиеттердің молшылық үшін қазақ 
халқының алуан түрлі ұлттық ойындарының көшпелі өміріне, бала табиғатына 
сай дами отырып, қалыптасқандығын дәлелдеуіміз қажет. 
Қазақ халқының тіршілігінде төрт түліктің маңызы ерекше. Мал өсіруді 
кәсіп еткен халықтың тарихи даму ерекшеліктері, той-думан, қуанышы да, 
реніші де осы малмен байланысты болды. Төрт түліктен алынатын өнім қазақ 
халқының кисе киімі, жесе тамағы, мінсе көлігі, тіпті өмір сүруге қажетті 
заттың барлығы да сонан табылды. 
Сондықтан да, хайуанаттар жайындағы ұлттық ойындар балаларға 
тәрбиелік әсер етіп, олардың көңіл-күйін сергектікке баулып, қиын-қыстау 
жерлерге тапқырлықпен, ептілікпен жол тауып, өз есесін қайтаруға үйретеді. 
Қазақтың ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарын баланың жеке басын 
тәрбиелеудің, олардың адамгершілік қасиеттерін: адалдығын, шыншылдығын, 
ұстамдылығын, тәртіптілігін т.б. жолдастық сезімін дамытудың бағалы құралы 
ретінде пайдалана аламыз [2]. 
Әр түрлі дене тәрбиесі жаттығуларының ішінде ойынның артықшылығы 
оның ерекше тартымдылығынан, балалардың күш-қуатын жұмылдыратын 
-дығынан көрінеді. Өйткені ойын балаларға қуаныш пен қанағат сезіміне 
бөлейтін әсерлілігімен, ірі бұлшық еттердің (жүгіру, секіру, лақтыру) 
айтарлықтай бөлігінің жұмысына көмектсетін қозғағыштық қызметімен, 
қимылдың қарқыны мен күш-қуатын балалардың өздерінің реттей білу 
мүмкіндігімен, жеке бастаманың және батылдық, тәртіп, тапқырлық, т.б. 
психологиялық қасиеттерді дамытып қалыптастыруымен әсер етеді[3]. 
«Түйенің танығаны жапырақ» демекші, біз білетін «шоқпар», 
«аударыспақ», «сайыс» сияқты ойындарды естісек көз алдымызға ат үстіндегі 
адамдар келеді. Әйтсе де, бұл ойындардың атсыз, жаяу орындалатын түрлері де 
баршылық. Олар: «жаяу көкпар», «аударыспақ», «қыз қуу», «салт аттылар», 
«асау мәстек», «тұмақ ұру», т.б. Бұл ойындар іс-әрекеттің қажетті әдісін өз 
бетінше таңдап алу қабілетін қалыптастырады. Бытырыңқы тез қимылдап келе 
жатқан топтардың арасында баланың бағдар ұстай білуі өте маңызды. 
Ойындағы қимыл-қозғалыстың үздіксіз өзгеріп тұруына байланысты 
балалардың есте сақтау қабілеттерінің де мәні зор. Сондықтан ойындарды 
қайталау сәтінде есте сақтағыштығы жақсы жетілген ойыншылар бұл дағдыны 
ойдағыдай игереді. 


368 
Ұлттық ойындарымызды өткізу кезінде қимыл әсемдігін ұмытуға 
болмайды. Қимылы неғұрлым сұлу балаларға назар аудару, кескінді сәтті беруге 
ұмтылу әрекеттерін көтеру керек. Сөйтіп, эмоционалдық – сауықтыру, танып-білу 
және тәрбие беру мақсаттарының қимыл ойындарына енгізілген бүкіл кешенін 
пайдалану жан-жақты тәрбие беру міндетін жүзеге асыруға көмектеседі. Ұлттық 
ойындарымыз ата-бабамыздан мирас болып жеткен, өткен мен бүгінді 
байланыстыратын баға жетпес байлығымыз. Ойын баланың алдынан өмірдің 
есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өмірімен ұштаса береді. 
Сондықтан да, ұлттық ойындарды дене шынықтыру сабағында кеңінен қолданып, 
келешек ұрпақтарымен дәстүрді сабақтастырса деп ойлаймын. Болашақ ұрпақтың 
әлжуаз, денсаулығы нашар, білімсіз, ұлттық рухсыз болып өсуіне, зиянды 
құбылыстарға бет бұруына жол бермеуіміз керек [4]. 
Дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындарды қолдану әдіс-тәсілдеріне зер 
салсақ, дене шынықтыру сабағында ұлттық ойындарды пайдалану мұғалімнің 
күнбе-күнгі сабағына әзірлену кезінде белгіленіп, сабақ жоспарында 
көрсетіледі. Ұлттық ойындарды сабақ басында, ортасында, соңында 
пайдалануға болады. Мектептің табалдырығын жаңа ғана аттап отырған, 
балалар бақшасында болмаған, топтасып әрекет жасап қалыптаспаған балалар 
үшін дене шынықтыру сабағын бірден бастап кету мұғалім үшін де, оқушылар 
үшін де қиындық келтіреді. Мысалы, бағдарлама бойынша бірінші сынып 
оқушыларына гимнастика сабағы, сапқа тұру және қайта өзгеріп тұру 
сабағынан басталады. Осындағы бір қатарда сапқа тұру, бір-бірден жүру, т.б. 
толып жатқан ұғымдарды оқушыларға бірінші күннен бастап түсіндіре қою 
қиынға соғатындығы белгілі. 
Мәселе оның мұғалім үшін қиыншылығнда емес, балалардың бірден 
күрделі ұғымдар мен қимылдарды меңгеріп алуының күрделілігінде. 
Сондықтан алғашқы 10-15 күн мұғалім халық ойындарымен бастап, 
балалардың қимыл бірлігі қалыптасып, бір-біріне жақындаса бастаған кезде 
ойыннан сабаққа біртіндеп көшкені жөн. Алғашқы бірнеше сабақ бойы мұғалім 
ойыннан негзгі материалға, одан қайта ойынға, одан және ойынға көшіп, 
қайтадан негізгі материалды өтеді де, сабақтың аяғын ойынмен бітіреді. Бұл 
әрине, мұғалімнің шеберлігіне, оқу материалдарын өткізуді күн ілгері егжей- 
тегжейлі ойластыруына, сбаққа мұқият әзірлігіне байланысты. Зерттеулер мен 
тәжірибелерге қарағанда, халық ойындарын сабақтың ортасында пайдалану 
оқушылардың дене шынықтыру сабағындағы арнайы материалдарды дұрыс 
түсініп, ұғынуына негізделеді. Бастауыш сынып оқушыларының назары 
тұрақты болмайды[4]. 
Көп жағдайларда дене жаттығуларын мұғалімннің көрсетуі бойынша 
қайталай береді. Ал мұғалім балалар жаттығуды өз беттерімен жасауды талап 
еткенде, олардың көпшілігі дұрыс орындамайды. Сондай-ақ қимыл бірлігі 
бұзылады. Балалардың назарын сабаққа аудару үшін, мұғалім сабақ ортасында 
5-10 мин осы сабаққа ұқсас халықтың қимыл ойындарын ойнатып, олардың 
көңілдерін басқа жаққа аударады да, осының негізінде, пайда болған, ерік- 
жігерлерін, негізгі материалдарға аударады. Ал ойын сабақтың аяғында, көбіне 


369 
оқушылар негізгі оқу материалдарын меңгерген кезде қолдануға болады. Сабақ 
бітуге 5-10 мин қалғанда біртіндеп ойынға көшкен жөн. 
Сабақтың аяғында ойын элементтерін пайдалануға, мұғалім өте ұқыпты 
болып, мұндайда көбіне баяу қимылдап ойынды пайдаланған жөн. Өйткені 
оқушылардың үзіліс кезінде байсалды демалуына нұқсан келмеу жағын 
ескерген орынды. «Ойын дегеніміз жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді» 
- деген П.Ф.Лесгафтың пікіріне көңіл бөле отырып, біз мектеп табалдырығын 
алғаш аттап отырған балалардың ұжымын ұйымдастыруға, олардың дене 
шынықтыру сабағын сүйіп оқуына жету үшін халық ойындарын тәрбие құралы 
деп таптық. Халық ойындарын бағдарламаның «қимыл ойындары» деген 
бөлімінде ғана пайдаланып қоймай, әр сабақтың мақсатына қарай, сонымен 
бірге мазмұнын сол сабақ кездеріне орай пайдалануға тырысу қажет. 
Бірінші 
сыныпта 
дене 
шынықтыру 
сабағын 
бағдарламада 
көрсетілгеніндей, бірден гимнастикадан бастау оқушылардың ұғымына ауыр 
тиеді. Бұл жерде мұғалімнің пәнаралық байланысты толық сақтай отырып, сбақ 
берудің үлкен білімдік тәжірибелік мәні бар. Оқу жылының басында бірінші 
сынып оқушылары мектепте үйренісіп, мектептегі оқу, жазу т.б. туралы 
мағлұмат алады. [5] 
Сонымен бірге мұғалім де өз шәкірттерінің мінез-құлқын, ой-өрісін, 
қимыл-қозғалысын тексереді, зерттейді. Осыған орай сыныптағы оқушыларды 
бірнеше шағын топтарға бөліп, олардың бір-бірімен теңесіп, бірдей дамытып, 
қамтамасыз етуін ойлайды. Сыныптағы оқу үлгерімінің жоғары көрсеткішке 
жетуінің ең басты шарттарының бірі – оқушыларды мақсаттас бір ұжымға 
біріктіру болып табылады. 
Мен өзім орта мектеп жағдайында адамның салауатты өмірін және сонымен 
бірге дене тәрбиесіне деген қатынасын қалыптастыруға негіз қалануы керек деп 
есептеймін. Басында айтылғандай ұлттық ойындардың бүгінгі мектептерде және 
мектептен тыс оқу-тәрбие жұмысына оқушылар арасында қызығушылыққа ие 
болу – қазіргі заманның негіздері бар талаптарының бірі. Ұлттық ойын 
құрамаларын сабақтың барысында пайдалану - оқушылардың білімді қабылдау 
қабілетін нақтылап, мазмұнын оқушы санасына енгізеді. Балалар ойын арқылы 
шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарының шындай түседі. 
Дене тәрбиесі сабағында ойындар неғұрлым көп өтілген сайын бұлшық ет 
топтарының да оған қатысу мүмкіндігі мол болатындығы белгілі. Ал ойынның 
көп болуы дене қабілеттерін ғана емес, дененің жалпы дайындық деңгейлерін 
де дамата түседі. Демек, оқушылардың дене бітімінің, тұлғасының дұрыс 
қалыптасуы ұлттық ойындардың тәрбиелік құрылымына да көп қатысты. 
Қазіргі ұлттық спортымызға оң бетбұрыс жасалып жатқан кезеңде 
ұлтымыздың қанына тән, салт-дәстүрімен бірге сақталып келген, сан ғасырлық 
тарихы бар қимыл-қозғалыс және ақыл-ой ойындарының ерекшеліктерін салт- 
санамыздағы, дәстүріміздегі, ерекше тәрбиелік, патасаттылық аспектілерінің, 
осы заманға сай өзгерістер енгізе отырып жастар тәрбиесінде кеңінен 
пайдалану арқылы келешекте рухани бай, ұлтымыздың асыл қасиеттерін 
бойына сіңірген, ел намысын әлемдік деңгейге көтеретін ұрпақ тәрбиелеу біздің 
азаматтық борышымыз деп есептеймін. 


370 
Қорытындылай келгенде, ата-бабамыз ғасырлар бойы егемендікке, басқа 
елдермен терезесі тең мемлекет есебінде сөйлесе алатын дербестікке қол жеткізген 
заманда. Егеменді еліміздің көк байрағын желбіретер жеткіншектер тәрбиелеу ісінде 
ұлттық спорт түрлерін қадір тұтыуды, салауатты өмір салтын ұстануды, ел 
мәртебесін асыруға ұмтылып тұруды жастар бойына сіңіруге шақырамын. 
Себебі, болашақта денсаулығы зор ұлттық рухы жоғары, өзінің салт- 
дәстүрін, тілін, дінін сақтап қала алған ел ғана, әлемдік аренада басқалар 
санасатын мықты мемлекет бола алады деп есептеймін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет